Материалдар / "Ұлттық ойындар"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Ұлттық ойындар"

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Наурыз 2019
510
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Page 1













Қалыптастырушы бағалауға арналған
тапсырмалар жинағы

Дене шынықтыру

3-сынып



























Page 2



Құрметті мұғалім!

Аталған тапсырмалар жинағы білім беру мазмұнын жаңарту аясында мұғалімдерге
көмек құралы ретінде құрастырылды. Бұл мұғалімдердің ұжымдық жұмысының нәтижесі.
Бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар қалыптастырушы бағалауды
өткізуге, сабақты жоспарлауға, ұқсас тапсырмаларды құрастыруға және іріктеп алуға, оқу
мақсатына жетуге қатысты сындарлы кері байланыс беруге көмектесетін үлгі болып
табылады.
Жинақтың ұсынылған сипаты сізге Білім алушының қажеттілігі мен мүмкіндігін
есепке ала отырып, тапсырмаларға толықтырулар мен өзгерістер енгізуіңізге,
бейімдеуіңізге мүмкіндік береді.
Қосымша материалдарды (нұсқаулықтар, таныстырылымдар, жоспарлар және т.б.),
форумдағы талқылауларды және бейне нұсқауларды сіз «Назарбаев Зияткерлік
мектептері» ДББҰ smk.edu.kz ресми сайтынан таба аласыз.


Жемісті жұмыс пен шығармашылық табыс тілейміз!

Жинақ негізгі мектеп мұғалімдеріне, әдіскерлерге, критериалды бағалау бойынша
өңірлік және мектеп үйлестірушілеріне, басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.

Жинақты дайындау барысында ресурстар (суреттер, мәтіндер, бейне және аудио
материалдар, т.б.) қолжетімді ресми интернет-сайттардан алынды. Жинақ коммерциялық
емес мақсатта құрастырылған.












2


Page 3


МАЗМҰНЫ

1-ТОҚСАН БОЙЫНША ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУ ҮШІН ТАПСЫРМАЛАР ...... 4
1-бөлім «Жеңіл атлетика арқылы қозғалыс әрекеттері»..... ....................................................... 4
2-бөлім «Қозғалыс және спорт ойындар» ................................................................................. 11
2-ТОҚСАН БОЙЫНША ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУ ҮШІН ТАПСЫРМАЛАР .... 17
3-бөлім «Акробатика негіздерінде гимнастика» . ..................................................................... 17
4-бөлім «Қазақ ұлттық қозғалыс ойындары» ........................................................................... 24
3-ТОҚСАН БОЙЫНША ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУ ҮШІН ТАПСЫРМАЛАР .... 28
5-бөлім «Жеңіл атлетика арқылы қозғалыс әрекеттері».. ........................................................ 28
6-бөлім «Қозғалыс және спорт ойындар» ................................................................................ 34
4-ТОҚСАН БОЙЫНША ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУ ҮШІН ТАПСЫРМАЛАР .... 42
7-бөлім «Акробатика негіздерінде гимнастика» . ..................................................................... 42
8-бөлім "Қазақ ұлттық қозғалыс ойындары» ............................................................................ 49
























3


Page 4


1-ТОҚСАН БОЙЫ НША ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУ ҮШІН ТАПСЫРМАЛАР
1-бөлім «Жеңіл атлетика арқылы қозғалыс әрекеттері»

Тақырып Қауіпсіздік ережесі. Денсаулық туралы негізгі түсініктер
Оқу мақсаты 3.3.4.1 Денсаулықты нығайтуға ықпал ететін дене
жаттығуларын орындау кезінде тиісінше жауап қайтарып,
қиындықтар мен тәуекелдерді қалай еңсеру керек екендігін
түсінеді және көрсетеді

Бағалау критерийі Білім алушы
• Денсаулықты нығайту мен шынықтыру үшін
жаттығулар орындайды
• Жаттығуда кездесетін қиындықтар мен тәуекелдерді
анықтайды

Ойлау дағдыларының
деңгейі

Қолдану
Тапсырма

Суретте бейнеленген дене жаттығуларын орында. Кездесетін қиындықтар мен
тәуекелдерді анықта.



Дескриптор Білім алушы
- жаттығуларды ретімен, белсенді орындайды;
- жаттығуларды орындау барысында қиындықтарды
анықтайды;
- жаттығуларды орындауда кездесетін тәуекелдерді
айтады;
- құралдарды орынды пайдаланады.



4


Page 5


Тақырып Қауіпсіздік ережесі. Денсаулық туралы негізгі түсініктер
Оқу мақсаты 3.3.1.1 Дене жаттығуларының сауықтыру пайдасы
денсаулықты нығайтуға ықпал ететін көрсете білу және
түсіну

Бағалау критерийі Білім алушы
• Ойындар арқылы дене қимыл-қозғалыс әрекеттерін
орындайды
• Қимыл-қозғалыс әрекеттерінің сауықтыру пайдасын
сипаттайды

Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану


Тапсырма


«Үшіншісі артық» ойыны н ойна.
Ойын шарты: Команда ойыншылары алаңның ішінде жұппен орналасады. Жетекші
немесе ойыншылардың бірі сызықтан тыс тұрады. Жетекші қашушыны ұстауға
ұмтылады, ал қашушы жұптардың бірінің алдына тұра алады, онда жұптың соңғы
ойыншысы «үшінші артық» болады және жетекшіден қашады. Егер жетекші бос
ойыншыны ұстап алса, олар рөлдерімен ауысады.
Ескерту: Ойын ережесін сақта, денсаулыққа пайдалы әрекеттерді қолдан.

• Ойынның денсаулықты сауықтыруға тигізетін пайдасы туралы әңгімеле.


Дескриптор Білім алушы
- ойынға белсенді қатысады;
- ойындағы сауықтыру қозғалыстарының пайдасын
анықтайды;
- ойын барысында денсаулыққа пайдалы әрекеттерді
қолданады.


5


Page 6


Тақырып Түрлі іс-әрекетке бағытталған жаттығулар
Оқу мақсаты 3.3.2.1 Дене қызметімен айналысқанда денені қыздыру және
босаңсыту маңызын түсіндіреді

Бағалау критерийі Білім алушы
• Денені ширату, қыздыру әрекеттерінің кешенін
орындайды
• Демді ретке келтіру, босаңсудың денсаулыққа пайдасын
сипаттайды

Ойлау
дағдыларының
деңгейі

Қолдану
Тапсырма

Әртүрлі қарқынмен жүгіру арқылы денені қыздыру, демді ретке келтіру
жаттығулар топтамасын орында. Олардың денсаулыққа тигізетін пайдасы туралы айт.


Сабақ соңында денені, ағзаны қалпына келтіру жаттығуларын орында.

бір орында жүру созылу секіру терең дем алу

Дескриптор Білім алушы
- денені қыздыру, ширату жаттығулар топтамасын
орындайды;
- жаттығулар кешенінің денсаулыққа келтіретін пайдасын
түсіндіреді;
- босаңсу, демді ретке келтіру жаттығуларын көрсетеді.


6


Page 7


Тақырып Түрлі іс-әрекетке бағытталған жаттығулар
Оқу мақсаты 3.3.3.1 Дене жаттығуларын орындау кезінде физикалық
өзгерістерді анықтау үшін бірқатар бақылау стратегияларын
көрсетеді және түсіндіреді

Бағалау критерийі Білім алушы
• Физикалық өзгерістерді анықтап, бірқатар
стратегияларды қолданып, көрсетеді

Ойлау дағдыларының
деңгейі

Қолдану

Тапсырма

Топтық іс-әрекеттерді орында. Стратегияларды дұрыс қолдан.
Ойын шарты:Бірінші қатысушы допты алып жүгіріп, шеңберде қалдырады. Қайта
келіп, тағы бір допты алып, оны да шеңбердің қасына қалдырады. Ол өз командасына
оралған соң, келесі ойыншы осы доптарды бір- бірден алып келеді. Ойын осылай
жалғасады.


Дескриптор

Білім алушы
- физикалық өзгерістерді анықтайды;
- жүгіру, тоқтау дағдыларын орындағанда
стратегияларды пайдаланады;
- қатесіз орындауды көрсетеді.


7


Page 8


Тақырып Лақтыру, секіру және жүгірудің түрлері
Оқу мақсаты 3.1.2.1 Дене дамуы үшін қарастырылған түрлі дене
жаттығуларын орындау кезінде қозғалыстарды қалай
орындау керек екендігін біледі және түсінеді

Бағалау критерийі Білім алушы
• Денеге ықпал ететін қарапайым жаттығуларды
орындайды

Ойлау дағдыларының
деңгейі

Қолдану
Тапсырма

1. Тапсырманы жеке және жұппен орында. Сызық бойына тұрып (бормен
сызылған сызық немесе секірмектің керілген жібі) 30 секунд бойы сызыққа
тимей секір. Жеке, және жұппен секіру жаттығуларының айырмашылығын
анықта.
2. Қарғымақпен еркін секіру жаттығуларын көрсет.


Дескриптор Білім алушы
- түрлі секіру әдістерін орындайды;
- жеке, жұппен қарапайым секіру жаттығуларының
айырмашылығын анықтайды;
- секіру дағдыларының үйлесімді орындалуын
көрсетеді.


8


Page 9


Тақырып Эстафета элементтері бар жеңіл атлетика
Оқу мақсаты 3.1.1.1 Негізгі дене жаттығуларын орындау кезінде қозғалыс
машықтарын біледі, түсінеді және жақсартып жалғастырады

Бағалау критерийі Білім алушы
• Жаттығуларға негізделген қарапайым қимыл-қозғалыс
әрекеттерін орындайды

Ойлау дағдыларының
деңгейі

Қолдану
Тапсырма


К омандаға бөлініп қарғымақпен, гимнастикалық орындықтан секіру, допты
қабырғаға лақтырып, қағып алу дағдыларын жарыс түрінде өткіз.





Дескриптор Білім алушы
- секіру жаттығуларының түрлі дағдыларын қолданады;
- секірулерді үйлесімді орындайды;
- допты лақтыру дағдыларын тиімді пайдаланады;
- допты лақтыру дағдыларын үйлесімді көрсетеді.


9


Page 10


Тақырып Эстафета элементтері бар жеңіл атлетика
Оқу мақсаты 3.3.5.1 Түрлі дене қызметтеріне қатысу мүмкіндігін қалай
алу керектігін қарайды және түсіндіреді

Бағалау критерийі Білім алушы
• Түрлі дене қимыл-қозғалыстарына қатысу
мүмкіндігін анықтайды

Ойлау дағдыларының
деңгейі

Қолдану
Тапсырма

«Өткел» ойынын ойна.
Ойын шарты: Сынып екі командаға бөлінеді. Сөре сызығынан 15-20 метр қашықтықта
гимнастикалық шеңбер қойылады. Қатысушылар белгі бойынша қол ұстасып, шеңберге
дейін жүгіреді. Қатысушының біреуі шеңберде қалады, екіншісі тағы бір қатысушыны
алып келеді. Барлық қатысушылар шеңберге келгеннен кейін, сол әдіспен жұптасып
кері қайтады.

• Кеңістік пен ресурстарды басқалармен бөлісу мүмкіндігін сипатта.

Дескриптор Білім алушы
- кеңістікте тепе-теңдікті сақтап жүгіреді;
- жеке, жұппен қарапайым тасымалдау әдістерін
қолданады;
- кеңістік пен ресурстарды басқалармен бөлісу
мүмкіндігін сипаттайды.


10


Page 11


2-бөлім «Қозғалыс және спорт ойындар»

Тақырып Қозғалмалы ойындарындағы қозғалыс дағдылары
Оқу мақсаты 3.2.8.1 Түрлі қарапайым әрекеттерді орындау кезінде
басқаларының рөлін түсінеді және көрсетеді, олардың
айырмашылықтарын ұғынады

Бағалау критерийі Білім алушы
• Қарапайым қозғалыс әрекеттерін орындауда
рөлдердің маңыздылығын анықтайды

Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану


Тапсырма
«Барлығы бір себетте» ойынын ойна.
Ойын шарты: Ойыншылар екі командаға бөлінеді . Әр ойыншының қолында доп
болады. Олар алаңның орта сызығының бойына дейін белгі бойынша әрқайсысы өз
нысанасына қарай допты алып жүреді. Допты нысанға тигізгенше 3 рет лақтырады .
Тигізген немесе барлық әрекетін орындаған жағдайда, допты алып жүріп, өз орнына
қайта оралады. Мәреге бірінші жеткен команда жеңеді.
Ескерту:Түрлі бастапқы жағдайдан допты алып жүруді бастауға болады: отырып,
тізерлеп, арқасына жатып және т.с.с. Тоқтағаннан кейін немесе қозғалыс кезінде
лақтыруға болады.


Жеңіске жету үшін қатысушылардың рөлі қандай септігін тигізеді?

Дескриптор Білім алушы
- ойында әділ бәсекелесті, келісімді әрекеттерді
ұстанады;
- қозғалыс қызметінде қатысушылар рөлінің
маңыздылығын сипаттайды.



11


Page 12


Тақырып Қозғалыс координациясына бағытталған қозғалмалы
ойындар

Оқу мақсаты 3.1.2.1 Дене дамуы үшін қарастырылған түрлі дене
жаттығуларын орындау кезінде қозғалыстарды қалай
орындау керек екендігін біледі және түсінеді

Бағалау критерийі Білім алушы
• Денеге ықпал ететін қарапайым жаттығудағы
қозғалыстарды орындайды

Ойлау дағдыларының
деңгейі

Қолдану
Тапсырма

Ойыншылар шеңберде тұрып, допты түсіріп алмай, көршісіне жылдам беруге
тырысады. Барынша жылдам қарқынмен бір-біріне доп лақтыруға немесе шеңберге
арқасымен тұрып және қолды арқаға ұстап беруге болады. Жаттығуда балалар көздерін
жұмып немесе ойынды бір уақытта бірнеше доппен ойнаулары арқылы күрделендіруге
болады.


Дескриптор Білім алушы
- іс-әрекеттердің қозғалыс қарқынын көрсетеді;
- біркелкі қозғалыстың маңызыдылығын айтады.


12


Page 13


Тақырып Қозғалыс координациясына бағытталған қозғалмалы ойындар
Оқу мақсаты 3.2.2.1 Әрекет мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған
жұмыс барысында өзіндік және командалық жұмыстың
мағынасын түсінеді. Көшбасшылық рөлдерімен алмасып,
жұмыс істей бастайды

Бағалау критерийі Білім алушы
• Мақсатқа жету үшін жеке дара, командалық іс-
әрекеттерді ұтымды пайдаланады
• Тапсырмалар барысында рөлдерін анықтайды,
көшбасшылық дағдыларын қолданады
Ойлау дағдыларының
деңгейі

Қолдану


Тапсырма

Суретке мұқият қара. «Қазан» ойынының шарттық ережесін анықта. Ойындағы
рөлдерді анықтап, көшбасшылық дағдыны қолдан.





Дескриптор Білім алушы
- ойынның шарттық маңызыдылығын анықтайды;
- жеке дара, командалық рөлдерін анықтайды;
- ойынында көшбасшылық дағдысын қолданады.


13


Page 14


Тақырып Шапшаңдыққа бағытталған қозғалмалы ойындар
Оқу мақсаты 3.2.1.1 Бірқатар қозғалыс идеяларымен, стратегиялармен
және жоспарлармен баламаларды талдау үшін
проблемаларды жою әдістерін қолданады

Бағалау критерийі Білім алушы
• Ойын барысында қозғалыс идеяларын,
стратегияларын, балама нұсқаларын ұсынады
• Қиындықтарды жеңілдету үшін шешімдер
қабылдайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі

Қолдану

Тапсырма

«Командалық қуаласпақ» ойынын ойна. Қиындықтарын анықта. Балама нұсқасын
және идеясы мен стратегиясын ұсын.




Дескриптор Білім алушы
- ойында жеке, топтық стратегияларды қолданады;
- ойында кездесетін қиындықтарды жою әдістерін
анықтайды;
- ойынның баламалы нұсқасының шарттарын
ұсынады.


14


Page 15


Тақырып Шапшаңдыққа бағытталған қозғалмалы ойындар
Оқу мақсаты 3.2.3.1 Түрлі дене жаттығуларын орындауда қолайлы оқыту
ортасын құру маңыздылығын мойындай отырып,
идеяларды, ресурстар, кеңістік, білімін қолдану

Бағалау критерийі Білім алушы
• Қолайлы оқу орнын және ж аттығуларды орындауда
ресурстар мен кеңістікті орынды пайдаланып,
идеяларын іске асырады

Ойлау дағдыларының
деңгейі

Қолдану
Тапсырма

«Доп жоғарыға!» ойынында ресурстар мен кеңістікті орынды пайдаланып, идеяларын
анықта. Ойынның ережес ін сақтап ойна.



Дескриптор Білім алушы
- жеке дара, топпен кеңістікті тиімді пайдаланады;
- жеңіске жету үшін өзінің идеяларын ұс ынады;
- ойында үйлесімді қозғалыстар орындайды.


15


Page 16


Тақырып Ұжымда жұмыс атқару
Оқу мақсаты 3.3.5.1 Түрлі дене қызметтеріне қатысу мүмкіндігін қалай
алу керектігін қарайды және түсіндіреді

Бағалау критерийі Білім алушы
• Түрлі дене қимыл-қозғалыстарына қатысу
мүмкіндігін анықтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі

Қолдану
Тапсырма

Ойынның шартын анықта. «Пионербол» ойынын жеңілдетілген ережемен ойна.




Дескриптор Білім алушы
- ойының ережесін, шарттарын сақтайды;
- ойында түрлі деңгейлі қимыл-қозғалыстарды
орындайды;
- ойында үйлесімді қозғалыстарды сақтайды.


16


Page 17


2-ТОҚСАН БОЙЫ НША ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУ ҮШІН ТАПСЫРМАЛАР
3-бөлім «Акробатика негіздерінде гимнастика»
Тақырып Қауіпсіздік ережесі. Жаттығулар арқылы икемділікті дамыту
Оқу мақсаты 3.3.4.1 Денсаулықты нығайтуға ықпал ететін дене
жаттығуларын орындау кезінде тиісінше жауап қайтарып,
қиындықтар мен тәуекелдерді қалай еңсеру керек екендігін
түсінеді және көрсетеді

Бағалау критерийі Білім алушы
• Денсаулықты нығайту мен шынықтыру үшін
жаттығулар орындайды
• Жаттығуда кездесетін қиындықтар мен тәуекелдерді
анықтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі

Қолдану
Тапсырма

Жаттығу барысында денеге түсетін қиындық пен тәуекелді, жүктемені
анықтайды және көрсетеді. «Қарлығаш» (кез келген аяқта) тұру, алдыға домалау —
арқаға жату қалпынан «көпір» — арқамен жату, тұру және т.б. Осы акробатикалық
элементтер кешенін көрсетіп, орында.



Дескриптор Білім алушы
- жаттығуларды орындау барысында қиындықтарды
анықтайды;
- түрлі гимнастикалық жаттығуларды орындағанда
тәуекелдерді анықтайды;
- денеге түсетін жүктемелерді анықтайды, көрсетеді.


17


Page 18


Тақырып Аэробика элементтері бар гимнастика
Оқу мақсаты 3.3.2.1 Дене қызметімен айналысқанда денені қыздыру және
босаңсыту маңызын түсіндіреді

Бағалау критерийі Білім алушы
• Қозғалмалы ойындарда денені ширату, қыздыру
әрекеттерінің кешенін орындайды
• Демді ретке келтіру, босаңсудың денсаулыққа
маңызын анықтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі

Қолдану
Тапсырма

Денені қыздыру және босаңсытуға арналған жаттығулар кешенін орында және
маңыздылығын анықта.


Дескриптор Білім алушы
- денені қыздыру жаттығуларын орындайды;
- денені босаңсыту жаттығуларын ретімен орындайды;
- жаттығулардың пайдасының маңыздылығын
анықтайды.


18


Page 19


Тақырып Аэробика элементтері бар гимнастика
Оқу мақсаты 3.1.2.1 Дене дамуы үшін қарастырылған түрлі дене
жаттығуларын орындау кезінде қозғалыстарды қалай
орындау керек екендігін біледі және түсінеді

Бағалау критерийі Білім алушы
• Денеге ықпал ететін қарапайым жаттығуларды
орындайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі

Қолдану
Тапсырма

Аэробика элементтері бар гимнастикалық жаттығуларды орында.


Жаттығудың денсаулыққа қажеттілігі мен маңыздылығын сыныптастарыңмен талқыла.

Дескриптор Білім алушы
- аэробика жаттығулар топтамасын орындайды;
- жаттығулар кешенінде құралдарды тиімді пайдаланады;
- жаттығулардың қажеттілігі мен маңыздылығын
талқылайды;
- жаттығулардың реттілігін, орындалу ерекшеліктерін,
пайдасын көрсетеді.


19


Page 20


Тақырып Гимнастикалық жаттығулардағы реттілік
Оқу мақсаты 3.1.5.1 Орындау және бағалау кезінде бірқатар іс-
қимылдарды, кеңістікті, динамиканы және байланыстарды
көрсетеді және анықтай біледі

Бағалау критерийі Білім алушы
• Жаттығуларды орындауда іс -қимылдарды, кеңістікті,
динамиканы байланыстырып көрсетеді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану


Тапсырма

Акробатикалық жаттығуларды орындауда іс-қимылдарды, кеңістікті, динамиканы
байланыстырып көрсет.

Алдыға домалау Артқа домалау Жауырынға тұру

Жаттығу дың балама нұсқас ын сыныптасыңмен жасап, көрсет.
Дескриптор Білім алушы
- жаттығуды орындағанда іс-қимылын, кеңістікті,
динамиканы байланыстырып көрсетеді;
- жаттығудың балама нұсқасын ұсынады.


20


Page 21


Тақырып Гимнастикалық жаттығулардағы реттілік
Оқу мақсаты 3.1.4.1 Өзінің күшті жақтары мен кемшіліктерін анықтайды
және басқалардың жаттығуларды орындау сапасын
талқылайды

Бағалау критерийі Білім алушы
• Өзінің тапсырманы орындау деңгейін анықта п,
салыстырады
• Өзгелердің қозғалыс дағдыларының үйлесімділігін
анықтайды, сапасына мән береді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану


Тапсырма

Кіші ағаш аттан қолды тіреп, секіру жаттығуларын орында.





Дескриптор Білім алушы
- секіру жаттығуын орындайды;
- секіру түрлерінің әдістерін қолданады;
- секіру қозғалыстарындағы үйлесімді көрсетеді.


21


Page 22


Тақырып Тепе-теңдікті дамытуға арналған ойындар
Оқу мақсаты 3.2.2.1 Әрекет мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған
жұмыс барысында өзіндік және командалық жұмыстың
мағынасын түсінеді. Көшбасшылық рөлдерімен алмасып,
жұмыс істей бастайды

Бағалау критерийі Білім алушы
• Мақсатқа жету үшін жеке дара, командалық іс-
әрекеттерді ұтымды пайдаланады
• Тапсырмалар барысында рөлдерін анықтайды,
көшбасшылық дағдыларын қолданады
Ойлау дағдыларының
деңгейі

Қолдану
Тапсырма

«Бөренедегі жарыс» ойынының рөлі мен көшбасшылық дағдысын көрсет.
Берілген ойында тепе-теңдікті дамыт.


Дескриптор Білім алушы
- ойынның рөлін анықтайды;
- көшбасшылық дағдысын көрсетеді;
- тепе-теңдік жаттығуларын орындайды;
- тактикаларды пайдаланады.


22


Page 23


Тақырып Тепе-теңдікті дамытуға арналған ойындар
Оқу мақсаты 3.2.5.1 Өзінің шығармашылық тапсырмаларын және
басқаларын талдау үшін конструктивті ұсыныстар жасау
туралы алынған білімді пайдаланады және қолданады

Бағалау критерийі Білім алушы
• Тапсырмаларды орындауда және талдауда өз білімін
пайдаланып, ұтымды ұсыныс береді
Ойлау дағдыларының
деңгейі

Қолдану
Тапсырма

Тепе-теңдікті дамытуға арналған әртүрлі қозғалмалы ойындарға қатыс. Жеке
дағдыларыңды дамытып, ұтымды ұсыныс бер.




Дескриптор Білім алушы
- тепе-теңдікті сақтап, кеңістікте қарқынды, мәнерлі
қозғалады;
- жеке, жұппен қарапайым әрекеттерде тактиканы
қолданады;
- өзінің, өзгенің қажеттілігіне қарай ұтымды ұсыныстар
жасайды.


23


Page 24


4-бөлім «Қазақ ұлттық қозғалыс ойындар»

Тақырып Қазақтың ұлттық ойындарына баулу
Оқу мақсаты 3.2.7.1 Патриотизмнің мағынасын түсіндіреді, топтық
және дербес дене қимылдарында өзара іс қимыл мен адал
ойын көрсетеді

Бағалау критерийі Білім алушы
• Ұлттық ойындардағы іс-әрекеттерде
патриотизмнің мағынасын анықтайды, ой
бөліседі, құрметпен қарайды
• Бәсекелестікте адал ойын шарттарын ұстанады
Ойлау дағдыларының
деңгейі

Қолдану
Тапсырма

Сыныптастарыңмен патриотизм мағынасын талқыла. Ұлттық ойынды ойна.

Оқтау тарту Арқан тарту



Дескриптор Білім алушы
- ұлттық ойындардағы патриоттық мағынаны
талқылайды;
- ойынның маңызыдылығы мен айырмашылығын анықтайды;
- ойынның ережесін сақтап, әділ бәсекелестікте
ойнайды.


24


Page 25


Тақырып Қазақтың ұлттық ойындарына баулу
Оқу мақсаты 3.3.5.1 Түрлі дене қызметтеріне қатысу мүмкіндігін қалай
алу керектігін қарайды және түсіндіреді

Бағалау критерийі Білім алушы
• Түрлі дене қимыл-қозғалыстарына қатысу
мүмкіндігін анықтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі

Қолдану
Тапсырма

«Жапалақтар мен қарлығаштар» ойынын ойна.
Балалар екі топқа бөлінеді. Топтың бірі – қарлығаштар, екіншісі – жапалақтар болады.
Араларында біреуі жүргізуші болады. Екі топ бір- бірлеріне арқаларын беріп, екіге
тізіліп тұрады. Жүргізуші саптың ортасымен жүріп келе жатып, «Қар» немесе «Жап»
деп дауыстап айқайлайды. Топтың атауы толық айтылмайынша орнынан қозғалуға
болмайды. Жүргізуші топтардың бірінің атауын атаған сәтте аты аталған топтың
ойыншылары өзге топтың мүшелерін қуа жөнеледі. Соңғылары белгіленген аумақтан
асып кету үшін шашырай қашады. Қолға түскендері қуған топтың мүшесіне айналады.

Дескриптор Білім алушы
- ойынның ережесін сақтайды;
- қозғалыстың маңызыдылығын анықтайды;
- әртүрлі әрекеттерді пайдаланып, ойынды ойнайды.


25


Page 26


Тақырып Ынтымақтастық және әділ ойын
Оқу мақсаты 3.2.5.1 Өзінің шығармашылық тапсырмаларын және
басқаларын талдау үшін конструктивті ұсыныстар жасау
туралы алынған білімді пайдаланады және қолданады

Бағалау критерийі Білім алушы
• Тапсырмаларды орындауда және талдауда өз білімін
пайдаланып, ұтымды ұсыныс береді
Ойлау дағдыларының
деңгейі

Қолдану

Тапсырма

Қазақтың ұлттық ойыны – «Көмбе алу».
Ойынның ережесі мен ойнау тәсілдерін анықта. Алаңның қарама- қарсы беттеріне сөре
және мәре сызықтары сызылады. Алаңға бірнеше теңге (тастар) тасталады. Ойыншылар
сөре сызығының бойына тізіліп тұрады. Белгі берілген сәтте олар атпен шауып келе жатқандай секіріп, мәре сызығына қарай беттейді. Шабандоздар шауып келе жатып,
тоқтап қалмай, жердегі теңгені көтеруі тиіс. Теңгені кім көп жинаса сол жеңімпаз болады.

Осы ойынға байланысты өзіңнің баламалы нұсқаңды ұсын.

Дескриптор Білім алушы
- жеке дара тиімді әрекеттерді қолданады;
- ойын барысында стратегияларды қолданады;
- ойында өзгелердің ойнау амалдарын бақылайды;
- ойынға байланысты өзінің баламалы күрделенген
нұсқас ын ұсынады.


26


Page 27


Тақырып Ынтымақтастық және әділ ойын
Оқу мақсаты 3.2.6.1 Тақырыптарды, көңіл күйлер мен эмоцияларды жасау
үшін композициялық идеялармен эксперимент жасайды

Бағалау критерийі Білім алушы
• Ойын барысында қозғалыстарға, идеяларға тәжірибе
жасайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану


Тапсырма

Қазақтың ұлттық – «Бөрік-телпек» ойыны.
Қазақтың ұлттық ойыны «Бөрік-телпек» ойынын ересектер де, балалар да ойнауға
болады. Бұл ойында доптарды немесе тастарды неғұрлым алысқа лақтыру қажет. Ойыншылар тізіліп тұрып, түрлі түсті орамалдарға оралған доптарды немесе тастарды алысқа лақтырады. Кімнің добы немесе тасы жақынға түссе, сол ойыншы оларды жинап, кімнің алысқа лақтырғанын хабарлайды. Ойын үш жеңімпаз анықталғанша
жалғасады.


Дескриптор Білім алушы
- ойында жеке, топтық әрекеттерді идеяларды
қолданады.


27


Page 28


3-ТОҚСАН БОЙЫНША ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУ ҮШІН ТАПСЫРМАЛАР
5-бөлім «Денсаулық және физикалық белсенділік»

Тақырып Қауіпсіздік ережесі. Физикалық белсенділік және төзімділік
Оқу мақсаты 3.3.4.1 Денсаулықты нығайтуға ықпал ететін дене
жаттығуларын орындау кезінде тиісінше жауап қайтарып,
қиындықтар мен тәуекелдерді қалай еңсеру керек екендігін
түсінеді және көрсетеді

Бағалау критерийі Білім алушы
• Денсаулықты нығайтып, шынықтыру үшін
жаттығулар орындайды
• Жаттығуда кездесетін қиындықтар мен тәуекелдерді
анықтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі

Қолдану
Тапсырма

Жаттығулар кешенін орында. Қиындықтар мен тәуекелдерді анықта.

Дескриптор Білім алушы
- кешенді жаттығуларды орындайды;
- жаттығуларды орындауда қиындықтарды
анықтайды;
- жаттығуларды орындағанда тәуекелдерді
анықтайды.



28


Page 29


Тақырып Физикалық белсенділік және төзімділік
Оқу мақсаты 3.3.3.1 Дене жаттығуларын орындау кезінде физикалық
өзгерістерді анықтау үшін бірқатар бақылау стратегияларын
көрсетеді және түсіндіреді

Бағалау критерийі Білім алушы
• Физикалық өзгерістерді анықтап, бірқатар
стратегияларды қолданып, көрсетеді
Ойлау дағдыларының
деңгейі

Қолдану

Тапсырма

Әртүрлі деңгейдегі еркін секіру жаттығуларын орында. Жаттығудың пайдасын,
маңыздылығын анықтайды.



Дескриптор Білім алушы
- еркін секіру жаттығуларын орындайды;
- жаттығудың пайдасын, маңыздылығын анықтайды.


29


Page 30


Тақырып Дене жаттығулары кезінде өзін-өзі басқару
Оқу мақсаты 3.3.1.1 Дене жаттығуларының, сауықтыру пайдасы
денсаулықты нығайтуға ықпал ететін көрсете білу және
түсіну

Бағалау критерийі Білім алушы
• Ойындар арқылы дене қимыл-қозғалыс әрекеттерін
орындайды
• Қимыл-қозғалыс әрекеттерінің сауықтыру пайдасын
сипаттайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі

Қолдану
Тапсырма

Ойыншылар жүргізуші таңдайды да, өздері алаң ішінде шашырай қашады.
Жүргізуші оларды қуып жетіп, қолын тигізуге тырысады. Бастаушы қуып жеткен
ойыншы отыра қалып, қолын жерге қоя қояды. Бұл жағдайда оған қол тигізуге
болмайды. Алайда жүргізуші отыра қалған ойыншының қасынан екі қадам қашықтықта
тұрып беске дейін санайды. Егер ол беске дейін санағанша қашып кетпесе, оған қолын
тигізеді.

Дескриптор Білім алушы
- ойынның шартты ержелерін сақтайды;
- қозғалмалы ойында дене жаттығуына тиісті дағдыны
қолданады.


30


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!