Қызылорда облысы
Қармақшы ауданы
№85 орта мектеп КММ-сі
Көркем еңбек пәні мұғалімі
Толегенова Жанагул Алдановна
Тақырыбы: Ұлттық мұра – ұрпақ қазынасы
Мақсаты: Наурыз мейрамы туралы түсінік беру арқылы
Қазақ халқының салт – дәстүрінің бірі жастардың бас қосу тойы -
Бастаңғыны және оны құрметтей білуге
тәрбиелеу.
Көрнекілігі: қанатты
сөздер, киіз үй, суреттер
көрмесі.
Кешті жүргізу барысы:
«Ерке сылқым» күйі орындалады
(оркестр)
1-жүргізуші: - Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар!
Наурыздың 14 –і мен 20- сы аралығында «Ұлттық мұра-ұрпақ қазынасы» атты орта буын сыныптарының ұйымдастыруымен апталық жұмысы жүргізілуде
2-жүргізуші: Ендеше апта көлемінде жүргізілген жұмыстарға шолу жасап көрейік ( Апта бойынша өтілген жұмыс бейнеролик арқылы көрсетіледі)
1-жүргізуші: Олай болса бүгінгі «Ұлттық мұра-ұрпақ қазынасы» атты қорытынды кешімізге қош келдіңіздер!
2-жүргізуші:
Ар ма, ағайын! Жер жүзіндегі халықтардың бәрінің де түрлі мейрамдары бар. Шығыс халықтарының сондай бір ерекше мейрамдарының бірі – Наурыз.
1- жүргізуші:
Дәстүрімізге айналған Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз құтты болсын! Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына жер әлемді жайнатып, әнші құстарды сайратып, Наурыз тойын тойлатып Жаңа Жыл келеді. Ендеше, той құтты болсын! Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын! Ұлы мереке сіздерге тек жақсылық әкелсін!
2-жүргізуші: Наурыз келді, жайраң қақты таң күліп,
Жап-жасыл болып кетті дүние жаңғырып.
Жақсылыққа жаршы болған Наурызым!
Сен өмірдің көктемісің мәңгілік!
1-жүргізуші: Наурыз – «жаңа күн» деген сөз. Бұл күн – біздің ата – бабаларымыз, арғы тегіміз мыңдаған жылдардан бері тойлап келе жатқан- жыл басы мерекесі.
2 -
жүргізуші:
Армысыңдар,
халайық,
Бармысыңдар,
халайық.
Наурыз тойын жұп
жазбай
Жылда қарсы
алайық.
1 -
жүргізуші: Ал, халайық,
тұрмайық,
Әндетейік
жырлайық!
Ортамызды
ашайық,
Ырыс тілеп бұл
жылға,
Жырдан шашу
шашайық!
Ән Жаншуақ орындауында
2-жүргізуші:
Қашанда Құт – береке орнасын
деп,
Тойларда шашу шашу – салты елімнің.
Уа, халайық, теріп ал мәмпәсиді,
Қабыл қылсын халқымның ақ тілеуі.
І
жүргізуші:
Шашу, шашу көп шашайық
шашуды
Жауғандай көк аспаннан нөсер жаңбыр.
Уа, жамағат жинап ал несібеңді,
Ризығың бола берсін көл – көсір!
ШАШУ ШАШЫЛАДЫ.
2–
жүргізуші: Алқа – жұртым, той – думан,
Ортамызда ашайық.
Ән мен күйді төгіп біз,
Інжу маржан шашайық!
Ән орындалады. Аяна
Айдана:
Келіңдер, Наурыз тойға бәрің бүгін,
Аямай өнерпаздар ән мен жырын.
Тойлайық халық тойын Наурызымның,
Шуағын жерге төккен бақыт күнін.
Ардақ:
Келіңдер, Наурыз күнін қарсы алайық,
Билейік, жыр жырлайық ән салайық.
ҚаҺарлы қыстан өтіп Наурыз келді,
Арқаңды кеңге созшы, уа халайық!
Азамат: Қанекей, қарсы алайық жылдың басын,
Қосылып жасқа жасың, басқа басың.
Барайық келер жылға төрт көз түгел,
Аман боп алыс, жақын, кәрі – жасың.
Айзия: Мол, мол болсын ырыс құт,
Жасай берсін туыстық.
Дейді атам,- салтанат,
Құра берсін тыныштық.
Ж.Нұрай:
Қонақтарымыз ағылсын,
Ортамыздан табылсын.
Барлық тілек құдайдың,
Құлағына шалынсын!
Оқушы:
Күн менен түн
теңелді,
Жер шуаққа
кенелді,
Қуанышты ел
енді.
Наурыз келді
салтымыз:
Көгерсін деп халқымыз
Көшеге тал егеді.
Наурыз тойы - береке,
Наурыз тойы – жыр – аңыз.
Жанбота: Жай далаға алаша,
Наурыз келді тамаша.
Барлық адам қарасаң,
Қуанып жүр балаша
Сымбат: Күй де шертіп, ән салып,
Наурыз тойды қарсы алып.
Болсын дейміз шаттық мол,
Әжелерім ән салып
(Қараша үйдің ішінде Әжелер ансамблі ән орындайды)
1-жүргізуші: Балалардың
панасы,
Әкемнің де
анасы.
Әже деген
әлемде,
Даналардың
данасы
2-жүргізуші: Еркелетер әжемсің,
Бар жақсыны беретін.
Әжетайым, асылым,
Бізді жақсы көретін деп -ақындар жырлағандай әжелеріміз аман болсын,әні қандай керемет!
2-жүргізуші: ....Осы сен Бастаңғы туралы білесің бе?
1-жүргізуші: Әрине, білемін. Бастаңғы — қазақтың жастар арасында өтетін дәстүрлі көңілді ойын-сауық кеші. Бұл кештерде жастар бір-бірімен ән айтып, би билеп, ойындар ойнап, уақытты көңілді өткізеді.
2-жүргізуші: Ия.ия дұрыс айтасың, Бұл күні ата-аналар үйде қалатын болса, жастар өзара көңілді ойындар ұйымдастырып, бірге уақыт өткізетін болған. Әрине, бұл дәстүрдің өзіндік мәні мен тәрбиелік құндылықтары бар.Бастаңғыда көбінесе жеңіл, қызықты әрі әзіл-оспаққа толы ойындар ойналады.
1- жүргізуші:
Құрметті қонақтар, енді Бастаңғының негізгі бөлігі — қызықты ойындар мен тапсырмаларға көшейік. Әрқайсысыңыз белсенді түрде қатысып, көңіл көтеріңіздер»
2-жүргізушіІ:
Сонымен алғашқы тапсырмамыз: Әр топ бір өлең айтып беру болсын
(Әр топтан бір адам шығып, өлең немесе қысқаша шумақ айтып береді.)
Қыздар тобынан кім шығады кәнекей? Алмагүл .... әнімен ортада
- Рахмет, Алмагүл,өркенің өссін!
1-жүргізуші: Ал жігіттер біз де қарап тұрмайық,кімде қандай өнер бар? ( Бейбарыс ортаға шығады,ән орындайды.)
-Жарайсың Бейбарыс,сегіз қырлы бір сырлы ,үлкен азамат бол!
2-жүргізуші: Ендеше, екінші тапсырмамызға көшейік: Тақтаға назар аударайық! Мұнда қараша үйдің суреттері берілген,соның бірін таңдап сұраққа жауап берейік
(Әуен қойылады, барлық оқушы билейді,ортада орындықтар адам санынан бір орындық кем қойылады,музыка тоқтағанда,орындыққа отыра алмаған оқушы айыбын жуады) Сұраққа жауап береді
5 сынып оқушыларының орындауында биді тамашалау.
1- Жүргізуші:
Құрметті қонақтар,келесі кезекте соңғы тапсырмамыз қыз бен жігіт айтысы,күміс көмей,сурып салма ақын,қыз жігіттеріміз болса,бастайық!
Әділет
Ассалаумағалейкум армысыңдар,
Төрт көзің түгел бәрің бармысыңдар,
Еркебұландай ақынды баптап жүрген ,
Ұстаз деген қауымға алғысым бар,
Шабыттың тұлпарына қамшы басып,
Қыздармен шығып тұрмыз жарысқалы.
Жарысса жүйрікке кім тең дейсіңдер,
Бәрібір мына бізді жеңбейсіңдер.
Кітабымыз ұмытылып үйде қалса,
Қыздар, неге оқулық бермейсіңдер.
Қыздар Жанель:
Жаланы біреуге әкеп жабасыңдар,
Кімге барып енді мұң шағасыңдар.
Жалқаулық, ұмытшақтық әдеттерің,
Аяқ асты бір сылтау табасыңдар.
Біз емес жоқ жерден мін қазатұғын,
Тыңдаңдар ұстаздардың тек ақылын.
Оқулық үйде қалған былай тұрсын,
Қалам таппай жүресіңдер жазатұғын Қыздар тобы: О,бәрекелді Жанель!
Ұлдар: Жаншуақ
Ол рас бір-екі рет сұрағанбыз,
Мойындасақ әр іске шын адалмыз.
Енді біздің жігіттік сертіміз сол,
Айтқан сыннан нәтиже шығарамыз.
Білімге ізденуден талмайсыңдар,
Кей кезде өздеріңді алдайсыңдар.
Өйткені кітапқа емес, көп уақыт,
Телефоннан көздеріңді алмайсыңдар
Жігіттер тобы: Жарайсың Жаншуақ!
Қыздар: Жанель
Жалғасақ бабалардың ізгі өлеңін,
Арттырар одан ары қыз беделін.
Жеңілдік дей қояйын сендерге біз,
Алдыңнан шықты онда іздегенің. Ооо-айт Жанель!
Жаншуақ:
Қазақтың мұрасы – алтын қазына,
Ұрпағыма қалдыру – міндет бізге.
Ұлттық өнерді сақтап, болашаққа,
Мұра етіп қалдыру керек бізге.
Тіл мен дін, салт-дәстүрді ұмытпайын,
Рухани байлығым осы емес пе?
Әрбір қазақтың жүрегінде соғуы,
Ұлттық рухымыздың негізі емес пе?
Алмагүл:
Айтарым бар, Жігіттер, тыңда мені,
Ұлттық мұра – біздің байлығымыз.
Бірақ жалған даңқпен адаспайық,
Елімізге қызмет ету – парызымыз.
Әрбір дәстүрдің түбі тереңде жатыр,
Ұрпақтар оның мәнін түсінсе екен!
Туған жер, ел мен тіл де осының бәрі,
Бізге аманат, қазына, ең үлкен сый
Бейбарыс:
Қыздар ай , сен айтқан сөз дұрыс екен,
Әр дәстүрдің мәні де зор тереңде тұр.
Ұлттық мұраларымды мен түсініп,
Көңілім менің бүгін биікте тұр!
Келешекке кемел ұрпақ қалдыратын,
Өткеннің бәрін жалғап өркендейік.
Өнер мен мәдениетке қызмет етсек,
Міндетіміз сол емес пе, әлде кімнің? Бас қамшыны Бейбарыс!
Жанерке:
Әрине, ол міндет бізге де жүктелген,
Ұрпақтар арасында алтын көпір .
Тіл мен дінімді сақтап, жалғастыру
Мұра болып қалуы тиіс салт пен дәстүр
Елім деп жүрегі оттай жанып тұрса,
Ұлттық құндылықтарды дәріптейік.
Жігіттер, ұрпақтар үшін игі іс болса,
Қазақтың тарихын ұрпаққа жеткізейік! Жарайсың, Жанерке!
Ұлдар Әділет
Біздерге мирас болған өлең несіп,
Қайтеміз бір ескекті бөлек есіп.
Одан да достық туын биік ұстап,
Жүрейік бауырмал боп, көмектесіп
Жарайсыңдар қыздар мен жігіттер!
Ортада 6б сынып оқушыларының орындауында «Қамажай» биі
1-Жүргізуші :
Баршаңызға рахмет! Ұлттық дәстүрлерімізді қадірлеп, құрметтей отырып, біз үлкен бірліктің нышаны бола аламыз. Бастаңғы тойы, міне, бізге сол бірлікті, достықты, бауырмалдықты, ұлттық құндылықтарды нығайтуға мүмкіндік береді. Осындай кештер жиі өткізіліп, ұлттық мәдениетімізді жаңғыртуымыз керек!
2-Жүргізуші:Ұлыс күні қазан толса,
Ол жылы ақ мол болар,
Ұлы кісіден бата алса,
Сонда олжалы жыл болар.
– деп бүгінгі тойға үлкендерден бата
сұрайық.
Бата
беріледі.
Айқаным мен Іңкәрдің орында «Наурыз» әнін қабыл
алыңыздар!
1-жүргізуші: Құрметті оқушылар ортаға шығып
сурет таңдаңыздар!
1.Қазақтың қандай ұлттық бұйымдарын білесің? Торсық,асадал,
2.Қазақтың ұлттық ойындарын ата! Асық ату,көкпар тарту,алтыбақан,аударыспақ
3.Жеті атаны қалай атайды? Ата,бала,немере,шөбере,шөпшек,немене,
4.Қандай ұлттық дәстүрімізді білесіңдер? Ат қою,тұсау кесу,сүндеттеу,бесікке салу
5.Жеті қазынаны ата! 1.Ер жігіт.2.Сұлу әйел3.Ақыл, білім.4.Жүйрік ат,5.Қыран бүркіт,6.Берен мылтық.7.Құмай тазы (ит)
6. Үш арсыз: Ұйқы арсыз, тамақ арсыз, күлкі арсыз.
7. Бес ақыл, бес дұшпан
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге қашық бол,
Адам болам десеңіз…
Еріншек, бекер мал шашпақ-
Бес дұшпаның білсеңіз
Талап,еңбек,терең ой,
Қанағат, рақым ойлап қой-
Бес асыл іс көнсеңіз.
8. Үш көз:
Су
анасы-бұлақ
Жол анасы-
тұяқ
Сөз анасы
–құлақ
9. Жеті жетекші:
1.Адамның басшысы-ақыл
Жетекшісі- талап
Жолаушысы-ой
Жолдасы-кәсіп
Қорғаны-сабыр
Қорғаушысы-мінез
Сынаушысы-халық
10. Бес қаруды ата: Айбалта,найза, қылыш, садақ, мылтық.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ұлттық мұра-ұрпақ қазынасы

шағым қалдыра аласыз