«Ұлттық ойындар арқылы балабақшада рухани-адамгершілік тәрбие беру»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Ұлттық ойындар арқылы балабақшада рухани-адамгершілік тәрбие беру»

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ халқының сан ғасырлық тарихында ұрпақ тәрбиесі ең маңызды мәселе болып келген. Бала тәрбиесі – ұлт болашағының кепілі, ел ертеңінің іргетасы. Ата-бабамыз балаға «адам бол» деп тілек айтып, оның бойына кішкентайынан имандылық, адамгершілік, ізгілік, мейірімділік сияқты құндылықтарды сіңіруге тырысқан. Бұл тәрбие жүйесі халықтың өмір салтынан, дәстүрінен, ауыз әдебиетінен, ұлттық ойындарынан бастау алып, қазіргі заманғы тәрбиемен сабақтасып келеді. Осындай ұлт руханиятының ажырамас бір бөлшегі – ұлттық ойындар.Ұлттық ойын – тек қана көңіл көтеру құралы емес, ол – халқымыздың дүниетанымын, мәдениетін, тарихын, мінез-құлқын, салт-дәстүрін бойына сіңірген тәрбиелік мәні зор мәдени мұра. Әсіресе, мектепке дейінгі жастағы балалар үшін ойын – негізгі әрекет түрі. Баланың дамуында, жеке тұлға болып қалыптасуында ойынның орны ерекше. Осы жаста бала айналасындағы құбылыстарды, адамдар арасындағы қарым-қатынасты, мінез-құлық үлгілерін ойын арқылы түсінеді және қабылдайды.
Материалдың қысқаша нұсқасы



«Алматы облысы білім басқармасының Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Әйгерім -1» бөбекжай балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны







Әдістемелік нұсқаулық тақырыбы: «Ұлттық ойындар арқылы балабақшада рухани-адамгершілік тәрбие беру»

(Балабақшаға арналған оқу құралы)













Автор: Абдихалиева Гульнара Даулетхановна

Тәрбиеші











2025 оқу жылы

Пікір берушілер:

1

2.



Құрастырушы: Абдихалиева Гульнара Даулетхановна

«Алматы облысы білім басқармасының Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Әйгерім -1» бөбекжай балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны



Жалпы 34 бет. 2025 жыл.







Бұл әдістемелік нұсқаулық мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының тәрбиешілеріне, әдіскерлеріне және жас мамандарға арналған. Нұсқаулықта қазақ халқының ұлттық ойындарын қолдану арқылы балалардың рухани-адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру жолдары жүйелі түрде ұсынылады. Балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес ойын түрлерін таңдау, оларды күн тәртібіне кіріктіру, ойыннан кейінгі тәрбиелік әңгіме жүргізу, ата-анамен бірлескен іс-шаралар, инклюзивті топтармен жұмыс сынды нақты әдістемелік ұсыныстар қамтылған.Әдістемелік құралдың негізгі мақсаты – ұлттық ойындарды тәрбие құралы ретінде тиімді пайдалану арқылы мектепке дейінгі жастағы балалардың бойында мейірімділік, сыйластық, әділдік, достық, жауапкершілік сияқты адами құндылықтарды қалыптастыру. Сонымен қатар, тәрбиешілерге арналған практикалық бөлімдер, ашық сабақ үлгілері мен ойын сценарийлері балабақшадағы тәрбие жұмысының сапасын арттыруға көмектеседі.Нұсқаулық ұлттық тәрбиені жаңғырту, жас ұрпақтың бойына салт-дәстүрді сіңіру және рухани дамуын қолдау мақсатында әзірленген.















ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛЫҚ ЖОСПАРЫ

Тақырып: Ұлттық ойындар арқылы балабақшада рухани-адамгершілік тәрбие беру



I. Кіріспе ____________________________________________________2

II.Негізгі бөлім________________________________________________5

1.Рухани-адамгершілік тәрбиенің мазмұны ________________________5 1.1 Мектепке дейінгі жастағы балалар үшін рухани тәрбие ұғымы 1.2 Адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру ерекшеліктері 1.3 Баланың жан дүниесін байытудағы ойынның рөлі

2. Ұлттық ойындардың тәрбиелік мүмкіндіктері ___________________8 2.1 Қазақ халқының ұлттық ойындарының жіктелуі 2.2 Танымдық, моральдық, эмоциялық әсері 2.3 Баланың мінез-құлқын, қарым-қатынасын дамытудағы рөлі

3. Балабақшада ұлттық ойындарды ұйымдастыру әдістемесі__________11 3.1 Жас ерекшеліктеріне сай ойын түрлерін таңдау 3.2 Күн тәртібіне сай кіріктіру жолдары 3.3 Тәрбие жұмысына кіріктіру тәсілдері

4. Рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыратын ойын түрлері___15 4.1 Ойыннан кейінгі тәрбиелік әңгіме жүргізу үлгілері

5. Тәрбиешілерге арналған әдістемелік ұсыныстар ______________________18 5.1 Тәрбие сағаты мен ашық сабақтарға кіріктіру 5.2 Ата-анамен бірлескен іс-шараларда қолдану 5.3 Ұлттық мерекелер мен «Дәстүр күні» іс-шараларында пайдалану 5.4 Инклюзивті топтарда қолдану ерекшелігі

6. Практикалық бөлім_______________________________________________22

ІII. Қорытынды және ұсыныстар _____________________________________30

IV.Пайдаланылған әдебиеттер тізімі__________________________________32







1

I. Кіріспе

Қазақ халқының сан ғасырлық тарихында ұрпақ тәрбиесі ең маңызды мәселе болып келген. Бала тәрбиесі – ұлт болашағының кепілі, ел ертеңінің іргетасы. Ата-бабамыз балаға «адам бол» деп тілек айтып, оның бойына кішкентайынан имандылық, адамгершілік, ізгілік, мейірімділік сияқты құндылықтарды сіңіруге тырысқан. Бұл тәрбие жүйесі халықтың өмір салтынан, дәстүрінен, ауыз әдебиетінен, ұлттық ойындарынан бастау алып, қазіргі заманғы тәрбиемен сабақтасып келеді. Осындай ұлт руханиятының ажырамас бір бөлшегі – ұлттық ойындар.Ұлттық ойын – тек қана көңіл көтеру құралы емес, ол – халқымыздың дүниетанымын, мәдениетін, тарихын, мінез-құлқын, салт-дәстүрін бойына сіңірген тәрбиелік мәні зор мәдени мұра. Әсіресе, мектепке дейінгі жастағы балалар үшін ойын – негізгі әрекет түрі. Баланың дамуында, жеке тұлға болып қалыптасуында ойынның орны ерекше. Осы жаста бала айналасындағы құбылыстарды, адамдар арасындағы қарым-қатынасты, мінез-құлық үлгілерін ойын арқылы түсінеді және қабылдайды. Сол себепті балабақшада тәрбиенің негізін ойын арқылы беру – баланың ішкі жан дүниесіне жол табудың ең тиімді жолы.Қазіргі таңда ұлттық құндылықтарды сақтау мен жаңғырту, жас ұрпақтың бойына рухани-адамгершілік қасиеттерді дарыту – мектепке дейінгі ұйымдар жұмысының басты бағыттарының біріне айналып отыр. Өйткені технологиялық үдерістер, жаһандану, ақпарат ағыны балалардың дүниетанымына ықпал етіп, ұлттық негіздерден алшақтауға себеп болуы мүмкін. Мұндай жағдайда халықтық тәрбие негіздерін қайта жаңғыртып, тәрбиенің іргетасын ұлттық негізде қалаудың маңызы арта түсуде.Ұлттық ойындар арқылы баланы рухани-адамгершілікке тәрбиелеу – баланың тек дене дамуын ғана емес, сонымен бірге оның ішкі жан дүниесін, сезімін, мінезін, қарым-қатынасын жетілдіретін тиімді әдіс. Ойын барысында бала достыққа, сыйластыққа, тәртіпке, жауапкершілікке, әділдікке, кешірімділікке, үлкенді құрметтеп, кішіге қамқор болуға үйренеді. Бұл қасиеттер – рухани-адамгершілік тәрбиенің басты көрсеткіштері.Балабақшада ұлттық ойындарды жүйелі түрде қолдану арқылы тәрбиешілер бала бойына халқымыздың рухани құндылықтарын дарыта алады. Мысалы, «Сақина тастау» ойыны – инабаттылық пен сыпайылыққа, «Арқан тарту» – бірлікке, «Қуыр-қуыр қуырмаш» – сөздік қорды дамытуға, есту және есте сақтау қабілеттерін арттыруға көмектеседі. Ойын барысында балалар тек қимыл-әрекет жасап қана қоймайды, олар бір-бірімен қарым-қатынас жасайды, өзара келіседі, рөлдерге енеді, демек, әлеуметтік және коммуникативтік дағдылар да дамиды. Балабақша жасындағы балалар үшін рухани-адамгершілік тәрбие абстрактілі түсініктерден емес, күнделікті әрекет арқылы берілуі қажет. Ұлттық ойындар осы тұрғыдан өте ыңғайлы, себебі олар балаға жақын, түсінікті және қызықты формада беріледі. Ойын барысында бала жақсылық пен жамандықты ажырата бастайды,

2

әділеттілік пен әділетсіздікке өздігінен баға беруге дағдыланады.Сонымен қатар ұлттық ойындар арқылы баланың тіл байлығы дамып, логикалық ойлауы, шығармашылығы артады. Бірқатар ойындарда (мысалы, «Тоғызқұмалақ» немесе «Асық ату») математикалық ойлау, дәлдік, стратегия құру элементтері кездессе, кейбір ойындарда сахналанған элементтер арқылы бала еркін сөйлеуге, өзін еркін көрсетуге мүмкіндік алады. Бұл өз кезегінде мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының білім беру стандарттарында көрсетілген дамудың барлық салаларын қамтиды: дене, таным, сөйлеу, әлеуметтік-эмоционалдық, шығармашылық.Осы әдістемелік нұсқаулықтың басты мақсаты – ұлттық ойындардың тәрбиелік әлеуетін ашып көрсету, оларды мектепке дейінгі білім беру процесіне кіріктіру жолдарын ұсыну және тәрбиешілерге нақты әдістемелік көмек беру. Нұсқаулықта балалардың жас ерекшеліктеріне сай ойын түрлері, оларды ұйымдастыру әдістері, рухани-адамгершілік құндылықтармен байланыстыру жолдары ұсынылады.Балабақшада ұлттық ойындарды қолдану – балалардың рухани-адамгершілік тәрбиесін қамтамасыз етудің тиімді құралы. Ол баланың ұлттық рухпен сусындауына, отансүйгіштікке, инабаттылыққа, жауапкершілікке баулу арқылы елдің ертеңі болатын тұлға қалыптастыруға жол ашады. Тәрбиешінің міндеті – ұлттық мұраны баланың дүниетанымына лайықтап, оны ойын арқылы жеткізе білу. Сонда ғана тәрбие берудің түп-тамырына үңіліп, ұлт болашағын тәрбиелеу жолында нақты нәтижеге қол жеткізуге болады.

Тақырыптың өзектілігі

Қазіргі таңда мектепке дейінгі ұйымдарда тәрбиенің мазмұны мен әдістерін ұлттық құндылықтармен байыту – басты талаптардың бірі. Жаһандану үдерісі мен ақпараттық ғасыр баланың рухани әлеміне түрлі ықпал етуде. Осындай жағдайда ұлттық тәрбие негізінде адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру – өзекті мәселе. Қазақтың ұлттық ойындары – ұрпақты рухани жағынан байытып, ізгілікке, мейірімділікке, әділдікке, ұйымшылдыққа баулитын тәрбиенің қуатты құралы. Әсіресе балабақша жасындағы балалар үшін ойын – басты әрекет түрі болғандықтан, ұлттық ойындар арқылы адамгершілік тәрбие беру тиімді нәтижелер береді. Ойын барысында балалар өзара сыйластық, достық, адалдық, үлкенге құрмет, кішіге қамқор болу сияқты қасиеттерді бойына сіңіреді. Сондықтан мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында ұлттық ойындарды жүйелі қолдану – ұлттық болмысымызды сақтау мен болашақ тұлғаны тәрбиелеудің маңызды жолы болып табылады.





3

Мақсаты

Бұл әдістемелік нұсқаулықтың басты мақсаты – мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында қазақтың ұлттық ойындарын тиімді пайдалану арқылы балалардың бойында рухани-адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру жолдарын айқындау. Ұлттық ойындарды күнделікті тәрбие жұмысына кіріктіру арқылы баланың мейірімділік, адалдық, әділдік, сыйластық, үлкенге құрмет, кішіге қамқор болу сияқты қасиеттерін дамыту көзделеді. Сонымен қатар, тәрбиешілерге арнап ұлттық ойындарды ұйымдастырудың нақты әдістері мен тәсілдерін ұсыну, балалардың жас ерекшелігіне сай ойын түрлерін іріктеу және оларды тәрбие мақсатында жүйелі қолдану жолдарын көрсету – бұл нұсқаулықтың маңызды міндеттерінің бірі. Осы арқылы педагогтар ұлттық тәрбие мен ойын әдістерін біріктіре отырып, жан-жақты дамыған, ұлттық рухы биік, адамгершілігі жоғары тұлға қалыптастыруға өз үлесін қоса алады.



Міндеттері:

  1. Мектепке дейінгі жастағы балаларға арналған рухани-адамгершілік тәрбиенің мазмұнын ғылыми-теориялық тұрғыда негіздеу;

  2. Қазақтың ұлттық ойындарының тәрбиелік мүмкіндіктерін саралау және адамгершілік құндылықтармен байланысын анықтау;

  3. Балалардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне сәйкес ұлттық ойын түрлерін іріктеу және жүйелеу;

  4. Ұлттық ойындарды тәрбие процесіне тиімді енгізу жолдарын көрсету, тәрбиешілерге арналған әдістемелік ұсынымдар дайындау;

  5. Ұлттық ойындар арқылы балалардың бойында мейірімділік, әділдік, достық, үлкенге құрмет пен кішіге қамқорлық сияқты рухани қасиеттерді қалыптастыру жолдарын ұсыну;

  6. Ойын арқылы берілетін тәрбие мен білімнің бірлігін қамтамасыз ету, тәрбиешінің кәсіби шеберлігін арттыруға ықпал ету.













4

Негізгі бөлім

1.Рухани-адамгершілік тәрбиенің мазмұны

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесінде баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуы үшін рухани-адамгершілік тәрбиенің алатын орны ерекше. Бұл тәрбие түрі – баланың ішкі жан дүниесін байытып, мінез-құлқын, қарым-қатынас мәдениетін, құндылықтық бағдарын дұрыс бағытқа бұратын, қоғамда адам ретінде өмір сүру дағдыларын қалыптастыратын маңызды үдеріс. Рухани-адамгершілік тәрбиенің басты мақсаты – бала бойына мейірімділік, әділдік, ізгілік, жауапкершілік, адалдық, шыншылдық, сыйластық сияқты қасиеттерді дарыту.Бұл жас кезеңде баланың мінез-құлқы, құндылықтарға көзқарасы, айналасындағы адамдармен қарым-қатынасы қалыптаса бастайды. Сондықтан тәрбиешінің басты міндеті – баланың бойындағы жақсы қасиеттерді көріп, оларды дамытып отыру. Мектепке дейінгі жаста балалар үлгіге қарап үйренеді, сондықтан рухани-адамгершілік тәрбие көбіне үлкендердің іс-әрекеті, сөйлеу мәнері, қарым-қатынасындағы мәдениеттілік арқылы сіңеді. Бірақ бұл тәрбиені тиімді ету үшін арнайы ұйымдастырылған жұмыс түрлері қажет. Соның ішінде ойын – ең қолайлы әрі бала табиғатына жақын құрал болып саналады.Рухани-адамгершілік тәрбие баланың барлық дамуын қамтиды: ойлау, сөйлеу, мінез-құлық, сезім, ерік, қарым-қатынас. Баланың қоғамдағы, отбасындағы, балабақшадағы орнын түсінуі осы тәрбиеге тікелей байланысты. Бұл бағыттағы жұмыс ата-анамен тығыз байланыста жүргізілуі тиіс. Үйде берілген тәрбие мен балабақшадағы тәрбиенің арасында алшақтық болмауы — баланың бойында тұрақты мінез қалыптастырудың кепілі. Рухани-адамгершілік тәрбие мазмұнына келесі бағыттар кіреді: Адамгершілік сезімдерді дамыту – мейірімділік, аяушылық, жанашырлық, кешірімділік сияқты эмоциялық қасиеттерді тәрбиелеу.Қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру – достыққа бейім болу, бір-біріне көмек көрсету, сыйластық пен құрмет көрсету дағдыларын меңгерту.Моральдық нормаларды меңгерту – дұрыс пен бұрысты, жақсы мен жаманды ажыратуға үйрету, әділдікке баулу.Ішкі ерік-жігер мен жауапкершілікті дамыту – өз әрекетіне есеп беру, тәртіп сақтау, уәдеге берік болу.Ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды сіңіру – салт-дәстүрлерге, үлкендерге, ана тіліне деген сүйіспеншілік пен құрмет қалыптастыру.Мектепке дейінгі балалармен бұл бағыттағы жұмыстар ертегілер оқу, сурет салу, ойындар ойнату, жағдаяттар шешу, өлеңдер жаттату, көрініс қою, мейірімділік туралы әңгіме жүргізу, мерекелік іс-шаралар ұйымдастыру сияқты әдіс-тәсілдер арқылы жүргізіледі.Осы үдерісте қазақтың ұлттық ойындары — аса маңызды құрал. Себебі оларда баланың жас ерекшелігіне сай бейімделген іс-әрекет түрлері ғана емес, халқымыздың өмірлік тәжірибесі, тәрбие қағидалары, рухани құндылықтары

5

жинақталған. Ұлттық ойын арқылы бала тек қимыл жасап, көңіл көтеріп қана қоймайды, сонымен қатар белгілі бір моральдық-этикалық үлгілерді бойына сіңіреді.Осылайша, рухани-адамгершілік тәрбиенің мазмұны баланың жан-жақты дамуына бағытталып, тұлғалық қасиеттерін қалыптастыруда шешуші рөл атқарады. Бұл тәрбие түрі баланың өмір бойы ұстанатын адами ұстанымдарының негізін қалайды. 1.1Мектепке дейінгі жастағы балалар үшін рухани тәрбие ұғымы .Мектепке дейінгі жастағы балалар үшін рухани тәрбие – олардың ішкі жан дүниесін байытып, адамгершілік қасиеттерді қалыптастыруға бағытталған тәрбие түрі. Бұл кезеңдегі бала — жаңа ғана өмірді тануға қадам басқан, мінез-құлқы мен әдеттері енді қалыптасып келе жатқан нәзік тұлға. Сол себепті тәрбие жұмысы ең алдымен баланың жүрегіне жол табудан басталуы тиіс. Рухани тәрбие балаға тек ақ пен қараны, жақсы мен жаманды ажыратуды үйретіп қана қоймай, оның айналадағы адамдарға деген қарым-қатынасын, мейірімділік пен сүйіспеншілікке негізделген ішкі мәдениетін қалыптастырады.Бұл тәрбиенің негізі – ата-ананың жылы сөзі, тәрбиешінің үлгілі әрекеті, ойын мен шығармашылық арқылы берілетін ізгілік ұғымдары. Мектепке дейінгі жаста рухани тәрбие балаға көркем әдебиет оқу, ұлттық ойындар ойнау, әңгімелесу, мысалдар келтіру, жағдаяттарды талдау арқылы беріледі. Нәтижесінде бала үлкенге құрмет көрсету, досына көмектесу, жанашыр болу, әділ болу сияқты қарапайым, бірақ өмірлік маңызды адами қасиеттерді меңгере бастайды. 1.2 Адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру ерекшеліктері .Адамгершілік қасиеттер – тұлғаның қоғамда лайықты өмір сүруі үшін қажет ішкі құндылықтары мен мінез-құлық нормалары. Бұл қасиеттерге мейірімділік, әділдік, адалдық, шыншылдық, үлкенге құрмет, кішіге қамқорлық, сабырлылық, достық пен жауапкершілік жатады. Адамгершілік тәрбиесі балаға кішкентай кезінен бастап берілмесе, кейін оны қалыптастыру әлдеқайда қиынға соғады. Сол себепті адамгершілік тәрбиесінің ең басты және алғашқы баспалдағы – мектепке дейінгі тәрбие мекемелері.Мектепке дейінгі жастағы балалар үшін адамгершілік ұғымы әлі абстрактілі, яғни түсінігі нақты қалыптаспаған болады. Сондықтан бұл жас кезеңде тәрбиелік ұғымдарды балаға тек сөзбен емес, іс-әрекет, жағдаят, ойын, көркем әдебиет арқылы жеткізу қажет. Мысалы, бала «мейірімділік» сөзін естігенде, оны біреуге көмектесу, жылаған досын жұбату, ойыншығын бөлісу сияқты нақты әрекеттер арқылы ғана түсінеді. Сол себепті тәрбиеші әрбір адамгершілік ұғымын баланың жас ерекшелігіне сай мысалмен, қимылмен, бейнелеу әрекетімен байланыстыра отырып түсіндіруі тиіс.Адамгершілік қасиеттерді қалыптастыруда ересектердің жеке үлгісі аса маңызды рөл атқарады. Балалар үлкендердің іс-әрекетіне, сөйлеу мәнеріне, бір-бірімен қарым-қатынасына еліктеп өседі. Егер тәрбиеші балалармен сыпайы сөйлесіп, әділ шешім қабылдап, барлығына бірдей

6

көңіл бөліп отырса, балалар да осындай мінез-құлықты бойына сіңіре бастайды. Сонымен қатар баланың отбасындағы тәрбиесі де бұл процесте шешуші маңызға ие. Балабақша мен отбасы арасындағы тәрбиелік ынтымақтастық бала бойында тұрақты мінез бен оң көзқарасты қалыптастырудың кепілі болады.Адамгершілік тәрбиесі бір реттік емес, жүйелі жүргізілетін, күнделікті өмірде көрініс табатын үдеріс. Балабақшада бұл тәрбие түрі күнделікті ұйымдастырылған оқу қызметі барысында, серуен кезінде, ойын сәтінде, көркем әдебиетпен жұмыс істеу кезінде, арнайы ұйымдастырылған әңгімелер мен мерекелік шаралар арқылы жүзеге асады. Мысалы, тәрбиеші ертегі оқып, ондағы кейіпкерлердің іс-әрекетін бағалатқызу арқылы балалардың әділдік пен шыншылдық туралы көзқарасын қалыптастыра алады. Ал ұлттық ойындар арқылы бірлік, достық, тәртіпке бағыну, ережені сақтау сияқты адамгершілік мінездерді дамытуға болады.Адамгершілік қасиеттерді қалыптастырудың тағы бір ерекшелігі – баланың ішкі сезімі мен эмоциялық ортасына әсер ету. Тәрбиеші баланың жақсы істеріне қуанып, оны мадақтау арқылы оның бойында жақсы мен жаманды ажыратуға деген бейімділікті дамытады. Жақсы сөз есту, жылы қарым-қатынас сезіну – баланың бойындағы ізгілік ұрығын оятады. Ал жазалау немесе дөрекі сөйлесу кері әсер береді.Адамгершілік қасиеттерді мектепке дейінгі кезеңде қалыптастыру – бала өмірінің барлық саласында жүйелі жүргізілетін, тәрбиеші мен ата-ананың бірлескен жұмысын талап ететін күрделі де маңызды процесс. Бұл тәрбиенің нәтижесі – тек жақсы мінез ғана емес, ел болашағына жауапты, парасатты, ізгілікті тұлға қалыптастыру болмақ. 1.3 Баланың жан дүниесін байытудағы ойынның рөлі .Ойын — мектепке дейінгі жастағы балалардың негізгі іс-әрекет түрі ғана емес, сонымен қатар тұлғалық дамуының, рухани баюының басты құралы. Баланың жан дүниесі ойын арқылы қалыптасып, өзін қоршаған орта туралы алғашқы түсініктері мен сезімдері ойын барысында дамиды. Ойын – баланың ішкі әлемін, эмоционалдық және рухани қажеттіліктерін ашудың ең табиғи әрі тиімді жолы.Ойын барысында бала тек қимыл-әрекет жасап қоймайды, ол өз ойын, көңіл-күйін, тілегін, қарым-қатынасқа деген ұмтылысын білдіреді. Рөлдік және сюжеттік ойындарда бала әртүрлі бейнелерге еніп, өзін басқа адамның орнына қойып көреді. Бұл – баланың empatiya (басқаның сезімін түсіну), жанашырлық, көмек көрсету сияқты рухани дағдыларын дамытуға жол ашады. Мысалы, «отбасы» ойынында бала ата-ананың, бауырдың немесе тәрбиешінің рөлін ойнап, солардың іс-әрекетін қайталайды. Осы арқылы бала мейірімділік, жауапкершілік, қамқорлық сияқты қасиеттерді бойына сіңіреді.Ұлттық ойындардың рөлі бұл үдерісте ерекше. Олар арқылы бала тек қазақ халқының мәдениетімен танысып қоймай, рухани құндылықтармен де сусындайды. Мәселен, «Сақина тастау» ойыны баланы байқампаздыққа, сыпайылыққа тәрбиелесе, «Арқан тарту» бірлік пен достықтың маңызын ұғындырады. Ойындарда кездесетін ережелер мен шарттар балада тәртіпке бағыну, әділдік, төзімділік,

7

сабырлылық сияқты маңызды рухани қасиеттерді қалыптастырады.Ойын — баланың ішкі жан дүниесін сөзбен емес, әрекетпен жеткізетін құрал. Баланың уайымы, қуанышы, арманы мен қиялы — бәрі ойын барысында көрініс табады. Тәрбиеші ойын арқылы баланың ішкі жағдайын түсініп, оның жан дүниесіне әсер ете алады. Мұндай нәзік әсер сөзбен берілетін дидактикалық ақпаратқа қарағанда әлдеқайда тиімді.Ойын — баланың жан дүниесін тәрбиелеудің, рухани байытуының қуатты тетігі. Ойын арқылы бала өзін таниды, өзгемен қарым-қатынас орнатады, шынайылықты сезінеді және өмірлік құндылықтарға алғашқы қадам жасайды. Сондықтан ойын – мектепке дейінгі кезеңде рухани тәрбиенің басты құралы болуы тиіс.

2.Ұлттық ойындардың тәрбиелік мүмкіндіктері

Қазақ халқының ұлттық ойындары – халықтың тұрмыс-тіршілігін, салт-дәстүрін, мәдениетін бейнелейтін, ұрпақ тәрбиесінің ажырамас бөлігі болып табылатын бай рухани мұра. Ұлттық ойындардың мазмұнында балаларды адамгершілікке, адалдыққа, еңбекқорлыққа, батырлық пен тапқырлыққа баулитын тәлім-тәрбие үлгілері мол. Әсіресе мектепке дейінгі жастағы балалар үшін бұл ойындар – тек қимыл-қозғалыс немесе ермек құралы ғана емес, тұлғаның қалыптасуына әсер ететін тәрбие құралы.Ұлттық ойындардың басты тәрбиелік мүмкіндіктерінің бірі – рухани-адамгершілік қасиеттерді дарыту. Мысалы, «Сақина тастау», «Тақия тастамақ», «Ақ серек – көк серек» сияқты ойындарда бала шапшаңдықпен қатар, ережеге бағынуды, қарсыласты сыйлауды, өз әрекеті үшін жауапкершілік алуды үйренеді. Бұл арқылы баланың бойында әділдік, өзіне және өзгеге деген сыйластық, сабырлылық сияқты адамгершілік қасиеттер қалыптасады.Сонымен қатар ұлттық ойындар балалардың әлеуметтік және эмоционалдық дағдыларын дамытады. Топпен ойнау барысында бала өзгемен қарым-қатынас жасауды, өз пікірін білдіруді, топ мүддесі үшін әрекет етуді үйренеді. Ойын барысында баланың өзін-өзі танытуы, ішкі сезімін білдіруі, өзіне деген сенімінің артуы байқалады. Бұл – тұлғалық дамудың маңызды көрсеткіші.Ұлттық ойындар танымдық дамуға да оң әсер етеді. Кейбір ойындарда (мысалы, «Тоғызқұмалақ», «Асық ату») логикалық ойлау, шоғырлану, дәлдік, стратегия құру дағдылары дамиды. Сонымен бірге ойындарда жиі қолданылатын халықтық ұғымдар, сөздер, мақал-мәтелдер, салт-дәстүр элементтері арқылы баланың ұлттық танымы мен рухани дүниесі байиды.Ұлттық ойындар балалардың қимыл-қозғалыс белсенділігін арттырып, денсаулығын нығайтып қана қоймай, олардың бойында тәртіп, ұйымшылдық, мақсатқа ұмтылу сияқты жағымды мінез-құлықтарды қалыптастырады.Қазақтың ұлттық ойындары – баланың жан-жақты дамуына, әсіресе рухани-адамгершілік тұрғыдан қалыптасуына зор әсер ететін тәрбиелік мәні терең құрал. Бұл ойындарды жүйелі әрі мақсатты түрде тәрбие процесіне енгізу – бүгінгі тәрбиешілер алдындағы маңызды міндет.

8

2.1 Қазақ халқының ұлттық ойындарының жіктелуі .Қазақ халқының ұлттық ойындары – ұлттың ғасырлар бойғы мәдени мұрасынан сыр шертетін, халықтың өмір сүру салты мен дүниетанымын бейнелейтін тәрбие құралы. Бұл ойындар баланың дене күшін жетілдіріп қана қоймай, оның ойлау қабілетін, адамгершілік қасиеттерін, эстетикалық сезімін, ұлттық рухын қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Ұлттық ойындарды тиімді пайдалану үшін оларды белгілі бір топтарға (жіктемелерге) бөліп қарастыру қажет. Жіктеу ойындардың мазмұнына, құрылымына және мақсат-міндеттеріне негізделеді. 1. Қимыл-қозғалыс ойындары.Бұл ойындар баланың дене дамуына, шапшаңдық, ептілік, төзімділік қасиеттерін жетілдіруге бағытталған. Мысалы: – «Ақ серек, көк серек» – «Аңшылар мен қояндар» – «Қуыр-қуыр қуырмаш» – «Орамал тастау» – «Арқан тартыс» Бұл ойындар көбіне далада, кең алаңда ойналады, топпен немесе жұппен ұйымдастырылады. Баланың қозғалыс белсенділігімен қатар ұйымшылдық, батылдық, ережеге бағыну дағдыларын дамытады. 2. Ойын-сауық және әдеп-ғұрыптық ойындар.Бұл ойындар халықтың тұрмыс-салтымен, салт-дәстүрлерімен тығыз байланысты және көбіне ұлттық мерекелерде, той-томалақтарда ойналады. Мысалы: – «Бет ашар» – «Қыз қуу» – «Асық ату» – «Тоғызқұмалақ» Бұл ойындар арқылы балалар қазақ халқының салт-дәстүрін, мәдени мұрасын таниды, ұлттық сана мен рухани құндылықтарға құрметпен қарауға үйренеді. 3. Ақыл-ойды дамытатын ойындар.Бала зейінін, есте сақтау, логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіретін ойын түрлері. Мысалы: «Тоғызқұмалақ», «Санамақ», «Жұмбақ шешу», «Мақал-мәтел сайысы» Бұл ойындар арқылы балалардың сөздік қоры дамып, ойлау шапшаңдығы артады. 4. Тәрбиелік мәні бар драмалық ойындар.Сюжеттік-рөлдік сипатта өтетін, кейіптену арқылы баланың шығармашылық қабілетін, сөйлеу мәдениетін, эмоциялық интеллектісін дамытуға бағытталған.Мысалы: «Аю мен балалар», «Бауырсақ», «Ертегі кейіпкерлері» ойындары.Ұлттық ойындарды осылайша жүйелеу — тәрбиешілерге оларды мақсатты әрі тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Әр ойын түрі баланың жан-жақты дамуына үлес қосады, әсіресе рухани-адамгершілік құндылықтарды меңгеруде таптырмас құрал бола алады.

9

2,2 Танымдық, моральдық, эмоциялық әсері .Қазақтың ұлттық ойындары – тек дене шынықтыру құралы ғана емес, баланың жан-жақты дамуына ықпал ететін қуатты тәрбие және оқыту құралы. Бұл ойындардың балаға тигізетін танымдық, моральдық және эмоциялық әсері ерекше маңызды. Танымдық әсері. Ұлттық ойындар баланың қоршаған ортаны танып-білуіне, ұлттың тарихы мен мәдениетін меңгеруіне жағдай жасайды. Мысалы, «Асық ату», «Тоғызқұмалақ» сияқты ойындар арқылы балалар қазақ халқының тұрмыс-тіршілігімен, дәстүрімен танысады. Сонымен қатар сан, кеңістік, уақыт ұғымдарын түсініп, логикалық ойлау, зейін, есте сақтау қабілеттері дамиды. Кейбір ойындарда қазақтың мақал-мәтелдері, жаңылтпаштары, жұмбақтары қолданылып, баланың сөздік қоры байиды, тілдік дағдылары жетіледі. Моральдық әсері.Ұлттық ойындар баланы адалдыққа, әділдікке, тәртіпке, жауапкершілікке тәрбиелейді. Ойын барысында балалар ережеге бағынуды, жеңе білуді және жеңілгенде сабыр сақтауды үйренеді. Мысалы, «Орамал тастау» ойыны – тапқырлық пен шапшаңдықты дамытса, «Арқан тарту» – ұйымшылдық пен бірлікке баулиды. Осылайша, ойын арқылы баланың бойында адамгершілік мінез-құлық қалыптасады. Эмоциялық әсері.Ұлттық ойындар баланың көңіл-күйін көтеріп, жағымды эмоция тудырады. Ойын барысында бала қуанады, таңғалады, әсерленеді, бірге ойнаған балалармен достасады. Бұл – эмоционалдық тұрақтылық пен өзара қарым-қатынас мәдениетінің қалыптасуына ықпал етеді. Әсіресе ұжыммен ойнау баланың өзіне сенімділігін арттырып, бойындағы ішкі кедергілерді жеңуге көмектеседі.Ұлттық ойындардың танымдық, моральдық және эмоциялық әсері баланың тұлғалық дамуы үшін ерекше маңызды және оларды тәрбиелеу мен оқытуда тиімді құрал ретінде пайдалану қажет. 2.3 Баланың мінез-құлқын, қарым-қатынасын дамытудағы ұлттық ойындардың рөлі Мектепке дейінгі жастағы бала үшін ойын – тек ермек немесе уақыт өткізу құралы ғана емес, мінез-құлық пен қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыратын маңызды құрал. Әсіресе, ұлттық ойындар баланың ішкі жан дүниесін байытып, оның мінезін тәрбиелеуге, басқа адамдармен дұрыс қарым-қатынас орнатуына ерекше ықпал етеді. Ойын арқылы бала өз ортасына бейімделеді, өзін еркін сезінеді, қоғамда өмір сүрудің алғашқы дағдыларын меңгереді.Балабақшадағы ұлттық ойындар баланың бойында мақсатқа жетуге деген табандылықты, өзіне деген сенімділікті, белсенділікті дамытады. Мысалы, «Арқан тарту», «Ақсерек – көксерек», «Асық ату» сияқты ойындарда жеңіске жету үшін тәртіп, төзімділік, ынтымақтастық пен табандылық қажет. Мұндай ойындар баланы шыдамдылыққа, бастаған істі соңына дейін жеткізуге, өз ісіне жауапкершілікпен қарауға баулиды. Бұл қасиеттер баланың мінез-құлқын реттеуге, өзін-өзі бақылауға үйретеді.Ұлттық ойындар – баланың өзге балалармен өзара әрекеттесуіне мүмкіндік

10

беретін әлеуметтік орта. Ойын барысында балалар бір-бірімен келісуді, ережеге бағынуды, кезек күтуді, қарсыласын сыйлауды, жеңе білуді және жеңілгенде сабыр сақтауды үйренеді. Мұндай дағдылар – баланың болашақта ұжыммен жұмыс істей алуына, қоғамда өз орнын табуына негіз болатын әлеуметтік қабілеттердің бастауы. Осылайша, ұлттық ойындар баланың коммуникативтік қабілеттерін, қарым-қатынас мәдениетін, эмоцияларын дұрыс білдіруін қалыптастырады.Ұжымдық ойындарда балалар белгілі бір топпен әрекет етуді, өз рөлін атқаруды, ортақ шешім қабылдауды меңгереді. Бұл өз кезегінде балалардың бірін-бірі тыңдау, құрметтеу, көмек көрсету, ортақ мақсатқа бірге ұмтылу сияқты қарым-қатынас дағдыларын дамытады. Мұндай ортада өскен бала өзара түсіністікке, келісімге келуге бейім болады, жанындағылармен сенімді байланыс орнатады.Ұлттық ойындар сондай-ақ баланың мінезіндегі жағымсыз көріністерді түзетуге де көмектеседі. Мысалы, тұйық, көп сөйлемейтін балалар ойын барысында ашыла бастайды, белсенділік танытып, өз ойымен бөлісуге тырысады. Ал тым агрессивті, эмоциясын бақылай алмайтын балалар ойын ережесіне бағына отырып, өзін-өзі реттеуге үйренеді. Осылайша, ойын – баланың мінезіндегі тепе-теңдікті сақтау мен ішкі тұрақтылықты орнатудың тиімді жолы.Қазақтың ұлттық ойындары – баланың мінез-құлқын тәрбиелеу мен қарым-қатынасын дамытуда таптырмас құрал. Бұл ойындар арқылы бала тек ойнап қоймайды, өмірлік маңызды дағдыларды меңгереді: сыйластық, төзімділік, сенімділік, әділдік, ұжымшылдық. Сондықтан балабақшада ұлттық ойындарды жүйелі түрде ұйымдастыру – тәрбиенің сапасын арттырудың және баланың әлеуметтену үдерісін жеңілдетудің ең тиімді жолдарының бірі.

3.Балабақшада ұлттық ойындарды ұйымдастыру әдістемесі

Балабақша жасындағы балалар үшін ойын – негізгі әрекет түрі, ал ойын арқылы берілетін тәрбие – ең тиімді әрі нәтижелі әдіс. Сол себепті мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде ұлттық ойындарды ұйымдастыру – тәрбиелеу мен оқыту жұмысының маңызды бөлігі. Қазақтың ұлттық ойындарын балабақшада жүйелі әрі мақсатты түрде қолдану арқылы балалардың бойына адамгершілік, имандылық, елжандылық, еңбекқорлық сынды қасиеттерді дарытуға болады.Ұлттық ойындарды ұйымдастыруда ең алдымен тәрбиеші ойынның мазмұны мен мақсатын дұрыс анықтауы тиіс. Ойын бала үшін қызықты, жас ерекшелігіне сай және тәрбиелік мәні болуы керек. Мысалы, 3–4 жас аралығындағы балаларға қарапайым, қимыл-қозғалыс ойындарын (мысалы, «Қуыр-қуыр қуырмаш», «Сақина тастау»), ал 5–6 жастағы балаларға рөлдік, ережелі немесе шығармашылық элементтері бар күрделірек ойындарды (мысалы, «Асық ату», «Орамал тастау», «Тақия тастамақ») қолдануға болады.Ұлттық ойындарды ұйымдастыруда мынадай негізгі әдістемелік қадамдарды ұстану қажет:

11

1. Ойынның мақсатын нақтылау.Ойынның тәрбиелік, дамытушылық және танымдық мақсаттары белгіленуі тиіс. Мысалы, бала бойында достық сезімін қалыптастыру, ережеге бағыну, шапшаңдықты дамыту немесе ұлттық салт-дәстүрге қызығушылығын ояту болуы мүмкін. 2. Ойынның мазмұны мен түрін таңдау.Балалардың жас ерекшелігі, психологиялық даму деңгейі, топтың дайындығы ескеріле отырып, ойын түрі анықталады. Қимыл-қозғалыс, рөлдік, зияткерлік, драмалық немесе сюжеттік ойындардың қайсысы қолданылатыны мақсатқа байланысты болады. 3. Ойынға дайындық жұмысы.Ойынның өткізілуіне қажетті құрал-жабдықтар, ойын алаңы, киім-кешек (егер қажет болса), фондық музыка, ұлттық элементтер алдын ала дайындалады. Сонымен қатар, балаларға ойынның шарттары, рөлі, мақсаттары түсінікті тілмен түсіндірілуі керек. 4. Ойын барысын ұйымдастыру.Ойын қызықты әрі тартымды өтуі үшін тәрбиеші оның барысын шебер басқаруы тиіс. Балаларды белсенді қатыстыру, олардың рөлге енуіне көмектесу, өзара әділ қарым-қатынас орнату – тәрбиешінің кәсіби шеберлігіне байланысты. Тәрбиеші қажет кезде ойынға өзі де араласып, дұрыс бағыт беріп отырады. 5. Қорытынды жасау және талдау.Ойыннан кейін балалармен бірге оның нәтижесін талдау маңызды. Балаларға ойындағы жақсы іс-әрекеттерді атап, адамгершілік қасиеттерге назар аударту керек. Мысалы: «Кім досына көмектесті?», «Кім ережені бұзбай ойнады?», «Қандай жақсы қасиеттер көрсеттік?» деген сұрақтар қою арқылы тәрбиелік әсер тереңдей түседі.Ұлттық ойындарды ұйымдастыруда қолданылатын әдіс-тәсілдер:Сюжеттік-рөлдік ойын әдісі: Балаларға белгілі бір рөл беру арқылы (батыр, ауыл тұрғыны, аңшы, т.б.) оларды ұлттық мінез-құлық үлгілеріне жақындату.Көрнекілік әдісі: Ұлттық заттар, бұйымдар, киімдер, ойыншықтар, ұлттық музыка қолдану арқылы балалардың көзбен қабылдауын арттыру.Әңгімелеу және түсіндіру: Ойын алдында ойынның шығу тарихы немесе мәні туралы шағын әңгіме айту арқылы баланың ұлттық сана-сезімін ояту.Мадақтау және қолдау: Әр баланың жетістігін атап, дұрыс әрекетін мақтау арқылы сенімділік пен қызығушылықты арттыру. Ойындарды ұйымдастырудың формалары: Топтық ойындар: Балалардың бір-бірімен тіл табысуын, бірлесе әрекет етуді үйретеді. Жеке ойындар: Жекелеген балалармен мінез-құлықты түзету, зейін мен ойлау қабілетін дамыту үшін тиімді. Серуен кезіндегі ойындар: Алаңда, таза ауада өткізілетін ұлттық ойындар балалардың денсаулығын нығайтады. Тәрбие сағатында қолдану: Апталық тақырыптарға байланысты ұлттық ойындарды тәрбиелік мәнде өткізу

12.

Тәрбиешінің рөлі: Тәрбиеші – тек ұйымдастырушы емес, сонымен қатар ұлттық мұраның тасымалдаушысы, үлгі көрсетуші. Ол балаларға ұлттық ойындарды жай ғана үйретіп қоймай, олардың мазмұнына рухани-адамгершілік тәрбие дәнін себуі тиіс. Әр ойын арқылы балаларды татулыққа, әділдікке, батылдыққа, шыдамдылыққа баулиды. Балабақшада ұлттық ойындарды жүйелі әрі мақсатты түрде ұйымдастыру – тәрбиенің мазмұнын ұлттық негізбен байытып, балалардың жан-жақты дамуына, рухани әлемінің қалыптасуына жағдай жасайды. Ойын барысында баланың өмірге көзқарасы, мінезі, қарым-қатынасы қалыптасады. Сондықтан тәрбиешінің кәсіби шеберлігі, ойын ұйымдастыру тәсілдері мен қолданылатын әдістер – ұлттық ойындардың тәрбиелік мүмкіндігін барынша аша түсетін шешуші факторлар болып табылады. 3.1 Жас ерекшеліктеріне сай ойын түрлерін таңдау .Мектепке дейінгі жастағы балалардың физиологиялық және психологиялық дамуы кезең-кезеңмен жүзеге асатындықтан, ұлттық ойын түрлерін олардың жас ерекшелігіне сәйкес таңдау – тәрбие мен оқыту үдерісінің тиімділігін арттырады. Әр жастағы баланың қабылдау деңгейі, ойлау қабілеті, қозғалыс мүмкіндігі мен эмоционалдық тұрақтылығы әртүрлі болады. Сондықтан ойын түрлері де соған сай іріктеліп, бейімделуі тиіс. 1. 3–4 жас аралығындағы балаларға арналған ойындар:Бұл жастағы балалардың қимыл-қозғалыс қабілеті мен сөйлеу тілі жаңа дамып келе жатқандықтан, қарапайым, қысқа әрі көңілді ойын түрлері ұсынылады. Бұл кезеңде балалар еліктеуге, қайталауға бейім келеді. Ұсынылатын ойындар:«Қуыр-қуыр қуырмаш»,«Санамақ»,«Қуаласпақ»«Сақина тастау»,«Кім жылдам?»Бұл ойындар арқылы балалардың моторикасы дамып, есту, көру, есте сақтау қабілеттері жетіледі. Сонымен қатар қарапайым ережелерге бағынуды үйренеді. 2. 4–5 жас аралығындағы балаларға арналған ойындар:.Бұл кезеңде балалардың тілдік қоры кеңейіп, өз ойын толық жеткізуге ұмтылады. Әлеуметтік қарым-қатынас белсенді болады. Осы кезеңде ережесі күрделірек, әрекет пен ойлауды қатар талап ететін ойындар тиімді. Ұсынылатын ойындар:«Орамал тастау»,«Тақия тастамақ»,«Аңшылар мен қояндар» «Көтермек»,«Асық ату».Бұл ойындар баланың байқағыштығын, ептілігін дамытып, ұжымда әрекет етуді, бір-біріне көмектесуді қалыптастырады. 3. 5–6 жас аралығындағы балаларға арналған ойындар:Мектепалды даярлық тобының балалары ойынды саналы түрде қабылдай алады, күрделі ережелерді меңгереді, ойлау мен талдау қабілеті артады. Ұсынылатын ойындар:«Тоғызқұмалақ» (қарапайым түрі),«Қыз қуу» (бейімделген нұсқада),«Арқан тартыс»,«Соқыр теке»,«Ақсерек – көксерек».Бұл жаста ойын арқылы балаларда төзімділік, батылдық, ерік-жігер, ұжыммен әрекеттесу дағдылары

13

дамиды. Сонымен қатар ұлттық сана мен дәстүрге құрмет сезімі қалыптаса бастайды.Ойын түрлерін балалардың жас ерекшеліктеріне сай дұрыс таңдау – олардың рухани, танымдық және әлеуметтік дамуы үшін маңызды. Ұлттық ойындарды кезең-кезеңімен қолдану арқылы баланың тұлғалық қасиеттері жүйелі әрі табиғи түрде қалыптасады. 3.2 Күн тәртібіне сай ұлттық ойындарды кіріктіру жолдары .Мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың күн тәртібі – олардың денсаулығын, эмоционалдық жай-күйін, танымдық және әлеуметтік дамуын қамтамасыз ететін маңызды құрылым. Осы күн тәртібіне ұлттық ойындарды тиімді кіріктіру арқылы рухани-адамгершілік тәрбие жұмысын табиғи әрі жүйелі түрде ұйымдастыруға болады. Таңертеңгі қабылдау кезінде – қарапайым, көңіл-күйді көтеретін ойын түрлері (мысалы, «Санамақ», «Жаңылтпаш айту», «Қуыр-қуыр қуырмаш») балаларды жағымды ортаға бейімдейді. Серуен уақытында – қимыл-қозғалысқа бағытталған «Ақсерек – көксерек», «Қыз қуу», «Арқан тартыс» секілді ойындар баланың белсенділігін арттырады. Ұйымдастырылған оқу қызметінде – ойын элементтері танымдық мақсатта қолданылады: «Асық ату» арқылы санау, «Тоғызқұмалақ» арқылы логикалық ойлау дамиды. Түскі ұйқыдан кейінгі тынығу сәтінде – жұмбақ, ертегі, ұлттық әуендер негізінде тыныш ойындар ұйымдастырылады. Кешкі серуенде – балалар өздері еркін ойнайтын ұлттық ойындарды таңдап, бір-бірімен қарым-қатынас жасайды.Осылайша, ұлттық ойындарды күн тәртібіне кіріктіру – тәрбиенің үздіксіздігін, баланың жан-жақты дамуын қамтамасыз етудің тиімді тәсілі болып табылады 3.3 Тәрбие жұмысына ұлттық ойындарды кіріктіру тәсілдері Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесінде ұлттық ойындарды тәрбие жұмысына кіріктіру – балалардың рухани дамуын қамтамасыз етудің, ұлттық сана мен құндылықтарды сіңірудің ең тиімді жолдарының бірі. Бұл тәсіл – балаларды қызықтыра отырып, оларды адамгершілікке, отансүйгіштікке, достыққа, тәртіпке баулуға бағытталған тәрбиелік жұмыстың құнды бөлігі.Ұлттық ойындарды тәрбие жұмысына кіріктіру үшін келесі негізгі тәсілдерді қолдануға болады: 1. Тақырыптық кіріктіру.Тәрбие жұмысының апталық немесе күнделікті тақырыбына сәйкес келетін ұлттық ойын түрін таңдау. Мысалы, «Достық» тақырыбына «Ақсерек – көксерек», «Арқан тартыс» сияқты бірлескен ойындарды қосуға болады. «Қазақтың ұлттық тағамдары» тақырыбында «Қуырмаш» ойынын қолдануға болады. 2. Сюжеттік кіріктіру.Сюжеттік-рөлдік ойындар арқылы баланың өзін кейіпкер ретінде сезінуіне мүмкіндік беру. Мысалы, «Кішкентай батырлар» немесе «Қыз ұзату» тақырыбында ойын арқылы балалар халқымыздың салт-дәстүрлерін

14

меңгереді және ұлттық болмысқа енеді. 3. Интеграцияланған оқу қызметтерінде қолдану.Көркем әдебиет, тіл дамыту, математика, музыка сияқты оқу қызметтерінде ұлттық ойын элементтерін кіріктіру. Мысалы, «Асық ату» ойыны арқылы санауды үйрету, «Санамақ» пен «Жаңылтпаш» арқылы тіл байлығын дамыту, «Тоғызқұмалақ» арқылы логикалық ойлауды жетілдіру. 4. Тәрбие сағаттары мен мерекелік шараларда қолдану.«Наурыз», «Туған елге тағзым», «Қарттарды құрметтейік» сияқты тәрбиелік бағыттағы іс-шараларда ұлттық ойындарды қолдану балалардың салт-дәстүрге деген қызығушылығын арттырып, эмоциялық күйін байытады. 5. Серуен және бос уақытты тиімді пайдалану.Күнделікті серуен кезінде немесе еркін ойын уақытында балалардың өз бетінше ұлттық ойындарды таңдап ойнауына жағдай жасау – олардың еркіндігін, бастамашылдығын дамытады.Ұлттық ойындарды тәрбие жұмысына кіріктіру – балалардың ұлттық болмысын, мінез-құлқын, қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыратын маңызды педагогикалық тәсіл. Бұл үрдіс тәрбиеші тарапынан шығармашылықпен ұйымдастырылса, тәрбиелік нәтиже де жоғары болмақ. 4. Рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыратын ойын түрлері

Мектепке дейінгі тәрбие беруде ұлттық ойындар – баланың жан дүниесіне жол табудың, оның тұлғалық және рухани дамуын қамтамасыз етудің маңызды құралы. Әсіресе, ұлттық ойындардың белгілі бір құндылықтарға бағытталуы – тәрбиелік жұмыстың нәтижелілігін арттырады. Рухани-адамгершілік құндылықтар дегеніміз – баланың бойында қалыптасатын ізгі мінез, дұрыс әрекет, жанашырлық, әділдік, адалдық, сабырлылық, сыйластық секілді өмірлік маңызы бар қасиеттер жиынтығы. Бұл қасиеттерді қалыптастыруда дәстүрлі ұлттық ойындардың тәрбиелік мәні ерекше.Ұлттық ойындардың ерекшелігі – олардың халық өмірімен, салт-дәстүрімен, әдептілік ережелерімен, тарихи-мәдени тәжірибемен тығыз байланысты болуында. Ойын барысында бала тек ойнап қоймайды, рухани құндылықтарға бейсаналы түрде бағынады, оларды бойына сіңіреді. 1. Сыйластық пен қамқорлықты қалыптастыратын ойындар.Мысалы, «Сақина тастау» ойыны балаларды ұқыптылыққа, байқағыштыққа үйретумен қатар, өзгеге ренжітпей ойнауға, ойын ережесін бұзбай әрекет етуге үйретеді. Бұл ойын барысында балалар бір-бірін күтіп, тыныш отыруды, басқаның әрекетіне құрметпен қарауды үйренеді. Ал «Тақия тастамақ» ойыны ережеге бағыну, ойыншыны сыйлау, достық шеңберін сақтау сияқты әдеп нормаларын меңгертеді. 2. Әділдік пен шыншылдыққа баулитын ойындар.Ұлттық ойындар әділдік қағидаларын бала бойына сіңіруде таптырмас құрал. Мысалы, «Арқан тартыс» ойынында жеңіс пен жеңіліс – әділ әрекеттер нәтижесінде анықталады. Балалар бұл

15

ойында бірлесе әрекет етудің, топ ішінде ұйымшыл болудың және жеңгенге құрметпен қараудың маңызын ұғынады. «Асық ату» ойыны да ептілік пен дәлдікті ғана емес, шынайы жеңіс пен жеңілісті қабылдауға үйретеді. 3. Достық пен бірлікке тәрбиелейтін ойындар.«Ақсерек – көксерек», «Қыз қуу» сынды қимыл-қозғалысқа негізделген ойындарда балалар бір-бірімен серіктес болуға, топ ішінде әрекет етуге, қарсыласқа құрметпен қарауға дағдыланады. Мұндай ойындар бала бойында ұжыммен тіл табысу, сыйластық, жауапкершілік сияқты қасиеттерді қалыптастырады. Бұл – рухани-адамгершілік тәрбиенің негізі болып саналатын бірлік пен бауырмалдық ұстанымдары. 4. Төзімділік пен сабырлылыққа тәрбиелейтін ойындар.Баланың бойындағы шыдамдылық, тәртіпке бағыну, кезек күту, ережені сақтау сияқты қасиеттер – оның тұлғалық дамуының көрсеткіштері. Бұл тұрғыда «Тоғызқұмалақ» ойыны ерекше маңызға ие. Логикалық ойлау мен дәлдікке негізделген бұл зияткерлік ойын баланың сабырын шыңдап, дұрыс шешім қабылдауға тәрбиелейді. Сонымен қатар бұл ойын баланы өз әрекетінің салдарын бағалауға, яғни жауапкершілікке үйретеді. 5. Отансүйгіштік пен ұлттық сана-сезімді дамыту ойындары.Рухани-адамгершілік тәрбиенің маңызды құрамдас бөлігі – отансүйгіштік, туған жерге деген сүйіспеншілік. Бұл құндылықтарды «Қыз қуу», «Аударыспақ», «Көкпар» сынды ойындардың жеңілдетілген нұсқалары арқылы да бала санасына сіңіруге болады. Мұндай ойындарда ерлік, батырлық, намыс, ар, жігер сияқты ұғымдар баланың ой-санасына әсер етіп, ұлттық болмыстың негізін қалайды. 6. Ұлттық болмыс пен дәстүрді құрметтеуге баулитын ойындар.Салт-дәстүрге негізделген ойындар арқылы бала халқымыздың рухани-мәдени қазынасымен танысады. Мысалы, «Бесік жыры», «Тұсау кесу» сияқты ойын-сценарийлер балаларды ата-баба дәстүрін құрметтеуге, үлкенге сыйластықпен қарауға, ұлттық сана-сезімді қалыптастыруға бағытталады. Педагогтің рөлі:Ұлттық ойындар арқылы рухани құндылықтарды беру үшін тәрбиеші ең алдымен әр ойынның мазмұнын жақсы меңгеріп, оның тәрбиелік маңызын дұрыс жеткізе білуі керек. Ойын барысында бала неге үйренді, қандай сезімде болды, қандай қасиетті бойына сіңірді – осының бәрін тәрбиеші мақсатты түрде бақылап, бағыттап отыруы тиіс.Мысалы, ойын соңында балалармен бірге «Қай қасиетпен ойнадық?», «Кім әділ болды?», «Кім досына көмектесті?» деген сұрақтарды талдау арқылы рухани әсерді тереңдете түсуге болады.Рухани-адамгершілік құндылықтар – баланың болашақ тұлғалық дамуының іргетасы. Бұл құндылықтарды қалыптастыруда ұлттық ойындардың тәрбиелік мүмкіндігі өте жоғары. Олар балаларға ұлттық болмысты сіңіре отырып, мейірімді, әділ, батыл, шыдамды, адамгершілігі мол тұлға ретінде қалыптасуына жол ашады. Сондықтан

16

тәрбиешілер ұлттық ойындарды жүйелі, мақсатты түрде қолданып, олардың тәрбиелік мазмұнын балаға терең жеткізуді басты міндет етуі қажет. 4.1 Ойыннан кейінгі тәрбиелік әңгіме жүргізу үлгілері .Мектепке дейінгі ұйымдарда ұлттық ойындарды өткізгеннен кейін тәрбиеші міндетті түрде тәрбиелік әңгіме жүргізуі қажет. Бұл – баланың ойыннан алған әсерін бекітуге, ойын барысында көрініс тапқан адамгершілік қасиеттерге назар аударуға, өзіндік баға беруге үйрететін маңызды кезең. Әңгіме арқылы тәрбиеші баланың бойына сіңірілген рухани-адамгершілік құндылықтарды тереңдетіп, ішкі түйсік арқылы әрекетін санаға айналдыруға жағдай жасайды.Төменде бірнеше ұлттық ойыннан кейін жүргізілетін тәрбиелік әңгіме үлгілері ұсынылады.

1. «Сақина тастау» ойынынан кейінгі әңгіме үлгісі: Тәрбиеші сұрақтары: Балалар, ойын ұнады ма? Сақина кімде екенін табу қиын болды ма? Бұл ойында қандай ереже болды? Ойын барысында сендер қандай сезімде болдыңдар? Тәрбиелік қорытынды: Бұл ойында біз бір-бірімізді мұқият тыңдауды, байқап қарауды және сабыр сақтауды үйрендік. Ешкімге ренжімей, ойын ережесіне бағына білдік. Бұл – бір-бірімізге деген сыйластықтың белгісі. Сыйластық – адамгершіліктің бастауы. 2. «Арқан тартыс» ойынынан кейінгі әңгіме үлгісі: Тәрбиеші сұрақтары: Екі топ та күшін қалай көрсетті? Қиын сәтте бір-біріңе көмектестіңдер ме? Жеңген топ не сезінді? Ал жеңілгендер ше? Тәрбиелік қорытынды: – Балалар, бұл ойында тек күш емес, ұйымшылдық пен бірлік қажет болды. Бірлікте болған команда жеңіске жетті. Демек, өмірде де достық пен бірліктің күші мықты болады екен. Досқа көмектесу, топ үшін жауапкершілік алу – нағыз адамгершілік қасиеттер. 3. «Орамал тастау» ойынынан кейінгі әңгіме үлгісі: Тәрбиелік қорытынды: – Балалар, бұл ойында біз шапшаңдық пен байқағыштықты дамыттық. Ең бастысы – ережеге бағыну мен әділ ойнау. Әрқайсың бір-біріңе ренжімей, кезегіңмен әрекет еттіңдер. Бұл сендердің бойларыңда әділдік пен сабырлылық бар екенін көрсетеді. 4. «Асық ату» ойынынан кейінгі әңгіме үлгісі:



17

Тәрбиеші сұрақтары: Асықты дәл тигізу оңай болды ма? Кім ептілік көрсетті? Кімге көмектескің келді? Тәрбиелік қорытынды: – Бұл ойында сендер өз күштеріңді сынап, сабыр мен дәлдікке үйрендіңдер. Әрбірің бір-біріңнің ойынын сыйлап, сабырмен күттіңдер. Бұл – үлкен тәртіп пен мәдениеттің белгісі. Ептілік пен байыптылық – адам бойындағы игі қасиеттердің бірі. Қорытынды тәсілдер: Ойыннан кейінгі әңгімеде тәрбиеші: Баланың эмоциясын ашуға;Жақсы әрекеттерді атап, қолдауға; Теріс мінез-құлықтарды талдап, дұрыс жолын көрсетуге;Құндылықтарға негізделген қорытынды жасауға ұмтылуы керек.Ойыннан кейінгі тәрбиелік әңгіме – тек сөзбен емес, баланың жүрегіне жол табатын, санаға ой салатын тәрбие құралы. Сондықтан әр ойыннан кейін жүргізілетін диалог – тәрбиелік жұмыстың ажырамас және маңызды бөлігі.

5. Тәрбиешілерге арналған әдістемелік ұсыныстар

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесінде ұлттық ойындарды қолдану – бала тұлғасын қалыптастырудағы маңызды құралдардың бірі. Тәрбиешінің шеберлігі – осы ойындарды тиімді жоспарлап, дұрыс таңдап, тәрбие жұмысына шынайы кіріктіруінде. Ұлттық ойындарды қолдану арқылы тәрбиеші баланың бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіріп, ұлттық сана-сезімін, рухани құндылықтарға деген қызығушылығын оята алады. Төменде тәрбиешілерге арналған негізгі әдістемелік ұсыныстар берілген. 1. Жас ерекшеліктеріне сай ойындарды таңдау.Балалардың жасына, физикалық және психологиялық дамуына сай келетін ойындарды таңдау – табысты тәрбиенің кепілі. Мысалы, 3–4 жастағы балаларға қарапайым, қайталауға бейім ойындар (мысалы, «Қуыр-қуыр қуырмаш», «Санамақ») ұсынылса, 5–6 жастағы балаларға қимылды, рөлдік және логикалық ойындар (мысалы, «Арқан тартыс», «Асық ату», «Тоғызқұмалақ» (жеңілдетілген)) тиімді. 2. Ойынның тәрбиелік мақсатын алдын ала айқындау.Әр ойынның артында нақты бір тәрбиелік мақсат тұруы тиіс. Тәрбиеші сол ойын арқылы қандай құндылықты қалыптастырғысы келетінін алдын ала жоспарлауы керек. Мысалы, «Арқан тартыс» ойыны – бірлікке, «Сақина тастау» – байқағыштық пен әдепке, «Ақсерек – көксерек» – ұйымшылдық пен батылдыққа тәрбиелейді. 3. Ойынның құрылымы мен мазмұнын балаға түсінікті ету.Ойын алдында міндетті түрде ойын ережесін түсіндіріп, балаларға әр кезеңін көрнекі түрде немесе тәжірибе арқылы көрсету қажет. Егер ойын тарихи немесе дәстүрлік мағынаға ие

18

болса, оның мазмұнын қысқа әңгіме немесе сұрақ-жауап арқылы бала санасына жеткізу тиімді. 4. Қызығушылықты арттыру әдістері.Ойынға ұлттық нақыштағы көрнекіліктерді, ұлттық киім элементтерін, домбыра сазы, халық әндерін, нақыл сөздер мен мақал-мәтелдерді қосу – баланың қызығушылығын арттырып, ұлттық болмысқа бейімдейді. 5. Ойыннан кейінгі рефлексия мен әңгіме жүргізу.Әр ойыннан соң балалармен қысқаша әңгіме жүргізіп, олардың сезімін, ойы мен алған әсерін анықтау маңызды. Бұл арқылы тәрбиеші бала бойындағы жақсы қасиеттерді бекітіп, мінез-құлық нормаларын түсіндіреді. 6. Ойындарды күн тәртібіне икемдеп енгізу.Ұлттық ойындарды тек ойын сәтінде ғана емес, оқу іс-әрекетінде, серуен кезінде, мерекелік шараларда, таңертеңгі қабылдауда да қолдануға болады. Бұл тәсіл балалардың бойында ұлттық ойындарды күнделікті өмірдің ажырамас бөлігі ретінде қабылдауға мүмкіндік береді. 7. Балаларға еркіндік беру және бақылау,Ойын кезінде балаға өз еркін білдіруге, бастама көтеруге мүмкіндік беріңіз. Алайда тәрбиеші бақылаушы ретінде ойын барысында балалардың әрекетін, қарым-қатынасын бақылап, қажет кезінде бағыттап отыруы тиіс.Ұлттық ойындарды тәрбие жұмысына тиімді кіріктіру – тәрбиешінің кәсіби шеберлігін, шығармашылығын және ұлттық мұраға деген құрметін талап етеді. Әдістемелік ұсыныстарды жүйелі қолдану арқылы тәрбиеші балалардың рухани-адамгершілік қасиеттерін дамытып, ұлттық құндылықтарды бойларына сіңіруде маңызды рөл атқарады. 5.1 Ата-анамен бірлескен іс-шараларда ұлттық ойындарды қолдану Мектепке дейінгі тәрбие үдерісінде ата-анамен тығыз байланыс орнату – бала дамуының маңызды шарты. Осы орайда ұлттық ойындарды ата-аналармен бірлескен іс-шараларда қолдану – отбасылық тәрбиені балабақша тәрбиесімен ұштастырудың тиімді тәсілі. Бұл бағытта ұйымдастырылатын жұмыстар баланың рухани дамуына ғана емес, ата-ананың да ұлттық мұраға деген қызығушылығын оятады, ұрпақтар сабақтастығын нығайтады.Ұлттық ойындарды ата-аналармен бірге өткізілетін келесі іс-шараларға кіріктіруге болады:«Ұлттық ойын – рухани қазына» атты ашық тәрбие сағаттары;«Әке мен бала», «Ана мен қыз» сайыстары;«Қазақтың дәстүрлі ойындары» атты спорттық мерекелер;«Бала ойыны – ата дәстүрі» атты ата-аналармен кездесу кештері.Іс-шаралар барысында «Арқан тартыс», «Сақина тастау», «Орамал тастамақ», «Асық ату», «Тақия тастамақ» сынды ұлттық ойындар ойнатылып, ата-аналар мен балалар бірге белсенді қатысады. Бұл әрекет – бала мен ата-ана арасындағы сенімді арттырып, ұлттық тәрбиенің өмірлік маңызын терең сезіндіреді.Сонымен қатар мұндай шаралар ата-аналарға балабақша жұмысының мазмұнымен танысуға, баланың қызығушылығы мен қабілетін бақылауға мүмкіндік береді. Ұлттық ойындардың мән-мағынасын ұғынған ата-ана болашақта үйде де

19

осындай тәрбиелік құралдарды қолдануға ынталы болады.Ұлттық ойындарды ата-анамен бірлескен іс-шараларда қолдану – тәрбиенің тиімділігі мен бірлігін қамтамасыз ететін, ұлттық құндылықтарды ұрпақ санасына берік орнықтыратын заманауи әдіс 5.2 Ұлттық мерекелер мен «Дәстүр күні» іс-шараларында ұлттық ойындарды пайдалану.Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуда ұлттық құндылықтарды бала санасына сіңіруде мерекелік іс-шаралардың, оның ішінде Ұлттық мерекелер мен «Дәстүр күні» секілді тақырыптық күндердің алатын орны ерекше. Мұндай шараларда ұлттық ойындарды қолдану – балалардың тарихи-мәдени мұрамен танысуына, рухани-адамгершілік қасиеттерді бойына сіңіруіне, ұлттық болмысты құрметтеуіне мүмкіндік береді. Ұлттық мерекелерде қолдану.Наурыз мейрамы, Тәуелсіздік күні, Қазақстан халқы бірлігі күні, Ана тілі күні сияқты ұлттық мерекелерде ұлттық ойындар тәрбиелік іс-шаралардың ажырамас бөлігіне айналуы тиіс. Мысалы:Наурыз мейрамында: «Асық ату», «Қыз қуу», «Арқан тартыс», «Алтыбақан», «Сақина салу», «Тұсау кесу» секілді ойындар мен салт-дәстүр көріністері балалардың ұлттық салттарға қызығушылығын арттырады.Тәуелсіздік күніне арналған ертеңгіліктерде балаларға арнап «Батырлар ойыны», «Жауынгер жарысы» сияқты символикалық ойындар арқылы отансүйгіштік, елжандылық қасиеттерін сіңіруге болады.Мерекелерде ата-аналар да белсене қатыса отырып, бала тәрбиесіне ұлттық үлгіні бірлесе сіңіруге атсалысады. «Дәстүр күні» іс-шарасында қолдану.Бұл күн – балабақшада ұлттық мәдениетке, салт-дәстүрлерге ерекше мән берілетін күн. Іс-шара барысында балаларға қазақ халқының әдет-ғұрыптары, тұрмысы мен ұлттық тағамдары таныстырылады. Осы кезде ұлттық ойындарды төмендегідей бағытта қолдануға болады:Танымдық мақсатта – әр ойынның тарихы, мағынасы, тәрбиелік мәні туралы қысқаша түсінік беріледі.Практикалық бөлімде – балалар ойынды ойнап қана қоймай, оның мазмұнын бойына сіңіреді. Мысалы, «Тақия тастамақ» арқылы – шапшаңдық, «Сақина тастау» арқылы – байқағыштық, «Тоғызқұмалақ» арқылы – ойлау қабілеті дамиды.Шығармашылық бағытта – балалар ұлттық ойындардың элементтерімен сурет салады, қолөнер бұйымдарын жасайды.Ұлттық ойындарды мерекелік шараларға кіріктіру – тәрбиенің көркем әрі тиімді түрі. Ол баланың бойында рухани-адамгершілік қасиеттерді, ұлттық танымды, елге деген сүйіспеншілікті қалыптастырып, тәрбиелеу мен ойын арасындағы табиғи байланысты қамтамасыз етеді. 5.3 Инклюзивті топтарда ұлттық ойындарды қолдану ерекшелігі Қазіргі таңда мектепке дейінгі білім беру жүйесінде инклюзивті білім беру – ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды (ЕБҚ) жалпы топқа қосып тәрбиелеу мен оқытудың маңызды бағытына айналды. Осындай инклюзивті топтарда ұлттық ойындарды

20

қолдану – баланың жеке қабілетін ескере отырып, оның әлеуметтенуіне, эмоционалдық дамуына, рухани және адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруға үлкен септігін тигізеді. 1. Ұлттық ойындардың инклюзивті топтарға тигізетін оң әсері.Ұлттық ойындар – бейімделуге, ұжымға сіңуге, өзгелермен қарым-қатынас орнатуға ықпал ететін әмбебап құрал. Олар әр баланың ерекшелігіне қарамастан, бірге әрекет етуге, достасуға мүмкіндік береді. Ойын барысында балалар бірін-бірі қолдауға, көмек көрсетуге, түсінуге үйренеді. Бұл – инклюзивті тәрбиенің басты мақсатына сай келеді.Мысалы, қимылды ойындар (мысалы, «Арқан тартыс», «Қыз қуу», «Ақсерек – көксерек») балалардың физикалық белсенділігін арттырып қана қоймай, өзара әрекеттесу арқылы эмоционалдық жақындасуға мүмкіндік береді. Ал «Сақина тастау», «Тақия тастамақ» секілді ойындар ережені сақтау, кезек күту, өзгені сыйлау секілді мінез-құлық дағдыларын қалыптастырады. 2. Педагогтің рөлі мен әдістемелік ерекшеліктері.Инклюзивті топтарда тәрбиеші ойынға қатысатын әр баланың жеке мүмкіндігін ескеріп, ойын шартын соған бейімдеуі қажет. Ол үшін келесі әдістемелік тәсілдер қолданылады:Ойынның жеңілдетілген нұсқасын қолдану – қозғалысы шектеулі немесе танымдық қабілеті баяу дамыған бала үшін ойынның қарапайым формасы ұсынылады;Топтық қолдау – баланы жеке емес, жұппен немесе топпен біріктіріп қатыстыру арқылы ұжымдық әрекетке бейімдеу;Көру, есту, тактильді қолдау – арнайы суреттер, нұсқаулық карталар, визуалды белгі мен дене қимылы арқылы түсіндіру;Қайталанатын, ретті ойын құрылымы – ЕБҚ балалар үшін ойынның белгілі бір ритмі мен құрылымы болғаны маңызды;Сабырлылық пен қолдауға негізделген эмоционалдық жағдай – тәрбиеші әр баланың сезімін ескеріп, шабыттандырып, сәтсіздікке түсіністікпен қарауы тиіс. 3. Ойын түрлерін таңдаудағы ерекшеліктер.Инклюзивті ортада қолдануға ыңғайлы ұлттық ойындар:«Санамақ» – тіл дамуына оң әсер етеді;«Қуыр-қуыр қуырмаш» – саусақ моторикасын, сөйлеуін дамытады;«Орамал тастау» – байқағыштық пен қозғалысты үйлестіруді қажет етеді;«Асық ату» – көз-қол үйлесімін жетілдіреді; «Тоғызқұмалақ» (бейімделген нұсқасы) – логикалық ойлау мен зейінді дамытады. Ұлттық ойындарды инклюзивті топта қолдану – әр балаға өз мүмкіндігінше дамуға, қоғамның бір мүшесі ретінде сезінуге жол ашады. Бұл әдіс арқылы ерекше білімді қажет ететін балалар да өзін еркін сезініп, ортада өз орнын таба алады. Сонымен қатар, басқа балаларда түсіністік, жанашырлық, достық секілді рухани-адамгершілік қасиеттер қалыптасады. Сондықтан тәрбиеші ұлттық ойындарды инклюзивті білім беру тәжірибесіне бейімдеп, әр баланың қажеттілігіне сай ұйымдастыруы – тәрбиелік үдерістің тиімділігін арттырады.

21

6. Практикалық бөлім «Ұлттық ойындар арқылы рухани-адамгершілік тәрбие беру» әдістемелік нұсқаулығынан.Ұлттық ойындарды мектепке дейінгі ұйымның күнделікті тәрбие процесіне тиімді кіріктіру үшін тәрбиешілер нақты практикалық әрекеттерге сүйенуі қажет. Бұл бөлімде балабақшада ұйымдастырылған сабақтан тыс және оқу қызметінде қолданылатын бірнеше ұлттық ойын түрлері, оларды өткізу тәсілдері мен тәрбиелік мүмкіндіктері көрсетіледі. 1. Сабақтан тыс іс-шара: «Қазақтың ұлттық ойындарын ойнаймыз» тақырыбында ашық ойын сағаты Мақсаты: балаларға ұлттық ойындарды таныстыра отырып, ұжымдық әрекетке баулу, достыққа, сыйластыққа тәрбиелеу. Қатысушылар: ортаңғы және ересек топ балалары. Көрнекілік: орамал, асық, арқан, домбыра үні, ұлттық киімдер. Ойын барысы:Шаттық шеңбері: Балалар ұлттық амандасу үлгісін қолдана отырып бір-біріне жақсы тілектер айтады. Ойын 1 – «Сақина тастау» Мақсаты: байқағыштық, шыдамдылық, құрдасын сыйлау. Өтуі: Шеңберде отырған балалардың қолына сақина тасталады. Балалар сақинаның кімде екенін табады. Ойын 2 – «Арқан тартыс» Мақсаты: бірлік, күш, ұйымшылдық. Өтуі: Екі топ болып, арқан тартысады. Ұтқан топ мақтау сөздермен марапатталады. Қорытынды: Тәрбиеші ойын соңында «Қай ойында бір-біріңе көмектестіңдер?», «Қай қасиетке үйрендіңдер?» деген сұрақтар арқылы тәрбиелік әңгіме жүргізеді. 2. Ұйымдастырылған оқу қызметінде қолдану үлгісі Бөлімі: Тіл дамыту Тақырыбы: «Санамақ – сөз өнері» Мақсаты: баланың тіл байлығын, есте сақтауын, ұлттық мәдениетке қызығушылығын арттыру. Сабақ барысы: Санамақтарды жатқа айту арқылы реттік сана, дыбыстық есту қабілеті, интонацияны дұрыс қолдану жаттығуы өтеді. Балалар өз ойларынан санамақ құрап көреді. Сабақ соңында шағын сергіту сәті ретінде «Тақия тастамақ» ойыны ойнатылады. Нәтиже: балалар тіл үйренумен қатар, шапшаңдық, тапқырлық, ережеге бағыну дағдыларын меңгереді. 3. Ата-анамен бірлескен ойын: «Ұлттық ойын – ата дәстүрі» Мақсаты: бала мен ата-ананың қарым-қатынасын нығайту, ұлттық құндылықтарды бірлесіп меңгеру. Өтуі: Әр отбасы ұлттық ойын түрін көрсетіп, оның мән-мағынасын түсіндіреді.

22

«Асық ату», «Қыз қуу», «Орамал тастау» сияқты жарыс түрлері өткізіледі. Қорытынды бөлімде балалар ата-аналарымен бірге «Наурыз» әніне би билеп, ұлттық нақыштағы суреттер салады.Ұлттық ойындарды тәрбие жұмысының әртүрлі салаларына практикалық тұрғыда кіріктіру арқылы бала тек ойнап қана қоймай, ұлт рухын сезінеді, адамгершілік қасиеттерді меңгереді. Бұл тәжірибелік бағыт тәрбиешінің әдістемелік шеберлігі мен шығармашылығын талап етеді және баланың өміріне мәнді рухани тәрбие береді.

1.Ортаңғы топ балаларына арналған ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық карта


Білім беру саласы: Қатынас.

Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің түрі: Қазақ тілі.

Тақырыбы: Балабақша.

Мақсаты: өткен жылғы сөздерді еске түсіру, жаңа сөздер үйрету; қазақ тіліне тән дыбыстарды (і, ө) дұрыс айтуға жаттықтыру; тіл үйренуге деген қызығушылықтарын ояту. Қолданылатын көрнекілік құралдар: балабақша суреті (1 - кес - те), үлестірмелі суреттер (есік, терезе, кілем, төсек, үстел, орындық).

Қажетті құрал - жабдықтар: интерактивті тақта, түрлі түсті қарындаш.

Сөздік жұмыс: есік, терезе, кілем, төсек.


Оқу іс - әрекет

Педагогтің іс - әрекеті

Балалардың іс - әрекеті

Мотивациялық - қозғаушылық

Шаттық шеңберіне дөңгелене тұру.

Қуанамын мен де,

Қуанасың сен де.

Қуанайық достарым, Жарқыраған күнге!

- Сәлеметсіңдер ме, балалар! Интерактивті тақтада балабақша суреті көрсетіледі.

- Балалар қайда келді? Тақтадағы суретке көңіл аударады.

- Балалар қайда?

- Топта не бар?

Жаңа сөздермен таныстыру (жұмыс дәптеріндегі суреттер арқылы).


- Мынау - есік.

І - і - і - ік - ік - міне, есік.

Мынау - ееік.

- Мынау не?

- Мынау - терезе, те - ре - зе.

- Мынау - кілем, кі - лем. І - і - кі - кі - кі - лем. Әдемі кілем. Үлкен кілем.

- Мынау - төсек. Ө - ө - өс - өс - төс - төс - төсек.

Сергіту сәті өткізу.

Отырамыз!

Тұрамыз!

Бір, екі, үш.

Біз жинаймыз күш! (2 - 3 рет қайталату).

«Дұрыс қайтала, көрсет» дидактикалық ойыны. Үлестірмелі қима суреттер - мен жұмыс жүргізіледі.

«Сақ бол» дидактикалық ойыны.

Жұмыс дәптеріндегі «Біздің балабақшамыз» өлеңін оқып, мазмұнын түсіндіреді. Кейбір сөздерді балаларға бірнеше рет қайталатады.

Жұмыс дәптеріндегі кілемді (түскиізді) бояту.

Оқытушымен бірге қайталайды.

Сәлемдеседі.

Өз балабақшаларын танып, қуанады. Қазақша қалай айтылатынын естеріне түсіреді.

Балалардың балабақшада екенін айтады.

Суретке көңіл қоя қарап, таныс сөздерді естеріне түсіреді (үстел, орындық, топ).

Ұйымдастырушылық -

ізденушілік


Тыңдайды, дыбысты, сөзді дұрыс айтып жаттығады. Хормен, жеке айтып үйренеді.

Сөздерді, дыбыстарды тыңдайды, жеке, хормен қайталайды.

Сөзді, қимылды қайталайды.

Демонстрациялық материалдың 1 - кестесі бойынша сөздерді қайталайды.

Сөздерді қайталап, қолдарындағы суреттерді көрсетеді.

Зейін қоя тыңдайды, қатені түзейді.

Қайталайды, таныс сөздерді табуға тырысады, тілдерін жаттықтырады.

Тұскиіздің боялмаған бөлігін бояйды.


Рефлексиялық - түзетушілік

Балалар қайда барады? Қандай сөз үйрендің? Кілем қандай?

Естеріне түсірген, үйренген сөздерін айтып, қайталап, естеріне сақтауға

Күтілетін нәтиже:

төсек, кілем, есік, терезе сөздерін білу;

казак тіліне тән дыбыстарды, сөздерді дұрыс айтуды игеру; сөздерді түсініп, саналы түрде есте сақтау дағдысын меңгеру керек.



ТӘРБИЕЛЕУ-БІЛІМ БЕРУ ПРОЦЕСІНІҢ ЦИКЛОГРАММАСЫ

Білім беру ұйымы « Әйгерім-1» бөбекжай балабақшасы

Топ: «Ботақан» ересек топ

Балалардың жасы: 4 жастан

Жоспардың құрылу кезеңі: 31.03 - 04.04.2025ж.

Педагогтың аты-жөн: Омурзакова ГН

Апта күндері

Дүйсенбі

Сейсенбі

Сәрсенбі

Бейсенбі

Жұма


Балаларды қабылдау

Таңғы сүзгі: балалардың терісін, дене қызуын, сыртқы көрінісін тексеру. Балаларды жақсы көңіл күймен қарсы алу және оларға қолайлы жағдай жасау. Баланың көңіл күйін, оның жеке пікірін, қызығушылығын анықтау.

Қазақ тілі

Сәлемдесу

«Армысың шапағатты, Күн-Ана!»

Армысың шапағатты, Күн-Ана!

Армысың қайырымды, Аспан-Ана!

Армысың мейірімді, Жер-Ана!

Құт дарыт, бар әлемді жарылқа!

Таңғы сүзгі: балалардың терісін, дене қызуын, сыртқы көрінісін тексеру. Балаларды жақсы көңіл күймен қарсы алу және оларға қолайлы жағдай жасау. Баланың көңіл күйін, оның жеке пікірін, қызығушылығын анықтау. Білім тақырыбында әуенді қосып қарсы алу.

Музыка

BilimKids дамытушы мультфильмді қосып қарсы алу.

Көңіл күй” https://cdn.onlinebalabaqsha.kz/inside2020/storage/media/video/8/file/0PBtgzZUyE.mp4


Таңғы сүзгі: балалардың терісін, дене қызуын, сыртқы көрінісін тексеру. Балаларды жақсы көңіл күймен қарсы алу және оларға қолайлы жағдай жасау. Баланың көңіл күйін, оның жеке пікірін, қызығушылығын анықтау.

Музыка

BilimKids дамытушы мультфильмді қосып қарсы алу.

Көңіл күй” https://cdn.onlinebalabaqsha.kz/inside2020/storage/media/video/8/file/0PBtgzZUyE.mp4

Таңғы сүзгі: балалардың терісін, дене қызуын, сыртқы көрінісін тексеру. Балаларды жақсы көңіл күймен қарсы алу және оларға қолайлы жағдай жасау. Баланың көңіл күйін, оның жеке пікірін, қызығушылығын анықтау. Білім тақырыбында әуенді қосып қарсы алу.

Музыка

«Күй күмбірі»

Күйді қосып, балаларды қарсы алу.


Таңғы сүзгі: балалардың терісін, дене қызуын, сыртқы көрінісін тексеру. Балаларды жақсы көңіл күймен қарсы алу және оларға қолайлы жағдай жасау. Баланың көңіл күйін, оның жеке пікірін, қызығушылығын анықтау.

Музыка

«Күй күмбірі»

Күйді қосып, балаларды қарсы алу.


Ата-аналармен немесе баланың

басқа заңды өкілдерімен әңгімелесу,

кеңес беру

"Саусақ жаттығулары".

Қолдың ұсақ моторикасын дамытудың маңыздылығын түсіндіру.

Балалардың танымдық үрдістерінің диагностикасы (психолог)

Кеңес.

«Су тасқыны».

Кеңес.

"Баланың бос уақытын тиімді пайдалану".

Ата-аналарға кеңес.

"Қыңырлықты шешу жолдары".

Балалардың іс-әрекеті

(ойын, танымдық, коммуникативтік, шығармашылық, эксперименталдық, еңбек, қимыл, бейнелеу, дербес және басқалары)


«Өнегелі тәрбие»

Еңбек: "Жабық өсімдіктерді бүріккіш пистолеттен сумен бүрку".

Мақсат-міндеттер: жаңа еңбек дағдыларын үйрету; жапырақтарға ылғалдың қажеттілігі туралы түсінігін бекіту; өсімдіктерге ұқыпты қарауды тәрбиелеу. Өсімдіктерді суару қажеттілігін өз бетінше анықтауға үйрету (топырақтың түсі мен күйіне, өсімдіктің пайда болуына байланысты), суару техникасын еске түсіру.

Музыка

«Менің Қазақстаным» Қазақстан Республикасының Гимн орындауы.

Мақсат-міндеттер. Балаларды патриоттық тәрбиені қалыптастырады.

Математика негіздері

Құрастыру

Дидактикалық ойын: «Зымыран»

Мақсат-міндеттер. Геометриялық пішіндерден зымыран құрастыру.


«Өнегелі тәрбие»

Еңбек: "Пияз отырғызу".

Мақсат-міндеттер: балаларды мақсат қоюға, жұмыс орнын, құралдарды дайындауға және өздерін тазартуға үйрету. Балалардың шамның құрылымы, пияздың өсуіне қажетті жағдайлар туралы білімдерін бекіту. Еңбек дағдыларын, жермен, сумен және өсімдіктермен жұмыс кезінде дәлдікті дамыту. Экологиялық мәдениетті, нәтижеге жетуді, жалпы іске қатысуды тәрбиелеу.

Математика негіздері

Құрастыру

"Ғаламшарға зымыран жібереміз".

Мақсат-міндеттері: балаларды тіктөртбұрыштан цилиндр, шеңберден конус жасап, зымыранды құрастыруға үйрету.

"Ғарышкерлер" фотосуреттер.

Мақсат-міндеттер. Ғарышкерлер тақырыбында фотосуреттер көрсету.


«Өнегелі тәрбие»

Еңбек: "Гүлдер мен көгөністердің тұқымын себу".

Мақсат-міндеттер: балаларға әр өсімдіктің тұқымы болатыны туралы білім беру.

Тұқым себу кезінде қажетті әрекеттердің реттілігін біліңіз: топырақта қопсыту жасаңыз (тұқым себу үшін, әр уақытта олардың арасындағы қашықтықты және ойықтарды таяқпен белгілеңіз); жұмыс кезінде мәдени және гигиеналық дағдыларды сақтауға үйреніңіз.

Балалардың көшеттерді дайындау үшін топтағы қораптарға қандай тұқымдар себілетіні және қандай тұқымдар ашық жерге себілетіні туралы білімдерін бекіту. Еңбек дағдыларын дамыту. Экологиялық мәдениетті, қоршаған табиғатқа ұқыпты қарауға, оған қамқорлық жасауға тәрбиелеу.

Қазақ тілі

"Ғарышкер" қимылды ойыны.

Ойын:"Ғарышкер".

Ойынның ережесімен таныстыру.

Балаларды екі топқа бөлу. Педагог ғарышкердің әрекеттері туралы сөзбен айтады (ғарышкер ауада қалқиды, ғарышкер аспанға ұшады, ғарышкер скафандр киеді, ғарышкер қолын бұлғайды) балалар сол қимылды қайталап отырады. Қай топтың балалары тапсырманы дұрыс орындайды, сол топ жеңген болып есептеледі.

«Өнегелі тәрбие»

Еңбек: "Көшет отырғызу, оған күтім жасау".

Мақсат-міндеттер: түсініктерін қалыптастыру балалардың негізгі кезеңдеріндегі өсу және даму өсімдіктер (тұқым, тамыр, сабағы, жапырағы); негізгі тәсілдері өсімдіктерді өсіру және күту (отырғызу жерді қопсытып, тұқымды орналастыру, топырақ салу, суару). Көшеттер отырғызған кезде абай болыңыз, өйткені өсімдіктер өте нәзік. Еңбек дағдыларын, топырақ, су және өсімдіктермен жұмыс кезінде дәлдікті дамыту. Экологиялық мәдениетті, қоршаған табиғатқа ұқыпты қарауға, оған қамқорлық жасауға тәрбиелеу.

Қазақ тілі

Үстел үсті ойыны.

«Есіңе сақта».

Балаларға 5 әртүрлі сурет көрсетіледі, сосын педагог көздерін жұмуларын ұсынады да, 1 суретті алып тастайды, балалар қай суретті алып тастағанын айтады. Педагог балалардың қаншалықты естеріне сақтағандарын байқайды.

"Ғарыш планеталары" фотосуреттер.

Мақсат-міндеттер. Ғарышкерлер тақырыбында фотосуреттер көрсету.


«Өнегелі тәрбие»

Еңбек: "Ойыншықтардағы тәртіп".

Мақсат-міндеттер: жұмыс басталар алдында балаларға жұмыс алжапқышын киюді үйрету; ойыншықтарды тәртіпте ұстау: жуу, кептіру, сүрту және орнына қою. Еңбекқорлықты, тәртіпсіздікті көре білуді дамыту; сумен жұмыс кезінде ұқыптылықты дамыту. Өз еңбегі мен басқа адамдардың еңбегін құрметтеуге тәрбиелеу.

Математика негіздері

Құрастыру

"Зымыранның түрлі құрылысы".

Мақсат-міндеттер: балалардың геометриялық денелер мен пішіндер туралы білімдерін жетілдіру.

Геометриялық денелер мен пішіндерден зымыран құрастыру.

.Tigtag Junior бейнематериалын көру.

"Ғарышкерлер"

Ертеңгілік жаттығу

Дене тәрбиесі

Жалпы дамыту жаттығулары (секіртпемен)

1.Бастапқы қалып: дене тік, аяқ алшақ, секіртпені екі бүктеп төменде ұстау.

1 - оң аяқты ұшына қойып, секіртпені жоғары көтеру; 2 - бастапқы қалыпқа келу. Жаттығуды сол аяқпен қайталау. Жаттығу 6 рет қайталанады.

2. Бастапқы қалып: дене тік, аяқ алшақ, секіртпені төменде ұстау.

1 - секіртпені жоғары ұстау; 2 - оңға бұрылу; 3 - тіктелу; 4 - бастапқы қалыпқа келу. Осы жаттығуды сол жаққа қайталау. Жаттығу 6 рет қайталанады.

3. Бастапқы қалып: аяқты алшақ ұстап, отыру, секіртпені жоғары ұстау.

1-2 - еңкейіп, секіртпені аяқтың ұшына қою; 3 - 4 - бастапқы қалыпқа келу. Жаттығу 6-7 рет қайталанады.


Дене тәрбиесі

Жалпы дамыту жаттығулары (секіртпемен)

1.Бастапқы қалып: дене тік, аяқ алшақ, секіртпені екі бүктеп төменде ұстау.

1 - оң аяқты ұшына қойып, секіртпені жоғары көтеру; 2 - бастапқы қалыпқа келу. Жаттығуды сол аяқпен қайталау. Жаттығу 6 рет қайталанады.

2. Бастапқы қалып: дене тік, аяқ алшақ, секіртпені төменде ұстау.

1 - секіртпені жоғары ұстау; 2 - оңға бұрылу; 3 - тіктелу; 4 - бастапқы қалыпқа келу. Осы жаттығуды сол жаққа қайталау. Жаттығу 6 рет қайталанады.

3. Бастапқы қалып: аяқты алшақ ұстап, отыру, секіртпені жоғары ұстау.

1-2 - еңкейіп, секіртпені аяқтың ұшына қою; 3 - 4 - бастапқы қалыпқа келу. Жаттығу 6-7 рет қайталанады.


Дене тәрбиесі

Жалпы дамыту жаттығулары (секіртпемен)

1.Бастапқы қалып: дене тік, аяқ алшақ, секіртпені екі бүктеп төменде ұстау.

1 - оң аяқты ұшына қойып, секіртпені жоғары көтеру; 2 - бастапқы қалыпқа келу. Жаттығуды сол аяқпен қайталау. Жаттығу 6 рет қайталанады.

2. Бастапқы қалып: дене тік, аяқ алшақ, секіртпені төменде ұстау.

1 - секіртпені жоғары ұстау; 2 - оңға бұрылу; 3 - тіктелу; 4 - бастапқы қалыпқа келу. Осы жаттығуды сол жаққа қайталау. Жаттығу 6 рет қайталанады.

3. Бастапқы қалып: аяқты алшақ ұстап, отыру, секіртпені жоғары ұстау.

1-2 - еңкейіп, секіртпені аяқтың ұшына қою; 3 - 4 - бастапқы қалыпқа келу. Жаттығу 6-7 рет қайталанады.


Дене тәрбиесі

Жалпы дамыту жаттығулары (секіртпемен)

1.Бастапқы қалып: дене тік, аяқ алшақ, секіртпені екі бүктеп төменде ұстау.

1 - оң аяқты ұшына қойып, секіртпені жоғары көтеру; 2 - бастапқы қалыпқа келу. Жаттығуды сол аяқпен қайталау. Жаттығу 6 рет қайталанады.

2. Бастапқы қалып: дене тік, аяқ алшақ, секіртпені төменде ұстау.

1 - секіртпені жоғары ұстау; 2 - оңға бұрылу; 3 - тіктелу; 4 - бастапқы қалыпқа келу. Осы жаттығуды сол жаққа қайталау. Жаттығу 6 рет қайталанады.

3. Бастапқы қалып: аяқты алшақ ұстап, отыру, секіртпені жоғары ұстау.

1-2 - еңкейіп, секіртпені аяқтың ұшына қою; 3 - 4 - бастапқы қалыпқа келу. Жаттығу 6-7 рет қайталанады.


Дене тәрбиесі

Жалпы дамыту жаттығулары (секіртпемен)

1.Бастапқы қалып: дене тік, аяқ алшақ, секіртпені екі бүктеп төменде ұстау.

1 - оң аяқты ұшына қойып, секіртпені жоғары көтеру; 2 - бастапқы қалыпқа келу. Жаттығуды сол аяқпен қайталау. Жаттығу 6 рет қайталанады.

2. Бастапқы қалып: дене тік, аяқ алшақ, секіртпені төменде ұстау.

1 - секіртпені жоғары ұстау; 2 - оңға бұрылу; 3 - тіктелу; 4 - бастапқы қалыпқа келу. Осы жаттығуды сол жаққа қайталау. Жаттығу 6 рет қайталанады.

3. Бастапқы қалып: аяқты алшақ ұстап, отыру, секіртпені жоғары ұстау.

1-2 - еңкейіп, секіртпені аяқтың ұшына қою; 3 - 4 - бастапқы қалыпқа келу. Жаттығу 6-7 рет қайталанады.




Таңғы ас

Гигиеналық дағдылар

Мақсат-міндеттер. Мәдени-гигиеналық дағдыларды жетілдіру, тамақтану, жуыну кезінде қарапайым мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру. Балаларды сыртқы келбетін бақылауға үйрету; сабынды дұрыс қолдануды, қолды, бетті, құлақты тазалап жууды, жуынғаннан кейін құрғатып сүртуді, орамалды орнына ілуді, тарақты және қол орамалды пайдалануды үйрету.

Үстел басында мәдениетті тамақтану дағдыларын қалыптастыру: ас қасық пен шәй қасықты, шанышқыны, майлықты дұрыс қолдану; нанды үгітпеу, тамақты ауызды жауып, шайнау, ауызды толтырып сөйлемеу.

Көркем сөз

Микробтар қаскүнем,

Көрмесем де білемін.

Ішер кезде асты мен,

Қолды жуып жүремін.

Ұйымдастырылған іс-әрекетті өткізуге дайындық

Сөйлеуді дамыту Көркем әдебиет Ғарыш әлемі әңгімелеу

Ғарышқа саяхат жасау.

Сөйлеуді дамыту Көркем әдебиет Планета түрлерімен таныстыру, әңгімелеу.


Сөйлеуді дамыту Көркем әдебиет

Жер планетасы жайлы әңгімелеу.


Сөйлеуді дамыту Көркем әдебиет

Жұлдыздар туралы әңгімелесу.


Сөйлеуді дамыту Көркем әдебиет

Ғарышкерлермен таныстыру, әңгімелеу.


Кестеге сәйкес ҰІӘ

Дене тәрбиесі- маман жоспары бойынша.

"Құрсауға кіру".

Мақсат-міндеттер: балалардың саптан қатарға бірінің артынан бірі арақашықтықты сақтап, дене қалпын тік ұстап тұру қабілетін жетілдіру; жүріп келе жатып, қатарда жұппен тұра білуге үйрету. Шығармашылық орталық

Сурет салу

Мүсіндеу

Жапсыру

«Зымыран»

Мақсат-міндеттері.

Балалардың қол икемдерін дамыту.

Ұқыпты жұмыс жасауға тәрбиелеу.

Балаларды топқа бөлу.

1-топ: Зымыранның суретін бояу.

2-топ: Зымыранды жапсыру.

3-топ: Зымыранды мүсіндеу.

«Ұлттық ойындар» - маман жоспары бойынша.




Қазақ тілі- маман жоспары бойынша

"Ғарышкер боламыз. Адамның дене мүшелері. 10 дейін тура және кері санау."

Балаларға ғарыш жайлы алғашқы түсініктірін дамытуға жәрдемдесу; «ғарыш» туралы түсінік қалыптастыру; Балаларды қазақ тілінде сөйлеуді мұқият тыңдауды үйрету; зат есімді сөздерге көптік, тәуелдік жалғауларды дұрыс қосып айтуға үйрету; сөз ішінде [ғ] дыбысын дұрыс дыбыстауға жаттықтыру; еске сақтауды, қиялды, ой-өрістерін дамыту.

Шығармашылық орталық

Сурет салу

Мүсіндеу

Жапсыру

«Ай мен күн» ертегісін оқу.

Мақсат-міндеттері.

Балалардың қол икемдерін дамыту.

Ұқыпты жұмыс жасауға тәрбиелеу.

Балаларды топқа бөлу.

1-топ: күннің суретін бояу.

2-топ: түн мен күндіз бейнеленген суретке

Ай мен күнді жапсыру.

3-топ: ай мен күнді мүсіндеу.




Дене тәрбиесі- маман жоспары бойынша.

"Құрсаумен жаттығулар".

Мақсат-міндеттер: балаларды қырлы тақтаймен жоғары-төмен жүру және жүгіру; қарқынды жылдамдатып және ақырын жүгіруге үйрету.

Шығармашылық орталық

Сурет салу

Мүсіндеу

Жапсыру

Құрсатыру

"Ғарыштың түрлі планеталары".

Мақсат-міндеттер: балаларды шар бетіне бояу жағып, қағаз бетіне басып алу дәстүрлі емес сурет салу,

мүсіндеу,жапсыру, құрастыру техникасымен таныстыру. Балаларды топқа бөлу.

1-топ: шар бетіне бояу жағып сурет салу.

2-топ:аспан әлемі сурет топтпмасына қиық суреттерден құрастырып аспан денелерінің суреттін жапсыру.

3-топ: зымыранды ермексазбен толықтыру.


Музыка- маман жоспары бойынша.

"Әжеміздің әні тамаша".

Мақсат-міндеттер: балалардың әнді тыңдай отырып, сипатын ажырата білу және айта білу қабілетін дамыту; дыбыс ұзақтығы туралы ұғымын қалыптастыру; музыка әуенімен бірге би ырғақтарын жасай білу дағдысына жаттықтыру.

Шығармашылық орталық

Сурет салу

Мүсіндеу

Жапсыру

«Жұлдыздар»

Мақсат-міндеттері.

Балалардың қол икемдерін дамыту.

Ұқыпты жұмыс жасауға тәрбиелеу.

Балаларды топқа бөлу.

1-топ: аспан әлемі бейнесі бейнеленген сурет топтамасын бояу.

2-топ: апсан әлемі бейнесіне жұлдыздарды жапсыру.

3-топ: жұлдыздарды мүсіндеу. «Робототехника» - маман жоспары бойынша.


Дене тәрбиесі- маман жоспары бойынша.

"Құрсаумен жарыстар".

Мақсат-міндеттер: балаларды бағытты өзгертіп жүруге; жай қарқында үздіксіз жүгіру; затты тігінен (нысана ортасының биіктігі 1,5 м) 1,5-2 м арақашықтықтан оң қолмен лақтыруға үйрету.

Музыка- маман жоспары бойынша.

"Ғарышкерлер жыры".

Мақсат-міндеттер: балаларды жаңа әннің мазмұнын әуен арқылы эмоциямен қабылдай білуге үйрету; музыканың көңілді, ойнақы сипатын алақандарымен баяу, ырғақты ұрып, әуен сүйемелдеуімен жұбымен жүре отырып, көңілді билеу дағдысын меңгерту.

Шығармашылық орталық

Сурет салу

Мүсіндеу

Жапсыру

Мақсат-міндеттері.

Балалардың қол икемдерін дамыту.

Ұқыпты жұмыс жасауға тәрбиелеу.

Балаларды топқа бөлу.

1-топ: еркін тақырыпта суретсалу.

2-топ: баланың қалауы бойынша мүсіндету (ай, жұлдыз, күн).

3-топ: қайшымен айды , жұлдыз бейнелерін қиғызып жапсырту.

Серуенге дайындық

Өзіне-өзі қызмет көрсету дағдыларын: өз бетінше киіну мен шешінуді, тісін тазалауды жетілдіру. Киімдерді жинау, ілу, ересектің көмегімен оларды тазалау, құрғату. Бейнелеу әрекетінен соң құтыларды, қылқаламдарды жуу, үстелді сүрту.

Серуен

Қоршаған әлеммен таныстыру

Торғай, көгершін, үйрек құстарын бақылау.

Тақпақ.

Ұшып, қонып жүр торғай,

Жем іздейді.

Серігіне табасын жегізбейді,

Құттай дәнді қиядан көзі шалып,

Байғұс сірә көрмейді өгіздерді.

Бақылау. Құстардың көлеміне, түрі-түсіне, шығарған дыбыстарына қарай, аттарын айыра білуге, қимыл іс-әрекетіне назар аудару, қимылдарын салыстыру. Торғай секіреді, ал көгершін жүреді.

Қимылды ойын. «Көптерді қуып жет».

Жарысуға үйрете отырып, ойынға деген қызығушылықтарын арттыру. Еңбексүйгіштікке баулу.

Еңбек. "Құстарды тамақтандыр".

Құстарды тамақтандыруға және олардың қасында өзін-өзі ұстай білуге және құстарға қамқор бола білуге баулу.

Өз бетімен ойындар. Әр балаға өзіне ұнайтын ойынды ойнауға мүмкіншілік беру.

Қоршаған әлеммен таныстыру

Көктемде ұзақ, тырна, қараторғайлардың ұшып келуін бақылау.

Жұмбақтар.

Ұзақ тектес құс,

Шiркей жеп.

Ауыл маңынан

Ұзап кетпес құс. (Қараторғай)

Талдың басында,

Жемi бар қасында.

Там тұр саялы,

Достарға аялы. (Құс ұясы)

Бақылау.

Көктемнің келуімен жәндіктердің жандануына байланысты, құстар көбейеді. Қар ерігенде ұзақтар құрт-құмырсқаны іздеп жерді шұқылайды. Олардың қимылдарына көңіл бөлу керек. Құстарға қамқор болуға баулу.

Қимылды ойын. «Құлыншақ»

Тізесін жоғары көтеріп, шеңберді айнала отырып, алға секіре білуге үйрету. Арқашықтықты сақтай білу, белгі бойынша кері жүруге үйрету, балалардың ұйымдастырушылық қабілетін дамыту.

Еңбек. Ауладағы жұмыс. Көшеттерді отырғызу. Балаларды бақта жұмыс істеуге баулу, гүлзар қазу, суару. Еңбекке, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Өз бетімен ойындар. «Үй».

Балаларды 2-3 рөлге бөлу, ойын барысында бірлесу дағдыларын қалыптастыру.

Қоршаған әлеммен таныстыру

Құстардың ұяларын бақылау.

"Шым тостаған".

Далаға кім тастаған?

(Құстың ұясы)

Бақылау. Тұмсығымен тістеген шөп, жүн-жұрқаны ұясына алып келген қараторғайды бақылау. Үй алдында ән салуын, қанат қағысын, басын шұлғып тұмсығын кеңінен ашады. Құс үйшігінің жанында, балаларды өзін байсалды ұстай білуге тәрбиелеу.

Қимылды ойын. «Өрт сөндірушілер».

Гимнастика баспалдағынан жүру, балалардың өздерінің қимыл қозғалыстарын үйлестіре алуы. Сорғышты шайқау. Балалардың белгі бойынша қимыл әрекетін дамыту.

Еңбек. Жер қазу жұмысы (ағаштардың түптерін қопсыту, құрғақ жапырақтарды жинау).

Балаларды құрғақ жапырақтарды жинауға қатыстыру, белгілі бір жерге апарғызу. Балаларды тазалықты сақтауға және еңбек етуге тәрбиелеу.

Өз бетімен ойындар. «Гараж».

Балалардың құралдарды дұрыс пайдалана білуге үйрету. Ойын барысында «жол» салуға басшылық жасау. Танымал ойындарды өз қатарларымен ұйымдастыру қабілетін арттыру.


Қоршаған әлеммен таныстыру

Ұяны бақылау.

Жұмбақ.

Ши түбінде шым кесе.

(Ұя)

Тақпақ.

Құстар ұя салады,

Жасауға жұмсақ ұяны.

Жабағы жүнді жияды,

Жайлы қып жасап ұяны

Жұмыртқасын салады.

Бақылау. Шатыр астындағы ұяны бақылау, ағаштағы құстардың ұяларының ерекшелігін белгілеу. Құстар ұяны жасайды. Өздері ағаш бұтақтарынан, жүннен, шөптен құрайды. Балапандарын ұрғашы құс басады, ал еркегі тамақ тауып, ұяның жаныңда ән айтып отырады.

Қимылды ойын. «Кім шақырды?

Белгі арқылы шеңберге тұруға дағдыландыру. Жолдасының дауысын тануға үйрету, ойын шартын орындату. Жануардың дауысын салу, бұйрықсыз бұрылмау. Есте сақтау мен төзімділік қабілетін арттыру.

Еңбек. Жер қазу жұмысы. Гүлзарлар қазу.

Гүлзар жұмысында тәрбиешіге көмектесу, еңбек ету тапсырмаларын орындату.

Өз бетімен ойындар. Құрастыру

«Ғарышкер».

Балалар құрылыс ойынында зымыран құруға үйрету, жағдай жасау, керек заттар мен ыңғайлы орын дайындау. Ойында татулық қарым-қатынасын тәрбиелеу.

Қоршаған әлеммен таныстыру

Өсімдіктердің бірінші көктеуін бақылау

Тақпақ.

Үлбіреген бақбақ,

Үлпілдеген аппақ.

"Уф!"-десем бақбақ,

Ұшасың ғой қаптап.

Бақылау. Назар аударыңыздар: жердің жылуымен жаңа өсімдіктер пайда бола бастайды. Өсімдіктер алдымен күннің жылы қызуымен өседі. Бір-екі өсімдіктерді айыра білу. Өсімдіктерді аялауға тәрбиелеу.

Қимылды ойын. «Күшік пен мысықай».

Гимнастикалық қабырғада 4 аяқтап өрмелеу қабілетін арттыру. Ептілік пен төзімділікке тәрбиелеу.

Еңбек. Гүлзарға гүл тұқымын себу.

Өз еркімен таяқшамен қуыс жасауды және суаруды үйрету. Өз еңбегіне ұқыпты қарауға тәрбиелеу.

Өз бетімен ойындар. Құммен ойын.

Алдын ала келісім арқылы өзара жұмыстарды бөлісу, бір-бірінің жұмысын үйлестіру және біріккен жігермен нәтижеге жетуге үйрету.

Серуеннен оралу

Өзіне-өзі қызмет көрсету дағдыларын: өз бетінше киіну мен шешінуді, тісін тазалауды жетілдіру. Киімдерді жинау, ілу, ересектің көмегімен оларды тазалау, құрғату. Бейнелеу әрекетінен соң құтыларды, қылқаламдарды жуу, үстелді сүрту.

Түскі ас

Гигиеналық дағдылар

Мақсат-міндеттер. Мәдени-гигиеналық дағдыларды жетілдіру, тамақтану, жуыну кезінде қарапайым мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру. Балаларды сыртқы келбетін бақылауға үйрету; сабынды дұрыс қолдануды, қолды, бетті, құлақты тазалап жууды, жуынғаннан кейін құрғатып сүртуді, орамалды орнына ілуді, тарақты және қол орамалды пайдалануды үйрету.

Үстел басында мәдениетті тамақтану дағдыларын қалыптастыру: ас қасық пен шәй қасықты, шанышқыны, майлықты дұрыс қолдану; нанды үгітпеу, тамақты ауызды жауып, шайнау, ауызды толтырып сөйлемеу.

Күндізгі ұйқы

«Өгіз» ертегісін оқып беріп, балаларды ұйықтату.

Ұйқыдан біртіндеп

ояту,

сауықтыру шаралары

Ұйқыдан кейін бірден төсекте жаттығу жасау; жатқан күйінде, төсектен тұрмай, көрпенің астында балалар жалпы дамыту жаттығуларының аз мөлшерін орындайды; (гимнастика, 2-3 минут төсекте, балалардың ұйқыдан біртіндеп ояу күйіне өтуіне бағытталған. Оянған балалармен жүргізген дұрыс, қалғаны оянған кезде қосылады)

Жалпақ табанды болдырмау үшін денсаулық жолымен жүру.

Бесін ас

Таза және ұқыпты тамақтану. Тамақтану мәдениетін қалыптастыру. Асты тауысып жеуге үйрету.

Балалардың дербес іс-әрекеті (қимылдық, ұлттық, сюжетті-рөлдік, үстел үсті-баспа және басқа ойындар), бейнелеу іс-әрекеті, кітап қарау және басқалары)

Ойын-жаттығу

"Әуе кемесі".

Мақсат-міндеттер: балаларға әуе кемесі туралы түсінік бере отырып, оның жалпы әуе көлігі екені жөнінде білімдерін кеңейту.

Сюжетті-рөлдік ойын "Ғарышкерлер".

Мақсат-міндеттер: мектепке дейінгілердің әскери-патриоттық дайындығына ықпал ету, дене шынықтыру дайындығын жетілдіру. Ойын сюжетін өз бетінше дамытуға үйрету.

Ойын барысы. Ойынға қызығушылықтарын дамыту үшін, тәрбиеші балаларға "Ғарышкерлер" ашық хат жиынтығын қарастыруды ұсынады. Олармен ғарыш мамандары, ғарышкер қандай қасиеттерге ие болу керектігі жайлы әңгімелеу.

«Ғарышқа ұшу» ойын түсіндіру, әңгімелеу.

Балаларға құрылыс материалынан зымыран құрастыруды ұсынуы мүмкін. Зымыранды құрастыру барысында оның бөліктерін атау (тұмсығы, люктер, иллюминаторлар, басқару тетігі).

Қазақ тілі

Қимылды ойындар "Ұшақтар".

Балалар ұшақтардың рөлін орындайды. Олар залдың әр жеріне тұрады. Педагог: «Ұшуға дайындал!» деген белгі берген кезде, балалар қолдарын қозғалтып, «ұшақты оталдырады». «Ұшамыз!» деген белгі берілгенде қолдарын алға созып, залды айналып шашырап жүгіреді. «Қонамыз!» деген белгі берілген кезде, ұшақтар тоқтайды, жерге қонады (балалар бір тізесін бүгіп отырады). Ойын 5-6 рет қайталанады.


Математика негіздері

«Сиқырлы қалта» дидактикалық ойыны
Мақсаты: Балаларды заттарды қолмен ұстап, санауға үйрету.
1-нұсқа – затты қолмен ұстап санау.
2-нұсқа – қандай зат екенін ұстап көріп, анықтау.

"Ұшты-ұшты" дидактикалық ойыны.

Мақсат-міндеттер: есту зейінін дамыту.

Міндеттері: балаларды ұшатын және ұшпайтын заттарды тануға үйрету. Зейінді, есте сақтауды, сөйлеуді және логикалық ойлауды дамыту.

Ойын шарты:

Ұшатын құс не зат айтылса, қолдарын жоғары көтереді де, ұшпайтын зат айтылса тырп етпей отырады. Қателескен бала айып тартып тақпақ айтады не ән салады.

Ұшты - ұшты сұңқар ұшты! (Қол көтереді)

Ұшты - ұшты қарға ұшты! (Қол көтереді)

Ұшты - ұшты арба ұшты! (Қол көтермейді)


Математика негіздері

«Не өзгерді» ойыны
Мақсаты: Көру арқылы ойлау қабілеттерін арттыру.
Мазмұны: Тәрбиеші екі жолақты карточканы тақтаға іліп, бірінші жолағына бір алмұрттың суретін, екінші жолағына көп алманың суретін іледі де, балалармен бірге салыстырады. Содан кейін, керісінше, бірінші жолаққа көп алманы, екінші жолаққа бір алмұрттың суретін іледі. Бұдан не өзгергенін сұрайды.


Сюжеттті-рөлдік ойын: "Ұшақпен саяхат".

Мақсат-міндеттер: балалардың әуе көліктері, ұшақ оның қолданысы, ұшаққа қызмет көрсету әдістері жайлы білімін кеңейту.

Барысы: Балалар ұшқыш, стюардесса, диспетчер, жүк тасушы, әуе жай қызметкері рөлдерін өзара бөліп алады. Ойынды ойнату.

Қазақ тілі.

«Ұлттық ойын - ұлт қазынасы»

Ұлттық ойын. Үш табан

Үш табан ойнау үшін тақыр жерге көлденең сызық сызылады да, оған әр ойыншы бір бірден арасын сиректеу етіп кеней тігеді. Содан соң ойнаушы балалардың барлығының сақаларын біреуі жиып иіреді. Кімнің сақасы шықса сол бірінші болып сақасын көннен алысырақ жерге иіреді. Сақасымен тігулі кенейді атып, үштабаннан артықтау жерге жіберуі керек үш табаннан кем, я болмаса сақасы кенейге тимей кетсе, ойынды сақасы шыққан келесі ойыншы бастайды. Ойын көндегі кенейді ұтып біткенше созылады.


Балалармен жеке жұмыс

Жаңылтпаш жаттайық

Ғарышкер ұшты ғарышқа.

Ғарышқа ұшты ғарышкер.

Айтшы, ғарыш алыс па?

Түкен Алиханға жаңылтпашты жатқа айтуын үйрету.

«Кім епті» ойыны.

Шарты:сызықтардың, арқанның,тақтайдың, гимнастикалық скамейканың, бөрененің бойымен тепе-теңдікті сақтап, жүру.

Тілейхан Айшаны «Кім епті» ойыннын ойната отырып сызықтардан, арқаннан,тақтайдан, гимнастикалық скамейкалардан, бөрененің бойымен тепе-теңдікті сақтап жүруге үйрету.

«Бес саусақ».

Оң қолымда бес саусақ,

Сол қолымда бес саусақ.

Оларды атап шақырар,

Әрқайсысының аты бар.

Бас бармақ,

Балаң үйрек,

Ортаң терек,

Шылдыр шүмек,

Кішкене бөбек.

Махсутова Асылымға санамақты жатқа айтуға үйрету.

Тақпақ жаттау.

Тоқтар, Талғат ағадай,

Мен Ғарышкер боламын.

Ғарышқа ұшып Айдындай,

Қанат жайып қонамын

Азкей Нұрисламға тақпақты жатқа айтуға үйрету.

"Ай мен Күн".

Мақсат-міндеттер: "Ай мен Күн" ертегісінің мазмұнын қайталап, сұрақтар қою және дауысты, дауыссыз дыбыстарды дұрыс айтқызуға үйрету.

Асан Алимансұрға "Ай мен Күн" ертегісінің мазмұнын қайталап айтқызып және дауысты, дауыссыз дыбыстарды дұрыс айта білуге үйрету.

Серуенге дайындық

Мақсат-міндеттер:

- киімді дұрыс бүктеп салуға, ілуге, аяқ-киімді түзу қоюға машықтандыру;

- өз бетінше жылдам және дұрыс ретпен киіне (шешіне) білуді дағдыландыру;

- шкафқа ілінген, қойылған бас киім, киім, аяқ-қиім сияқты заттарды өз орындарын біліп, тәртіпті сақтауды ұстануға тәрбиелеу;

- ауа райына сай киінгенін қадағалай білуге, киімді, аяқ-киімді таза ұстауға баулу;

- көмек көрсете білуге, алғыс айтуға тәрбиелеу.

Серуен

Түскі серуендегі бақылауды жалғастыру.

Серуеннен оралу

Балаларды киімдерін жүйелі шешінуге дағдыландыру, шкаф сөрелеріне киімдерін орналастыру, қолдарын жуу

Балалардың дербес іс-әрекеті (қимылдық, ұлттық, сюжетті-рөлдік, үстел үсті-баспа және басқа ойындар), бейнелеу іс-әрекеті, кітап қарау және басқалары)

Кітап бұрышында: өткен тақырыптар бойынша суреттерді қарау, сипаттау; ертегілерді есте жаңғырту, кейіпкерлердің сөздерін қайталау.

Міндеттер. Қазақстан халқының мәдениетімен, салт-дәстүрлерімен таныстыру арқылы түрлі балалар әрекетінде балалардың ауызша сөйлеуін дамыту.

Музыкалық аспаптармен ойындар. Балабақша туралы әндер тыңдау.

Міндеттер. Балалардың музыкаға деген қызығушылығын тудыру, оны тыңдауға ынталандыру, музыкалық шығармаларды эмоционалды қабылдауды дамыту.

Өнер бұрышында балабақшаны, ойыншықтарды мүсіндеу, жапсыру, суретін бояу.

Міндеттер. Жапсыру мен шығармашылық әрекетке қызығушылықты, шығармашылық қабілетті, қиялды дамыту. Жеке заттарды және бірдей заттарды қайталап салу және олардың қасына басқа заттарды бейнелеу арқылы сюжеттік композицияларды салу.

Қолдың ұсақ және ірі моторикасын дамытатын ойындар.

Міндеттер. Құрылыс материалдарынан, «лего» конструкторлардан құрастыру.

Балалардың үйге қайтуы

Кеңес.

"Саусақ жаттығулары".

Қолдың ұсақ моторикасын дамытудың маңыздылығын түсіндіру.

Балалардың танымдық үрдістерінің диагностикасы (психолог)

Кеңес.

«Су тасқыны».

Кеңес.

"Баланың бос уақытын тиімді пайдалану".

Ата-аналарға кеңес.

"Қыңырлықты шешу жолдары".









29

2. Ата анлармен жүргізілген сауалнама

Сауалнама атауы: Ата-аналар көзқарасы: ұлттық ойындардың баланың рухани дамуына әсері

Мақсаты: Ұлттық ойындарды тәрбие құралы ретінде қолдануға ата-аналардың көзқарасын анықтау, тәжірибесін зерттеу және бірлескен іс-шараларды жоспарлау үшін ұсыныстар жинау.

Сұрақтар тізімі (жабық және ашық түрлері аралас):

  1. Сіздің балаңыз балабақшада ұлттық ойындарға қатысады ма?

    • а) Иә

    • ә) Жоқ

    • б) Нақты білмеймін

  2. Сіз өзіңіз балаңызбен үйде ұлттық ойындар ойнайсыз ба?

    • а) Жиі

    • ә) Кейде

    • б) Сирек

    • в) Мүлде ойнамаймыз

  3. Ұлттық ойындардың тәрбиелік мәні бар деп ойлайсыз ба?

    • а) Иә, өте маңызды

    • ә) Біршама әсері бар

    • б) Ешқандай пайдасы жоқ

    • в) Білмеймін

  4. Сіздің ойыңызша, ұлттық ойындар қандай қасиеттерді қалыптастырады?
    (Көп нұсқалы жауап мүмкін)

    • а) Достық

    • ә) Тәртіп

    • б) Шапшаңдық

    • в) Ынтымақтастық

    • г) Құрмет пен сыйластық

    • ғ) Басқасы: ______________

  5. Балаңыз үйде балабақшада үйренген ұлттық ойындарды ойнап көрсетеді ме?

    • а) Иә, жиі көрсетеді

    • ә) Кейде көрсетеді

    • б) Көрсетпейді

  6. Сіздің пікіріңізше, балабақшада ұлттық ойындарды жиі өткізген дұрыс па?

    • а) Иә, өте пайдалы

    • ә) Орташа

    • б) Маңызсыз

  7. Сіз балабақшада ұлттық ойындарға арналған ашық сабақтарға қатысып көрдіңіз бе?

    • а) Иә

    • ә) Жоқ

  8. Ата-ана ретінде балабақшада ұлттық ойындарды қолдану туралы ұсынысыңыз бар ма?
    (Ашық сұрақ)______________________________________________________



  1. Сіз баланың рухани тәрбиесіне ұлттық ойындардың ықпалын қалай бағалайсыз?
    (Ашық сұрақ)______________________________________________________



  1. Болашақта ұлттық ойындарды қамтитын ата-анамен бірлескен іс-шараларға қатысуға дайынсыз ба?

  • а) Иә

  • ә) Шартты түрде

  • б) Қатыса алмаймын

Сауалнама соңында:

Сіздің пікіріңіз біз үшін маңызды! Рақмет!

Сауалнама қортындысы мониторниг түрінде



30

ҚОРЫТЫНДЫ

Қазақ халқының ғасырлар бойы жинақтаған бай мәдени мұрасы, соның ішінде ұлттық ойындары – жас ұрпақтың жан-жақты дамуына негіз болатын баға жетпес рухани қазына. Балабақша – баланың тұлғалық негізі қаланатын, алғашқы адамдық қасиеттері қалыптасатын маңызды әлеуметтік орта. Осы орайда мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесінде ұлттық ойындарды тәрбие құралы ретінде тиімді пайдалану – заман талабына сай, рухани құндылықтарға негізделген тәрбиенің маңызды бағыты болып табылады.Әдістемелік нұсқаулықта ұлттық ойындар арқылы рухани-адамгершілік тәрбие беру жолдары мен әдістері қарастырылды. Ұлттық ойын – тек ойын ғана емес, ол – тәрбие мектебі. Себебі әр ойынның өзіне тән мазмұны, мақсаты, ережесі, тәрбиелік әсері бар. Ұлттық ойындар арқылы бала тек қозғалып, ойнап қана қоймайды, сонымен қатар ойлайды, өз әрекетін бағалайды, достарымен қарым-қатынас орнатады, ережені сақтауға, әділдікке, сабырлылыққа, тәртіпке, достыққа үйренеді. Бұл – баланың болашақ өміріндегі адамгершілік құндылықтарының алғашқы қадамы.Мектепке дейінгі жаста баланың танымы ойын арқылы қалыптасады. Ұлттық ойындарда салт-дәстүр, тіл, мәдениет, рухани-адамгершілік ұстанымдар тұтас қамтылады. Сондықтан ұлттық ойын – тек қозғалыс емес, сонымен бірге ұлттық тәрбие құралы, рухани-мәдени сабақтастықтың дәнекері, баланың ішкі жан дүниесін байытатын құрал. Әсіресе, баланың бойына мейірімділік, достық, сыйластық, әділдік, шыншылдық, жауапкершілік сияқты қасиеттерді сіңіруде ұлттық ойындардың мәні зор.Осы әдістемелік нұсқаулықта тәрбиешілерге арналып ұсынылған ойын түрлері, олардың мақсаттары мен міндеттері, ұйымдастыру жолдары жан-жақты талданды. Ойыннан кейінгі тәрбиелік әңгімелер үлгілері – ойыннан кейінгі баланың алған әсерін саналы түрде бекітуге мүмкіндік береді. Бұл кезең – тәрбиешінің педагогикалық шеберлігіне, баламен жүргізетін диалогтың сапасына байланысты. Мысалы, «Сақина тастау» ойынынан кейін бала сабырлы болудың, «Арқан тартыста» – бірліктің, «Тақия тастамақта» – ережеге бағынудың мәнін ұғынады. Ал тәрбиеші осы сезімді бекітіп, оны өмірлік дағдыға айналдыруға бағыттауы қажет.Ұлттық ойындардың тәрбиелік әлеуеті тек жеке қасиеттерді ғана емес, әлеуметтік қарым-қатынас мәдениетін, қоғамдық нормаларды, ұлттық танымды да дамытады. Бұл бағытта «Ата-анамен бірлескен іс-шаралар», «Ұлттық мерекелер мен дәстүр күні» аясында өткізілетін ашық сабақтар мен ойын сағаттары ерекше орын алады. Мұндай іс-шаралар арқылы балалар отбасындағы және балабақшадағы тәрбиені үйлестіріп, ата-аналармен ұлттық құндылықтар негізінде бірлескен тәрбие алаңын қалыптастырады.Сонымен қатар, нұсқаулықта инклюзивті топтарда ұлттық ойындарды қолданудың ерекшеліктері қарастырылды. Ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар үшін ойын – өз мүмкіндігін көрсетуге, қоғамда өз орнын табуға мүмкіндік беретін маңызды тәсіл.

31

Ұлттық ойындардың бейімделген нұсқалары арқылы барлық баланың тең құқылы қатысуы қамтамасыз етіледі. Бұл инклюзивті тәрбиенің мазмұнын байытып, рухани-адамгершілік құндылықтардың жалпыға ортақ екендігін дәлелдейді.Практикалық бөлімде ұсынылған ойын сценарийлері, ашық сағат үлгілері мен күн тәртібіне сай кіріктіру жолдары – тәрбиешілердің жұмысын жеңілдетуге, ұлттық ойындарды жүйелі, мақсатты, сапалы ұйымдастыруына жол ашады. Мысалы, «Қазақтың ұлттық ойындарын ойнаймыз» тақырыбындағы ашық ойын сағаты – балалардың қызығушылығын арттырып, ұжымдық әрекетке, ережені сақтауға, бірін-бірі сыйлауға баулиды. Мұндай жұмыстар тәрбиешінің шығармашылығы мен педагогикалық шеберлігін дамытумен қатар, баланың ішкі жан дүниесіне де оң әсер етеді.Қорыта келе, ұлттық ойындар арқылы рухани-адамгершілік тәрбие беру – балабақшадағы тәрбиелік жұмыстың ең тиімді әрі табиғи жолы. Бұл әдістемелік нұсқаулық тәрбиешілерге тек бағыт-бағдар беріп қана қоймай, ұлттық ойындардың мазмұнын тәрбиелік мақсатта терең қолдану жолдарын ұсынады. Жас ұрпақтың бойына ұлттық рух, ізгілік, мейірімділік, әділеттілік, адамгершілік қасиеттерді дарыту – біздің болашаққа салған сенімді іргетасымыз. Ал осы қасиеттерді ойын арқылы беру – баланың танымына жақын, жүрегіне жылы, әсерлі тәсіл екені даусыз.Ұлттық ойын – ұлттың болмысы. Оны баланың тәрбиесіне кіріктіру – рухани жаңғырудың нақты көрінісі.



Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

  1. Қазақстан Республикасының “Білім туралы” Заңы. – Астана: ЮРИСТ, 2007.

  2. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2020–2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. – Астана, 2020.

  3. «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты». ҚР БҒМ, 2020 жыл.

  4. Әбиев Ж., Бабаев С., Құдиярова А. Педагогика. – Алматы: Дарын, 2004.

  5. Сейсенбаева З.Қ. Мектеп жасына дейінгі балаларды халықтық педагогика арқылы тәрбиелеу. – Алматы: Білім, 2010.

  6. Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика. – Алматы: Рауан, 1999.

  7. Жарықбаев Қ., Қалиев С. Қазақ тәлім-тәрбиесі. – Алматы: Санат, 1995.

  8. Оразымбетова Б.А. Ұлттық ойындар – халық қазынасы. – Алматы: Өнер, 2002.

  9. Садырова Б. Мектепке дейінгі балаларға арналған қазақтың ұлттық ойындары. – Алматы, 2013.

  10. Жұмабаева Г. Мектепке дейінгі жастағы балалардың рухани-адамгершілік тәрбиесі. – Алматы: Мектеп, 2021.

  11. Балкенова Г. Дене тәрбиесі және ұлттық ойындар жүйесі. – Шымкент: Айқап, 2018.

  12. Төлеубекова Р. Рухани-адамгершілік тәрбиенің педагогикалық негіздері. – Алматы: Қазақ университеті, 2001.

  13. «Мектепке дейінгі білім» журналы. – Алматы, 2018–2024 жж. аралығы.

  14. «Отбасы және балабақша» педагогикалық-әдістемелік журналы. – Нұр-Сұлтан, 2017–2024 жж.





















33























Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
28.11.2025
24
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі