Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ұлттық ойындар

Материал туралы қысқаша түсінік
қысқа мерзімді сабақ жоспары орыс мектебіндегі қазақ тілі және әдебиеті мұғалімдеріне арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Cабақтың тақырыбы


«Абай мұражай-үйі

1.Білімділік:



2.Тәрбиелік:


3.Дамытушылық

Абай Құнанбаев туралы білетін мәліметтерді қайталай отырып, Абайдың мұражай-үйі туралы мәліметтер алады, грамматикалық тақырыптарды қайталайды.

Мұражайлар туралы білуге, ұлттық құндылықтарды сақтауға, насихаттауға тәрбиеленеді.

Әр түрлі тапсырмалар орындай отырып, білімдерін тереңдетеді, ауызша және жазбаша тілдерін, шығармашылық қабілеттерін дамытады.

Жетістік критерийлері:

Оқушының төменгі жетістігі (ОТЖ): Абай Құнанбайұлы және мұражай туралы айтады, оны басқаларға таныстыра алады;

Оқушының орташа жетістігі (ООЖ): Мұражай ісінің бағыттары, Абай мұражай-үйін қарапайым сөйлемдер арқылы сипаттайды;

Оқушының жоғарғы жетістігі (ОЖЖ): сыныптастарымен Абай мұражай-үйі туралы тілдесе алады, сөйлеу үлгілері арқылы сұхбаттасады.

Негізгі түсініктер:

Мұражайдағы заттар, замандастары, күрделі жөндеу, қыстау, бірқалыпты, кебеже

Сабақта қолданылатын материалдар:

Интерактивті тақта, слайдтар, А4 парағы, маркерлер, плакат, тақырыпқа қатысты суреттер, альбомдар мен буклеттер, смайликтер.

Оқыту әдістері:

Сипаттау, түсіндіру, сұрақ-жауап, «Жүректен жүрекке» тренингі, «Ой шақыру» әдісі, ассоциаграмма, «ДЖИКСО» әдісі, «Сандар сөйлейді» әдісі, «Галереяға саяхат», «Дұрыс па, бұрыс па» , сергіту жаттығуы.

Дереккөздер:

Әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар, бейнефильмдер



Тапсырмалар:

Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:


Сабақ кезеңдері


Мұғалім іс-әрекеті


Оқушы іс-әрекеті

Оқушыларға

психологиялық ахуал туғызу

2 минут

«Жүректен жүрекке» тренингін өткізеді.

Оқушыларды топқа бөледі.

Оқушылар бір-біріне жақсы тілектер айтып, жағымды көңіл-күй туғызады.

Топқа бөлінеді, топ басшыларын анықтайды.

Өткен сабақты тексеру

3 минут

«Мұражай» тақырыбы бойынша сұрақтар қоя отырып, өтілген білімдерін тексереді.

-Мұражай дегеніміз не?

-Мұражай топтары?

-Мұражай ісінің бағыттары?


Берліген сұрақтар бойынша әр топ өткен сабақты еске түсіре отырып «Ассоциограмма» құрастырады

І топ: Мұражай дегеніміз не?

ІІ топ: Мұражай топтары

ІІІ топ: «Мұражай ісінің бағыттары

І. Қызығушылықты ояту


9 слаид (презентация)

7 минут

Оқушылардың жаңа сабаққа деген қызығушылығын арттыру мақсатында «Ой шақыру» әдісін пайдаланып, «Абай Құнанбайұлы» туралы презентацияны көрсетеді.

Дарынды оқушылардан алдын ала берілген тапсырмаларды тексереді.

Презентацияны көреді, көрген мәліметтері бойынша әр топ тапсырмалар орындайды.

І топ: «Сандар сөйлейді»

ІІ топ: «Дұрыс па, бұрыс па»

ІІІ топ: «Галереяға саяхат»

Әр топтың айтқан мәліметтерін жинақтай келе өздерінің дайындап келген мәліметтерін айтып өтеді.

Рудаметова К: «Абайдың балалық шағы»

Томилова Е: «Абай-аудармашы»

Чумакова В: «Абай-ақын»

ІІ. Мағынаны тану

1 минут

1.Сөздікпен жұмыс.

Мұғалім интерактивті тақтадан тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырады, аудармасын айтады. Оларды оқиды, оқушыларға қайталатады.

Тыңдалым. Оқылым.

Жаңа сөздерді тыңдайды, қайталайды.

Айтылым. Дұрыс айтылуымен ауызша жаттығу жүргізеді.

11 слаид (бейнефильм)

3 минут

2. Мәтіналды жұмыс

Бейнефильмді көрсетеді. Сұрақтар қояды

1.Бейнефильмнен не көрдік?

2. Кімнің мұражай-үйін көрдік?

3. Мұражай қайда орналасқан екен?

4. Мұражайдан нелерді көрдік?

Бейнефильмді көреді, сұрақтарға жауап береді.

7 минут

3. Мәтінмен жұмыс.

«ДЖИКСО» әдісін қолданады,

Оқушыларға стикер бере отырып, топқа бөледі, мәтін бөліктерін әр топқа таратады.

Стикерде жазылған сандар бойынша қайта топқа бөлінеді, әр топ өздеріне берілген мәтін бөлігін топта оқиды, талдайды. Өз топтарына қайтады, оқыған мәтін бөліктерін бір-біріне айтып, түсіндіреді.

3 минут

4. Мәтінсоңы жұмыс

«Сұрақтар шеңбері» әдісін қолданады.


Әр топ мәтін бойынша сұрақтар құрастырады, топ арасында айырбастайды, сұрақтарға жауап береді.

16 слаид

(ән)

2 минут

5. Сергіту сәті

Абай Құнанбайұлының «Көзімнің қарасы» әнін орындатады.

«Көзімнің қарасы» әнін караокемен бірге ілесе отырып айтады.

Грамматикалық тапсырма

3 минут


Әр топқа грамматикалық тапсырмалар береді.

І топ: Берілген сөйлемдерді дұрыс құрастырады 1 сөйлемге синтаксистік талдау жасайды.

ІІ топ: Сөйлемдерді толықтырады, «Мұражай» сөзіне морфологиялық талдау жасайды.

ІІІ топ: «Сәйкесін тап», берілген сөздердің синоним, антонимдерін жазады.

ІІІ. Ойтолғаныс

2 минут

Жұптық жұмыс.

«Абай мұражай-үйі» тақырыбында диалог құрғызады.

Сабақта танысқан мәліметтер негізінде диалог құрастырады.

IV. Бекіту

5 минут


10 сұрақтық тест жұмысын орындатады.

Тест тапсырмаларын орындайды, бірін-бірі тексереді.

V. Бағалау

2 минут

Мұғалім оқушылардың бағалауы бойынша өз ойын айтып, қорытынды бағаны өзі қояды.

Топ басшылары оқушыларға өз бағаларын қояды.

VI. Үйге тапсырма

1 минут

«Абай мұрасы-асыл қазына» эссе


VII. Рефлексия

5 минут

«Ашық микрафон» әдісі

Оқушылар сабақтан алған әсерлерін «Ашық микрафон» арқылы айтады.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.11.2018
434
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12