400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ұлттық ойын

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушыларға
Материалдың қысқаша нұсқасы

Өткізілетін күні:__________________ Сыныбы: _______________________


Сабақтың өтілетін орны: спорт зал

Сабақтың тақырыбы: «Асық ойыны, ережесі»

Сабақтың мақсаты: 1. Асық ойыны туралы түсініктерін кеңейту. Ойынды ережеге сай ойнату 2. Оқушылардың ой-өрісін, ептілік мергендік, шапшаңдық қасиеттерін дамыту. 3.Оқушыларды ұлттық ойындарға қызықтыра отырып, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Қажетті құрал-жабдықтар: Асық, ысқырық,

Реті

Сабақтың мазмұны

Жаттығу мөлшері

әдістемелік нұсқаулар

І

Дайындық бөлім

5 мин


1

2




3


Оқушыларды сапқа тұрғызу.Рапорт қабылдау. Амандасу. Оқушыларды түгелдеу, сабақтың мақсатын түсіндіру. Саптық жаттығуларды орындау. «Түзел!» «Тік тұр!» т.б.

1. Жүріп барып орындалатын жаттығулар. Аяқ ұшымен, өкшемен, табанның ішкі, сыртқы қырымен, жартылай отырып, оңға, солға секіріп жүру.

2.Жүгіріп орындалатын жаттығулар: оң қырмен, сол қырмен жүгіру, аяқты қайшылап, тізені көтеріп жүгіру, аяқты алдыға сермеп жүгіру, аяқты артқа лақтырып жүгіру, артпен жүгіру, кері жүгіру, жылдам қарқынмен жүгіру. Әр түрлі тәсілдермен әрекеттерінің темпін және бағытын өзгертіп жүгіру.

3.Қалыпқа келу жаттығулары.

4.Бір орында орындалатын жаттығулар: Бас мойынға жаттығулар. Оңға, солға айналдыру. Иық, қолға жаттығулар. Қол иықта алға екі рет айналдыр. Қолдың шынтақ буынның ішке, сыртқа айналдыру, білек буынын айналдыру, қолды қайшылау. Белге жаттығулар: белді алға, артқа айналдыру, белді оңға, солға ию, бір қол жоғары, бір қол белде, қолды еңкейе оң аяққа, ортаға, сол аяққа тигізу. Тізе, аяқ буын жаттығулары. Қол алда, оң аяққа отыру, сол аяққа отыру. Тізе буынын және тобық буынын ішке, сыртқа айналдыру, оң, сол және екі аяқпен секіру.

Бір қатарға сапқа тұру. Екі қол, иықты алға 2 рет, артқа 2 рет.

Жылпы жаттығулар:

1.10 рет отырып тұру.

2.Екі қолды белге қойып, белді оңға 2 рет, солға 2 рет айналдыру.

3.Екі қолды алдыға созып қайшылау

4.Аяқты алға, артқа созу.



Саптағы жаттығулардың орындалуын қадағалау, түзету. Тыныштық сақтау.

Біркелкі бұрылу

Арақашықтықты сақтау керек.

Жаттығуларды жасағанда тізені бүкпеу керек.

ЖД жаттығуларының орындалуын байқау, түзету





Жалпы дамыту жаттығуларының дұрыс орындалуына көңіл бөлу, түзету


Денені түзу ұстау керек.

ІІ

Негізгі бөлім

25 мин




Асықтың тұрысының атаулары:

Алшы – асықтың тәйкеге қарама-қарсы жағы яғни алшы тұруы.

Тәйке – асықтың алшыға қарама-қарсы жағы.

Бүге – асықтың дөңес жағының жоғары қарап түсуі.

Шіге – асықтың қуыс жағының жоғары қарап түсуі.

Омпы – асықтың ашасы немесе мұртша жағы жоғары қарап түсуі немесе тік тұрып қалуы.

Шоңқай – асықтың омпаға қарсы жағымен тік түсуі


Асық ойын түрлері

Асық ойынының түрлері өте көп. Ол әр өлкеде әртүрлі атауларға ие және ойнау әдіс-тәсілдері де өзгеше. Сөйте тұра аталмыш ойын түрі осы барлық ерекшеліктерін сақтай отырып дамыған. Осының барлығын салыстыра отырып аталмыш ойын түрін – «үй ішілік» және «далалық» деп екіге бөліп жіктеуге болады. «Үй ішілік» — ойын түрі  қазіргі заманауи жағдайға икемделіп – «тақта ойыны» деп аталса, ал, «далалық» түрі – «алаң ойыны» делініп жүр.








Оқушыларға «Шеңбер» және «Алты атар» асық ойынын ойнату

-Құрметті қатысушылар, бүгінгі іс-шарада ұлттық ойынымыздың бірі- асық ойынымен тереңірек

танысып, ойнадыңыздар. Келешекте осы ойынды одан әрі дамытып, ұмыт қалдырмай, өздеріңнен

кейінгілерге де жеткізесіздер деп сенемін.



ІІІ

Қорытынды бөлім

5 мин


11

1.Оқушыларды бір қатарға сапқа тұрғызып, оқушылардың еңбегін бағалау, ескертулер жасау

2.Тыныс алуын қалыптастыратын жаттығуларды орындау

3.Сабақты қорытындылау. Әділ қазыларға сөз беру

4.Жеңімпаз командаларды марапаттау

5. Оқушыларды бағалау, үйге тапсырма беру

5 мин

Тыныштық сақтау керек

Саппен залдан алып шығу





Өткізілетін күні:__________________ Сыныбы: _______________________


Сабақтың өтілетін орны: спорт зал

Сабақтың тақырыбы: «Арқан тартыс»

Сабақтың мақсаты: 1 Арқан тартыс ойыны туралы түсініктерін кеңейту. Ойынды ережеге сай ойнату 2. Оқушылардың ой-өрісін, ептілік мергендік, шапшаңдық қасиеттерін дамыту. 3.Оқушыларды ұлттық ойындарға қызықтыра отырып, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Қажетті құрал-жабдықтар: Арқан, ысқырық,

Реті

Сабақтың мазмұны

Жаттығу мөлшері

әдістемелік нұсқаулар

І

Дайындық бөлім

5 мин


1

2




3


Оқушыларды сапқа тұрғызу.Рапорт қабылдау. Амандасу. Оқушыларды түгелдеу, сабақтың мақсатын түсіндіру. Саптық жаттығуларды орындау. «Түзел!» «Тік тұр!» т.б.

1. Жүріп барып орындалатын жаттығулар. Аяқ ұшымен, өкшемен, табанның ішкі, сыртқы қырымен, жартылай отырып, оңға, солға секіріп жүру.

2.Жүгіріп орындалатын жаттығулар: оң қырмен, сол қырмен жүгіру, аяқты қайшылап, тізені көтеріп жүгіру, аяқты алдыға сермеп жүгіру, аяқты артқа лақтырып жүгіру, артпен жүгіру, кері жүгіру, жылдам қарқынмен жүгіру. Әр түрлі тәсілдермен әрекеттерінің темпін және бағытын өзгертіп жүгіру.

3.Қалыпқа келу жаттығулары.

4.Бір орында орындалатын жаттығулар: Бас мойынға жаттығулар. Оңға, солға айналдыру. Иық, қолға жаттығулар. Қол иықта алға екі рет айналдыр. Қолдың шынтақ буынның ішке, сыртқа айналдыру, білек буынын айналдыру, қолды қайшылау. Белге жаттығулар: белді алға, артқа айналдыру, белді оңға, солға ию, бір қол жоғары, бір қол белде, қолды еңкейе оң аяққа, ортаға, сол аяққа тигізу. Тізе, аяқ буын жаттығулары. Қол алда, оң аяққа отыру, сол аяққа отыру. Тізе буынын және тобық буынын ішке, сыртқа айналдыру, оң, сол және екі аяқпен секіру.

Бір қатарға сапқа тұру. Екі қол, иықты алға 2 рет, артқа 2 рет.

Жылпы жаттығулар:

1.10 рет отырып тұру.

2.Екі қолды белге қойып, белді оңға 2 рет, солға 2 рет айналдыру.

3.Екі қолды алдыға созып қайшылау

4.Аяқты алға, артқа созу.



Саптағы жаттығулардың орындалуын қадағалау, түзету. Тыныштық сақтау.

Біркелкі бұрылу

Арақашықтықты сақтау керек.

Жаттығуларды жасағанда тізені бүкпеу керек.

ЖД жаттығуларының орындалуын байқау, түзету





Жалпы дамыту жаттығуларының дұрыс орындалуына көңіл бөлу, түзету


Денені түзу ұстау керек.

ІІ

Негізгі бөлім

25 мин



«Арқан тартыс»

8-10 м ұзындығы мықты арқанды алады. Арқан ортасынан орамалды байлайды. Осы орамалдан бастап 1-1,5 м қашықтықта екі жаққа да жылжып орамалдар байлайды. Ойнаушылар екі топқа (10-15 адамнан) бөлінеді. Бөліну реті осындай: ойнаушылар бой ұзындығы бойынша қатарға тұрады, кейін жүргізушінің белгісі бойынша оң жақтан бастап сол жаққа қарай саналады, жұп сандылар орында қалады, ал тақ сандылар алға шығады, сонымен екі құрама болып шығады. Қатысушылардың саны 10-нан кем болмау керек.




Бұрын-ақ жерде немесе едеңде түзу көлденең сызығын жасайды. Арқанның ортасындағы орамал байланған жерін осы сызықпен сәйкес келу керектей тартып қояды. Кейін, екі топтың ойнаушылары орамал ортасынан бірдей қашықтықта байланған жерден бастап, арқанды қолға алады. Жүргізушінің белгісі бойынша екі жақ арқанды өзіне қарай тартады. Арқанды аз жағына қарай тартып алуы ойын тапсырмасы болып келеді.

Ойын аяғында ұтылғандар жеңімпаздардың алдында ән айтып билеу керек.


ІІІ

Қорытынды бөлім

5 мин


11

1.Оқушыларды бір қатарға сапқа тұрғызып, оқушылардың еңбегін бағалау, ескертулер жасау

2.Тыныс алуын қалыптастыратын жаттығуларды орындау

3.Сабақты қорытындылау. Әділ қазыларға сөз беру

4.Жеңімпаз командаларды марапаттау

5. Оқушыларды бағалау, үйге тапсырма беру

5 мин

Тыныштық сақтау керек

Саппен залдан алып шығу


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
09.04.2019
594
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі