Материалдар / Ұлттық кітап күні «Бар білім кітапта» атты әдеби кеш

Ұлттық кітап күні «Бар білім кітапта» атты әдеби кеш

Материал туралы қысқаша түсінік
Әр кітап- Отан байлығы, аға-апаларымыздың маңдай тері екендігін, терең білім, ғылым жаңалықтарын, өткен тарихымызды, өнерімізді білу үшін кітапты көп оқу қажеттігін ұғындырып, балалар мен жастардың мəдени жəне оқу құзіреттілігін дамыту, көркем шығармалар оқуды насихаттау, жас ұрпақ бойындағы азаматтық жəне адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру.
Авторы:
24 Қаңтар 2025
103
0 рет жүктелген
900 ₸
Бүгін алсаңыз
+45 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +45 бонус беріледі Бұл не?
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

23 сәуір Ұлттық кітап күні «Бар білім кітапта» атты әдеби кеш

Мақсаты: Әр кітап- Отан байлығы, аға-апаларымыздың маңдай тері екендігін, терең білім, ғылым жаңалықтарын, өткен тарихымызды, өнерімізді білу үшін кітапты көп оқу қажеттігін ұғындырып, балалар мен жастардың мəдени жəне оқу құзіреттілігін дамыту, көркем шығармалар оқуды насихаттау, жас ұрпақ бойындағы азаматтық жəне адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру.

1-жүргізуші: - Жақсы кітаптан артық шын дос жоқ. Кітапсыз үй рухсыз денеге ұқсайды. Кітап - ақылына ақы сұрамайтын алтын қазына. Кітап

ғылым - тілсіз мұғалім. Қарияның сөзі киіз кітаптағыдай, - деген сөздер бекер айтылмаған.

2-жүргізуші: - Иа, дұрыс айтасың. Содан болар Үкімет Қаулысымен Қазақстанда жаңа мереке «23 сәуір – Ұлттық кітап күні» бекітілді. Аталмыш мереке Мемлекет басшысының қоғамда оқу мәдениетін қалыптастыру мақсатында үшінші Ұлттық құрылтайдың негізгі сессиясында берген тапсырмасына байланысты белгіленді.

1-жүргізуші: Президент Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында сөйлеген сөзінде: «Кітапқұмарлық – жақсы қасиет. Көптеген мемлекет Ұлттық кітап күнін атап өтеді. Біз, ең алдымен, жастарды кітап оқуға баулуымыз керек. Сонда жаппай кітап оқитын ұлтқа айналамыз,» – деді.

2-жүргізуші: - Оқырманның кітапқа деген қызығушылығын арттыру мақса-тында Қазақстан Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұйымдастыруымен «Ұлттық кітап күні» мерекесіне орай байқау өткізіледі. Байқаудың негізгі мақсаты – кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, үздік авторларды анықтап, қазақ әдебиетінің, руханиятының дамуына ықпал ету. Аудармашыларды, баспагерлер мен кітап дизайнерлерін қолдау және ынталандыру.

1-жүргізуші: Байқау келесі 10 номинация бойынша өтеді:

1.Балаларға арналған үздік кітап

2.Үздік комикс

3.Нон фикшн жанрындағы үздік кітап

4.Детектив жанрындағы үздік кітап

5.Сатира жанрындағы үздік кітап

6.Үздік илюстрациялық кітап

7.Үздік аударма кітабы

8.Фантастика жанрындағы үздік кітап

9.Үздік баспа

10.«Жыл кітабы» Гран-при сыйлығы

2-жүргізуші: - Бүгінгі «Бар білім кітапта» атты әдеби кешімізді Жұмағали Сайнның

Кітаптар бейне жапырақ,

Жырлайтын сырын өмірдің,

Оқисың кейде жатып ап,

Көтеріп күйін көңілді,

Айдыны шалқар кейде бір,

Кітаптан тұнған көл дерсің,

Ауадай қажет бейне бұл,

Татпасаң нәрін шөлдерсің!- деген өлең жолдарын оқи отырып, әдеби кешіміздің бірінші бөлімін бастасақ.

Кітап – білімнің түпсіз аспаны, терең бастауы

Оқырман: - Кітап – бұл асыл қазына. Кітап – бұл бүкіл адамзаттың ұлы мұғалімі. Ол бізді айқын бесіктен терең қарттыққа дейін сүйрейтін, сүйемелдейтін дос. Кітап - тіл байлығын қалыптастырушы, дамытушы құрал. Болашақ үшін кітаптың маңызы ерекше.Ол адамзат үшін ғасырдан – ғасырға жалғасып қызмет етіп келе жатыр. Замандар өтіп, қоғамға ғаламтор, теледидар, телефон тағы басқа технологиялар келді. Алайда, ақпарат пен технология дамыған дәуірде де кітап өз орнын жоғалтпайды. Бірде – бір гаджет, бірде – бір фильм сол кітаптағы эмоцияларды, қуаныш пен толқу сезімдерді бермейді.

Оқырман: - Қазақта бір мақал бар «Кітап білім бұлағы», яғни білімнің қайнар көзі, білімнің ошағы, білімнің бастауы осы кітаптан басталады. Ұлы Шекспир «кітап маған тақтан да қымбат» деген екен, бұл дегені ол да кітапті ең маңызды, құнды зат деп білген. Өйткені кітап қана дәл мәнді білім береді, себебі ол адамды терең ойға жетелейді. Әр адам кітаптың бетін ашқан сайын оның әлемінің тылсым табиғаты мен жаңа құндылықтарды үйренеді. Өйткені адам кітап оқыған сайын оның ішкі жан – дүниесі, дүниеге деген көзқарасы ауысып отырады. Кітап ішіне сүңгіп, автордың жеткізбекші болған ойын бүкіл жан тәнімен сезінеалады, сол кітаптағы кейіпкер өзі сияқты сезімде болады.

Оқырман: - Кітап – жәй ғана мәтінмен бірге өрілген парақтар ғана емес, әр түрлі адамдармен саяхаттауға, яғни шығармалардағы кейіпкерлердің өмірлерімен өмір сүруге, адамның қандай жағдай болмасын, нені сезінетінін түсінуге болатын нағыз әлем. Сол себепті де мен үшін кітап өте қадірлі, құнды зат.

Оқырман: - Кітап - арабтың жазу деген сөзі. Кітап-рухани қазына, өмір айнасы, замана сыры, тарих шежіресі, оқу-тәрбие құралы. Алғашқы кітап жазу құпиясын тек дінбасылар мен монахтар ғана білген. Сондықтан дүние жүзіндегі тұңғыш кітаптар - еврей тіліндегі «Таурат», Қытай тіліндегі «Конфуция», парсы тіліндегі «Авеста», Юнан /грек/ тіліндегі «Інжіл» /Евангелис/, араб тіліндегі «Құран».

Оқырман: - Кітап-заманымыздың өмірі, ол кәріге де, жасқа да қажет. Біз кітаппен күн сайын кездесеміз. Кітап біздің дүниетанымдарымызды кеңейтіп, рухани жан-дүниелерімізді оятып, ертегі, әңгімелермен сыр шерткен, кітап-біздің ақылшымыз.

Кітапханашы: - Кітап-адам өмірінде аса маңызды рөл атқарады. Ол елді, жерді сүюге, талапты, кішіпейіл болуға, мейірімділікке, төзімділікке баулиды. Кітап-жаман әдеттерден аулақ болуға үндейді. Осындай көптеген еңбекпен келіп түскен оқулықтарды қыркүйек айында таратамыз. Өзінің әдемі суреттерімен, небір төгілген асыл сөздерімен, қиын да, қызықты есептерімен күлімдеп жеткен оқулықтарымыз мамырдың аяғында ренішпен, мұңды болып кітапханаға қайтады.

2-жүргізуші: - Енді әдеби кешіміздің екінші бөлімінде сол оқулықтары-мыздың «Кітаптар мұңы» деп аталатын көрінісін тамашаласақ.

Бөлім «Кітап - асыл қазына»

Көрініс «Кітаптар мұңы»

Автор: Беттерін шаң басқан бір топ кітаптар бөлменің бұрышында жатыр. Көзін сығырайта ашып бір кітап жан-жағына қарады. Аздап керіліп, жанындағы кітапқа:

Қазақ тілі:-Ей,тұрсаңшы! Біз қайда келдік? Тірімісің өзің?

Математика:- Ой,мазамды алмашы. Бүйткен тірлігі құрысын. Бұданда парақтарымның жыртылып, желге ұшып кеткені жақсы еді ғой!

Қазақ тілі:- Не болды соншама? Жалғыз сен деймісің?

Сосын келесі жағына бұрылып:

-Сыртың бүп-бүтін ғой өзіңнің?- деді келесі кітапқа қарап.

Ана тілі: -Сыртымды қайтесің? Сыртым бүтін болғанымен, ішім түтін. Ана тілімін. Мені басып шығару үшін қаншама адам баласы еңбек етті. Балалар оқысын, сауат ашсын, адам болсын деген ниет қой бәрінікі. Мен де өзімнің білімімді беруге тырыстым. Бәрімізде сондай ниетте едік. Адырбай деген баланың қолына түстім. Бір жыл болмай осы күйге түстім.

Дүниетану:- Ал, мен Сотқарбай деген баланың кітабымын.Ол парақтарымды жыртып алып, кептер жасап ұшырып ойнағанда қой демеді ғой үлкен ағасы.

Ана тілі: - Онда мұңдас болдық қой,-достым. Біздің Адырбай көзімді бақырайтып қойып, суреттерімді бастырып, бетімді шимайлайды. Адам өз мүлкіне ұқыпты болса ғой. Әдепті балалар көп. Мысалы, менің бір досым бар. Ол екеуміз парталас болдық. Соның иесін айт.Оқушы деп! Бүлдірмек түгілі шаң мен кір жуытпайды ғой.

Дүниетану:- Ендігі алдағы күніміз не болар екен? Мүмкін бәрімізді жинап, отқа жағар. Кітап шығару үшін көп қаржы керек. Жанашыр балалар бізді түптеп, қажетке жаратар, а?

Математика:-Бәріміздің де арманымыз сол. Білімге қызығатын ұқыпты балалардың қолына түссек екен.

Қазақ тілі:- Иә,достар, кітап қадірін білетін жақсы балалар көбейе берсін.

2-жүргізуші:- Міне, балалар,арамызда кітапты ұқыпты, таза ұстайтын және кітапқа ұқыпсыз қарайтын балалар да кездеседі.

1-жүргізуші: - Міне, кітаптардың мұңын тыңдап, біз де мұңға батып кеттік. Балалардың бәрі Сотқарбай мен Адырбайдай емес. Бізде кітапты сүйіп оқитын балалар көп.

2-жүргізуші:- Енді осы оқырмандарымыздың білім деңгейін де сынар кез келді. «Кім көп біледі?» бөлімінде кітап туралы мақал – мәтел жарысы

«Кім көп біледі?» бөлімі

1.Кітап-білім бұлағы,

Білім өмір шырағы,

2. Адамның досы-кітап.

3. Кітап - өмір кілті

4.Жақсы кітап — ақылды адамның әңгімесімен бірдей.

5.Білім – кітапта.

6.Артық білім кітапта,
Ерінбей оқып көруге.
7.Адамды адам еткен – кітап, адамзат еткен – кітапхана.
8.Кітап оқуды қойған адам ойлауды да қояды.

9.
Кітабы жоқ үй жаны жоқ дене сияқты.

10.Оқу құралының ең ұлығы – бала оқытатұғын кітап.
11. Кітап — ақылына ақы сұрамайтын алтын қазына.
12.Өзіңді - өзің тану үшін кітап керек. Өзгені де тану үшін кітап керек.
13. Кітап — үйдің ашулы тұрған терезесі.

14.Кітап оқу адамды білімді етеді.
15.Мәдениеттің мәйегі - кітап.
16.Наданмен қас болғанша, кітаппен дос бол.

1-жүргізуші: - Керемет, білім деңгейлеріңді көрсете білдіңдер.

2-жүргізуші:- Олай болса келесі бөлімге көшелік. «Мен жалғастырамын»

Келесі бөлім Кітап оқу «Мен жалғастырамын»

1-жүргізуші: - Оқырмандарға Сайын Мұратбековтың «Жабайы алма» повесін оқып келу тапсырылған. Сайын Мұратбеков өзінің балалық шағын, соғыстан кейінгі тұрмысты көп жазған жазушы. «Жабайы алма» да – сол қатардағы шығарма. Жалпы тақырып соғысқа қатысты болғанымен, негізгі өзегі – жақсылық пен жамандық, адалдық пен әділдік. Повесть қандай жағдайда да адамгершіліктен айнымауды, тағдырдың қатал сынына мойымауды насихаттайды. Ортаға 5 оқырман шығып, әңгімені бірінен соң бірі жалғастырады.

Оқырман:

Оқырман:

Оқырман:

Оқырман:

Оқырман:

2-жүргізуші:- Керемет, өздеріңнің кітап сүйер оқырман екендеріңді көрсете білдіңдер.

1-жүргізуші: - Жақсы кітап — ұяттың антологиясы, өмірімізді сенімді сырласып, өкіндірмейді.

2-жүргізуші: - Кітап жазу — белгілі бір тұрғыдан алған кезде, оның алдыңғысын жоққа шығару деген сөз.

1-жүргізуші: - Кітап оқу — басқа адамдардың ойларының көмегімен өзіндік ойларыңды тудыру, әлемдегі ең керемет кинозал.

2-жүргізуші: - Бүгінгі кешке қатысқан оқырмандарымызға кітапханашы тарапынан сыйлыққа кітап тарту етіледі.

Кітапханашы: - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Мектептерде «Оқуға құштар мектеп» жобасы өз жұмысын бастады. Қай кезеңде де кітап адам өмірінде ерекше роль атқарады. Кітап – адамның ой-өрісінің қалыптасып кемелденуіне көмектесетін құрал. Оқыған адамға əлбетте, көзі ашық, көкірегі ояу деп баға беріп жататынымыз сондықтан. Қазіргі кезеңде 100 кітап оқу ұсынылып отыр. Бұл өскелең ұрпақтың оқу сауаттылығын, оқу мəртебесін жəне оқу белсенділігін, сонымен қатар оқу сапасын арттыру, балалар мен жастардың мəдени жəне оқу құзіреттілігін дамыту, көркем шығармалар оқуды насихаттау, жас ұрпақ бойындағы азаматтық жəне адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру болып отыр. (марапаттау)

1-жүргізуші: - Достар, "Артық білім кітапта, Ерінбе оқып көруге", - деп ұлы ақынымыз Абай жырлағандай ерінбей білім алуға асығайық. Бар білімнің патшасын тек кітаптан ғана таба алатынымызды ұмытпайық. Кітап оқуды жалғастыра берейік.

Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі