Материалдар / ұлттық ойын
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ұлттық ойын

Материал туралы қысқаша түсінік
ұлттық ойын туралы топ арасындағы спорттық сайыс
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық жоғары колледжі







«БЕКІТЕМІН»


Колледж директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары ______________Т.Б.Байғабылов «___» _______________ 2024 ж.










Апта дәйек сөзі:

Ақырын жүріп анық бас, еңбегің кетпес далаға! (Абай)



Тақырыбы: «Ұрпақ ұлттық ойынмен шыңдалады» атты студенттер арасындағы сайыс

Picture 1


Тобы: Вт – 24 оқу тобы

Вф – 24 оқу тобы





Ұйымдастырушы топ жетекшілері: Райсова А.Қ.

Караманова Л.К.



Қызылорда


Тақырыбы: «Ұрпақ ұлттық ойынмен шыңдалады»
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Ұлттық ойындар дене шынықтыру іс – әрекетінде кең қолдана отырып, студенттердің дене тәрбиесін дұрыс жолға қою, спорттық шеберліктерін, мүмкіндіктерін арттыру.
2. Дамытушылық: Қазақ халқының ерлік – жауынгершілік тарихын ұрпаққа ерліктің өшпес үлгісін қалдырған хан батырлардың өмір өнегесімен таныстыру, өз жерін, өз елін қорғай алатын ел жанды, ұлттық намысы мол жігерлі бүлдіршіндерді тәрбиелеу;
3. Тәрбиелік: Жас ұрпақты өздігінен білім деңгейін көтеруге үйретіп өзін – өзі тәрбиелеуге дағдыландыру.
4.Көрнекі құралдар мен жабдықтар: интерактивті тақта, слайд, видео, асық, домбыра, ләңгі, тоғызқұмалақ, дойбы, қамшы, бесік, ұлттық киімдер мен тағамдар т.б.
Тәрбиеші: Құрметті студенттер мен ұстаздар! Бүгінгі «Ұрпақ ұлттық ойынмен шыңдалады» атты спорттық ойындар жарысына қош келдіңіздер!

Ұлттық ойындар қазақ халқының ежелгі  мәдениеті мен өнерінің де ешкімнен кем болмағанын байқатады. Қазақ халқы ұлттық ойындарға бай халық. Ұлттық ойындар атадан балаға, үлкеннен кішіге мұра болып жалғасып жатыр. Ата бабаларымыз ұлттық ойындар арқылы ұрпақтың мықты әрі жігерлі болып өсуіне ықпал етіп, олардың береке бірлігі мен ынтымағын жарастырып отырған. Шындығына келсек өмір сүруімізде ұлттық ойындардың атқаратын міндеті айрықша. 


Жастардың ұлттық сана – сезімнің дамуында қазақтың ұлттық ойындарының алатын орны айрықша. Қазақ халқы ежелден бала тәрбиесіне аса зор мән беріп, олардың жауынгерлік рухта ержетуін ұқыптылықпен қадағалаған. Жалпы баланың өмірге қадам басардағы алғашқы қимыл әрекеті ойын арқылы басталады. Ойын адамның өмірге қадам басардағы алғашқы адымы. Сондықтан бала үшін ойынның мәні ерекше. Ұлттық ойындар – ерте заманнан қалыптасқан дәстүрлі ойын-сауықтардың бір түрі.


Ұлттық ойындар екі топқа бөлінеді, спорттық және ақыл ойға арналған ойындар болып. Ұлттық ойындарға мына ойын түрлері жатады: «Тоғызқұмалақ», «Бәйге», «Асық», «Ақсүйек», «Арқан тарту», «Қыз қуу», «Көкпар», «Күміс алу», «Жамбы ату». Бұл ойындар баланың еңбекке деген қарым – қатынасы мен ойлау қабілеттерін арттырады және баланы шымыр да епті, зерек те алғыр, тапқыр да парасатты болып өсуге тәрбиелейді. Ұлтымыздың асыл қазынасы болған ұлттық ойындарымызды жоғалтып алмай, ұрпақтан – ұрпаққа жетуін насихаттау, халқымыздың, баршамыздың міндетіміз.


Олай болса, топ арасындағы жарысқа топтарды ортаға шақырайық.


«Мен қазақпын» әуенімен балалар ортаға шығады.

Тәрбиеші: Міне, балалар шықты алаңға,
Жас спортшылар жеке – жеке команда
Ал, балалар өздеріңді таныңдар,
Ептілік, мықтылық, батылдық көрсетіп табанды,

«Ура» деген ұранды біз тастаймыз
Жарысымызды ал енді бастаймыз
«Жеңіске жетеміз!» деп
Жалынды ұран тастаймыз.

Тәрбиеші: Ал студенттер кім, қандай ұлттық ойындар біледі?


Тәрбиешілер: «Ұрпақ ұлттық ойынмен шыңдалады» - атты жарысымызды бастаймыз.
Бүгінгі жарысқа қатысуға екі топ келіп тұр. Осы топтардың жарысына әділ бағасын беретін қазылар алқасымен таныс болайық:

  1. «Ветеринария және ауылшаруашылық мамандықтары» бөлімше меңгерушісі Бағдат Бүркітбайұлы

  2. «Ветеринария» мамандығының тәжірибелі ұстазы Мархабат Жамбылқызы

  3. «Ветеринария және ауылшаруашылық мамандықтары» бөлімшесінің аға топ жетекшісі Нұржамал Нағметуллақызы


Ал, құрметті халайық
Жарысты енді көріңіз
Әділ қазы алқасы
Әділбаға беріңдер
- дей отырып топ капитандарына сөз берейік.

1 - топ «Тұлпар»
Топ капитаны –
2 - топ «Қыран»
Топ капитаны -

«Тұлпар» тобы
Қатар өскен құрдасқа,
Жарыс ұнап тұрмас па!
Қуып жету жақсы ғой
Озып шығу бір басқа.

«Қыран» тобы
Босқа қарап тұрмайық,
Бағымызды сынайық
Намысты қолдан бермейік
Жарысты озып шығайық.

Тәрбиеші:
Сайыскерлер, сендерге сәттілік тілей отырып, жарысымызды бастаймыз.


Ал, енді сайысымыздың шарттарымен таныстырайық...Сайымыз 6 айналымнан тұрады:
1. Тоғызқұмалақ
2. Дойбы
3. Қол күрес
4. Ләңгі тебу
5. Асық ату

6.Арқан тартыс

Ойын: Ұлттық ойын «Тоғызқұмалақ»

Ойын шарты: Әр топтан бір – бір ойыншыдан шығып тоғызқұмалақ ойнайды. Женген адам оз тобына бір ұпай әкеледі.


Ойын: Ұлттық ойын «Дойбы»

Ойын шарты: Әр топтан бір – бір ойыншыдан шығып тоғызқұмалақ ойнайды. Женген адам оз тобына бір ұпай әкеледі.


Ойын: Ұлттық ойын « Қол күрес»
Ойын шарты: Ортаға екі ойыншы шығып, ортадағы үстел мен орындыққа жайғасып отырып, олар бас бармақтарын айқастыра қолдарын жымдастырып ұстайды. Ойынның шарты қолының күші көп ойыншы қарсыластың қолын жерге тигізуі керек.

Ойын: Ұлттық ойын «Ләңгі тебу»

Ойын шарты: Команданың барлық ойыншысы қатысады. Әрбір баланың тепкен ләңгі саны біріктіріліп, көп жинаған топ ұтысқа ие болады.


Ойын шарты: ұлттық ойын «Асық ату»

Ойын шарты: Ойынның мақсаты — асық ұту. Ойнаушылар арасы 20 қадам екі көн сызады да біріншісіне төрт бұрыш жасайды (оның көлемі өзара келісіледі) дәл ортасындағы сызыққа әрбір ойыншы өздерінің асықтарын тігеді. Тігілген асықтардың ортасына бір асық мұртынан «Омпа» тұрғызады.


Ойын: Ұлттық ойын «Арқан тартыс»

Ойын шарты: команданың барлық ойыншысы қатысады. Ойыншылардың мақсаты — тартысқа түскен екі топ бірін-бірі тартып, жердегі орталық сызықтан бұрын сүйретіп өткізіп әкету. Екі топтың қай жағы орталық сызықтан қарсы топты бұрын сүйреп өткізіп әкетсе, сол жағы ұтқан болады, жеңген жағы бәйгесін алады. Ойынды осы жоғарыдағы тәртіппен жүргізе беруге болады.


Тәрбиеші:
Өнерге биік сеніңіз
Думанға қызық келіңіз
Әділ қазы ел сенген
Өнерге баға беріңіз.


Марапаттау:


Тәрбиеші: Құрметті көрермендер, студенттер біздің алға қойған мақсатымыз ата – бабадан қалған өнер мен өнеге, үлгілерінің лайықтыларын баланың сана сезіміне құйып көзіне көрсете отырып, ұлттық ойын арқылы бойына сіңіріп, оларды әдептілікке, мейірімділікке, ізеттілікке, туысқандық пен бауырмалдыққа, үлкенге – құрмет, кішіге – қамқорлыққа баулу. Бір ғажабы ойындар студенттердің жан сұлулығында, тән сұлулығында жан - жақты жетілдіруге бағытталған.

Бүгінгі топпен ұйымдастырылған
«Ұрпақ ұлттық ойынмен шыңдалады» атты спорттық сайысымызды қорытындылап, әділ шешімімен «Тұлпар» және «Қыран» топтарының арасындағы сайыста достық жеңді. 1 және 2 орын алған топ Диплом және ынталандыру сыйлықтарымен марапатталады. Осымен спорттық сайысымыз аяқталды. Көріп тамашалағандарыңызға рахмет!

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!