Тақырып бойынша 21 материал табылды

Ұлттық ойын "Ханталапай"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұлттық ойын туралы балаларға түсінік беру. Әдістемелік көмек.Тәрбиеленушілер ұлтық ойын денсаулыққа пайдасы туралы айту.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Алматы облысы,Балқаш ауданы

Ақдала ауылы, «Балауса»

балалар бақшасы

Тәрбиеші Тукубаева Салтанат Маликовна


Тақырыбы: Ұлттық ойын «Ханталапай »

Мақсаты: Қазақтың ұлттық ойындарыдарын дәріптеу арқылы балалардың интелектуалдық тапқырлық, ептілік, ұлтжандылық қабілеттерін дамыту. Отанға, туған өлкеге патриоттық сезімдерін арттыра білуге тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар: Сырмақ, текемет, қоржын, асықтар.

Сөздік жұмыс: Алшы, Тәйке, Бүк, Шік, Омпы, Шоңқай

Ұйымдастыру барысы: Балалар дөңгеленіп шеңбер бойына отырып, өлең жолдарын айтады.

Біздер шымыр жүйрікте,

Ойын менен шынығамыз.

Еп қана емес бірлікте,

Керек екенін ұғынамыз.

Тәрбиеші: Балалар ұлттық ойындар ата-бабамыздан бізге жеткен, өткен мен бүгінгіні байланыстыратын баға жетпес байлығымыз, асыл қазынамыз. Балалар, ойын біздің ақыл- ойымызды жетілдіріп, ойымызға ой қосып, қиялымызға қанат бітіретін ғажайып нәрсе екен. Денсаулығымызға пайдасы да зор.Осы мақсатта сендерді «Ханталапай» ойынын ойнауға шақырамын.

«Ханталапай» ойыны асықпен ойналады.Ойынның басты объектісі де, құралы да –асық. Аталмыш ойын әсіресе балалар арасында кең тараған. Оларды ептілікке , мергендікке, сергектікке байлитын тәрбиенің көзі.

Асық түрлері: Асық төрт түлік мал мен қоңыр аңнаң санының орта тұсында орналасқан асық жіліктен алынады. Оның түрлері өте көп.

Сақа- асықтың үлкен әрі шымыр түрі.

Кеней- көпшілік ойнауға арналған қарапайым асықтар.

Шүкейт- жас малдың асығы.

Қойлық- қойдың асығы.

Ешкімек- ешкінің асығы.

Көктабан- қорғасые құйылған салмақты асық.

Топай- сиырдың асығы.

Асықтың атауларын атап айтсақ:

Алшы- асықтың тәйкеге қарама-қарсы жағы, яғни алшы тұрады.

Тәйке- асықтың алшыға қарама-қарсы жағы.

Бүге- асықтың дөңес жағының жоғары қарап түсуі.

Шіге- асықтың қуыс жағанаң жоғары қарап түсуі

Омпы- асықтың ашасы немесе мұртша жағы жоғары қарап түсуінемесе тік тұрып қалуы.

Шоңқай- асықтың омпыға қарсы жағымен тік түсуі.

Асықты иіру-ойыншы асықта иіргенде көп асық қолына сыймайтын болса, екі-үш бөліп иіруіне болады.

Асық иірудің әдісі-ойыншы асықты жай шашып тастамайды, аса ептілікпен иіреді.Асықты қос қолдап немес бір қолмен иіріп тастайды. Қолды төңкеріп немесе көк киіздің ортасын көздеп шиырлата иірген асық дұрыс орындалмаған болып есептеледі. Егер ойыншы асықты дұрыс иірмесе, төреші тарапынан ескерту алады.

Асық ату- бұл асық ойынының ең бір ептілікті қажет ететін тұсы. Ойыншы қажетті асықты атқанда саусағының кез келгенін пайдаланады.Бірақ ату кезінде саусақты сүйретіп немесе жай түртіп атуға болмайды.

Асық атудің әдісі- ойыншы асықтың орналасуына қарай асықтарды атады.

Шеңбер- бұл асықтың «алаң» ойыны кезінде көп қолданады. Ойыншылардың сыртқы түзілім шегі.

Сөре- асық тігілген кіші шеңбер.

Қарақшы- алтын сақа орналасқан нүкте.

Кезек- асық ойыншылардың ойынға кіру реті.

Кезекті анықтау- кезекті төрешілер анықтайды.

Ойын ережесі:

Ойын жүргізуші: «Талапай-ау, талапай, табылды ойын алақай» деп балалармен бірге қайталап олардың көңілін өзіне баулиды және қоржындағы асықтарды балалардың алдына шашады. Балалар жарыса «Ханталапай» деп дауыстап асықтарды таласып бөліп алып, жинаған асықтарын санайды. Әр бала ойынға бес асықтан тігіп ойынға қатысады. Хан асығы қолына тиген бала алғашқы болып ойынды бастап, асықтарды атады. Тигізген асықтарын ұтып алады. Тигізе алмай қалған жағдайда, ойын жүргізушінің тапсырмасына жауап береді. Ол үшін балалардың жас ерекшелігіне сәйкес интеллектуалдық тапсырмалар алдын-ала дайындалады.

Жұмбақ: Жылға дерем ақпайды,

Жылан дерем шақпайды.

Мақал-мәтел: «Асық ойнаған азар, доп ойнаған тозар»

Сұрақ: 1)Асық атауларын атап беру.

2)Қазақтың ұлттық ойындарын атап айтып беру.

Тақпақ айту.

Тапсырмаға дұрыс жауап берген бала асық атуға мүмкіндік алады. Екінші рет тигізе алмаған жағдайда өз кезегін асығы көп келесі балаға береді. Егер бала тапсырмаға жауап бере алмаса, басқа балалардың жауап беруіне болады. Бұл жағдайда асықты ату кезегі дұрыс жауап берген балаға беріледі. Осылайша ойын жалғаса береді. Ойын соңында әр бала асықтарын санайды.

Қорытындысында өзінің ептілігі мен тапқырлығымен, сұрақтарға дұрыс жауап беріп, білімі мен көп асық жинаған жеңімпаз балалар ( алғыр бала, мерген бала, зерек бала) номинациясы бойынша марапатталады.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
24.12.2020
1018
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 11