400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Ұлттық ойындар - халық мұрасы"

Материал туралы қысқаша түсінік
фывапролджэждлорпавывапролджхзщшгнекуцйцячсмитьбю
Материалдың қысқаша нұсқасы

ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАР –ХАЛЫҚ МҰРАСЫ

Сабақтың мақсаты:Халқымыздың ұлттық ойындарының қалай қалыптасқандығы, оның атадан балаға, үлкеннен кішіге мұра болып жалғасып отырғандығы туралы мағлұмат беру. Ұлттық ойын түрлерінің мазмұнын түсіндіре отырып, ойнату арқылы қызығушылықтарын арттыру. Ата бабамыздан бізге жеткен баға жетпес байлығымыз, асыл қазынамыз ұлттық ойындар екендігін біліп өсуге, денсаулығын шыңдай түсуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі:  (ұлттық ойындарға байланысты суреттер, видео роликтер), шарлар т. б
Кіріспе сөз:

Халқымыздың тарихи - мәдени мұраларының түрлері сан алуан. Солардың қай - қайсысы да адамға, соның игілігіне қызмет етуге бағытталған. Осындай аса құнды игіліктердің бірі – ұлттық ойындар. Бүгінде адам баласы жасаған жеті кереметтің қатарына сегізінші етіп осы ойынның аталып жүруі де жайдан - жай емес. Бұрын ел қорғаушы батыр, жауынгер, халық қайраткерлері, ойын үстінде көрінеді. Сол оын арқылы шынығып, өзінің бойындағы табиғи дарынын шыңдай түседі. Ұлттық ойындар осылайша атадан - балаға, үлкеннен - кішіге мұра болып жалғасып отырған. Ойын тек адамның дене күш - қуатын молайтып, оны шапшаңдыққа, дәлдікке тәрбиелеп қана қоймай, адамның ақыл - ойының толысуына, есейіп өсуіне де көп пайдасын тигізеді. Қазақтың ұлттық ойындары тақырыпқа өте бай және алуан түрлі болып келеді.
Мұғалім: Ал, балалар, кім қандай ұлттық ойын түрлерін біледі?
Балалар: Көкпар, күрес, теңге алу, жамбы ату, аударыспақ, қыз қуу т. б
Мұғалім: Бұл ойындарда қандай мінез - құлықта болуды қажет етеді?
Балалар: Өжеттікті, батылдықты, шапшаңдықты, табандылықты, тапқырлықты...
Мұғалім: Олай болса, балалар, келесі кезекті ойын түрлеріне байланысты жаттаған өлең жолдарына берейік.

Нұршах: Әзір титтей бойымыз,
Әзір балаң ойымыз.
Тек қуамыз ойын біз.
Ұзарады бойымыз.
Толысады ойымыз
Өйткені біз күн санап
Өсіп келе жатырмыз.
Сегізге толған батырмыз.

Айжан Кел, қанекей, келіңдер,
Тамашаны көріңдер.
Бізде қызық ойын бар.
Барлығың ден қойыңдар.

Қолғанат: Атты баптап,
Түсеміз біз көкпарға.
Күш болмаса өзіңде
Қаларсың аунап көк шаңға.

Әлихан: Көкпар - ұлттық ат спорты ойындарының бірі. Ойынның атауы «көк бөрте» (лақ) сөзінен шыққан. Көкпарға жасқа толған серкенің семізі таңдалған. Семіз серке терісі жыртылмайды. Орташа салмағы 20 - 30 кг – дай келеді. Басқа малдың терісі жыртылғыш болғандықтан көкпарға тартпайды.
Дариға: Көкпар жігіттердің күш - жігерін, төзімділігін батылдығы мен ептілігін, ат үстінде мығым отыруын қалыптастырады. Сонымен қатар көкпар аттың қалай бапталып үйретілгенін, жүйріктігін де сынайтын спорт.
Інжу: Бәйге міне басталды.
Қосылдым мен шетінен.
Озып шықсам егерде
Әжем сүйер бетімнен.
Нұрсұлтан : Ала алмасаң теңгені,
Мазақ қылар көпшілік.
Ілу үшін теңгені
Керек екен ептілік.
Мұғалім: Қазақтың кез - келген шаңырағында болған той - мереке ән - бисіз өтпеген.
Олай болса, «Қара жорға» биін тамашалайық.
Біздер шымыр, жүйрік те
Ойынменен шынықтық
Еп қана емес, бірлікте
Керек екен соны ұқтық.
Мұғалім: Қазақтың ұлттық ойындарының көптеген түрлері бар. Азғантай уақыттың ішінде олардың барлығына бірдей тоқталу мүмкін емес. Сондықтан қазір сол ойындардың ішінде «Арқан тартыс», «Сақина салу», «Асық» ойындарын ойнап көрейік.
Асық ойыны - ер балаларға тән ойын. Асық ойынын жазды күні тақыр жерде ойнайды.
Асық ойыны туралы балалардан сұрақтарға жауап алынады. Асық ойны және арқан тартыс ойны ойнатылады.
Қорытынды сөз: Сонымен ұлттық ойындар - ата - бабамыздан бізге жеткен, өткен мен бүгінгіні жалғастыратын баға жетпес байлығымыз, асыл қазынамыз. Ойын адамның алдынан өмірдің есігін ашып, қабілетін оятады. Ойынсыз ақыл - ойдың қалыпты дамуы мүмкін емес. Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе секілді. Ойын дегеніміз тынысы кең, алысқа меңзейтін, ойдан - ойға жетелейтін, адамға қиялымен қанат бітіретін ғажайып нәрсе, ақыл - ой жетекшісі, денсаулық кепілі, өмір тынысы.
Атадан балаға мұра болып жалғасып келе жатқан ұлттық ойындарымызды ойнау арқылы бойымызға қүш жинап, ақыл - ойымызды толықтырып, еліміздің туын биікке көтеретін сегіз қырлы, бір сырлы азаты мен азаматшалары болып өсе берейік - дей келе Сейсенғали Ақылбектің орындауында «Жаса, Қазақстан!» әнімен сынып сағатымызды аяқтаймыз.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
03.04.2019
780
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі