"Ұлттық мәдениет" баяндама

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Ұлттық мәдениет" баяндама

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұлттық мәдениет туралы баяндама, сынып жетекшілердің басқосуында ұсындым
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыптың өзектілігі

Қазіргі кезде өркениет жаһандық дамудың әр түрлі кезеңдерін басынан өткізуде. Еліміздің тәуелсіздік болып қалыптасуының өзі де күрделі тарихи кезеңдерден өтті, қазір де әлеуметтік, саяси, мәдени тұрғыдан қиындықтар аз емес. Ең бастысы жастар мәселесі, олардың үлкен тұлға ретінде қалыптасуындағы рухани құндылықтар, ұлттық мәдениеттің әсері туралы сұрақтар ең басты мәселе болып табылады. Бүгінгі күндегі қоғамдағы қарама-қайшы мәселелер кешені, үрдістердің бірыңғайсыздығы жастар ортасы мен қоғамда бәсекелі қақтығысқа әкелуі мүмкін. Алайда қазіргі заманғы жастар өзінің болашағын өзі жасаушы, өзінің күнделікті алып жүрген білімін, ерік-жігері мен шығармашылық белсенділігін тиімді пайдалана алатын, өмір ағысына икемделе білген, өз болашағына сеніммен қарайтын жеке тұлға. Оның алдындағы ең басты мақсат-қоғамда жаңадан қалыптасып келе жатқан қадір-қасиеттер мен әдеп-жоралғыларды өз бойына сіңдіре отырып, жаңа қоғамдық жүйеге бейімделіп, ене білу.

Ел басымыздың «Қазақстан-2030» атты еңбегінде ертеңгі күні ел тұтқасын ұстар азаматтардың бүгінгі өнегелі тәрбиесі, олардың бойына дүниеге деген жаңа көзқарастық бағдар-жекешіл, дербес дүниетанымдық бағдарды, қазақстандық Отанын сүйгіштік сезімді, нарықтық экономикалық қатынастар жағдайында жемісті еңбектенуге қажетті білімді, біліктілікті, дағды-шеберлікті сіңіру, қатаң бәсекелестік пен бұралаң бұрылысы көп жаңа бетбұрыстық жолда асқақ адамшылдық пен адамгершілік қадір-қасиеттерді, жұғымды мінез-құлық нормалары мен жоғары имандылық құндылықтарды, саяси кемелділік пен әлеуметтік белсенділікті қалыптастыру-уақыт талабы, Ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтің «Қазақстан - 2030» атты еңбегінде жан-жақты негізделіп, нақтыланған міндеттер. Жастар мәселесін шешу және талқылау қазіргі қазақ қоғамының әлеуметтік саяси бағыттарының бірі болып саналады.

Жастар Қазақстан халқының жартысынан артығын құрайды және қоғамның белсенді бұл тобы ел болашағында шешуші роль атқарады. Жастар-еліміздің болашағы, ертеңі. Қоғамда пайда болған саяси вакуумға тез арада Шығыстан да, Батыстан да өзгенің бәрі құйыла бастайды. Басқа құндылықтарды бойларына сіңіртіп, рухани дүниесін өзгелерге билетіп қою еліміздің өркениеттілік деңгейін көтереді деп айту қиын. Қоғамның бейбіт өміріне қажетті озық игіліктерге жол аша келе, олардың дәстүрлі мәдениет пен отандық тарихтан алынған өмір үлгілерімен қосылу тетіктерін зерттеу күн тәртібінен түспейтін өзекті мәселеге жатады.

Тақырыптың зерттелу деңгейі

Жастар мәселесі көптеген ғалымдардың зерттеулерінің объектісі болып, сонау антика кезеңіндегі Сократ, Аристотель, Платон, орта ғасыр кезеңінің философтары Августин, Макиавеллиден бастап жаңа заман философтарының философиялық идеяларынан бастау алған. Қазақстандағы жастар мәселесі - ТМД және Отандық ғылымда әр қырынан, түрлі салаларда зерттеліп жүрген мәселелердің бірі. Қазіргі кезеңде философиялық, мәдениеттанулық, әлеуметтік-психологиялық және педагогикалық концепциялар негізінде жастар мәселесін зерттеу деңгейі жоғары деңгейде.

Жастар мәселесіне қатысты негізгі зерттеулерді ленинградтық мектеп ұсынған әлеуметтік-психологиялық сала. Лисовскийдің бастамасымен жұмыс жасайтын бұл сала эмпирикалық материалдың негізінде студент жастардың тіршілік әрекетінің үлгілерін жасады. Оның жастар мәселесіне арналған көп кітаптары 60-жылдардың соңынан бастап осы уақытқа дейін жастардың мәселелері жөніндегі ақпараттың негізгі әдіснамалық дереккөзі болып келеді. Жалпы, бұл зерттеулердің барлығы жастар мәселесін жан-жақты қарастырғанымен, қазіргі информациялық, техногендік кезеңде бұл тақырыптағы зерттеулер әлі де жеткіліксіз. Жастардың әлеуметтік бейімделу, мәдениет саласындағы, саяси процеске қатысуындағы белсенділіктері жөнінде терең сараптамалар жасау бүгінгі күнде басты міндет. Уақыт өткен сайын жастар арасында әлеуметтік-саяси, мәдени құндылықтар өзгеріп, дүниеге деген жаңа көзқарас пайда болады. Бүгінгі жастардың қоғамдағы белсенділіктерін және олардың өміріндегі дәстүрлі құндылықтардың ролін анықтау өте маңызды. Сондықтан да қоғамдағы қазіргі қазақ жастарының мәселесін жан-жақты зерттеу ізденісімнің өзіндік ерекшелігін білдіреді.

Мақсаты мен міндеттері.

Шараның негізгі мақсаты – қазіргі жастардың ұлттық мәдениеттегі орнын, соның ішінде ұлттық құндылықтарды бағалау ерекшеліктерін көрсету. Қазіргі жастарға әлеуметтік-мәдени топ ретінде мәдениеттанулық талдау жасау. Осы мақсаттарға жету үшін мынандай міндеттер белгіленді:

- қазіргі жастардың әлеуметтік бітім-болмысын, тұлғалық кескінін, азаматтық-адамгершілік сипатын анықтау;

- жастардың құндылық бағдарларын және оқу-тәрбие процесіндегі белсенділіктерін сипаттау;

- қазіргі жастар ортасындағы девианттық мінез-құлықтың пайда болу себептерін көрсету;

- жастардың ұлттық құндылықтарды бағалау деңгейін сараптау;

- бұқаралық ақпарат құралдары мен қоғамдық бірлестіктердің жастардың саяси мәдениеті мен әлеуметтік белсенділігін қалыптастырудағы ролін анықтау және жастардың ұлттық мәдениетті сақтаудағы әрі дамытудағы зор рухани қуат екендігін негіздеу.

Жастар – әлеуметтік-мәдени топ ретінде

Жастар еліміздің ертеңгі болашағы. Сондықтан да жастар мәселесі мемлекеттің стратегиялық маңызды бағыттарының бірін құрайды. Жастарға қарап ертеңгі мемлекетіміздің даму бағытын, бейнесін көруге болады. Жастарең прогресшіл, жасампаз топтың өкілдері. Елімізде жүргізіліп жатқан реформалар қалай да болмасын белгілі кезеңдер өткеннен кейін жастардың бойында өзінің жақсы және жаман қырынан өзіндік ізін қалдыратындығы айқын. Міне, бұл жастар ісіне, оны тәрбиелеуге немқұрайлы қарауға болмайтындығын білдіреді. Бүгiнгi тәуелсiз мемлекетiмiздегi жаңа қоғам мүддесiне лайықты, жан-жақты жетiлген, бойында ұлттық сана мен ұлттық психологиясы қалыптасқан ұрпақ тәрбиелеу отбасының, бiлiм беру ошақтары мен барша халықтың мiндетi. Өзiмiздiң өркениеттi ел қатарына қосылу бағытындағы үлкен мәселелердiң бiрi келешек ұрпақтың рухани дамуы.

Әлеуметтік-мәдениеттану тәсіліне жастардың нақты мәселелерін қоғамда жүріп жатқан процестермен байланысты талдау керек. Осы бағытты ұстанып жүрген әлеуметтанушылар жастардың ішкі дүниесін нақты ұғымдармен, идеялармен, мақсаттармен және жас адамдардың мінез-құлқымен салыстырып пайымдауға ұмтылады. Осы аталған субъективті көріністер мәдениеттің белгілі бір түрлерінде көрінетін үдерістердің салдарлары ретінде белгіленеді. Жастардың мән-мағыналық анықтамалары субмәдениеттің нысандары ретінде қаралады. Мәдениет ұғымы мұнда бірнеше мағынада пайымдалады: мәдениет әлеуметтік нормаларды меңгерудің дәрежесі, мәдениет адамзат жинақтаған байлықтың қосындысы, адам қызметінің тәсілі. Жастарды әлеуметтік топ ретінде талдау алдыңғы ұрпақтың сіңіретін әлеуметтік тетігі арқылы, екінші жағынан дербес және өзінің бойындағы құндылықтары мен әрекет стандарттарын әкелетін жеке тәжірибесі негізінде қоғамның әлеуметтік құрылымының «табалдырығында» тұрып, қоғамдық қатынастар қалыптасып қалаған әлеуметтік-стратификациялық тәртібіне әсер етуші әлеуметтік топты зерттеу дегенді білдіреді. Жалпы, жастар өздерінің жас ерекшеліктеріне байланысты әлеуметтік ұстаным мен әрекеттердің иновациялық түріне әкелуі және әр түрлі девианттық іс-әрекеттерге тез ұшырайды.

Ұлттық мәдениет пен этномәдениеттегі жастардың рөлі Қай халықта болмасын оның ұлттық рухына, ар-намысын жоғарылатып тұратын қуатты күштер: іргелі экономика, әлеуметтік тұрақтылық, биік руханият, өрелі мәдениет, толыққанды тіл, озық оқу-білім, үлгілі тәлім-тәрбие, алдыңғы қатарлы ғылым, аталы тарих, өткеннен ғибрат, үзілмес дәстүр, жаңаға бейімділік, үлкеннің имандылығы, жастың жасампаздығы, зиялының зерделілігі, басшылардың ұлтжандылығы, мықты мемлекеттік, бір туған халықтың ұлы мен қызын тұтас жұмылдырып тұратын биік те ортақ мақсат екендігі белгілі. Бүгінгі қазаққа осы бір іргелі елдік биік тұғырлардың бәрін де толық меңгеру аса қажет болып отыр. Заман көші тез өзгеруде. Жаһандану процесі әр халықтан аршынды қимыл-харекет керек қылады. Әсіресе, жер жүзілік ақпараттандыру жүйесінен өзіне тиесілі орнын алу, дүниедегі бар халықтар сияқты, қазақ та оның дүниежүзілік қауымдастығы өзіндік бет-бейнесін белгілейтін күрделі нысандардың бірі болып табылады. Бүгінгі өркениет көшіне алмаған халық, ұлт өз дербес үнінен айырылады, тіпті шынайы ұлттық қасиетін, біртума болмыс-бітімін де жоғалтып алуы да мүмкін.

Қазіргі уақытта бір халықтар мене келесі халықтардың араласуы, мәдениеттің интеграциялануы өте үлкен қарқын алуда. Ұлттық әлем әрбір адам үшін оның үй-іші, жақын туған-туысы тәрізді табан тірек болып тұратын, бар жан-дүниесіне нұр-сәуле төгіп тұратын шапағатты да шұрайлы өлке. Сондықтан да әрбір адам үшін өзінің ұлттық негізін түсіну осы бір шапағатты әлемнен нәр-қуат алып отыру-шын адамдықтың, адамдық қасиеттің үлкен бір белгісінің бірі. Әрбір адам белгілі бір ата-ананың ұлы немесе қызы болатыны сияқты белгілі бір халықтың ұлы немесе қызы. Ол адам қандай өзгеріске түспесін, тағдыр оны қандай алыс қиянға алып кетпесін, тіпті ол өзінің түпкі ұлттық негізінен айырылып қалсын, соның өзінде, ол адамның бойында сол халықтың қаны, мінезі, түйсігі сақталып қалады, сол түпкі ұлттық негіз бәрібір оның адамдық болмыс-бітіміне өз әсерін тигізіп тұрады. Ұлттық рух, ұлттық мінез-құлық, ұлттық мәдениет, небір заман талқыларына қарамастан, өзінің өміршеңдігін, баянды жасампаздығын күні бүгінге дейін толық дәлелдеп отыр. Ендеше ұлттық болмыс-бітімге қатысты мұндай құбылыстарға немқұрайлы қарауға болмайды. Қайта осындай ұлттық асыл дүниелерді жалпыадамзаттық рухани дүниелермен тығыз ұштастырып, бірге қадірлеп, құрметтеп, бірге дамытып отырса одан әрбір ұлт та, жалпы адамзат та көп ұтар еді. Мәдениет-белгілі бір рухани байлықтың, адамгершілік үлгілерінің жиынтығы, ол-дүниені игеріп қана қоймай, оны жүйелі игерудің, жаңарудың, өзгертудің құралы.

Тәуелсіздік алған мемлекеттерде өмір шындығын терең түсінуге, қоғамдық сананы жаңартудың жаңа үрдісі қалыптасатыны анық. Жаңа идеялар адамдарға рух беріп, ілгері болуының жолы мен мақсатын айқындайды. Рухани өмірді қайта түлу, мәдени қазыналармен алмасу халықтардың әлеуметтік-мәдени даму жолы дегеніміз, ең алдымен, адамзат қазыналарына баса назар аудару, прогресшіл халық дәстүрлері мен әдет-ғұрпының ұтымды қолдануы, гуманитарлық ғылымдарға, өнерге, халықтардың моральдық байлықтарға қайтып оралу, мәдениеттің барлық салаларында ұлттық даналықты сақтау, барлық ұлттық мәдениеттердің дербестігін мойындау. Бұл арада қазақ мәдениетіне, яғни мемлекетке тарихи атауын берген халықтың мәдениетіне даусыз басымдық берілуі тиіс, өйткені ол Қазақстаннан басқа еш жерде шын мәнінде түлеп, қажетінше дами алмайды. Қазіргі адамзат баласының мыңдаған халықтардың жүздеген мемлекеттеріне біріккен миллиардтаған саны бар жүртшылық. Олардың бәріне ортақ нәрсе-мәдениет, адам баласының саналы іс-әрекетінің жемісі ретіндегі мәдениет, жасампаздық рухының көрінісі ретіндегі мәдениет. Бұл әлемде абсолютті бірдей екі адам болмайтындығы секілді егіздей ұқсас екі мәдениет те болмайды. Себебі мәдениетті адам өмірден мән мен мағына іздейді. Жаңаны танысам деп талпынады.

Ұлттық мәдениет – бұл адамзаттың біркелкі дамуындағы заңдылықты баспасы. Әлемдік мәдениет – бұл, алдымен, ұлтық мәдениеттер жиынтығы. Ұлттық мәдениеттердің жалпы адамзаттық идеалдарға ие ең жоғарғы жетістіктері жәнеоларды бүкіл Әлем мойындаған соң, ұлтаралық мәдениет құрамына енеді. Ұлттық мәдениеттер мәселелері, мән-мағыналары және құндылықтары, олардың өзара байланыстары қазіргі уақытта жаһандану кеңістігінде болып жатқан процестермен тығыз байланысты. Яғни, қазіргі кездегі өркениетті, ақпаратты, постиндустриалды деген қоғам осы кеңістік ықпалында өзгеріп отырады. Қазақ мәдениет әрбір ұлттық мәдениет сияқты қазіргі таңда жаһандану кеңістігінде өзіндік ерекше жолмен өмір сүріп жатыр. Жаһандану кеңістігінде руханилық және материалдылық жағынан ынжықтық көрсеткен ел, мемлекет, халық, ұлт өмір қиындықтарына төзе алмай мүлдем жоғалып кетуі мүмкін, яғни, басқа мемлекет, халық, ұлт құрамына сіңіп кетуі мүмкін.

Ұлттық мәдениеттердің шын мағынасындағы өзара іс-қимылы ешқашан ұлтсыз мәдениет жасауды мақсат етпейд, қайта оларды сақтап, көбейте беруді, рухани өмірдегі ұлттық болмыстың одан әрі гүлдене түсуі үшін кең мүмкіндіктер жасап, осымен бір мезгілде ұлтаралық қатынастар мәдениетінің дамуына өріс ашады. Қазақстан Республикасы ұлтаралық татулықты сақтап келді, ұлттық тұрақтылық пен саяси дамуды қамтамасыз еткдің ұтымды тәжірибесін қалыптастырды. Мұндағы ұлтаралық толеранттылыққа қол жеткізуіміздің басты себебі қазақ мәдениетінің болмысының өзгешеліктері болса керек.

Қазақ мәдениетінің жаһандану кеңістігіндегі инновациялық үрдісі заманнан заманға, уақыттан уақытқа, кезеңнен кезеңге өзіндік айрықша жаңа үрдіспен жүріп отырған үздіксіз процесс болатын. Қазіргі уақытта да осы үрдіс өз жалғастығын үзбей, жалғасып келеді.

Ұлттық мәдениеттің қайта өрлеуі екі негізгі талаптарға сәйкес келуі тиіс:

  • Ұлттық мәдениет өзіндік даму амалы мен өзіндік даму қабілетін анықтауы тиіс;

Ол қазіргі кезде қоғамда болып жатқан радикалдық және новациялық өзгерістерге кедергі жасалмай, керісінше, оған демеу беріп, сыбайласып, онымен іштесіп модернизациялануға ұмтылуы тиіс. Белгілі бір қоғамның бірқатар көптеген мүшелері ұстанатын құндылықтар, сенімділік, салт-дәстүрлер жиынтығын үстемдік етуші мәдениет деп атайды.

Үстемдік етуші мәдениет ұлттық немесе этникалық болуы мүмкін, ол мынадай жағдайларға байланысты – белгілі бір күрделі ұйымдастырылған; және белгілі бір мемлекет азаматтарының санына байланысты.

Этникалық мәдениет – қарапайым өмір сүру салтына және тұрмыстың мәдениетіне қатысты мәдениет белгіліерінің жиынтығы.

Жастардың ұлттық және этномәдениеттегі орны қандай деген сұрақ қазіргі жаһандану кезеңінде өте актуалды болып отыр. Жастар ақпараттың кеңінен дамығандығының әсерінен өте белсенді. Қоғамда әр түрлі креативті идеяларымен белсенділік танытып жүрген жастарымыздың ұлттық мәдениетті көтеруге деген ықпалдары оң көзқарастар деңгейінде. Ұлттық мәдениет пен этномәдениет өзара бір-бірімен тығыз байланысты ұғымдар. Жастарға этномәдени білім беріп, ұлттық құндылықтарды бағалауға, сақтауға үйрету, олардың бойында Отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыру ата-ана мен педагогтардың үлесінде.

Отансүйгіштік - азаматтық санамен қалыптасатын қасиет. «Азаматтық сана» – біліммен қаруланған, аға ұрпақтың қалдырған мәдени-тәлім мұраларынан сусындаған, туған жері мен елінің рухани-материалдық, мәдени құндылықтарын бойына сіңіре білген, ақыл мен парасаттылығы жетілген, жеке мүдде мен болашақ үшін жауапкершілікті өткен мен келешек үрпақ алдындағы парызбен ұштастыра білетін, ұлтжанды саналы азаматы болуды талап ететін құбылыс. Қазақстан Республикасы этномәдени білім беру тұжырымдамасында «Бізге қажетті - жаны да, қаны да қазақы халықтың тілі мен дінін, тарихы мен салт-дәстүрін бойына ана сүтімен бірге сіңірген, егеменді елінің еңсесін көтеруді азаматтық парызым деп ұғатын ұрпақ тәрбиелеу» - деп атап көрсеткендей, еліміздің елдігі мен бірлігін сақтайтын ұрпақ тәрбиелеу, білім берудің барлық салаларының алдындағы негізгі міндеттердің бірі.

Еліміздің егемендігімен бірге, халықтық тәлім-тәрбие қазыналарын жинақтап, оны этнопедагогиканың негізі мазмұнына енгізсек, сол мазмұнды жүзеге асырудың басты құралы – этномәдениет қазыналары. Қазақ халқы ұрпағының «Сегіз қырлы-бір сырлы» азамат болып дамуын, ғасырлар бойы қалыптасқан рухани мәдениет құндылықтарының тәлімдік мүмкіндіктерін тиімді пайдалана отырып жүзеге асырып келді. Ол құндылықтардың негізін, халқымыздың - әдеби, музыкалық, кәсіби, тұрмыстық фольклорлары құрайды. Халқымыздың ауыз әдебиеті шығармашылығы ұрпақ тәрбиелеуге өлшеусіз үлес қосты және әлі де үлес қосып келеді. Қазақ фольклоры тілінің бейнелілігімен, көптеген мақал-мәтелдерінің мәнділігімен, мазмұндық өткірлігімен аса құнды қазына. «Өнер алды - қызыл тіл» деп, «Тоқсан ауыз сөздің, тобықтай түйінін» шешкен ата-бабаларымыз, халықтың өмірі мен тұрмыс-тіршілігінің алуан түрлі жақтарын қамтитын өзінше бір жылнама болатын, ұрпақтарға тәлім болатын асыл мұра қалдырған. Сол бай құндылықтардың ішінде, патриотизмді дәріптейтін мұра - батырлық дастандар. «Алпамыс», «Қобыланды», «Қамбар батыр», «Едіге», «Сырым батыр» т.б., «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» кезіндегі елін, жерін сырт даулардан қорғаган Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай сияқты мыңдаған қазақ батырларына арналған көптеген дастандар, өз халқының мүддесі, арман-тілегі, туған жері үшін жан аямаған батырларға деген халықтың сүйіспеншілігі, азаматтарының рухани жан дүниесінің беріктігі, ерлігі мен патриоттық қасиетін баяндайтын, сол сияқты «Қыз Жібек», «Айман-Шолпан», «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» және т.б. лиро-эпостық жырлар мазмұны, рухани тазалықты, адамгершілік пен махаббатті паш ететін, халқымыздың этномәдениетінің асыл қазыналары. Қазақ халқының музыкалық және поэтикалық шығармашылығында жырлаған халықтың Отан-анаға, туған жерге, көз жетпейтін ұлан-байтақ қазақ даласына, оның табиғат байлығына деген сүйіспеншілігі музыкалық және эстетикалық тәрбие құралы болды. Сондықтан да қай кезде болмасын жыршылар, күйшілер, өлеңші-әншілер қазақ халқының музыка мәдениетін сақтау мен байытуда, жастарлың эстетикалық талғамдарын, көзқарастарын тәрбиелеуде айрықша маңызды роль атқарады. Олар өздерінің дидактикалық әндерінде халықты Отансүйгіштікке, ұлтына деген адалдыққа, әділетке шақырып, жақсылықтың жеңіп шығатынына сенуге, жамандықпен күресе білуге, жақсы атаулыға ұмтылуға дәріптеп отырды.

Бүгінгі жастардың тілге деген ықыласы мен құлшынысы қандай деген сұраққа жауап издеудің өзі өте қиын. Біз сөз етіп отырған мәселелер елдің ертеңі саналатын жастардың арасында көпшілігіміз біле бермейтін қырынан көрінеді. Егер Алматы қаласының 30 пайызының жас­тар екендігін, Қазақстандағы студенттердің үштен бірінің Алматыда оқитынын ескерсек, тіліміздің ертеңіне кәміл сенуге болады. Тек қынжылтатыны, жастар арасында этномәдениетке деген селқостық байқалады. Осы орайда жастар арасында соңғы ке­зеңде батыстық мәдениетке жалаң еліктеудің, жат діннің ықпалында кетудің етек алып бара жатқанын айтпауға болмайды.

Ақпараттық қоғамның жастар өміріндегі ролі Ел тәуелсіздігінің аясында дамыған сайын жастарға тәрбие және білім беру жүйесінің жан-жақты моделін жасауға ұмтылыс күшейе түсуде. Қазіргі кезде жастарға тәрбие беру туралы сұрақтардың терең философиялық маңызы бар. Жастарға құндылығы жоғары тәрбие беруде оқыту процесі мен тәрбие беру қатар жүреді. Сондықтан да білім беру мен тәрбие процесін бір-бірінен ажырамастай қарастыру қажет. Тек ғана осы бірліктің негізінде елге тұлға боларлық саналы, мәдениетті жас ұрпақты қалыптастыруға болады. Ұлы ойшылымыз Әл-Фараби «Нәрсе біткеннің парқын түсініп, ұғынуға келгенде адам мейлінше зерек болуға тиіс, ол, ол ма, ғылымды меңгеру ісінде адам шыдамды да табанды болуға тиіс, жаратылысы бойынша ақиқат пен оның күрескерлерін, әділеттілік пен оның жақтастарын сүйетін болуы керек. ... Жұрттың теріс деп білетін нәрселері жөнінде ол әдеп сақтап, инабатты болуы тиіс, жақсылық пен әділеттілікке оңай бағынып, жамандық пен әділетсіздікке көне бермеуі керек, мұнда мейлінше естиярлы болғаны жөн. Оның үстіне адам өзінің табиғи бейімділігіне сәйкес келетін заңдар мен әдет-ғұрып негізінде тәрбиеленген болуы шарт, өзін аялап өсірген дін жайындағы көзқарастарында кәміл сенімді болуы, өзінің діні (парыз) еткен ізгі әрекеттерден айнымауы, бұларды түгелдей де, там-тұмдап та бұзбауы қажет, бұл ретте баршаға мәлім бойынша дұрыс деп танылған ізгіліктерді берік сақтауы және баршаға мәлім бойынша оңды деп танылған әрекеттерге қарсы шықпауы керек» деген екен. Шынында да жастар тәрбиесінде ұлттық құндылықтарды негізге алып, қазақ халқының тарихи, мәдени байлығына назар аударған жөн. Сонымен қатар бүгінгі таңдағы ұлттық құндылықтар мен батыстан енген құндылықтардың арасалмағын ажырата білуіміз керек және тарих қойнауында пісіп жетілген озық үлгі болатын салт-дәстүрлер, қазақ ойшылдарының даналық пікірлері мен ұлттық төл құндылықтарды негізге алған жөн. Жастарға тәрбие беру мәселесін терең зерттеген Мағжан Жұмабаев былай дейді: «Тәрбие, кең мағынасында алғанда, қандай да болса бір жан иесіне тиісті азық беріп, сол жан иесінің дұрыс өсуіне көмек көрсету деген сөз. Ал енді, адамзат туралы айтқанда, адамның баласын кәмелет жасқа толып, өзіне-өзі қожа болғанша тиісті азық беріп, өсіру деген мағынада жүргізіледі».

Г.Б. Бекежанова айтқандай, «қазір әлемде, сірә, Интернеттің қызметтерін пайдаланбайтын бірде-бір ел жоқ болса керек. Әлеуметтанушылар көптеген елдерде жүргізген зерттеулер бойынша Интернетке қол жеткізудің сауатты және сауатсыз, бай және кедей адамдардың, еркектер мен әйелдердің, қала мен ауыл тұрғындарының арасындағы өзіндік бөлгіш сызыққа айналғанын көрсетеді. Тағы бір бөлгіш сызық-ағылшын тілін білу, осы тіл сайттардың, компьютер графикасы мен нұсқаулықтардың 80% пайдаланылады. Ақпараттандырудың нәтижесінде әлемде адамдарды бөлетін жаңа, көзге көрінбейтін, бірақ қауіпті тосқауылдар туындайды: Интернет «әлемдік өрмекші торына» қол жететін адамдарды біріктірсе, оған мүмкіндіктері жоқтарды жолатпайды. Коммуникацияның екі қосарлы жүйесі пайда болды. Оның біреуі-жақсы білімі, ақпараттың кең көлемдерін әрі жылдам, әрі арзан алуға мүмкіндік беретін осы заманғы байланыс құралдары бар дәулетті адамдар үшін болса, екіншісі-Интернетке шығуға мүмкіндіктері жоқ, сондықтан ескірген және анағұрлым құнсыз ақпарат алудың бұрынғы әдістері мен тәсілдерін пайдалануға мәжбүр адамдар үшін. Осы екі жүйе өкілдерінің арасындағы бәсекенің нәтижесі көпе-көрінеу: ақпарат пен коммуникацияның қазіргі заманғы жүйесінің басымдығы одан тысқарыларға тең мүмкіндіктердің жұрнағын да қалдырмайды. Соның нәтижесінде ғаламшардағы лайықты табыстары, білімі мен осы заманғы байланыс құралдарына қол жеткізу мүмкіндіктері жоқ халықтың басым көпшілігі барған сайын шеттетіле де, технологиялық және экономикалық прогрестен аулақтатылады».

Қоғамдық-саяси ой сананың көрініс табар құралдарының бірі-баспасөз екені мәлім. Осы тұрғыдан алғанда атамекенді сүю, Отан-Ананы ардақтау, еліңнің қамы үшін еңбек ет деген үндеуді, қалың әлеуметтің патриоттық сезімін оятатын көсемсөздік желеулерді, ұлттық рухты үстемелейтін заманхаттар қазақ баспасөзінің негізгі жазар тақырыптарының бірі. Өйткені белгілі баспагер, ғалым Мұхтар Құл-Мұхаммедтің атап көрсеткеніндей: «Қазақстандағы қоғамды демократияландыру тарихын көбіне-көп қазақстандық журналистика тарихы деп білген жөн».

Ақпараттар ағымының молдылығы қазіргі кезде қатты алаңдатушылықты тудырып отыр. Себебі қабылданып жатқан ақпараттардың сапасының қандай екені тағы бір үлкен сұрақ. Оның тәрбиелік мәнінің қаншалықта екенін білу өте маңызды. Он жыл сайын балаларға берілетін білімнің көлемі, мөлшері екі есеге көбейіп отыр, ал ми жүйесінің жұмыс жасауымен байланысты зеректігі қандай күйде қалып отырғаны белгісіз. Жалпы адам баласының миы шектен тыс ақпаратты қабылдай алмайды. Сондықтан да ақпараттық қоғамда сан түрлі ақпараттарды қабылдау денсаулыққа зиянын тигізеді. Өмір ағымына ілесу үшін жастарға тұрмыс-тіршілік, өмір құбылыстары туралы мол ақпаратпен қамтамасыз ету барлық мәселені шешпейді. Батыс ықпалының әсері де ақпараттарының мықтылығынан байқалады. Әсіресе, заманның құдіретті қаруы-теледидар адамның санасына үлкен әсер етіп отыр.

Жастарды тәрбиелеуде кітаптан алынған ақпараттардың берер тәрбиесі өте үлкен. Ы. Алтынсарин «.... кітаптар шын білім беретін, пайдалы мәліметтер беретін ғылыми, күрделі оқу құралдарына жол салып беретіндігін» айта отырып, «шығарғалы отырған кітабымыз көздеген мақсатына сәйкес болып» шығуы керек. Кітапты құрастырғанда «біріншіден, ... ана тілімізде шыққалы отырған кітаптың орыс-қазақ мектептерінде тәрбиеленіп жүрген қазақ балаларына оқу кітабы бола алу жағын, сонымен қатар, жалпы халықтың оқуына жарайтын кітап кітап бола алу жағын» көздеу керек. Себебі, «қазақ халқы азбаған халық, оның ой-пікірі еркін; оның келешегі үшін оған тек сана-сезім жағынан жалпы білім мен пайдалы өнерді үйрену керек болып отыр». Ал қазіргі ақпараттық қоғамда жастардың кітап оқуға деген ынтасының төмен болуы, кітапханаларға бас сұқпауы куантарлық жағдай емес. Бұның бәрі Ғаламтордың пайда болуымен, оны қолданудың оңай әрі тиімділігіне байланысты болып отыр. Өйткені Оқу феноменi – адамзат ойлап тапқан ең ғажайып құбылыстардың бiрi.

Қазіргі уақытта компъютерлік сауаттылықты арттыру бағдарламалары мектеп қабырғасынан оқытылып, жастардың компъютермен жұмыс жасауды толық меңгерулеріне жағдайлар жасалған. Компъютерлік сауаттылықтың бұқаралық сипат алуы, жаңа көзқарастардың пайда болуына және ақпараттық қатынастарды қалыптастырды. Ақпараттық мәдениетте тұлғаның ақпараттық қауіпсіздігіне ықпал ететін интернет технологияларымен көпшілік жастардың шектен тыс әуестенуі денсаулыққа әсер етіп, психикалық ауытқуларға әкеледі. Қазіргі жағдайда виртуалдық жүйеде саналы түрде дұрыс қатынасты қалыптастыру тұлғаның және мемлекеттің қауіпсіздігі үшін маңызды болып саналады. Жастардың бойында патриоттық сезімді қалыптастыруда әртүрлі ақпарат көздері зор роль атқарады. Көршілес елдердің ақпараттық экспансиясы жас ұрпақтың санасын улап, талғамсыздықты насихаттаудың құралына айналды. Ақпарат көздері идеологиялық қызмет атқарады. Бұқаралық ақпарат көздеріне баспасөз (газет-журналдар), радио,телевизия және қоғамдық-саяси әдебиеттер жатады. Сол себептен де оларды бұқара көпшілікке идеологиялық әсер ететін құралдар ретінде қарастырамыз. Бұқаралық ақпарат құралдарының жастарға саяси хабарламалар, халықаралық жағдайлар қарастырылған дәрістер, қызықты сайыстар арқылы әсер етеді. Сонымен қатар семинарлар, жастарға арналған тәрбиелік шараларды жүзеге асыру маңызды болып келеді.

2.2 Ұлттық мәдениет рухына сай жастарды тәрбиелеу

Ел президентi Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында “Iшкi саяси тұтастық пен қоғамның топтасуы саяси, идеологиялық, дiни, этникалық немесе таптық мүдделердi бiрiктiруге бағытталған ұлттық салт-дәстүрлер мен ұлттық мәдениеттi насихаттауға байланысты” деп айтылғандай жаһандану әлеміндегі жастардың ұлттық рухта тәрбиелену мәселесі аса маңызды.

Қазақ жастарының келбетін тәрбиелеу дегеніміз – бұл мұғалім мен жастардың оқу-тәрбие үрдісінде, өзін-өзі тәрбиелеуде, өздігінен білім алуда іске асатын ата-ананың көмегімен, жастардың жеке көзқарасы, адамгершілік нормасы, жалпы мәдени кәсіптік қабілетінің жасалуына бағытталған мектеп ұжымының іс әрекеттері арқасында іске асады деп білеміз. Қазіргі кезде жоғары оқу орындарында тәрбие беру мәселесіне жаңаша көқарас тұрғысынан қарауды және жастардың патриоттық сана-сезімін, сапаларын, мінез-құлқын қалыптастыруды көздейтін тәрбиенің формалары мен әдістерін жетілдіруді талап етеді. Бұл бүгінде байсалдылық, табандылық, батылдылық, батырлық, қайсарлық туралы білім ғана емес, өнегелік, тәрбиелік көрсету қажет болып отырған уақытта аса маңызды.

Әрбір халықтың тарихи өмірінде қол жеткізген ең құнды дүниелері – рухани және адами қасиеттері, құлықтылық (моральдық нормалар) үлгілері бар. Сондықтан да әрбір жаңа ұрпақ үшін мәнді тәрбие - ұлттық тұрғыдағы тәрбие үлгісі болып табылады. Өйткені, мұнда тәрбиенің негізін замандар бойы қалыптасып келген асыл рухани құндылықтар және биік ізеттілік пен құлықтылық тұрғысындағы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып жататын, адамның адамдық қасиетін нығайтып, әрі асылдандыра түсетін, халықтың даналық өмір–салтынан туындап отыратын бұлжымас ережелер мен қағидалар құрайды.

Ұлттық тәрбие – адам өмірінің алтын арқауы. Ұлттық тәрбие жалпыадамзаттық рухани құндылықтарды жоққа шығармайды, қайта солармен үндесіп жатады. Бұлар бір-бірін байытып, құнарландырып отырады. Ұлттық тәрбиеден тереңдеп нәр алған адам – рухани бай адам. Күлтегіннен, әл-Фарабиден, Дулатиден одан беріректе Абай және Алтынсариннен бастап осы кезге дейінгі ғалымдардың барлығы да ұлттық тәрбиеге байланысты құнды дүниелер жазылды. Халық ертегілерін түрлендіріп, көңілге қонымды, қызық етіп өлеңмен өңдеп жазған Пушкиннің классикалық дәстүрін жақсы жалғастырып, біздің заман балдырғандарының ой-қиялдарына әдемі әсер ететін көптеген ертегілердің тамаша үлгілерін жасап берді. Мұндай ертегілер баланың дүниетанымы, өмірге көзқарасы мен ой-өрісінің кеңейе түсуіне, тілінің ұстаруына пайдасын тигізіп, жақсы қасиеттерді игеретінін аңғарамыз. Сондай-ақ  ұлттық тіл – тәрбие мен мәдениет құралы. Өнерпаз, меймандос, иманды, дана халқымыздың әдет-ғұрпы, әдебі, дәстүрі, салты тек ана тілінде ғана салтанатты дәрежеде ұрпағымыздың ұлттық мәдениетін қалыптастыруға зор себін тигізіп келеді. Оған ешбір «ғаламдастырудың» қажеті жоқ. Әрбір жеке тұлғаны тәрбиелеу оның ана тілінде, ұлттық негізінде жүргізіледі. Сондықтан да ұлттық тәрбие бала ана құрсағында жатқаннан басталады. Ол тәрбиелік жүйені халық педагогикасы дейміз. Біліммен тәрбие – біртұтас. Ұлттық тәрбиені мемлекеттік рәсімге айналдыру керек. «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деп, ғұлама жазушы М. Әуезов текке айтпаса керек.

Тәлім-тәрбие процесін педагогикалық ғылымдардың негізінен қарастыратындығы белгілі. Бірақ барлық тәрбие мәселесін, соның ішінде саяси тәрбиелеуді де осы бір ғылым жүйесі ғана зерделейді деу сыңаржақтылыққа жатады. Тәрбие ұғымының философиялық, саясаттанулық, эстетикалық, экологиялық, этикалық т.т. жақтары жеткілікті. Саясаттануда қоғамдық процестер мен азаматтық қатынастардың тәрбиелеу ісіндегі шешуші маңызына зор мән бере отырып, сонымен бірге белсенді қалыптастырушы фактор ретінде тәрбиешінің өзіне тән қажетті касиеттерді орнықтыру бағытында арнайы ұйымдастырылған әрекеттерге де үлкен көңіл бөлінеді. Яғни, тәрбиешінің өзі тәрбиелі болу керек. Тәрбие дегеніміз адамдарда тәрбиешіге қажетті құндылықтарды қалыптастыруға бағытталған шаралар болғандықтан, мұнда обьектімен субьектінің болғаны шарт. "Көп реттерде "тәрбие" мен "қалыптастыру" деген ұғымдардың мағынасын айырып жатпай, бірдей қолдана береді. Біздіңше, бұл дұрыстыкқа келе бермейтін сиякты. Өйткені қалыптастыру деген ұғымға обьективтілік тән. Адамның, оның бойында белгілі бір қасиеттердің қалыптасуы қоғамның, әлеуметтік, географиялық ортаның, тағы басқалардың әсерімен стихиялы түрде жүріп жатады, оған арнайы жұмыстардың қажеті жоқ. Ал тәрбие болса, ол адамдарда өздері қалаған қасиеттерді орнықтыру үшін оларды қалыптастыру процесін басқару қажет болған жерде басталады, ол белгілі бір мақсатқа, программаға лайық жүргізіліп отырады". Жастарды саяси тәрбиелеу туралы айтқанда бірден қойылатын мәселе осы процесстің стратегиясы мен оны жүзеге асыратын тактикалық әдістемені тандап алумен қатысты. Саяси-мәдени мағынасында стратегия ұғымы тандап алынатын бағдарламалармен басты құндылықтарға қатысты. Елбасымыздың "Ел халқына Жолдауында" жоғарыда аталған мәселе жан-жақты талданып, негізгі стратегиялық бағыт айқындалды. Стратегиядағы "2030 жылға қарай Қазақстан Орталық Азия барысына айналады және өзге дамушы елдер үшін үлгіге айналады" деген жолдар тек халықтың рухын көтеру үшін ғана айтылмаған, біздің ішкі мүмкіндіктеріміз бен қуаттарымызды қатал таразылаудан туған тұжырым бұл"- дейді Ә.Нысанбаев. Егеменді мемлекет үшін патриотизм маңызды құндылыкқа жатады. Әсіресе, жастарды отан сүйгіштік рухта тәрбиелеу қыр-бедері көп ауқымды міндеттерді қамтиды. Патриоттық сананы қалыптастыруда Қазақстанның өзіндік ерекшеліктерін ескеру қажет.

Сонымен, отансүйгіштік саяси сезім ұлтжандықты қажет етеді. Ұлтжандылық қазақтың ұлттық идеясының саяси астарын құрастырады. Бұл үғым көп айтылып жүргенімен, нақтылы теориялық талдаудың әлі обьектісіне айнала қоймаған. Ұлтжандылық - отаншылдық қасиетпен тығыз байланысты. Қазақ елі бұл — біздің Отанымыз туған жеріміз, өз еліміз. Ұлтжандылыққа саяси тәрбиелеу дегеніміз өз елін көзінің қарашығыңдай қорғауға дайын жас азаматтарды да калыптастыру. Қазақ халқы бекерден-бекер "Отан отбасынан басталады " деп айтпаған. Ата-анасы мен жақын туыстарын сүймеген жастың ел-жұртын, халқы мен ұлтын сүйетін толыкқанды азамат болуы екіталай.

Жастарды патриоттық құндылықтар тұрғысынан тәрбиелеу ісінде тек ел билеген хан - сұлтандардың өмірінен ғана емес, сонымен бірге құдіреттілігі олардан кем болмаған, дуалы сөз иегерлері билердің нақыл-өнегелерін қолдану да тәрбиелік жұмыста қомақты нәтижеге әкелері сөзсіз. Мысалы, қазақ-қалмақ келіссөздеріне араласқан Қаз дауысты Казыбек би былай деген екен: "Біз қазақ деген мал баққан елміз, бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз. Елімізден құт-береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп, найзаға үкі таққан елміз. Ешбір дұшпан басынбаған елміз, басымыздан сөзді асырмаған елміз. Досымызды сақтай білген елміз, дәм-түзын ақтай білген елміз. Атадан ұл туса, қүл боламын деп тумайды, анадан қыз туса күң боламын деп тумайды. Ұл мен қызды қаматып отыра алмайтын елміз. Сен қалмақ болсаң, біз қазақ қарпысқалы келгенбіз. Сен темір болсаң, біз көмір еріткелі келгенбіз, казақ, қалмақ баласы табысқалы келгенбіз, танымайтын жат елге танысқалы келгенбіз, танысуға келмесең, шабысқалы келгенбіз. Сен қабылан болсаң, мен арыстан - алысқалы келгенбіз, жаңа үйренген жас түлпар сары желіммін, жабысқалы келгенбіз, берсең жөндеп бітіміңді айт, бермесең, дірілдемей жөнінді айт, не тұрысатын жеріңді айт".

Девианттық мінез - құлық бұл қоғамға жат әрі қоғамдық тәртіпті бұзатын барлық теріс қылықтар: ұсақ бұзақылық, көпшілік орында боқтап - балағаттау, басқалардың ар - намысына, шамына тиіп ұрыну, ауыр сөздер айту, қылмыс жасау, ұрлық істеу, қарақшылық, нашақорлық, жезөкшелік, т.с.с. Ғалымдар ауытқымалы мінез - құлықтың жастардың бойына жұғу себептерін және оның зардапты салдарларын, алдын алудың жолдарын ашып беруге, түсіндіруге тырысады.

Жастардың арасындағы девианттық жүріс-тұрыс, оның көріністері қоғамдық ғылым өкілдері, атап айтсақ, философтар, әлеуметтанушылар, мәдениеттанушылар, саясаттанушылар, заңгерлер тарапынан сөз етіліп, талай зерттеу нысанына айналғалы белгілі. Бұл жерде жастар арасындағы девианттық мінез-құлықтардың жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру барысында қалай кері әсер ететіндігін және оны жоюдың жолдарын қарастыру өте маңызды. Өйткені қоғам өміріндегі қатынастардың жүйесі түбегейлі өзгеріп жатқан қазіргі заманда, өмірлік тәжірибесі жоқ әлі толыққанды көзқарасы қалыптаса қоймаған жастар үшін қалыпты тіршілік ағымынан ауытқу өте оңай шаруа. Мұндай әрекеттердің белең алуынан бастап-ақ олардың алдын алмаса, қоғам үшін өте қауіп тудыруы ықтимал.

Жастардың девианттық мінез-құлқы екі категорияға бөлінеді. Біріншісі -психологиялық нормаларынан ауытқуы анық немесе жасырын психопатиялық болып келетін мінез-құлық, екіншісі - қандай да бір әлеуметтік және мәдени нормаларды бұзатын әлеуметтік нормаларға қарсы мінез-құлық. Жастар арасында жалпы құқық бұзушылықтың болуының бір себебін Г. Елемисов жастардың бос уақыттарын дұрыс ұйымдастыра алмауынан және өткізбеуінен көреді.

Осы девианттық мінез-құлыққа жастардың бойында агрессияның пайда болуы да белгілі себептерге байланысты. Жастардың қылмыс жасауы - өмірдің өзінен, оның көлеңкелі жақтарынан, әртүрлі әлеуметтік келеңсіздіктерден, сәтсіздіктерден туындап жататын құбылыс болып табылады. Демек, оны жою үшін жағымсыз құбылыстың туу, өсіп - өну себептері мен зардапты салдарларын, алдын алу шараларын қалай ұйымдастырып, жүргізуге болатындығын зерделеу керек.

Сондықтан бүгінгі жаһандану дәуірінде ұлттық мемлекеттің іргесін нығайту мен мәдени құндылықтарымызды сақтап қалу өте өзекті проблемаға айналды. Мемлекетіміздің қоғамдық-саяси дамуындағы мәдени бей-жайлық төмендегідей келеңсіз, зиянкес процестерді тудырды: – елде жаппай қарабайыр «бұқаралық мәдениеттің» таралуы; – жастар мен жас өспірімдердің мәдени талғамсыздығы; – байырғы ұлт қазақ халқының мәдени мұралары мен құндылықтарын, тілін қажетсінбеу; – шығармашылық өнерінің сұранысқа ие болмауы; – кәсібилік өнерден әуесқойлық өнердің басым түсуі, т.б. Бүгінгі жаһандану уақытында жастарды осындай рухани азғындаудан шығатын жолдарды қарастыру – күн тәртібіне шығып отырған күрделі мәселелердің бірі.

Жоғары моральдық және адамгершілік қадір - қасиеттерді аяққа таптап, қоғамдық тәртіп ережелері мен құқықтық нормаларды белден басып қайсы бір жастар(олардың ішінде ауыл жастары да бар) тарапынан жасалып жатқан бұзақылық, аулада, көшеде, қала берді, көпшілік жиналған жерлерде басқалардың ар - намысына, шамына тиіп, ұрыну, боқтап-балағаттау, ұрлық жасау,қарақшылық, нашақорлық, зинақорлық, нәпсіқұмарлық, бұрын естіп көрмеген жезөкшелік, бір сөзбен айтқанда, өркениеттілікке жат мұндай тәртіпсіз мінез - құлық көріністері бүгінгі таңда қоғамымызда орын алып отырған экономикалық тұрақсыздық пен әлеуметтік теңсіздіктің жемісі. Сол себептен де осындай жағымсыз қылықтардан жастарды арылту үшін этикалық тәрбие беру өте маңызды деп ойлаймын.

Этика (грек. ethika, ethos – әдеп, өнегелік мінез) – өнегелік, мораль туралы ілім. Этика өзіне нормативтік этиканы және мораль теориясын қамтиды. Біріншісі игілік, ізгілік, қастандық және т.б. туралы мәселелерді зерттейді, мінез-құлықтың моральдық кодексін тудырады, неге ұмтылу керектігін, қандай мінез-құлықтың жақсы екендігін, өмірде қандай мән бар екендігін көрсетеді. Этика бағыттары арқылы қылмысты болдырмауға және азайтуға үлкен мүмкіндіктер туады. Оның бір бағыты – дін болып есептелінеді. Себебі, мемлекет бар жерде дін болады, бірақ барлық діни ағымдар сол мемлекеттің дамуына, сол халықтың адами тәрбиесінде бірден дұрыс әсер ете алмайды. Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында көптеген діни ағымдар, діни секталар жұмыс істеуде. Олар біздің жастарымызды қандай жолға бағыттайтыны белгісіз. Сондықтан жастардың қылмысқа бармау, құқық бұзбауының, адаспаудың негізгі бағыты ол діни сауаттылықта. Қазақстанның әрбір жас мүшесі діни жағынан сауатты болса, қылмысқа, құқық бұзуға бармайды. Ол үшін жастармен тікелей жұмыс істейтін педагогтар мен заңгерлер өздері діни сауатты болуы шарт. Мысалы, дінге мысал ретінде «ислам» діні көрсетіледі. Себебі, қоғамда исламдық мораль нормалары мен мінез-құлықтың этикалық ережелері нормаларының қайта жандануы және мемлекет заңдарын сақтау рухани-өнегелілігі жоғары адамды қалыптастыруда оң нәтиже бере алады. Ислам өз көрінісін өнегелік және өнегесіздік туралы ұғымдар мен түсініктерден, моральдық нормалардың жиынтығынан табады. Құранда ол туралы нақты жазып көрсеткен. Ол, адамдардың рухани, өнегелік және сана-сезімдік мәселелерін дін ғана біржола шеше алады, ол адамға соншалықты қажет ұстамдылық, төзімділік сияқты қасиеттерді баулиды, адамды қоғам мен мемлекеттің ешқашан толық жетілмейтіндігін ұғынуға және оның деңгейінен жоғары көтерілуге үйретеді. Ислам этикасының нормалары ұтымды ақыл-оймен және адам интеллектісімен сәйкес келеді. Егер «жоғарыда» ешнәрсе болмаса, бұл өмірде ойға келгеннің бәрін істей беруге болады деп санау адамның азғындауына алып келеді. Сондықтан да этикалық тәрбие мәселесі әруақытта мәңгілік әмбебап өнегелік негізге сүйену керек, содан ғана мәдениет, тәрбие, білім дәні өсіп шығады. Исламдық этика мұсылман дінін ұстанатын адам үшін сондай негіз болып табылады.

Адамгершілік тәрбиесі - жастардың адамгершілік сана сезімін, іс - әрекетін қалыптастырып, құндылық бағдарын айқындайтын тәрбие. Адамгершілікке негізделген қарым - қатынас тәжірибесін игертеді. Адамгершілік тәрбиесі білім, білік, дағдыларды игертумен қатар, тұлғаның ар - ожданын, танымдық, қызығушылығын кешенді түрде дамытады. Адамды сүюді, оның бостандығын, құқығын, қадір-қасиетін құрметтеуді, рақымшылық пен шыншылдық қасиеттерін қалыптастырады.

Зерттеуші ғалымдардың, педа­гог­тардың тұжырымдары бойынша, жас ұрпақты отан­сүй­гіш­тік­ке бау­лу­да баға жетпес педаго­ги­калық құ­рал– батырлардың қаһармандық бейнесі және оның қазақ ауыз әдебиетінде, тарихында, көркем шы­ғармаларда сомдалуы болып та­бы­лады десек, одан қазақ батыр­ла­ры­ның бойындағы елдік қасиет­тер­дің жиынтығы да, азамат­қа тән адам­гершілік болмысы “сегіз қыр­лы, бір сырлылық” та, шешенге тән алымдылық та, данаға тән білгір­лік те, биге тән көсемдік те, әулие­ге тән көрегендік те табы­лады. Сөзіміз дәлелді болу үшін Ер Төс­тік­тің қаһармандығын, Бекет ата­ның бойындағы әулиелігін, Исатай батырдың ел бастаған билігін, Сырым батырдың шешен­дігін, Б.Мо­мышұлының батыр­лы­ғын ай­туға болады. Тамыры терең пат­риот­тық тәрбиенің көзі ұлттық тарихымызда осылай жалғасып кете береді. Президент Н. Назарбаев “Қа­лың елім – Қазағым” жина­ғын­да “…Қазақстанда тұратын әрбір адам өзін осы елдің перзенті сезін­бейінше, оның өткенін біліп, бо­лашағына сенбейінше біздің жұмы­сымыз ілгері баспайды…” және “Біз қазақстандық патрио­тизм­ді Отанын, жері мен суын шек­сіз сүю, халқының өнеге-дәс­түрін, әдет-ғұрпын, елдің тарихын құрмет тұту, мүддесін көздеп, бостандығы мен құқын қорғау, әр адамның күш-жігерін ел бірлігін нығайтуға, аза­маттық татулықты баянды етуге және ұлтаралық тату­лықты тұрақ­тандыруға жұмсау” деп жазған еді. Қазақстан – көп ұлтты мем­ле­кет. Демек, жас ұрпақтың бойын­да ұлттық патриотизммен бірге қа­зақстандық патриотизмді қа­лып­тас­тыру ерекше маңызға ие. Қазақ­стан­ның әрбір азаматы ұлты мен дініне қарамай татулық пен бірлік­тің туын жоғары көтере білсе – патриотизмнің негізі сол болмақ. Елбасы өзінің “Тарих толқынында” кі­табында: “Ұлттық бірліксіз пат­риотизм деген жансыз бірдеңе ғана болып қалады”, – деп ұлттық бір­лік­ке ерекше мән береді. Бірлік пен татулықтың маңызына хал­қы­мыз да бейжай қарамаған. “Бірлік болмай, тірлік болмас”, “Төртеу түгел бол­са, төбедегі келер, алтау ала болса, ауыздағы кетер”, “Ынтымақсыз – ел оңбас” деп, жас ұрпақтың санасына сіңіріп отырған.

Ғалымдардың пайымдауынша, патриотизмге тәрбиелеуде сүйенетін негізгі ұғымдар – ұлттық патриотизм және қазақстандық патриотизм. Ал ұлттық патриотизмнің жастар бойында қалыптасуына салт-дәстүрлеріміздің маңызы өте зор. Дәстүрлердің қай-қайсысы болмасын, олардың бәрі де халықтың күнделікті өмірдегі тұрмыс-тіршілігін, мінез-құлық ерекшеліктерін білдіретін тұрақты қалып.

Халқымыздың ежелден келе жатқан наным-сенім, салт-дәстүрлері, қазіргі таңда көптеген ғылыми еңбектерде жарық қөруде. Біріншіден, дәстүрлердің қай-қайсысы болмасын тәрбиелік мәні зор. Екіншіден, дәстүрдің психологиялық ерекшеліктері, сол дәстүр қалыптасқан халықтың тіршілік бейнесі мен еңбектенуі танылатын сан алуан дәстүрлерден қөрінеді. Мәселен, тәрбиенің негізі болып табылатын ұлттық салт-дәстүрлерді насихаттаудың жастар тәрбиесінде мәні зор. Аталған тәрбие ерекшеліктеріне қатысты деректер бойынша оның бірнеше түрлері бар. Соның бірі – отбасы тәрбиесі. Оған ұл тәрбиесі мен қыз тәрбиесінің ерекшеліктері, жастарды жұбайлық өмірге тәрбиелеу жатады. Қазақ халқы ұл тәрбиесі мен қыз тәрбиесіне ерекше мән беріп, оның өзіндік ерекшелігін ескеріп тәрбиелеген. Халықта қалыптасқан «Ата қөрген оқ жонар»-дегендей, ұл тәрбиесіне ерекше мән беріп, оларды еңбексүйгіштікке, жауапкершілікке, сондай-ақ әнші, күйші, аңшы т.с.с. неше бір өнерлерге, сырт шаруаға, яғни жан-жақты азамат етіп тәрбиелеуді мақсат еткен.

Ерте кезден ата-бабаларымыз балалары мен немерелерін ауылдарда өткізілетін той-думанға, айтыстарға, бәйге жарыстары мен жамбы ату сайыстарына қатыстырып жүрген. Тәрбиенің басты шарты үлкендер ел алдында танылған алуан өнерді жастардың бойына біртіндеп сіңірте беру керек деп түсінген. Ал қыз тәрбиесінде «Қыз өссе – елдің қөркі»,-деп айтылатындай, қай ата-ана болса да ғұрып, дәстүрге тән, қыз балаларға камзол, қәмшат бөрік, биік өкше етік, қос етек қөйлек тіктіртіп кигізген.

Ерте кезден қыз балаларды ішкі үй шаруасына тартумен қатар жалпы әйел табиғатына тән нәзіктілік, сабырлылық, төзімділік, бала тәрбиелеу, өнерге баулу сынды т.с.с жақсы игі істерге баулыған. Халық жырларындағы арулардың сұлу мүсінін шебер суреттеудегі мақсаты жастарды әсем сезімге бөлеудегі даналықты қөрсетеді. Жалпы ерте кезден қалыптасқан құндылықтардан ертегі, аңыз әңгімелер, жырлар мен термелер, мақал-мәтелдерді ата-бабаларымыздың жастарға айтып беріп, оларды тапқырлыққа, шешендікке, батылдық пен даналыққа ежелгі дәстүрлер негізінде тәрбиелеуі осы пікірдің айғағы.

Ерте заманнан дәстүр жастарға білім берудегі негізгі құрал болып келді. Мәселен, ақыл-ой тәрбиесі адам зиялылығының негізі десек, сол арқылы баланы ойлау іс-әрекетінің шарты болып табылатын білім қорымен қаруландыру, ойлау амал-жолдарын меңгерту, білім мен дағдылар және дүниетанымын қалыптастыру міндетінің шешілетіні хақ.

Абайдың пікірінше, ізгіліктің басты арқауы - өз халқының төл мәдениеті. Оған ұлттық бағдар тән. Ал ізгілікті қасиет - адамның білімі, мен намысы, сенімі, ар-ұжданы, мұраты, мақсаты, әлеуметтік әдет, мінез-құлық бітісі, тәртіпті қатынасты реттеуші негіз, дүниетаным діңгегі. Гумандық қасиеттердің түп-тамыры - адамгершілік. Сондықтан да қазіргі жастардың жеке тұлға ретінде өзін-өзі дамытуына әсер ететін «руханилық» және «әдептік. Жалпы айтқанда, жастар-еліміздің болашағы, ал сол еліміздің болашағының болмысы әркімді жай қалдырмауы тиіс. Қоғам дамуында жастардың өзіндік тұлға ретінде қалыптасуында рухани, материалдық құндылықтардың орны ерекше. Соның ішінде ұлттық мәдени құндылықтардың жастарға берер тәрбиесі өте зор.

ҚОРЫТЫНДЫ

Бүгінгі таңда қазақ халқы ғасырлар тоғысында тәуелсіз мемлекетке айналып, өзінің қоғамдағы саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени білім парадигмасы жүйесін әлемдік өркениет үлгісінде дамытуда. Өйткені кез келген жаңа тәуелсіз мемлекеттің рухани даму процестерінің өзіндік ерекшеліктері болады. Бұл ерекшеліктер оның аумағында мекен ететін халықтардың тұрмыс-тіршілігімен, дәстүрлі мәдениетімен, салт-дәстүрімен және өткенімен тарихи сабақтастығымен айқындалады. Даму процесінде қол жеткізген тарихи тәжірибесі із-түзсіз жоғалып кетпейді, ұлттық санада, халықтық идеяда, мәдени-әлеуметтік және құндылықтар жүйесінде белгілі ретпен жинақаталып отырады. Тәуелсіз елімізде ұлттық мәдениет кеңістігінде жастарыз тәрбиеленіп жүр ме, олардың орны қандай деген сұрақтар аса маңызды болып отыр. Себебі жастар мәселесі қай уақытта да өткір күрделі болған. Өмірге енді аяқ басқан тәжірибесі жоқ, қоғамның әлеуметтік және экономикалық сипатын танып біле қоймаған жас адамдардың тағдыры өзі үшін де, қоршаған орта үшін де жай нәрсе емес. Мәні мен мазмұны жағынан тіптен бөлек қоғам құрылып, бұрынғы рухани құндылықтар қайта қаралып, жаңа ғана бағаланып жатқанда жастар мәселесі бұрынғыдан да күрделене түседі.

“Ел болсам десең, бесігіңді түзе” – дейді ұлы жазушы Мұхтар Әуезов. Біздің халқымыздың тәрбие тәсілдерімен тәжірибелері көп. Халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүр, әдет-ғұрып үлгілері мен өнегелері соның айғағы. Елін сүйген адам сол елдің салт-санасын, мәдени мұрасын қастерлеп, өнеге тұтуы тиіс. Әрбір мәдениетті, білімді адам өзінің кәсіптік, дүниетанымдық деңгейін ұлттық мәдениетпен ұштастыра білуге міндетті. Мәдениетті болу үшін білімді болу міндет. Білімді болғанмен ұлттық мәдениtтті игермеген болса, ондай тұлға ұлт алдында мәңгүрт, мәдениетсіз болып көрінеді де, халықтың наразылығына ұшырайды. Кәсіптік-мұрагерлік әдеп (мәдениет) сақталған жерде дамыған дарынның мәдени жемістері көрінеді.

Еліміздің болашағы-жастарды әлеуметтік, мәдени топ ретінде олардың тұлға болып қалыптасу деңгейін, жоғары оқу орнындағы белсенділіктерін, оқу-бағдарларындағы басты құндылықтарын, ұлттық мәдениетке сай тәрбиелеу мәселесін қарастыра отырып, зерттеу жұмысының алға қойған мақсаттарына сай мынадай қорытынды жасауға болады:

- мәдениеттануда «жастар субмәдениеті» феномені әлеуметтену концепциясы негізінде қарастырылады. Жастарды мәдени іс-әрекеттерге үйрету процессі және үстемдік етуші мәдениетті қабылдау, оған үйрену өте күрделі және психологиялық қиындықтарды қамтиды. Яғни, осы жағдай ортақ мәдениеттің ішінен өзінің өмірлік ұстанымдары мен құндылықтары, өмір сүру үлгісі бар ерекше субмәдениетті қалыптастырады.

- Білім-жастардың өте маңызды құндылығы. Ақпараттың көп таралуы, адамдардың арасындағы қарым-қатынастың өте күрделі болуы жастарға жоғары дәрежеде білім алуды талап етеді.

- қазіргі кезде жастардың елімізде болып жатқан саяси оқиғаларға араласып, атқарылып жатқан іс-шараларға өз пікірлерін білдіруі олардың бойында өзіндік, жеке және шығармашылық ойлау қабілетінің жоғары екендігін көрсетіп отыр. Елбасы бастаған жастар саясаты қоғамдағы белсенділігінің нәтижесінде болашақта өте жоғары нәтиже шығарады деп ойлаймын. Тіпті Қазақстан-2030 стратегиялық жоспарын іске асыру барысында жастардан үлкен үміт күтіледі.

- жастардың әлеуметтік, саяси оқиғалар барысындағы белсенділігі қоғамдық ортада жастар күші ең алдыңғы орындарда екенін көрсетеді. Ұлттық, адамзаттық мүдде тұрғысынан алғанда жастардың белсенділігінің қалыптасуында патриоттық сезім, дүниеге деген көзқарастық ұстанымдар және діни сенімдердің алатын орны ерекше. Сондықтан да ұлт болашағы, қазақ халқының болашақ дәстүрін жалғастырушы жастардың бойында ұлттық сана-сезімнің болуы қажет. Ол үшін жоғары оқу орындарында ұлттық-құндылықтарымызды жастарға дұрыс жеткізіп, оларды зиянды ағымдар мен діни пиғылды ұйымдардан сақтандырған дұрыс.

- еліміздің болашағы-жастарды материалдық құндылықтар тұрғысынан тәрбиелемей, жан-дүниесіне өмірлік азық болатындай рухани тәрбие берудің маңызы өте зор. Өйткені ұлттық тәрбие құндылықтарын бойына сіңірген жастар ғана ұлт тағдырын тереңінен сараптап, болашағын болжай алатын тұлға ретінде қалыптасары анық.

Жалпы, ұлттық мәдениет салт-дәстүр, ұлттық фольклор, музыканы қамтиды және жастарымыз осы ұлттық құндылықтардан сусындап, ата-ана, ұстаздан тағылымы мол тәрбие алып, біліммен, белсенділігімен қоғамда көрініс алып жатса, жаһандану, ақпараттың шарықтаған заманында ел болашағынан күтер үміт көп және қауіп-қатер жоқ деп білеміз. Сондықтан да жастар арасындағы қызығушылықтар мен бейімділікке дұрыс бағдар ұсыну, оның еліміз үшін тиімділігін көрсету, жастарды ұлтжанды әрі білімді етіп тәрбиелеу қоғам алдындағы басты міндеттер болып табылады.



10


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
10.05.2025
217
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі