Ұлттық киімдер
(қалалық әдістемелік бірлестігінде өткізілген ашық сабақ жоспары)
Қазақ тілі мұғалімі: Әбділманова А.Т.
№ 3 «Ертөстік» бала бақшасы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Балалардың қазақтың ұлттық киімдері туралы алған мағлұматтарын естеріне түсіре отырып, білімдерін бекіту.
Дамытушылық: Дұрыс сөйлеуге, өз бетімен жұмыс жасауға үйрету, сөздік қорын дамыту және қазақ тілінде еркін сөйлей білу әрекеттерін жетілдіру.
Тәрбиелік мәні: Мемлекеттік тілді құрметтеуге, отансүйгіштікке, адамгершілікке, әдептілікке тәрбиелеу. Қазақ халқының тарихына, салт- дәстүрі мен өнеріне қызығушылықтарын арттыру.
Сабақтың түрі: Қорытынды, ойын сабақ.
Сабақтың әдіс- тәсілдері: Сұрақ-жауап, көрсету, әңгімелеу, ойын, ойын-тапсырмалар.
Көрнекіліктері: Тақырыптық суреттер, интерактивті тақта, буклет( қазақтың ұлттық киімдері)
Сабақтың барысы:
-
Ұйымдастыру кезеңі
Музыка әуенімен балалар залға кіреді, шеңбер жасап тұрады.
а) амандасу
Қуан, шаттан!
Қуан, шаттан!
Қуанатын күн бүгін!
Қайырлы таң! Қайырлы күн!
Күліп шықты күн бүгін!
Ауадан қуат алайық,
Алақанға салайық.
Жерден нәр алайық,
Алақанға салайық.
Күннен шуақ алайық,
Алақанға салайық.
Күн шуағын қонақтарға салайық!
Мұғалім: Жақсы, балалар орындарыңа отыруға рұқсат.
Слайд бойынша балаларға сұрақтар қойылады
-
Бір жылда неше жыл мезгілі бар?
-
Қазір қандай жыл мезгілі?
-
Көктем айларын атаңдар?
-
Көктемде күн қандай?
-
Көктемде не ериді?
-
Көктемнің алғашқы гүлі қалай аталады?
-
Нелер ұшып келеді?
-
Ағаштар не жарады?
Мұғалім: Балалар, бүгін бізге елордамыздан ұлттық киім үлгілерін көрсетуге арнайы қонақтар келіп отыр.
Олай болса, қонақтарымызды қошеметпен ортаға шақырайық және ұлттық киімдерді тамашалайық.
Музыка әуені ойнайды.
Ұлттық киім киген балалар ортаға шығады.
Мұғалім: Керемет, әдемі ұлттық киім үлгілерін тамашаладық.
Сонымен, қандай ұлттық киімдерді білесіңдер?
Балалардың жауабы: тақия, кимешек, сәукеле, бөрік, ішік, қамзол, мәсі, саптама етік.
Мұғалім: Ендеше, сайысымызды бастайық. Берілген тапсырмаларға, сұрақтарға тез және дұрыс жауап айтқан бала ұпай алып отырады. Көп ұпай жинаған балалар финалға шығады, ал финалдан бір бала супер ойынға шығады. Ойынның соңында жеңімпаз атанады.
Балалар кезекпен барабанды айналдырады.
Барабанның үстінде қағазда тапсырмалар жазылған.
Қай тапсырма түссе, сол тапсырмаға жауап беру керек.
-
тапсырма. Жұмбақтардың жауабын айту.
-
Қ
олы
бар,
Саусағы жоқ. (көйлек)
-
Іші- егіс,
Сырты- тегіс. (ішік)
-
Ортасы күмбез,
Іргесі тегіс- ті
Күннен қорғайды,
Шындағы егісті. (қалпақ)
-
Әжеме өң берген,
Жиегін көмкерген.
Етегі желкендей,
Киім еді ол нендей? (кимешек)
-
Адамның сәні,
Онсыз жоқ мәні. (киім)
Дорбаға тығып, бас бағын
Байлай салдым қос жағын. (тымақ)
-
Сылдыр-сылдыр кісенім,
Сылдырайды кісенім.
Құлағында құлпы жоқ,
Құдіретті кісенім. (сәукеле)
-
Ашамайды арта салдым,
Айыл жібін тарта салдым. (тымақ)
Барабанды айналдырады.
-
тапсырма. Мақал- мәтелдерді жалғастыру
-
Ел ағасымен жарасады
(Киім) жағасымен жарасады.
-
Адамды (киімге) қарап бағалама.
-
Етік жолға бастайды,
(Шалбар) сорға бастайды.
-
Адамды (киім) жасамайды.
-
(Бөрік) адамға көрік
-
Ағаш көркі жапырақ,
(Адам) көркі шүберек.
Музыкалық үзіліс
Балалар ән айтады
Барабанды айналдырады
-
тапсырма. Киімге байланысты ырымдар айту
-
Бас киімді аяқпен баспа
-
Кір киімді киме
-
Киімнің жағасын баспа
-
Бөтен адамға бас киім бермейді
-
Киімді жамылуға болмайды
-
Бас киімді теріс киме
Ойын «Дұрыс ата»
Тақтада ұл балаға, қыз балаға арналған ұлттық киімдер ілулі тұрады.
Екі ойыншы шығып ұл бала мен қыз баланың киімдерін бөлек топтастырады.
Слайд
-
тапсырма. Ұлттық киімдер туралы әңгіме құрастыру.
(Ішік, қамзол, тақия, мәсі)
Ішік. Мынау-ішік. Ішік- қысқы, жылы киім. Теріден тігеді. Матамен тыстайды. Жағасы, жеңі бар. Жеңі ұзын. Ішік әдемі.
Қамзол. Мынау- қамзол. Қамзол қызыл түсті. Етегінде ою бар. Жеңі жоқ. Қамзол жеңіл киім. Қамзол әдемі.
Тақия. Тақия- бас киім. Тақияның түрі көп. Матадан тігеді. Үкі тағады. Жеңіл, дөңгелек, әдемі болады. Шетінде ою бар.
Мәсі. Мәсі- аяқ киім. Теріден тігеді. Оның өкшесі болмайды. Шетіне ою салады.
Мұғалім: Келген қонақтарға сұрақ қояды.
-Қалындық киетін бас киім қалай аталады?
Жауабы: Сәукеле
Дұрыс жауап берген бала сыйлық алады.
Балалардың ұпайлары саналады.Ең көп жинаған балалар ортаға шақырылады, супер ойын өткізіледі, жеңімпазымыз анықталады.
Супер ойын
-
Елорда қай қала?
-
Қазақстан рәміздерін ата.
-
Елбасы кім?
-
Отбасы сүшелерін ата.
-
Түстерді ата
-
Апта күндері
-
«Орнамент» сөзінің қазақша аудармасы
-
Үй жануарлары
-
Дала құстары
-
Ұлттық киімдер
Жеңімпаз бала анықталады. Сыйлық береді
Балалар жылы тілектер айтады.
Аспан ашық болсын! Деніміз сау болсын!Дастақан мол болсын!
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз