Материалдар / "Ұлттық ойын әлемінде" атты спорттық сайыс
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Ұлттық ойын әлемінде" атты спорттық сайыс

Материал туралы қысқаша түсінік
Дене шынықтыру пәні бойынша ұлттық ойындардан 6-сыныпқа арналған спорттық сайыс
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Қаңтар 2019
3177
3 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: «Ұлттық ойын әлемінде» атты ұлттық-спорттық сайысыМақсаты: «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында мәдени және рухани құндылықтарды, ұлттық кодты сақтау негізінде оқушылардың арасында қазақтың ұлттық ойындарын насихаттау. Қазақтың ұлттық ойындары: асық ойнау, қол күрес, тақия тастамақ арқылы оқушылардың бойында ұлттық бірегейлікті сақтау, патриоттық сезімдерін жетілдіру

Міндеттері:1. Балаларды қазақтың ұлттық ойындары мен таныстыра отырып ойын шартын дұрыс бұзбай ойнауға үйрету.2. Ойынды ойнау барысында балалардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін ойын кезінде саусақ қол моторикасын дамыту.3. Қазақтың ұлттық ойындарын ойнай білуге тәрбиелеу.Көрнекіліктер: Ұлттық ойындар туралы нақыл сөздер: «Ұлттық ойын – баға жетпес мұра», «Ұлттық ойындар-халық қазынасы», асық, арқан,Қатысушылар: 6 «А», 6 «Ә» сынып командаларыЖарыс кезеңдері:1-кезең: «Асық ату» сайысы2-кезең: «Хан талапай» сайысы 3-кезең: «Бес тас»   сайысы. 4-кезең: «Қол күресі» сайысы 5-кезең: «Арқан тартыс» сайысыСайыстың өткізілу барысы:1-жүргізуші: Халқымыздың тарихи – мәдени мұраларының түрлері сан алуан. Солардың қай-қайсысы да адамға оның  игілігіне қызмет етуге бағытталған. Осындай аса құнды мәдени игіліктердің бірі – қазақтың ұлттық ойындары. Бүгінде   адам баласы  жасаған  жеті кереметтің қатарына  сегізінші етіп қазақтың ұлттық ойындарын атауға болады.

2-жүргізуші: Сонымен ұлттық ойындар – ата –бабамыздан бізге жеткен, өткен мен  бүгінгіні жалғастыратын қлттық мұра.Ойын дегеніміз тынысы кең, алысқа меңзейтін, ойдан – ойға жетелейтін, адамға қиялымен қанат  бітіретін осындай ғажайып нәрсе, ақыл – ой жетекшісі, денсаулық кепілі, өмір тынысы.

Ендеше, «Ұлттық ойын әлемінде» атты ұлттық-спорттық сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер!2-команданы ортаға ойынға шақырамыз!

1- кезең: «Асық ату» сайысыЕрежесі: Тегіс жерге шеңбер сызылады.Шеңбердің 175см. Шеңбердің ортасындағы сызыққа асықтар тігіліп,шеңберден бірдей қашықтықтағы екі жақ сызықтан ойыншылар ретпен кезек асық атады.Ойыншының сақасы асыққа тиіп,асық шеңберден шықса ойыншы асықты алып,сақасы жатқан жерден келесі асықты атады.Асыққа тағы тигізіп шеңберден шығарса,асықты алып тағы атады.Шығара алмаса келесі ойыншы атуды шеңбер сызығынан бастайды.Егер шеңбер ішінде сақа тиіп құлаған асық болса, келесі ойыншы сол асықты атудан бастайды. Ойын шеңбер ішіндегі асықтар түгел атылып алынғанша жалғасады. 2 команда ойыншыларына ұпай берулеріңізді сұраймыз.

2-кезең: «Хан талапай» сайысы Ережесі: Көп асықтың ішінде бір асықты қызыл түске бояап қоямыз. Сол асық «хан» деп аталады. Ойынды бастайтын бала асықтың бәрін қос уысына жинап алып, отырған балалардың алдына шашып жібереді. Балалар ханның қалай түскенін бақылап отырады Ал «хан» алшысыннан түссе, балалар жарыса «хан талапай» деп дауыстап, ханды өз қолына түсіруге тырысады. «Хан» кімнің қолына түссе, сол жеңіске жетеді. 21 асық аламыз. Ойынға әр командадан 4 бала қатысады. Бірінші бала қызыл түсті 7 асықты жинайды. Екінші бала 7 көк түсті асықты жинайды. Үшінші бала 7 жасыл түсті жинайды. Төртінші бала 7 қоңыр түсті жинайды.2 команда ойыншыларына ұпай берулеріңізді сұраймыз.

3-кезең: «Бес тас»   сайысы.Ережесі: Әр командадан бес ойыншы қатысады. Ойын тақыр жерде өтеді. Балалар ең алдымен кім кімнен кейін ойнайтындығын бес тасты жоғары лақтырып, алақанның сыртына түсіріп, содан қаршып қағу арқылы кезек алысады. Ең көп қаршығаны бірінші, одан азы екінші, тағысын тағы солай кете береді. Бірінші кезек алған ойыншы бес тасты ойынның шартын бұзғанға дейін қаға береді, одан кейін екінші кезектегі ойыншы ойнайды, одан үшінші кезектегі ойнайды, тағысы тағы, кезектесіп ойын жаслғаса береді. Ойын бірліктен басталады.2 команда ойыншыларына ұпай берулеріңізді сұраймыз.

4-кезең: «Қол күресі» сайысы Ережесі: Бұл ойын үстел үстінде екі баланың білек сынасумен орындалады. 2 бала шынтақтарын үстелге тіреп қол бастарын айқастырады. Кім білекті үстелге жықса, сол оқушы жеңіске жетеді.Әр команда ойыншыларына өз ұпайларын беріп, жалпы ұпай шығарылады.2 команда ойыншыларына ұпай берулеріңізді сұраймыз.

5-кезең: «Арқан тартыс» сайысыЕрежесі:.Ойынға ұзындығы 10 метрдей жуан кендір арқан керек. Ол арқанның тең ортасынан орамалмен орап белгі жасайды, белгінің екі жағынан бір жарым-екі метрдей жерден тағы да жогарыдағы тәртіппен белгілейді. Ойынға 2 команда ойыншылары қатысады. Ойыншылар бойларына қарай қатар түзеп тұрады.Жеңген команда ойыншыларына 5 ұпай беріледі. 2 команда ойыншыларына ұпай берулеріңізді сұраймыз.

1-жүргізуші:

Жеңген команда ойыншылары І, ІІ орымен марапатталады.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!