400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ұлттық ойындар

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұлттық ойындар туралы мәлімет беру. Ұлттық ойындарды шапшаңдықпен ойнауға үйрету
Материалдың қысқаша нұсқасы

Маңғыстау облысының білім басқармасының Қарақия ауданы

бойынша білім бөлімінің «Еркемай» бөбекжайы ЖБҚ МКҚК





Тексерілді____________


Әдіскер:Каирхожаева О.Б.



«Ұлттық ойындар»
Ұйымдастырылған іс-әрекеті


Дайындаған:Оңайбаева Т.







2024-2025 оқу жылы





Білім беру дағдысы: Денсаулық

Ұйымдастырылған іс-әрекеті: Дене тәрбиесі

Тақырыбы: «Ұлттық ойындар»

Мақсаты: Балаларға жаттығудың адам денсаулығына пайдасы мен шипасы туралы түсіндіре отырып іс жүзінде көрсету. Балалардың дене белсенділігін дамыту,денелерінің түзу сымбатты қалыптасуына көңіл бөлу.Ұлттық ойындарды  дене шынықтыру іс-әрекетінде кең қолдана отырып, балалардың дене тәрбиесін дұрыс жолға қою, спорттық шеберліктерін, мүмкіндіктерін арттыру.Ұлттық ойындарды дәріптеуде ұлттық тәрбиені бойларына дамыту.

Біз қандаймыз қандаймыз

Шұғылалы таңдаймыз

Денемізді сергітіп

Жаттығуды бастаймыз.

Балалар шаттық шеңберін қимылмен жасайды.

Балалар, қараңдаршы,бізге бүгін көптеген қонақтар келіп қалыпты қонақтармен  амандасайық.

(Есік қағылады Алдар көсе кіріп келеді)

Алдар көсе:Сәлеметсіңдер ме,балалар!Мен ұлттық ойындарды ойнағанды жақсы көремін ,бірақ мен ұлттық ойындарымыз көп болғандықтан кейбіреулері қалай ойналатынын білмеймін.Сіздер ұлттық ойындарымыз қалай ойналатны туралы маған үйретесіңдер ме?

Нұсқаушы: Балалар,Бізге Алдар көсе қонаққа келіпті Алдар көсенің ойнап білмейтін ұлттық ойындарын Алдар көсеге ойнап көрсетемізбе?

Балалар:Иә

Нұсқаушы: Балалар ұлттық ойындарымыз біздің ата-бабаларымыздан келе жатқан мұрамыз.Осы ойындарды біздің аталармыз,әкелеріміз ойнап өскен.Олай болса, Алдар көсемен бірге ұлттық ойындар ойнайтын боламыз.Бүгінгі ұйымдастырылған іс-әрекетімізде көптеген ұлттық қимылды ойындар ойнаймыз.Балалар сендер қандай ұлттық ойындарды білесіңдер?

Балалар:Ханталапай,Бәйге,Арқан тарты,Қыз қуу т.б

Нұсқаушы:Жарайсыңдар сендер көптеген ұлттық ойындарды біледі екенсіңдер. Сендер ойын ойнауға дайынсыздарма?Олай болса,алғашқы ойынымызды бастаймыз.

1. Ұлттық ойын «Шертпек»
Ойын шарты:Ату сызығына асықты қойып шертеді.Асық түскен жолақшада қанша асық бейнеленген болса,сонша ұпай алады ойын соңында ұпай саны саналады.

2. Ұлттық ойын «Теңге ілу»
Ойын шарты:Атқа отырған балалар теңге тұрған шеңберді айналып жүгіреді.Музыка әуені тоқтағанда балалардың қайсысы бірінші теңгені алса сол бала жеңімпаз атанады.



Сергіту сәті

3.Ұлттық ойын «Ыдыстағы асықтар»

 Ойын шарты:Балалар асықты ыдыстың сыртына шығарады.Келесі ойынды жалғастыратын бала асықты ыдыстың ішіне орналастырады.

4. Ұлттық ойын «Оюларды орнына орналастыр

Шарты:Балалар этно кілемше арқылы жүгіріп өтіп оюды құрастырады.

Алдар көсе:Балалар,сендермен ұлттық ойындар ойнап үйрендім.Сендерге көп рақмет.Мен енді қайтайын келесі кезлескенше қш сау болыңыздар!

Қорытынды:
Нұсқаушы:Бүгінгі ұйымдастырылған іс-әрекетімізге кім қонаққа келді.

Балалар:Алдар көсе

Нұсқаушы:Ұйымдастырылған іс-әрекетіміздің тақырыбы қандай?

Балалар:Ұлттық ойындар

Нұсқаушы:Қандай ойын ойнадық?

Балалар:Шертпек.теңге ілу,асықпен ойындар.

Нұсқаушы:Шертпек  ойыны қалай ойналады?

Нұсқаушы:Теңге ілу ойыны қалай ойналады

Нұсқаушы:Жарайсыңдар,балалар,сендер бүгінгі ұйымдастырылған іс-әрекетімізге жақсы қатыстыңдар.Балаларды бір сапқа тұрғызу, Толық сапқа тұруларын қадағалау.Балаларды мадақтау.



















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
23.10.2025
95
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі