400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ұлттық ойын Қабылулла Бекарыс Айтқұлұлы

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұлттық ойындарды дене сабағында көп пайдалансақ
Материалдың қысқаша нұсқасы



Тақырыбы : Айгөлек

Мақсаты: Ұлттық ойындарды балаларға меңгерту

Ережесі:
Қазақтың ұлттық ойындарының ішіндегі халык арасына ең көп тарағандарының бірі осы айгөлек ойыны. Бұл ойынды жасыл желек атқан көктемдс, күн үясьша отырып шілденің аптап ыстығы қайта бастаған жазда, тіпті салқын самалды қоңыр күздс де ашық алаңдарда ойнай беруге әбден болады. Ойынға жиналған жігіттер мен қыздардың саны неғұрльш көп болса, кеш те соғұрлым қызыкты өтеді. Халық арасына кең тараған бұл ойынға ба-лалар мен жасөспірімдер, жас жігіттер мен бой-жеткендер де қатыса алады.


ОЙЫН ЕРЕЖЕСІ. Кешке жиналғандар өзара тең екі топқа бөлінеді. Олар қаз-қатар қол ұстасып, құлаштарын керіп, арасы бір-бірінен 15—20 қадам қарама-қарсы екі сызықтың бойында тізіліп тұрады. Екі жақтың ойыншылары орталарынан бір-бір жігіттен бөліп, ойын басқаруды соларға тапсырады. Содан соң бір топтың кезек алған ойыншылары бар-лығы бір дауыспен өлеңдетіп:
Айгөлек-ау, айгөлек, Айдың жузі дөңгелек. Теміршідем дем шығар, Үзекгіден т^р шығар Ақтерек пен көктерек Бізден саған кім керек?^— десе,
екінші топтың ойыншылары оларға былай жауап қайтарады:
Айгөлек-ау, айгөлек, Айдьщ жүзі дөцгелек. Теміршіден дем шығар, Үзеңгіден тер шығар Ақтерек пен көктерек Бізге мұнда Бекбай керек.
Осы аты аталған ойыншы жүгірген бетімен шақырған қарсы қатардағы ойыншылардьң біреуінің арасынан келіп қолдарына бұзып өтуі керек. Егср бүзып өте алмай қалса, онда қарсы жақтык қатарында қалады, ал бүзып өткен жағдайда сол екі ойыншының қай үнатқанын өз тобын'а алып кері кетеді. Осылайша екі топтың біреуінің ойын-
шылары таусылғанша ойнай береді, болмаса белгіленген уакыт аралығында қай топтың ойыншы-лары көп болса, сол жағы женіске жетті деп есеп-телінеді.
Айгөлек( Ақсерек-көксерек )
Халық арасында айгөлек ойынының екінші түрін аксерек-көксерек деп атайды. Ел ішінде көп та-раған бұл ойынды жасөспірімдер мен бозбалалар, жігіттер мен бойжеткендер ашық аспан астында ойнай береді.


ОЙЫН ЕРЕЖЕСІ. Ойнаушылардың өзара келісуі бойынша топ тең екіге бөлінеді, Әр топтағы жастар 20—30 адым қащықтыққа барып, қолдарын мықтап ұстап карама-қарсы катарға тұрады. Екі топ-тың да қатарының оң жак басында топ басқарушылар тұрады. Өзара келісім бойынша топ басқарушылардың біреуі:— ақ серек — көк серек, біздсн сізгс кім керек — дейді. Екінші топ баскарушы:—сізден бізге бәленшс керек,^- деп кез-келген бір ойыншынын атын атап шакырады. Шакырылған ойыншының максаты сол, түрған жерінен жүгіріп шыққаннан екпіндеп келіп ағынымен ұстасып тұрған екі колды үзіп өтуі (қай жерде, кай қолды барып үзеді — еркі өзінде) керек. Егер үзіп өтіп кетсе, онда сол екі ойыншының қай көңіліне жакқанын өз тобына алып келеді. Ал қолды үзіп кете алмай қалса, онда барған тобында қалады. Қай топ өз қарсыластарын, өз тобына бұрын қосып алса, сол топтың ұтқаны. Сөйтіп өздері күні бұрын тағайындаған жүлдені алады. Осындай тәртіппен ойын жалғаса береді.
Айгөлек (Мәлке-тотай)
Айгөлектің үшінші түрі осылай аталады. Бүл ойынды да жастар ерте кезден-ак сүйіп ойнап кел-гсн. Өйткені. әдетте той-думан жүріп жатқан үйге жастар көбірек жиналмай ма, міне сол кезде мәлке-тотай ойыны да басталып кетеді.
ОЙЫН ЕРЕЖЕСІ. Жастардың бас-аяғы түгел жиналып болғаннан кейін өзара келісімдері бой-ынша тең болып екі топқа бөлінеді. Әр топтың ойыншылары ара қашықтығы 20—30 адымдай жер-дегі өздері белгілеген көмбелеріне барады. Әр топтың өз ойыншылары бір қатарға тұрып, бір-бірінің қолдарынан мықтап керіп ұстап түрады.
Екінші жақтың ойыншылары бәрі бірден шулап: Мәлке-тотай дейді. Бірінші жақ кімді қалай де-генде, екінші жақ жаман-жаман пәленшені қалай— деп атын атайды. Аты аталған Бекбай қолын қусырып, аналарға қарсы жүгіріп, өзіне ұнаған ба-ланы алып келуге қам қылып қатты соғады. Соққанда қолын үзіп кетсе жеңген ер бенде болып қолы үзілген екеудің бірін өзіне апарып қосады. Егер үзе алмай қалса, жеңілген ер бенде болып, өзі сол жаққа қосылады.
Енді Мәлке-тотай-ды бірінші жақ айтып, екінші жақ қол ұстасып тұрады. Сөйтіп жоғарыдағы жолмен бір жағы таусылғанша ойнай береді. Ең соңғы бала басын тырнап немесе үш ауыз өлең, не күлдіргі сөз айтып құтылады. Содан соң балалар тағы да екі топқа бөлініп, ойынды басынан қайта бастайды.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
28 қараша
397
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі