"Ұлттық ойындар арқылы мектепке дейінгі балаларды дамыту "

Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Ұлттық ойындар арқылы мектепке дейінгі балаларды дамыту "

Материал туралы қысқаша түсінік
«ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ №1 БӨБЕКЖАЙ БАҚШАСЫ» және «№30 «Назерке» бөбекжац-бақшасы КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Материалдың қысқаша нұсқасы


«ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ №1 БӨБЕКЖАЙ БАҚШАСЫ» және «№30 «Назерке» бөбекжац-бақшасы КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ







Авторлық бағдарлама


"Ұлттық ойындар арқылы мектепке дейінгі балаларды дамыту "

(Бұл бағдарлама 4-5 жас ересек топқа арналған)














Ааторлық бағдарламаны құрастырушылар:

балабақша тәрбиешілері

Токсангулова Индира Амангелдиевна

Баетова Айгуль Койшыбековна

Токтыбаева Нургуль Сейсенкуловна.










Алматы 2025 жыл


Shape1 ӘОЖ 379

КБЖ 74.262.27

Ж 19


«Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы

Тараз қаласының білім бөлімінің

1 «Бөбекжай бақшасы» комуналдық

мемлекеттік мекемесі Балабақша тәрбиешісі

Токсангулова Индира Амангелдиевна

Авторлық бағдарлама тақырыбы «Ұлттық ойын- арқылы дамыту»


Алматы: «Білім əлемі» редакциясы, 2025. Ж.


Пікір берушілер:

Қазақ Ұлттық қыздар педагогикалық университетінің оқытушысы

, п.ғ.к., қауымдастырылған профессор м.а. Карсыбаева Раиса Канабековна

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің «Педагогика және психология» кафедрасының кандидаты Текесбаева Анар


ISBN 978 - 601 - 341 - 501 - 14


Ұсынылып отырған оқулық қазіргі заман талабына сай білім беру саласындағы жаңашыл оқытушыға қойылатын талап та жаңашыл болатыны сөзсіз. Оқытушы алдындағы басты міндет – оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп және жаңа педагогикалық технологияларды меңгере отырып, еліміздің жарқын болашағын жасайтын білімді де білікті, бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыру.

Жаңа технологияларды меңгеру мұғалімнің кәсіптік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін – өзі дамытып, оқу үрдісін тиімді ұйымдастыруға көмектеседі. Бүгінгі күні инновациялық әдістер мен ақпараттық технологиялар қолдану арқылы оқушының ойлау қабілетін арттырып, ізденушілігін дамытып, қызығушылығын тудыру, белсенділігін арттыру ең негізгі мақсат болып айқындалады.





© Токсангулова Индира Амангелдиевна

© ИП «Білім әлемі»







МАЗМҰНЫ


1. «Қазақ халқының ұлттық киіз үйінің құрылысын ата және орналастыр»

2. «Киіз үйдің жиһаздары мен жабдықтарын ата»

7.«Қазақтың ұлттық ер адамның, қыз баланың киімдері»

8.«Қазақтың ұлттық бас киімдері ер адамға, әйел адамдарға арналған»

9.«Ұлттық қазақ қыз баласының бұйымдары»

10.«Ұлттық аспаптар»

11.«Жауынгерлердің қару жарақтары мен сауыт-саймандары»

12.«Егіншілікке- ауыл шаруашылыққа қажетті құрал- саймандарды ата»

13.«Жеті қазынаны ата»

14.«Табиғат берген жеті ырыс»

15.«Аспан әлеміне саяхат»

16.«Ұлттық ыдыс аяқ турлері»

17.«Сауленің дастарханы»

18.«Сүт тағамдары»

19.«Ұн тағамдары қайдан алынады?»

20.«Ет тағамдары (қазы-қарта, жал-жая....)»

21.«Жабайы аңдарды, үй жануарларынан айырып ата және орналастыр»

22. «Үй жануарлары. Төрт түлік малдың атын ата, төлдерін тауып қос, алынатын өнімді тауып қой»

23. «Қазақстанда мекендейтін үй құстарын дала құстарынан айыр

және орналастыр, олардың мекенін атап, ерекше қасиеттерін тап.»

24.«Қазақстанда қызыл кітапқа еңген құстарды ата және артығын тап»

25. Әдебиет

Қосымша















Түсінік хат


Қазіргі заман талабына сай өскелең ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіру – маңызды міндеттердің бірі. Қазақ халқының салт-дəстүрі, əдет-ғұрпы, ұлттық ойындары мен өнері – балалардың жан-жақты дамуына, рухани-адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуына үлкен ықпал етеді. Балабақшада ұлттық құндылықтарды дамыту балалардың туған жерге, халқына, мəдениетіне деген сүйіспеншілігін арттырып, ұлттық сана-сезімін оятады. Олар ұлттық киімдер, тағамдар, музыкалық аспаптар, тұрмыстық бұйымдармен танысу арқылы халқымыздың бай мұрасын тереңірек түсінеді. Сонымен қатар, халық ауыз əдебиеті, мақалмəтелдер, ертегілер мен жұмбақтар арқылы балалардың тілдік қоры мен ойлау қабілеті дамиды.Ұлттық құндылықтарды үйрету барысында ойын, əн, би, көркем шығармашылық жəне театрландырылған қойылымдар секілді түрлі əдіс-тəсілдер қолданылады. Бұл балалардың қызығушылығын арттырып қана қоймай, олардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға да мүмкіндік береді.


Мақсаты:

Балалардың ұлттық құндылықтар туралы білімдерін кеңейту, салт-дəстүрлерді құрметтеуге баулу, қазақ халқының мəдени мұрасын насихаттау арқылы ұлттық сана-сезімін қалыптастыру.


Міндеттері:

Қазақ халқының салт-дəстүрлері мен ұлттық құндылықтары туралы білім беру..

Балалардың ұлттық киімдер, тағамдар, қолөнер мен əдет-ғұрыпт

туралы танымын арттыру.

Ұлттық ойындар мен өнер арқылы балалардың қызығушылығын ояту.

Туған жерге, елге, тарихқа деген сүйіспеншілігін қалыптастыру

.Қазақтың мəдени мұрасын зерттеуге жəне сақтауға ынталандыру.

балалардың сөйлеу дағдыларын жетілдіру, байланыстырып сөйлеуін дамыту.

Танымдық, шығармашылық қабілеттерін арттыру.

Ұлттық құндылықтарды дəріптеу арқылы патриоттық тəрбие беру.











Өзектілігі: Қазіргі жаһандану дəуірінде ұлттық құндылықтарды сақтау – ұрпақтар сабақтастығын жалғастырудың маңызды шарты. Қазақ халқының салт-дəстүрлері, мəдениеті, қолөнері мен ұлттық ойындары арқылы балалардың рухани əлемін байытып, ұлттық санасын қалыптастыру қажет. Бұл тақырып жас ұрпақтың тарихи мұраны құрметтеуіне, ұлттық бірегейлігін сезінуіне жəне өз елінің мəдениетін мақтан тұтуына мүмкіндік береді.



Дамытушылығы: Сабақ барысында балалардың ойлау, есте сақтау, тілдік қорын байыту, шығармашылық қабілеттерін дамытуға ықпал етіледі. Ойын элементтері,практикалық жұмыстар мен дидактикалық тапсырмалар арқылы олардың танымдық белсенділігі артады.

Жаңашылдығы: Сабақ заманауи əдістер мен интерактивті технологияларды қолдана отырып өткізіледі. Балалардың ұлттық құндылықтар туралы білімін ойын, зерттеу, шығармашылық жұмыстар арқылы жетілдіру қарастырылады. Сонымен қатар, топтық, жұптық жұмыстар ұйымдастырылып, оқушылардың өзара қарымқатынасы мен ынтымақтастығы дамытылады.


Күтілетін нәтиже:

.Балалар ұлттық құндылықтар туралы білімдерін толықтырады.

Қазақ халқының мəдени мұрасын түсініп, бағалай біледі

.Ұлттық салт-дəстүрлерді құрметтеуге үйренеді.

Туған жерге, ұлтқа деген сүйіспеншілігі артады.Өз ойын еркін əрі жүйелі жеткізе алады.

Танымдық жəне шығармашылық қабілеттері дамиды.

Ұжыммен, топпен жұмыс жасау дағдылары қалыптасады.

Қазақтың ұлттық мұрасын насихаттауға қызығушылық танытады.

Ұлттық салт – дәстүрімізді насихаттауға арналған дидактикалық ойындарға нұсқау


Ұйымдастырылған оқу іс – әрекеті жаңа педагогикалық технологияны пайдалана отырып, балалардың шығармашылық қабілетін дамыту балабақшаның негізгі мәселесі десек, балаларға партиоттық тәрбие бере отырып, оларды эстетикалық және этикалық мәдениетін қалыптастыруды тәрбие жұмысының өзегі етіп алынған.









Қазақ халқының бір туар, зиялы азаматтары А.Байтұрсынов,Ж. Аймауытұлы, М. Дулатұлы, М.Жұмабайұлы және басқалары ұлт мәселесін ұлттық тәрбие саласында өздерінің құнды еңбектерін қалдырғаны белгілі.

«...әрбір ұлт баласы өз ұлтының арасында өз ұлты үшін қызмет қылатын болғандықтан, тәрбиеші баланы сол ұлт тәрбиесімен тәрбие қылуға міндетті» (М.Жұмабаев). Білім беруді басқаруды одан әрі демократияландыру негізінде Қазақстандық білім беру моделінің жұмыс істеуінің заңнамалық, нормативтік, құқықтық базасын жетілдіру; білім сапасын бағалаудың ұлттық жүйесін құру; әлемдік білім беру кеңістігіне ықпалдасу болып табылады.

Баланың тілін дамыту мақсатында ауызекі сөйлеу мәдениетіне тәрбиелеу, байланыстырып сөйлеуді дамыту мен сөздік қорын дамыту ұйымдастырылған оқу

іс әрекетінде және дербес ойын - іс әрекетінде дидактикалық насихатты үстел – үсті ойындарының маңызы зор. Ойын шарттарымен көрнекіліктерін пайдаланып, ойналатын дидактикалық ойындар арқылы баланың жеке басын, ойын әрекетін дамытуға болады. Дидактикалық ойындарды ұлттық салт – дәстүрімізді насихаттау арқылы, танып білуге үйрету, балаларға ұлтжандылық бағытта тәлім-тәрбие беру. Өзін-өзі бақылауға, тиянақтылыққа қиялдай білуге, шапшандыққа, дұрыс шешім қабылдап әрекет етуді үйрету. Дидактикалық ойындарды іріктеуде баланың ойынды сапалы түсініп, ол ойын шартын дұрыс орындауға тырысып, белгілі бір нәтижеге жету мақсаты көзделеді. Бала ойын мақсатына сай ойын шартын орындап, ондағы сұрақтар мен тапсырмаларға жауап беруге дағдыланады. Ойын шартын, ережесін қатаң сақтау арқылы жолдастарын тындай білу, олардың қатесін түзетуге белсенділік көрсетуге ынталандырады. Жолдасының қатесіне көмектесуде, оған ойын шартын түсіндіріп, ойынды жалғастыруға, жаңа ойын ережесін ойлап табуға, оны басқаларға түсіндіре білуге, ойынды ұйымдастыруға жаттықтырылады.

Дидактикалық ойындар ұйымдастырылған оқу-ісәрекетіне байланыстырылып, мақсатына, сай тандалып алынады.

Ұсынылып отырған дидактикалық ойындардың мақсатына сәйкес, шарты нақты көрсетілген, жауаптары да берілген, ол педагогтарға түсіндірме ретінде.

Дидактикалық ойындар арқылы баланың қазақ халқының ұлттық құндылықтары мен көне мәдени мұраларын оқып үйренуге, салт дәстүрімізді біліп өсуге, оны құрметтеуге, адамгершілік рухымызды көтеріп, имандылыққа, әсемдікке, тазалыққа, ұжымдық алдына қойған мақсатқа бағынуга, талғампаздық пен жасампаздыққа, үлкендермен мен балалар арасында ынтымақтастық қарым-қатынас орнатуға болады.







«Қазақ халқының ұлттық киіз үйінің

Құрылысын ата және орналастыр»


Мақсаты: Балаларға ұлттық киіз үйдің құрылысын білуге үйрету. Өлең жолдарымен қимыл-қозғалыс түрлерін жасап киіз үй құру. Сөздік қорларын молайту.

Көрнекілік: киіз үй құрылысы жасалған карточкалар топтамасы, киіз үй үлгісі

Ойын шарты: балаларға киіз үй құрылысын ретімен атауға, киіз үй шаттық шеңберін орындауға үйрету, тоқпақ жолдарын іс-қимыл келтіріп орындау. Киіз үйді құрастыру, карточкаларды топтастыру.

Шаттық шеңбері

Үлкен шеңбер құрамыз,дөнгелене тұрамыз,

Керегені кереміз,уықтарды ілеміз

Айналамыз-ойнаймыз,киіз үйді құрамыз!


Уық керегенің үстінен қойылады

Уык предначается для поднятия купола юрты

Киіз үй-Юрта






Киіз –кошма, войлок

Оюмен өрнектелген киіз, киіз үй жабдығы ретінде қолданады сыртын жабуға немесе кілем ретінде жерге төселеді

Разрисованный войлок, кошма предназначается для покрытия юрты сверху и как ковер стелят изнутри, делают разных размеров. Богатые делали себе войлок белого цвета

Киіз үйдін жабдықтары

Оформление юрты изнутри



Шыңырақ-купол

Шанырақ түтін шығаруға арналған, және уақыт білудің ең бір қасиеті болған

Купол -кроме функции дымохода выполнял ещё и роль часов, казахи с большой точностью определяли время суток.

Кереге- стена

Ең бірінші керегесі қойылады киіз үйді көтергенде


Для строительства юрты сначала ставится кереге-стена

Все из ивовых прутьев

Есік- дверь

Есікті қазақ халқы шығысқа қарап орнатқан

Двери юрты всегда устанавливали в сторону востока.







«Киіз үйдің жиһаздары мен жабдықтарын ата»


Мақсаты: Балаларға киіз үйдің ішін жабдықтарын атай білуге, олардың қолдануға қандай пайдасы бар екенін білуге үйрету. Суретті карточкаларды әр балаға беріп, жұмбақтап жасырып, атын шешуін айту арқылы көрсету тапқырлыққа үйрету. Логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. Сөздік қорларын молайту.

Көрнекіліктер: жиһаз суреттері көрсетілген топтамалар, хатқалта

Ойын шарты: әр бала жиһаздарды қолына тиген карточкалардағы бейнеге қарап, жұмбақтап жасырады, жауабын басқа балалар шешіп табу қажет, осылайша жиһаздар жинағын топтастырады .

Сандық-сундук: онда әжемнің түрлі-түсті матасыда бар, әшекейлерде сақталған

Бесік- колыбель: менің кіп кішкентай інім күні бойы сонда таңулы, анам оған ән айтып тербетеді, уатады, ұйықтатады

Төсек- кровать: кеш батқан соң барлық бала тәтті ұйқыға жатады, дем алады

Төсеніш- ковровая дорожка: бөлмеде жерге төселген түрлі- түске бөлінген

Сөре- полка: кітаптарым ретімен орналасқан оның бойына

Шифоньер: киімдерім ілулі, ілгіште тұрады, есігі оның жабық болады

























Сырмақ –ковровая дорожка:

оюлары

қолдан тігіліп,

киізден 

сырылатын 

кілем.
















Кілем-клем: қабырғаға ілінеді

Төсек- кровать:

кеш батқан соң барлық бала

тәтті ұйқыға

жатады, дем

алады


Бесік- колыбель: менің кіп кішкентай інім күні бойы сонда таңулы, анам оған ән айтып тербетеді, уатады, ұйықтатады


Сандық-

сундук: онда әжемнің түрлі-

түсті матасыда

бар, әшекейлерді сақтаған

Шифоньер: киімдерім ілулі, ілгіште тұрады, есігі оның жабық болады


Сөре- полка: кітаптарым ретімен орналасқан оның бойына





Үстел-стол: тамақ ішуге арналған












«Қазақтың ұлттық ер адамның, қыз баланың киімдері»

Мақсаты: Суретте көрсетілген киім үлгілерін атау, оларды айыра білу, топтастыруға, тапқырлыққа, шапшандыққа баулу.

Көрнекілік: ұлттық ер адам, қыз бала киімдері, хат қалта

Ойын шарты: хатқалтаға салынған үлгілер балаларға беріледі. Ер адамның және қыз баланың киімдерін атап, оларды қашан, қайда киюге болатының айтады. Ол сөздерге қатыстырып, сөйлем құрайды. Қыз бала мен ер адам киімдерін жеке-жеке топстастырады

Ұлттық ер адам киімдері- мужская национальная одежда

Ұлттық қыз бала киімдері- женская национальная одежда


































Шапан-чапан




Етік – сапоги


Көйлек-платье


Сәукеле- саукеле


Желетке- жилет



Айыр қалпақ- айыр калпак

Жейде –рубашка



Қыз баланың етігі- женские сапожки



«Қазақтың ұлттық бас киімдері ер адамға,

әйел адамдарға арналған»

Мақсаты: Ұлттық бас киім түрлерінің атын білу, оларды айыра білу, оларды қашан, қайда, қай кезде киетінің білу, жеке-жеке топтастыру, тапқырлыққа, шапшандыққа баулу.








Көрнекілік: ұлттық бас киім үлгілерінің карточкалары.

Ойын шарты: балаларға бас киімдердің аттарын атай білу, оларды айырып топтастыру, қай мезгілге немесе қайда киетінің білу, айту. Ол сөздерге қатыстырып, сөйлем құрайды. Қыз бала мен ер адам бас киімдерін жеке-жеке топстастырады


Сәукеле-саукеле (қыз балаларға арналған бас киім)


Ер адам бас киімдері- головной убор мужчин


Тақия-тюбетейка (тымақтын ішінен немесе үйде, жазғы уақыттарда, қоғамдық орындарда киеді)


Тымақ-ушанка (қыс мезгілінде киеді)


Айыр қалпақ-айыр калпак (наурызда, мерекелерде, театрланған қойылымдарда, жылы мезгілдерді)


Кимешек- кимешек (әжелерге арналған бас киім)



Қыз баланың бөрігі- борик женский


Ер адамның бөрігі- борик мужской



Әйел адамдарға арналған бас киімдері- головной убор для женщи


Орамал- платок



«Ұлттық қазақ қыз баласының бұйымдары»

Мақсаты: Суретте көрсетілген зергерлік бұйымдардың аттарын атауды ұйрету. Әшекейлердің қолданбалы сән үлгісі екенің таныстыру. Олардың атауын біліп, топтастыра білуге

Көрнекілік: ұлттық зергерлік бұйым түрлерінің карточкалар топтамасы.

Ойын шарты: ұлттық әшекей бұйымдарының неден жасалғаның, оны кімдер жасайтының, оларға өрнектер қалай басылатынын және атауларын білу. Қолданылуын айтып беру. Қыз баланы әсемдеу.


Алқа – бусы:

Мойынға тағылатын әшекей







Шашбау- украшение для косички

Қыз баланың шашына тағылады өрімнің соңына

Сырға – серьги:құлаққа тағатын әшекей

Білезік- браслет. Қолға тағылатын әшекей бұйым

Белбеу- пояс: белге тағатын бұйым

Сақина- кольцо: саусаққа тағатын әшекей


«Ұлттық аспаптар»

Мақсаты: Ұлттық аспаптарымыздың атауларын білуге, оларды айыра білу, ұлттық құндылықтарымыз туралы білімдерін көтеру.

Көрнекілік: ұлттық аспаптардың түрлері (аса таяқ, сыбызғы, шаң қобыз, домбыра, қобыз, жетіген)

Ойын шарты: балаларға аспаптардың аттарын атай білу, оларды айырып топтастыру. Ол сөздерге қатыстырып, сөйлем құрайды.


Шанқобыз- ауызбен, үрлеп ойнайды










Сыбызғы- үрмелі аспап

Жетіген- жеті ішектен тұрады, саусақ басымен ойнайды

Аса таяқ- жерге соғып немесе қолда сермеп ойнайды

Қобыз- ішекті аспап, арнайы таяғымен сызып ойнайды

Шың – ертеден келе жатқан қазақтың музыкалық аспабы. Бұл аспап даңғара, дауылпаз сияқты ұрмалы аспаптардың қатарына жатады.


«Жауынгерлердің қару жарақтары мен сауыт-саймандары»

Мақсаты: Балаларды ұлттық патриоттық сезімге баулу, қару жарақтар мен сауыт-саймандар жайлы білімдерін бекіту

Көрнекілік: үлгілер көрсетілген карточкалар топтамасы.

Ойын шарты: 1. Қазақ халқы жауынгерлікте денесін оқтан қорғау үшін киген киімі қалай аталады жалпы атауы, жеке-жеке атауы.2. Қазақ хандары дауды қалай тоқтатқан, нені қолданған.3. Шайқаста қандай қару- жарақтарын қолданған. Карточка топтамаларынан аттарын атап үш бөлікке бөліп топтастыру.

  1. Қазақ халқы жауынгерлікте денесін оқтан қорғау үшін сауыт киіп, қолына қалқан ұстаған, басына дулыға киген

  2. Қазақ хандары билік айтқанда, дауды тоқтатқанда шоқпарын нық ұстап, тік қойған, ақылмен шоқпардың күшімен шешкен

  3. Шайқаста : садақ жебесімен, найза, айбалта, қылыш қынабымен қолданған


ШОҚПАР- дубинка















САУЫТ- кальчуга: оқтан қорғау үшін


ДУЛЫҒА- шлем: басын қорғау үшін киген

НАЙЗА- копье

САДАҚ ЖӘНЕ ОҚ- лук и стрела

АЙБАЛТА-секира

ҚЫЛЫШ қынабымен- сабля и ножны

Жауынгер

ҚАЛҚАН- шит: қорғану үшін қолға ұстаған


«Егіншілікке- ауыл шаруашылыққа

қажетті құрал- саймандарды ата»


Мақсаты: Шаруашылыққа қажетті құралдардың атын білу, олардың қолданылуы мен пайдасын түсініп білу, талаптылыққа, еңбекке, алғырлыққа баулу. Логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. Сөздік қорларын молайту.

Көрнекіліктер: хат қалта, еңбек құралдар топтамасы, дидактикалық ойын шартына арналған карточкалар.

Ойын шарты: балаларға құрал-саймандардың атауын айту, олардың пайдасы, қолдану әдісі, іс-қимылмен олармен жұмыс істеу шараларын келтіру не істеп жатқандарын баяндап айту. Егіншілікке, шөп шабуға арналған құралдарды жеке топтастыру, ағаш кесуге, шабуға, жекелеуге, оны жұлуға арналған құралдарды жеке топтастыру

  1. Ағаш кесуге, шабуға, шегелеуге, шеге жұлуға арналған құралдарды топтастыру

2. Жер қазуға, шөп оруға арналған құралдарды бір бөлек топтастыру)


Балта- топор: ағаш жаруға








Айыр- вилы:шөпті жинауға арналған

Ара- пила: ағаш кесуге арналған

Шалға – коса: шөпті шабуға арналған

Қайла- кирка: қатты жерді қайламен қазады

Күрек- лопата: жер қазуға, тегістеуге

Атауыз- клещи: шеге жұлуға


Балға- молоток: шеге қағуға

«Жеті қазынаны ата»

Мақсаты: Балаларға қазақ халқының салт-дәстүрін үйрету, қазақтың пір тұтатын жеті байлығын танып білуге тәрбиелеу.

Көрнекілік: жеті қазына бейнеленген карточкалар топтамасы және сәйкес емес бейнелі карточкалар.

Ойын шарты: балаларға қазақ халқының жеті қазынасын ретімен атай білу және орналастыру, артық бейнелі карточкаларды айырып алып тастау. Әңгімелеу . сөздік қорларын молайту.

Жеті қазына- семь сокровищ (1. Ер жігіт, 2. Сұлу әйел, 3. Білім, 4. Жүйрік ат, 5. Қыран бүркіт, 6. Мылтық, 7. Құмай тазы)


Ер жігіт

Білім

Құмай тазы

Сұлу әйел

Мылтық

Қыран бүркіт

Жүйрік ат

Ай


«Табиғат берген жеті ырыс»

Мақсаты: Балаларға қазақ халқының киелі саны жеті санына байланысты ұғымдарды білуге, табиғат берген жеті ырысты танып білуге үйрету.

Көрнекілік: магнит тақтасы, жеті табиғат ырысы бейнеленген карточкалар топтамасы.

Ойын шарты: балаларға табиғат берген жеті ырысты атап көрсетуге, олардың адамға берер пайдасы жайлы сөз ету, құндылықтарын білу. Карточкаларды топтастыру.Артығын алып тастау.

Табиғат берген жеті ырыс- Семь даров природы (1. Күн, 2. Ай, 3. От, 4. Су, 5. Жер, 6. Аспан, 7. Ит )


От- огонь

Жұлдыздар- звёзды

Жер- земля

Күн-солнце

Ит - собака

Аспан-небо

Су- вода

Ай- луна


«Аспан әлеміне саяхат»

Мақсаты: Балаларға өздерінің жұлдыздарын танып білуге ұйрету, жұлдызнама кестесімен таныстыру. Қазақ халқының киелі жеті санына байланысты жеті қарақшы жұлдызымен таныстыру, әрі оған ұқсас атауы басқа темір қазық жұлдызымен таныстыру, білімдерін бекіту.

Көрнекілік: Жұлдыз нама кестесі, мольберт, таяқша.

Ойын шарты: Балалар өздерінің қай жылы, қай айда туғандарын айтып, қай жұлдызға жататындарын айтып көрсетеді жұлдыздар кестесінен. Ожауға ұқсас екі жұлдыз бірі үлкен, бірі кіші қалай аталатының айтып олар неше жұлдыздан тұратынын айтады.

Таразы-весы





Жұлдызнама

Звездный гороскоп

Су құйғыш- водолей

Шаян- скорпион


Тоқты- овен

Бикеш- дева

Егіздер- близнецы

Тау ешкі- козерог


Үлкені жеті қарақшы және кішісі темір қазық

Большая и малая медведица


«Ұлттық ыдыс аяқ турлері»

Мақсаты: Ұлттық ыдыстардың аттарын атай , оларды толықтыруға қажетті құралдарды тапқызу, ыдыстардың жалпы және жеке атауларын меңгерту, ұлттық құндылықтарымыз туралы білімдерін көтеру.

Көрнекілік: ұлттық ыдыстар түрлері (келі, келсап, күбі, піспек, торсық, шәйнек, қазан-ошақ)

Ойын шарты: ыдыстардың аттарын атай отырып, ажыратып толықтыру. Оларда қандай тағамдар дайындалатының және сақталатындығы туралы әңгімелеп. Олар неден жасалған екендігі туралы айтқызу.

Қысқаша мағлұмат: Келімен бидай түйіп, келсаппен бидайды қауызынан айырып талқан дайындайды, күбімен бие сүтін құйып піспекпен пісіп қымыз әзірлейді, қаймақ шайқап май әзірлейді. Торсыққа қымыз, айран толтырып жолға, сапарға шыққанда аттын қанжығасына байлап алады, онда сут өнімі салқын күйде сақталады, шөлдегенде сусын қандырады


Келі, келсап: бидайды, арпаны қауызынан айыруға арналған ыдыс

Жасалғаны: ағаштан

Торсық: қымыз, айран, сүт құйуға арналған ыдыс

Жасалғаны : теріден

Күбі, піспек: қымызды, сүтті құйып шайқауға арналған ыдыс

Жасалғаны: ағаштан


Ақ құман: Шай дәмдеуіш ыдыс

Кесе: шай құюға арналған ыдыс

Жасалғаны: керамикадан

1.Шара: қымыз, сут құюға арналған ыдыс

2.Саптыаяқ (Ожау): қымызды сапыруға арналған ыдыс

3.Тостаған: Қонаққа дастархан басында ожаумен

сапырып, дәмдеп тостағанға құйып

ұсынады

Жасалғаны : ағаштан


Қазан-ошақ: ет тағамдарын, бауырсақ пісіруге арналған ыдыс. Далада от жағу арқылы қолданады.

Жасалғаны: шойын темірден










«Сауленің дастарханы»

Мақсаты: Ұлттық тағамдарымыздың атауларын білуге, дастархан мәзірін жасай алуға үйрету, ұлттық құндылықтарымыз туралы білімдерін көтеру.

Көрнекілік: ұлттық шаңырақта жасалған дастархан мәзірі, ет, сут, ұн тағамдарының түрлері, Сәуле қуыршақ, ұлттық ыдыстар, дөнгелек үстел, дастархан, ши талшықтары.

Ойын шарты: Сауленің қонақтарға арналған дастарханы.

  1. Сәуле қонақтарға қандай тағамдар әзірледі?

  2. Сәуле қонаққа неше адам шақырды?

  3. Тосыннан екі қонақ келсе, оларға арнап не нәрсе қою керек?

  4. Ши талшықтарымен есептеп шығу керек.


Бауырсақ- бауырсак.

Национальный продукт приготовленный из муки







Қуыршақ Сауленің қонақтарға әзірлеген дастарханы.

Дастархан куклы Сауле с угощениями







Шелпек- лепешка

Национальный продукт приготовленный из муки

Қурт- курт национальный

молочный продукт

Ірімшік-творог национальный

молочный продукт

Бесбармақ- бесбармак

национальное блюдо из мяса и теста

Тостаған- тостаган. Национальная посуда

Дөнгелек үстел- круглый стол


Дастархан-скатерть


«Сүт тағамдары»

Мақсаты: Балаларға сүт өнімдері туралы ақпарат беріп қадірлеуге тәрбиелеу. Сүт өнімдерін құрметтеуге үйрету.

Көрнекілік: Сүт өнімдерін суреттегі көрсетілген карточкалар бойынша топтастыру.

Ойын шарты: Сүт тағамдарын атау, олар қайдан алынады, оларды жеке-жеке топтастырып айту


Сүзбе-творог

Сүзбенi айраннан 

әзiрлейдi. Ол үшiн айранды кенептi қапшыққа құяды

да, одан ағызады. Қалған қою масса сүзбе болып табылады.


Қымыз-кумыс.

Бие сүтінен жасалатын қышқыл диеталық сусын.

Ірімшік (сыр)—

сүтті арнайы өңдеуден өткізу арқылы алынатын неғұрлым сіңімді тағамдық өнімдерінің бірі.

Сүт-молоко. Сапасы мен дәмі оның майлылығымен анықталады. Майы көп болған сайын, оның дәмі де жақсы болып, құнарлылығы да артады.

Құрт-курт.

Сүтті ашытып, сосын ұзақ уақыт араластырып, сұйықтықтың айтарлықтай бөлігі қайнап суалғанша қайнату арқылы жасалады.


Май —масло: организмге қуат беретін астың жұғымы.


«Ұн тағамдары қайдан алынады?»


Мақсаты: Балаларға нанның жасалу жолын түсіндіру, нан жасауға қатысатын адамдар еңбегін бағалау, қадірлуеге тәрбиелеу. Нанды құрметтеуге үйрету.

Көрнекілік: Ұн өнімдерін суреттегі көрсетілген карточкалар бойынша топтастыру.

Ойын шарты: Ұн тағамдарын атау, олар қайдан алынады, шикі өнімдерден піскен өнімдерді айырып жинақтау, қайсысы қазанда майға қуырылады, ал қайсысы табада дайындалады туралы айтқыздырту.
Қайсысы пеште піседі? Ал қайсысы суға піседі, немесе бұқтырылатыны жайлы, оларды жеке-жеке топтастырып айту


Бауырсақ- бауырсак: Майға қуырып қазанда пісіреді













Ұлттық дастарханның жайлыуы


Убранство национального стола







Чак-чак: Майға жүқалап кеспеленіп туралып қуырып қазанда пісіреді, сонынан бал, мейіз қосады

Таба нан-лепешка: ыстық пеште пісіреді

Шелпек: Майға қуырып қазанда пісіреді

Ұн- мука: Бидайды диірменнен өткізіп ұн алынады

Жайма нан-бесбармачное тесто: жүқағып илеп сорпаға бұқтырып пісіреді

Жұқа кеспе-лапша: жіңішкеғып турап сорпаға бұқтырып пісіреді

Қалын кеспе –макарон: сорпаға бұқтырып пісіреді











«Ет тағамдары (қазы-қарта, жал-жая....)»


Мақсаты: Балаларға ұлттық ет тағамдарының жалпы және жеке атауын ажыратып айта білуге үйрету. Қазақы бесбармақ тамағының дайындалуы, қонақ күту туралы ұғымдарын қалыптастыру.

Көрнекілік: дастархан, оған қажетті заттар және тағам түрлері

Ойын шарты: балаларға ет тағамдарын жинақтап, топтастырып, табақ тарту жасауға үйрету. Атауларын атау, дайындалу жолын айтқызу. Карточкаларды топтастырады.


Шұжық: ет кесектерінен шекке тығыздап тұздап салып дайындалады

Жілік: еті мол, бесбармақ жасағанда қазанға салады,жіліктін майы пайдалы

Қазы: жылқының қос қабырғасын шекке салып тұздап дайындалатынтағам

Жал-жая деп жамбастың кесек етін айтады, өте дәмді болады

Қарта: тоқ ішектен айналдырып дәмдеп жасалынады

Бас : сыйлы қонаққа арнап асылады. Шеке деп те атайды








«Жабайы аңдарды, үй жануарларынан айырып

ата және орналастыр»


Мақсаты: Балалардың көрген суреттерді есте сақтап, көз алдарына елестете отырып, әрқайсысын ретімен атап шығуға, логикалық ойлау арқылы ерекше қасиеттерін, аттарын атай білуге. Жалпы мағлұмат беруге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: үй жануарларының, жабайы аңдардың бейнелі суреттері, теледидар, слайдттар.

Ойын шарты: Әр түрлі суреттерді теледидардан көрсетіп шығарады. Бірінші суреттен үй жануарларын көрсетеді, екінші суреттен жабайы аңдарды атайды, олардың қорегін, мекенің, алынатын өнімдерді, төлін атайды, дауысын, қимылын салады.Жалпы және жеке ұғымдарды бекіту, оларға қамқоршы болу үшін не істейтіндерін сұралады.


Атауы:ешкі,

пірі-«Шопан ата»

Төлі : лақ

Дауысы: манырайды

Мекені: отты жер ,

қорада,

сулы жайылымдарда,

отармен

шопан бағады

Қорегі: жем, шоп, су

Алынатын өнім: сүт,ет

Шикі зат, өнім:

түбітінен шұлық,

кеудеше, бас киім

тоқиды, терісінен

тұрмыстық заттар

жасайды

Рисунок 1

Рисунок 5

Атауы : аю

Баласы: қонжық

Қорегі: бал, шөп, су

Ерекше қасиеті: қыс бойы ұйқыда жатады,

май табаның сорып, аштыққа шыдайды

Мекені: орман, апаң


Атауы:мысық

Төлі: марғау

Дауысы: мияулайды

Мекені: үй

Қорегі: ет, сүт

Пайдасы: тышқан аулайды

Ерекше қасиеті:адамның

ауырған жеріне жатса, қақсағаның

басады, тзалықты сүйеді,

беті қолын жалап үнемі жуады


Рисунок 6

Рисунок 10

Атауы: арыстан Қорегі: аң аулап жейді, ет

Ерекше қасиеті: аңдардың патшасы,алып күш иесі , дауысы зор, ақырып, ырылдайды Мекені: орман, таулы аймақ, үңгір

Атауы: ит

Төлі: күшік

Дауысы: үреді

Мекені: үйшік, аула

Қорегі: су, ас қалдығы, ет

Пайдалы өнім: терісі, жүні, майы

Шикі зат, өнім: тұрмыстық заттар:

аяқ киімдер, тондар,жүнінен шұлық,кеудеше,белдік. Майынан сабын дайындайды

Ерекше қасиеті: адамға дос,

адамның үйін қорғайды, алынатынөнімдерінің емдік қасиеті бар

Рисунок 11

Рисунок 12

Атауы: қасқыр Баласы: бөлтірік Қорегі: жемтік, ет Ерекше қасиеті: өтін емге пайдаланады,

балаға ит тигене шомылдырады, терісі құнды Мекені: орман, үңгір




«Үй жануарлары. Төрт түлікмалдың атын ата, төлдерін тауып қос, алынатын өнімді тауып қой»


Мақсаты: Балаларды үй жануарларын, төлдерін атауға, олар туралы жалпы мағлұматтарды

толық баяндауға, оларға қамқоршы болуға үйрету.

Көрнекіліктер: төрт-түлік макеті, төлдерінің макеті, суретті үлгілер

Ойын шарты: төрт-түлік макеті қойылып, балалардың қолына төлдері беріледі, төлін тауып қою, аттарын атау, дауысын салу, төрт-түліктің пірін атау. Төрт-түліктің алынатын өнімді

тауып қою, өнім салынған суретті каточкаларды пайдаланып. Олардың ерекше қасиетін атау, оларды қалай шақырамыз, олар қалай дауыстайды, қалай қимылдайды жалпы үй жануарлары туралы барлық мағлұматтарды айтқызу.Үй жануарлары туралы жұмбақ шешу, мақал-мәтел,

өлеңдер оқу.


Түйені шақыру: «аухау-аухау»

Төлі: бота

Дауысы: түйе ақырады, күйсейді

Атауы: түйе, пірі-«Ойсыл қара»

Мекені: шөлді дала, қорада

Қорегі: шонышқа, су, тікен шоп

Алынатын өнім: етін жейді,

шұбаты сусын ішеді

Шикі зат, өнім: жүнінен, терісінен

тұрмыстық бұйымдар, заттар дайындайды

Ерекше қасиеті: шөлге төзімді, екі өркешіндегі май шөлден, ыстықтан сақтайды

Жылқыны шақыру:

«қырау-қырау»

Төлі: құлын

Дауысы: кісінейді

Атауы: пірі-«Ойсыл қара»

Мекені: отты жер , қорада,

сулы аймақты мекендейді

Қорегі: жем, бидай, арпа,

сұлы, көк шоп, ұйірмен

жайылады,

жылқышы бағады

Алынатын өнім: ет оның ішінде

ұлттық тағам: қазы –қарта, жал-жая,

шұжық, қымыз, саумалы сусының ішеді

Шикі зат, өнім: жалынан,

қылынан- арқан еседі, жүген өреді,

бас жіп есет, жүнінен, терісінен

тұрмыстық бұйымдар, заттар дайындайды

Ерекше қасиеті: мінсе-көлік, оған арба,

шана, пәуеске жеге алады

салтанатты меркелерге, өте

жүйрік сәйгүліктік, өңерлі шабандоз.


Сиырды шақыру:

«әукім-әукім»

Төлі : бұзау

Дауысы: мөнірейді

Атауы:сиыр, пірі-

«Зеңгі баба»

Мекені: отты жер , қорада, сулы жайылымдарда, табынмен

бақташы бағады

Қорегі: жем, шоп, су

Алынатын өнім: сүт

оның ішінде ұлттық өнімдер:айран, құрт, сүзбе. Ет тағамдары

Шикі зат, өнім: терісінен

ұлттық ыдыс аяқтар- күбі, мәсі.

Бұйымдар: тон, аяқ киімдер, қоржын.

Тұрмыстық заттар: ат әбзелдері теріден,

қайыстан: жүген, тартпа, тоқым.

Қойды шақыру:

«пүшәйт-пүшәйт»

Төлі: қозы

Дауысы: маңырайды

Атауы:қой, пірі-«Шопан ата»

Мекені: отты жер , қорада,

сулы жайылымдарда, отармен бақташы

бағады

Қорегі: жем, шоп, су

Алынатын өнім: Етін жейді

Шикі зат, өнім: жүнінен тоқыма

бұйымдарын

жасайды: шұлық кеудеше,

бас киім.

Тұрмыстық бұйымдар: көрпе

тігеді жүнінен







«Қазақстанда мекендейтін үй құстарын дала құстарынан айыр және орналастыр, олардың мекенін атап, ерекше қасиеттерін тап.»

Мақсаты: Балаларды суреттегі көрген заттарының аттарын атап, олардың қайда өмір сүретінін, қандай ерекше қасиеттерін білетіндерін сұрау. Логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. Сөздік қорларын молайту.

Көрнекіліктер: дидактикалық ойын шартына арналған карточкалар, бейне слайдттар.

Ойын шарты: Құстардың суреттері бейнеленген әр түрлі құстарды көрсету. Оларды құрастыру, қайда мекендейді, немен қоректенеді, қандай ерекше қасиеттері бар екенін сұрау. Балалардың сөздік қорына жаңа сөздерді еңгізу үшін, тапсырманы түрлендіруге болады. Олар туралы балалардың білетін өлендері, жұмбақтары жайлы сұрау, айтқызу.


Атауы: қаз

Қорегі: бидай, тары, көк шөп жейді

Дауысы : «қанқ-қанқ»-деп қанқылдайды Мекені:суды жақсы көреді, суда және құрғақта жүреді

Рисунок 7

Рисунок 4

Атауы : үкі

Қорегі: тышқан т.б. ұсақ жәндіктерді аулап жейді

Даусы: үкілейді Мекені: ағашты мекендейді

Атауы: қарға

Қорегі: жем, жемтік, су

Мекені: тұрғылықты жерді, орманды, тоғайды мекендейді Дауысы: «қар-қар» -деп қарқылдайды

Рисунок 10

Рисунок 10

Атауы : тауық

Қорегі: бидай, тары жейді

Мекені: үй құсы Дауысы: «құт-құт» -деп құтқылдайды

Пайдасы::еті, жұмыртқа тағам ретінде








«Қазақстанда мекендейтін -үй құстарын дала құстарынан айыр және орналастыр, олардың мекенін атап, ерекше қасиеттерін тап.»


Мақсаты: Балаларды суреттегі көрген заттарының аттарын атап, олардың қайда өмір сүретінін, қандай ерекше қасиеттерін білетіндерін сұрау. Логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. Сөздік қорларын молайту.

Көрнекіліктер: дидактикалық ойын шартына арналған карточкалар, бейне слайдттар.

Ойын шарты: Құстардың суреттері бейнеленген әр түрлі құстарды көрсету. Оларды құрастыру, қайда мекендейді, немен қоректенеді, қандай ерекше қасиеттері бар екенін сұрау. Балалардың сөздік қорына жаңа сөздерді еңгізу үшін, тапсырманы түрлендіруге болады. Олар туралы балалардың білетін өлендері, жұмбақтары жайлы сұрау, айтқызу.


Атауы: күркетауық Қорегі: бидай, тары, көк шөп жейді Даусы : «құр-құр»- деп дауыстайды Мекені:құрғақта жүреді,үй құсы Ерекше қасиеті: әдемі құс, қызғылт түстерге шабуылдайы

Рисунок 16

Рисунок 13

Атауы : қарлығаш

Қорегі: дәнді дақыл, су

Мекені: орман, тоғайда ағашта мекендейді




Атауы: торғай

Қорегі: дәнді дақыл, су, ұсақ жәндіктерді Мекені: ағашқа ұя салады тұрғылықты жерді, орманды, тоғайды мекендейді Дауысы: «шиқ-шиқ» -деп шиқылдайды


Рисунок 19



Рисунок 22

Атауы : үйрек

Қорегі: бидай, тары , дәнді дақылдар

жейді, көк шөппен қоректенеді

Пайдасы::еті, жұмыртқа тағам ретінде

Мекені: үй құсы, суды жақсы көреді Дауысы: «бақ-бақ» -деп дауыстайды


Атауы : қаз

Қорегі: бидай, тары , дәнді дақылдар

жейді, көк шөппен қоректенеді

Пайдасы::еті, жұмыртқа тағам ретінде

Мекені: үй құсы Дауысы: «қанқ-қанқ» -деп қанқылдайды





Атауы: үкі

Қорегі: дәнді дақыл, су, ұсақ жәндіктерді Мекені: ағашқа ұя салады тұрғылықты жерді, орманды, тоғайды мекендейді

Дауысы: «ку-ку» -деп үкілдейді



«Қазақстанда қызыл кітапқа еңген

құстарды ата және артығын тап»

Мақсаты: Балаларға суреттерге қарап, оларды топтастыруға ұйрету. Қызыл кітапқа еңген құстарды атау, ерекше қасиеттерін білу. Іс – қимыл әрекетін келтіру. Қайсысы артық екенің табу. Көрген заттарының аттарын атап, олардың қайда өмір сүретінін, қандай ерекше қасиеттерін білетіндерін сұрау. Логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. Сөздік қорларын молайту.

Көрнекіліктер: дидактикалық ойын шартына арналған карточкалар, бейнелі слайдттар, теледидар, альбомдар.

Ойын шарты: Құстардың атын атау, қызыл кітапқа еңген құстарды бөлек орналастыру, олардың қандай ерекше қасиеттері бар екенін сұрау.Берілген дала құстары мен қызыл кітапқа еңген құстан өзге жеке дара не бар. Неліктен артық екенің түсіндіру, айырмашылығын айту, жеке және жалпы ұгым туралы түсініктерін бекіту.


Атауы:бүркіт

Ерекше қасиеті: жыртқыш құс

Мекені: тауда, үңгірді мекендейді,аңшылар оны баптап аң аулауға алып шығады

Қорегі: ет

Дауысы: «қиқ-қиқ»-деп қиқулап шығады

Рисунок 1

Рисунок 7

Атауы:аққу

Ерекше қасиеті: бақыт құсы

Мекені: көлді мекендейді

Қорегі: сумен, көл жағасындағы көк шөппен, дәнді дақылдармен

Дауысы: «қиқу-қиқу»-деп қиқулдайды

Атауы: көгершін

Ерекше қасиеті: бейбітшілік белгісі

Мекені: кең даланы, ауыл, қаланы мекендейді

Қорегі: дәнді дақылдармен қоректенеді

Дауысы: «гур-гур»-деп гуілдейді

Рисунок 7

Рисунок 10

Атауы : тауық Қорегі: бидай, тары жейді

Пайдасы::еті, жұмыртқа тағам Мекені: үй құсы Дауысы: «құт-құт» -деп құтқылдайды


Атауы:тырна

Ерекше қасиеті:

Мекені: көлді мекендейді

Қорегі: сумен, көл жағасындағы көк шөппен, дәнді дақылдармен

Дауысы: «қиқу-қиқу»-деп қиқулдайды

Рисунок 5

Рисунок 1

Атауы:байқұтан

Ерекше қасиеті: ұзын мойынды, ұзын тұмсықты, ұзын аяқты құс

Мекені: көлді мекендейді

Қорегі: сумен, көл жағасындағы көк шөппен, дәнді дақылдармен

Дауысы: «қиқу-қиқу»-деп қиқулдайды



Білім беру салалары: «Таным», «Қатынас», «Әлеуметтік орта».

Білім бөлімі: Математика

Тақырыбы: «Қазақ халқының салт-дәстүрі бойынша санап үйренеміз»

Мақсаты:

Білімділік: 7 санына байланысты реттік санауды, кері санауды, орналастыруды, көрші сандар бойынша білімдерін толықтыру, 7 санына қазақ халқында киелі сан ретінде қарауы туралы ұғым беру, ұлттық нақыштарға байланыстыра, таныстыра өтіп игерту.

Дамытушылық: Балалардың танымдылық әрекетін жетілдіру, логикалық ойын, тіл мәдениетін, ой-өрісін арттыру, психологиялық қабылдау процесін дамыту, бағдарлауын, салыстыруын, кеңістікте орналастыра білуін дамыту.

Тәрбиелік: Балаларды белсенді іс-әрекет жасауға, алғыр болуға, зеректілікке, зейінділікке, өз-өзін баулуға, өз еркімен жұмыс істеуге тәрбиелеу.

Керекті құрал-жабдықтар: магнит тақтасы, мольберт, таяқшалар.

Көрнекіліктер:кемпірқосақ үлгісі, жеті қазына, жеті ырыс, аспан әлеміндегі жұлдызнама, ұлттық тағамдар, ұлттық ыдыстар, карточкалар.















Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің барысы.

  1. Мотивациялық- қозғаушылық бөлімі.

Ғажайып сәт: Математик ғалым Альфараби бабаның келуі.

Шаттық шеңбері: «Біз балдырған баламыз»

Біз балдырған баламыз!

Сескенбейміз жаңбырдан,

Жаңбыр жауды

Тырс-тырс-тырс.

Қолымызда қол шатыр,

Алдымызда жол жатыр.

Жаңбыр жауып басылды,

Аспан шайдай ашылды.

Тәрбиеші: Қане балалар, бүгінгі күніміздің сәтті өтуі үшін бір-бірімізге алақан жылыуын беріп, күлкі сыйлайық!



  1. Ұйымдастырушылық ізденушілік бөлімі.

Қонаққа Альфараби баба келеді, қолында саңдығы бар.

  • Сәлеметсіндер ме, балалар!

Мен сендерге ғажайып сандық ала келдім.

Оны ашу үшін, жұмбақ жасырамын,сандығымның сыры сонда.

Жұмбақ:

Жаңбыр жауып басылды,

Аспан шайдай ашылды.

Айналамыз жарқырап,

Сан алуан түске боялды

Неліктен деп ойлайсындар?!

Балалар: «Кемпірқосақ», себебі жаңбырдан соң аспанда кемпірқосақ

пайда болады

Альфараби баба: Жарайсындар балалар! Жауаптарына риза болдым!

Ал енді сандығымды ашайын, ішінен жібек шашайын!

Менің кемпірқосағымның қояр сауалы көп.








Тәрбиеші:

  • Альфараби баба, біздің балалар сіздің келетініңізден хабардар болғандықтан екі топқа бөлініп өз білімдерін сынамақшы, осыған рұқсат етесіз бе?!

Альфараби:

  • Әрине, қарсы емеспін, талаптарына нұр жаусын!

Екі топпен танысу.

  1. «Мұрагер» тобы өз ұраның айтады.

Ұраны : «Ата – баба салтын сақтап, жалғастырар мұрагеріміз мына біз!»

  1. «Балдырған» тобы өз ұраның айтады.

Ұраны : «Біз балдырған тең басқан, дос құшағын кең ашқан»

Тәрбиеші:

  • Балалар, сендерге берілген тапсырмалар осы жеті кемпірқосақтың жеті түсінде жасырылған.

Қызыл түсті тапсырмасы: (Мұрагер тобы шешеді)

  • Жеті қазынаны тауып алып, орналастыр және атап шық! Артығын алып таста! (Жұмыс карточкамен)
    Абілмансұрдың жауабы:

  1. Ер жігіт, 2)Сұлу әйел, 3)Білім, 4)Жұйрік ат, 5)Құмай тазы, 6)Қыран бүркіт, 7)Мылтық ( Артық карточка: жыртқыш аң 8) Арыстан)

Сары түсті тапсырма: ( Балдырған тобы шешеді)

  • Жеті атаны ата!

Райымбектің жауабы:

Бала, әке, ата, үлкен ата, баба, түп ата, тек ата.

Жасыл түсті тапсырма: ( Мұрагер тобы шешеді)

  • Жеті табиғат берген ырысымызды ата, артық карточканы тауып алып, алып таста. (Жұмыс карточкамен)

Жансаяның жауабы:

Жер, су, күн, ай, от, аспан, ит.

Артық карточкалар: автокөлік, жүйрік ат.

Ақшыл көк түсті тапсырма: ( Балдырған тобы шешеді)

а) қазақ халқының музыкалық ұлттық аспаптарының неше түрі көрсетілген, санап шық, санын айт.

ә)осының ішінен жеті санының атауына байланысты қандай аспап бар тауып көрсет, аталу себебін түсіндір, жетіген аспабының пернелерін кері сана.

б) жеті бөлікті құрастыр «Жетіген» аспабы.






Шәкәрімнің жауабы:

Тақтадағы аспаптарды санап, олардың жетеу екенің айтады.

Аружанның жауабы:

Жеті санының атауына сәйкес «Жетіген» аспабын көрсетіп, аталу себебі, оның пернелері жетеу екенің айтады. Пернелерін кері санау: 7,6,5,4,3,2,1.

Д/ойын: «Жетіген» аспабының жеті бөлігін құрастыру топтық жұмыс.

(Екі топтың балалары бірігіп ойнайды)

Күлгін түсті тапсырма: ( Мұрагер тобы шешеді)

«Жеті жанды апта» ойының ойнау

а)карточкадағы сандар бойынша ретін тауып тұр, өздері жайлы айтып беру.

ә)аптаның неше күнінде балабақшаға келеміз?

б)аптаның неше күнінде демаламыз?

Балалардың жауабы: Карточкадағы сандар бойынша ретін тауып тұрады, бір адым алға басып, өздері туралы айтып шығады.

  • Мен Дүйсенбімін

  • Мен Сейсенбімін

  • Мен Серсенбімін

  • Мен Бейсенбімін

  • Мен Жұмамын

  • Мен Сенбімін

  • Мен Жексенбімін

Балабақшаға келетін бес күнінде, әрі дем алатын екі күнінде бір адым алға басып айтып шығады

Көк түсті тапсырма: ( Балдырған тобы шешеді)

  • Балалар, мен сендерді Сәуленің қонақтарға жайған ұлттық дастарханына шақырамын!

а)Балалар, Сауленің қонақтарға жайған ұлттық тағамдарын атап шығындар!

ә)Сауле қонаққа неше адам шақырды,және оңы қалай білуге болады?

б)Егер тосыннан екі адам келетін болса, неше адам болады?

в) Үстел үстіне ши талшықтарымен есептеп шығарайықшы осыны!

Еркежанның жауабы: Сәуле қонақтарға жеті түрлі тағам «шелпек, бауырсақ, құрт, жілік, қазы-қарта,жауырын» әзірледі.

Абылайдың жауабы: Сәуле қонаққа бес адам шақырды, оны кесені санау арқылы білдім.





Елдостың жауабы: Сәулеге бес қонақ келетін болса, барлығы жетеу болады.

Тәрбиеші: Балалар, ендеше ши талшықтары арқылы осы есепті жазып шығарайық.

Балалар: 5+2=7

(Балалар жұмысқа кіріседі, ши талшықтарымен сандарды жазып,

«беске» косады «екіні» және тендігін шығарады)

Сергіту сәті: «Санамақ»

  • Сен тұр ботақан, түйене бар!

  • Сен тұр құлыншақ, биене бар!

  • Сен тұр қошақан, қойына бар!

  • Сен тұр бұзауқан, сиырына бар!

  • Ал, сендер балалар, осында қалындар!

Қоңыр түсті тапсырма: ( Мұрагер тобы шешеді)

Тәрбиеші: Балалар, аспан әлеміне саяхаттауға қалайсындар?

  • Аспан әлімінде бәріміздің жұлдызымыз жарқырап жанып тұрады. Әжелеріміз, аталарымыз әрдайым «Жұлдызын жарық болсын!», -деп бата беріп жатады. Ендеше балалар, біз әрқайсымыз қай жұлдызнамадан екенімізді білеміз бе?! Олай болса жұлдыздарға шолу жасайық! Қане көрсетіп қалай аталатының айтайық.

Балалардың жауабы: (Олар саяхаттауға қуана келісіп, әрқайсысы жұлдызнамадан өзінің жұлдызын тауып атайды)

  1. мерген, 2) суқұйғыш, 3) егіздер, 4) шаян, 5) таразы, 6)торпақ, 7)балық

Тәрбиеші: Балалар, мен сендерге жеті санының қазақ халқында киелі сан екенің айтқан болатынмын,енді соның құпия сыры ретінде сендерге «жеті қарақшы» мен «темірқазық» жұлдыздары жайлы айтып берейін.

Олар аспанда бір-біріне жақын орналасқан, бейнесі ожауға ұқсас. Ертеде бабаларымыз осы жұлдыздарға қарап, ауа райын, табиғаттағы құбылыстарды болжай алған. Олардың әрқайсысы жеті жұлдыздан құралған.

  1. Рефлексивтік түзетушілік бөлімі.

Балалардың алған білімдерін бекіту.

  • Бізге қонаққа кім келді?

  • Қандай сан жайлы, ұлттық үрдістерімізді тани алдық?

Ал балалар, олай болса Альфараби бабамыз біле жүрсін, біздің балабақшамызда екі тілді бірдей меңгере алатыңымызды.

Жеті ата-семь потомков





Жеті қазына- семь сокровищ

Табиғат берген жеті ырыс- семь даров природы

Жеті киелі сан- семь цифра священная

Ал балалар, Альфараби бабамыздың батасын алып, жеті шелпекке қол жаяйық!

Альфарабидің батасы:

- «Балалар, әрқашан аспандарын ашық болсын, жұлдыздарын жарық болсын!»

Марапаттау қағазын табыс ету.

Альфараби: - Балалар, мен екі топқа да ризамын,қай қайсыларыңда сыннан мүдірмей өтіп жеңіске жеттіндер. Сондықтан мен сендерге марапаттау қағазын табыс етемін!


(Балалар алғыс айтып, көтеріңкі көңілге бөленеді.)

Тәрбиеші: Балалар, енді Альфараби бабамызды Түркістанға шығарып салайық, ол үшін біз ақ жол тілеп өзіміздің салт-дәстүріміздің ырымы ретінде жолына жеті теңге шашып, сапарына сәттілік тілейік!

(Бабаларын ұзақ сапарға шығарып салып, қоштасады)

Күтілетін нәтиже:

Нені біледі:жеті санына байланысты қазақ халқының қастерлеп, қасиет тұтатын мәліметтерін біледі, тура және кері санайды, есептей біледі.

Қандай түсініктерді игерді: сандардың ретік құрамы бойынша әртүрлі тәсілде түсініп, игереді.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері:тапсырма бойынша карточкамен жұмыс, дидактикалық ойын ережелерін меңгеріп іскерліктерін көрсете алады

















«Ақ сүйек» ойыны


Рисунок 105

Тәрбиелік мәні: Бұл ойын балалардың шапшаңдық, күштілік, тапқырлық, ойлай білу қабілеттерінің жетілуіне көмектеседі.

Ойын тапсырмасы. Жасырылған затты бөлме ішінен іздеп табу.

Ойын іс әрекеті.Бөлме ішіндегі заттар мен жиһаздардың ішін және тағы да

басқаларды қарап шығу, мақсаты: сүйекті табу

Ойын ережесі. Ойынды басқарушының белгісін мұқият қарап тұру, сүйекті жасырғанда сығалап қарауға болмайды. Ойын барысында күш қолдануға болмайды. Сүйекті іздегенде бір - біріне кедергі жасамау, ұсталған ойыншы сүйекті қарсыласына беруге міндетті.

Құралдар. Ойын топ бөлмесінде немесе даладағы ойнау алаңында және дене шынықтыру залында өткізіледі. Сүйек немесе ұстауға арналған ақ таяқша.

Ойын барысы

Тәрбиеші ұлттық сипаттағы ойынды балаларға таныстырады.

Тәрбиеші. Бұл ойын жаздың айлы түнінде ойнайтын қазақтың ұлттық ойыны. Бірақ біз бұл ойынды күндіз ашық аспанда ойнайтын боламыз. Ойынға ұзақ уақыт күн көзінде жатып әбден кепкен сүйек немесе оның орнына ұстауға ыңғайлы тегіс ақ таяқша пайдаланылады. Ойынның бірнеше нұсқасы бар. Біз бүгін солармен танысамыз. Сендер осы ойынды ойнауға дайынсыңдар ма?

Балалар. Иә, біз дайынбыз.





Тәрбиеші. Дайын болсаңдар ойынды бастайық.

Тәрбиеші. Балалар менің қолымда қандай зат? (сүйекті көрсетіп)

Балалар. Ақ сүйек (ақ таяқша

а).

Тәрбиеші. Қазір сендер екі топқа бөлінесіңдер және мен қолымдағы ақ сүйекті бір жерге жасырамын ал, сендер сығалап қарамайсыңдар (немесе сүйек алдын ала жасырып қойылады).

Тәрбиеші балаларға іздеп табуға ыңғайлы жерге сүйекті жасырады да балаларға іздеуге белгі береді. Балалар сүйекті іздеуге кіріседі.

Тапқан топ: «Ақ сүйек! Ақ сүйек!» деп, тапқан сүйекті тәрбиешіге апарып береді.

Ойынның тағы бір нұсқасы екі топтың ішінен бір бала таңдалып, ортаға барлық балалар теріс қарап тұрып, сүйекті бар күшімен алысқа лақтырады. Содан кейін балалар сүйекті іздеуге кіріседі. Тапқан бала «Ақ сүйек! Ақ сүйек!» деп алдын ала белгіленген мәреге жүгіре жөнеледі. Қарсыластары қуып жетіп, қолы тиіп үлгіргенше келесі ойыншыға ақ сүйекті лақтырып үлгіруге немесе қолындағы сүйекті беруге міндетті. Осылай ақ сүйекті бір біріне лақтырып, қол жалғап, мәреге жеткізген топ жеңімпаз атанып, лақтыру кезегіне ие болады.

Тәрбиеші. Балалар сендерге сүйекті іздеу қиынға соқты ма?

Балалар. Кей біреулері «жоқ» деп, кей біреулері «иә» деп жауап беріп, өз іс әрекеттерін ортаға салады.

Ұлттық ойынның балаларға деген тәрбиелік мәні зор. Сол себепті ұлттық ойындарды қазіргі заманға сай етіп, балалардың қызығушылығын арттыратындай, ойынға жаңашылдық енгізу қажет. Бұл ойында балалардың белгілі бір затты іздеп табуға, яғни алдына бір мақсат қойып іздеген затын өз еркімен таба

білуге үйретеді. Және де балаларды ұжыммен жұмыс жасауға, бір - бірімен қарым қатынаста болуға, жеңіске ұмтылуға талпындырады.
















«Тақия тастамақ»



Тәрбиелік мәні: Бұл ойын балаларды жылдамдыққа, сезгіштікке, сақтыққа, дер кезінде тығырықтан шыға білуге үйретеді.

Ойын тапсырмасы. Қарамау арқылы сезіп, дер кезінде қашып үлгіру.

Ойын іс әрекеті.Тақияның өзіңде екенін сезсе, тез орнынан тұрып кету және тақиясы бар баланы көршілері ұстап үлгіру.

Ойын ережесі. Ойын кезінде ойын ережелерін бұзбау. Тақия тасталғанда көзді жұмып отыру керек, қарауға болмайды. Итеруге, күш көрсетулерге жол берілмейді. Ал, егер бала орнына тұрмай ұсталса немесе тақияны өзінде екенін сезбеген жағдайда, айыбы ретінде өз өнерін көрсетеді.

Құралдар. Қазақы ұлттық бас киім (тақия), ұлттық ою өрнекті суреттер.

Ойын барысы:

Тәрбиеші балаларға ұлттық ойын мазмұнымен таныстырады. Балалар дөңгеленіп, шеңбер құрап отырады. Балалардың арасынан бір бала таңдалады да қалғандары көздерін жұмып отырулары тиіс. Таңдалған бала дөңгеленіп отырған балалар сыртымен ақырын жүріп, бір баланың артына тақияны білдірмей тастап кетеді. Тәрбиеші белгіснен кейін балалар көздерін ашады. Жан жағына жылдам қарап, тақияны өзінде екенін білсе, сезсе жылдам орнынан тұруы керек. Егер орнынан дер кезінде тұра алмаса онда өз өнерін көрсетеді: тақпақ, өлең, би және т.б. Және де орнынан тез тұрып үлгірген балаға ұлттық ою өрнек бейнесі беріледі. Көп ою жинаған бала жеңімпаз.

Бұл ойынның тағы бір нұсқасы бар. Тақияны өзінде екенін сезген бала тақияны тастаған жүргізушіні қуып жетуі керек. Ал, жүргізуші қуған баланың орнына келіп отыруға тырысады. Егер бала жүргізушіні ұстай алмаса айыбын өтейді. Ал, қуып жетіп алса, ойынға жүргізуші сол бала болады.

Осы ойын арқылы балалар өздеріне көптеген жақсы қасиеттерді жинайды.






Бұл ойын баланы жылдамдыққа, сақтыққа, көзбен көрмей есту қабілеті арқылы сезе білуге үйретеді. Сонымен қатар көпшілік алдында өз өнерін көрсете білу қасиетін қалыптастырады.

«Тақия тастамақ» ойынының бірнеше нұсқасын бір сабақта көрсету, ойнау мүмкін емес, сондықтан тәрбиеші ойынды бірнеше сабаққа бөледі

Бізді заттар қоршап тұр. Олар қандай?


«Заттар әлеміне» саяхат»


Дидактикалық тапсырмалар. Топ бөлмесіндегі көптеген әр түрлі заттарға балалардың назарын аудару. Олардың нақты атаулары мен қасиетін балалар біледі ме жоқпа соны тексеру қажет. Балаларға түрлі жағдайларда және күнделікті өмірде оларды дұрыс қолдануды үйрету. «Заттар әлеміне» саяхатты кәдімгі өзгеше түр арқылы балалардың қызығушылығын тудыру.

Ойын тапсырмасы. «Заттар әлеміне» бөлмелер бойынша саяхат.

Ойын іс әрекеті.Жиһаздарды қарап шығу, атауын атау, жиһаздарды басқа бір жиһаз түрлерімен салыстыру; әр жиһаз түрінің бөлімдері мен ерекшеліктерін анықтау, дұрыс тәжірибелік іс әрекеттер.

Ойын ережесі.Үлкен саяхатшының нұсқауларын орындау (танымдық қызмет пен өткізуді ұйымдастырушы). Заттарды көрсете білу және барлығыны көрінетіндей, естілетіндей етіп атын атау. Заттардың ерекшелігі жөнінде және оны қолдану ережесін айтып беру. Қиналған кезде бір біріне көмектесу.

Құралдар. Топ бөлмесіндегі кәдімгі жиһаздар.

Ойын барысы:

Тәрбиеші. Ойын барысы мынандай: біз саяхатшылармыз, «заттар әлеміне» барамыз. Қараймыз, біздің бөлмемізде қандай жиһаздар бар екен. Қалай аталады, ол не үшін? Танысамыз, жиһаздың бір түрінен басқа бір түрін немен ажыратамыз? Саяхатымызды мына жерден бастаймыз (есіктен),

«заттар әлеміне» келгендей боламыз. (Сөйлегенде қысқа, бірақ балаларды қызықтыратындай).

Саяхатшылар, дайындалыңдар! Кеттік!








Мынау не?

Неліктен «заттар әлемінде» кішкентай орындықтар? Кім мында тұрады?

Балалар. «Заттар әлемінде» кішкентай балалар тұрады.

Тәрбиеші. Саяхатшылар, сендер орындық екенін қалай білдіңдер? Балалар орындықты алып, жақсылап қараңдар. Орындықта не бар?

Балалар. (орындықты қарайды және оның негізгі бөліктерін белгілейді): төрт аяғы, арқалығы, отыратын тақтайшасы.

Тәрбиеші. Саяхатшылар дұрыс жауап бердіңдер. Ал, сендер қалай ойлайсындар: орындықтар сөйлей ме, қуана ала ма, шағымдана ала ма? Қалайша? Қазір білеміз! Әр біреуі бір-бір орындықтан алып, бөлменің басқа бір бөлігіне апарып (көрсетіп) , оған отырады.

Балалар орындықты әр түрлі тасиды: біреуі тиянақты арқалығынан ұстаса, басқасы сүйреп, біреуі орындықты тарсылдатып қойып, құлап сүрініп отырып, басқалары тиянақты отырып, ары қарай не боларын қызықпен күтуде.

Тәрбиеші. Міне орындықтар өздері туралы және сендер туралы айтып берді.

Біреулер балалардың дұрыс, мұқият, және де оларды жақсылап апарып, тарсылсыз тыныш қойғанына қуанды, ал, басқалары кейбір балалардың

орындықтарды мұқиятсыз, арқалығынан тартып, тарсылмен қойып, сүйкімсіз отырып және онда тербеліп отырғанына шағымданды. Орындықтарды енді ренжитпейік және оларды дұрыс қолдана білейік. Қараңдаршы, орындықты қалай мұқият әрі әдемі қолдану қажеттігін (педагог «үлкен саяхатшы» дұрыс әдістерін көрсетеді).

Тәрбиеші. Ал, енді орындықтарға көрсетейікші, қалай біз оларды дұрыс қолданатынымызды. Бір бірімізге кедергі жасамай, итермей, орындықтарды үстелге апарып, әдемі қойыңдар және отырыңдар.

Әрі қарай саяхатшылар үстелдерді қарастырады, ерекшеліктерін белгілейді: төрт аяғы, қақпағы, оның жоғарғы қабаты.

Shape4 Тәрбиеші. Үстелге қараңдар.







Олар не үшін керек? Үстелдің қақпағы қандай нұсқада? Ол қандай жағдайда? Үстелдер не туралы айтуы мүмкін? Неге қуанады? Неге шағымданады? (Үстелді алдын ала ыңғайсыз қойып, үстіне ойыншықтар мен қарындаштар және т.б. заттарды шашып қою).

Тәрбиеші. Үстел қалай дұрыс тұруы керек?

Балалар. Бәрімізге жақындауға болатындай. Үстелдің үсті бос болуы керек. Тәртіп болуы керек.

Тәрбиеші. Тәртіп орнатып көрейік. Ойланыңдар, оны қалай істеуге болатынын. Олар саяхатшыларға шағымданбай қуануы үшін, бір біріңмен ақылдасыңдар, кім-кіммен үстелді қайта және қалай қоятынын.





«Біздің көмекшілеріміз»

Дидактикалық тапсырма. Заттарды танып білуге көздің көмектесетініне балалардың назарын аудару қажет. Көз олардың көмекшілері. Балаларды өз көмекшілерін сақтай білуге үйрету.

Ойын тапсырмасы. Балалардың өз-өздеріне қалай көмектесетінін білу, олардың көмекшілері кімдер.

Ойын іс әрекеті. Әр түрлі жағдайда суреттермен, ойыншықтармен іс әрекет.

а) көруді қолдану арқылы,

ә) көруді шегеру арқылы.

Ойын ережесі. Ойын шарты бойынша заттарды қарау және табу: «Ғажайып қоржыннан» ойыншықтар алу, оған қарап не екенін, қандай түс екенін айту.

Көру түйсігін пайдаланбай басқа ойыншықты алып, түсі қандай екенін айту.

Суретте не салынғанын қарау және айту.

Ойын құралы. «Ғажайып қоржындағы» түрлі ойыншықтар. Балаларға таныс суреттер.

Ойын барысы:

Балаларды шеңбер қылып отырғызады да педагог айтады: «Бүгін біз ойнаймыз және адамның қандай көмекшілері бар екенін білетін боламыз. Біздің бәрімізде сондай көмекшілер бар. Кімдер екен олар?»

«Ғажайып қоржыннан» тәрбиеші ұсынысы бойынша балалар кезекпен ойыншықтар алады.

Оған қарап, әр бала ол қандай, түсі қандай екенін айтады. Сосын көзі жабық күйінде ойыншық алып, қандай екенін айтады.

Кейін тәрбиеші суретті көрсетіп, кім немесе не бейнеленгенін балалардан сұрайды. Әрине, балалар жабулы көзбен бұл сұраққа жауап бере алмайды.

Тәрбиешінің ұсынысы бойынша балалардың біреуі жүзудің, ұшақтың ұшуын, би қимылымен көрсетеді (балалардың өздерінің таңдауы бойынша). Осындай қимылдарды, бірақ басқа тәртіппен балалар көздің көмегінсіз білуі керек.

Осы барлық қимылдардың кей біреуі балалардың көруі арқылы жеңіл танылады, көз жабулы болса тану мүмкін емес екендігін балалар білу қажет.

Заттарды және суреттегі бейнені табуға не көмектеседі деген тәрбиеші сұрағына, көзбен көргенде олар не білетініні жөнінде балалар өз бетінше түйін жасайды.

Тәрбиеші. Сендердің көмекшілерің нелер?

Балалар. Көз. Рисунок 487


Тәрбиеші. Көзбен көру, көру түйсігін пайдалануды білдіреді.

Тәрбиеші. Көру түйсігін қалай сақтауға болады? Ойланыңдар және өздерің табыңдар.

Балалар. Көз жақсы көру үшін, ауырмауы үшін... оларды лас қолмен ұстауға болмайды... көзге құм себуге болмайды...





Ал, егер көзге сабын тисе, ауырады. Беті-қолды жуғанда көзді жұму керек... Егер көз ауырса көз тамшыларын тамызу керек.


«Заттар өздері туралы не айтады?»


Дидактикалық тапсырма. Балаларды заттардың түсін, нұсқасын, көлемін, қасиетін, атауын ажыратуға үйрету. Бақылаушылық түйсігін жетілдіру, заттардың тұтастығы мен бөліктерін көре білуді жетілдіру. «Заттар өздері туралы не айтады» тақырыбында қысқаша әңгіме құра білуге балаларды жаттықтыру. Балаларды кедергі жасамай бір-бірін тыңдауға, кейде достарының әңгімесін толықтыруға үйрету.

Ойын тапсырмасы. «Ғажайып қоржында» қандай зат (немесе ойыншық) бар екенін қарау.

Ойын іс әрекеті. «Ғажайып қоржыннан» түрлі заттарды алу. Бір затты басқа бір затпен салыстыру.

Ойын ережесі. Қоржыннан кезек-кезек заттарды алып, басқа балаларға көрсету, балалар әңгімесін мұқият тыңдау, қиналған кезде ілтипатпен көмектесу.

«Ғажайып қоржында» құрамы бойынша қол жетімді болғанымен мүмкіндігі бойынша алдын ала таныс емес, яғни жаңашылдығымен балаларды еліктіретін заттар салынған. Барлық балалардың назарын аудартатын шамалы өзгешелігі бар қос заттар болуы мүмкін (түсі, нұсқасы, қасиеті басқа). Мысалға, «Мынау кесе көк түсті алтын жолақтарымен, ал Айгүлде қызыл кесе гүлдерімен. Кесе кішкентай, балаларға арналған шәй үшін,ал Айгүлдікі - үлкен, ересектерге арналған».

Ойынды ұйымдастыру. Балалар жартылай шеңбер құрып отырады, ортада үстел үстінде қоржын.

Ойын барысы:

Тәрбиеші. Біз «заттар әлеміне» саяхат жасадық, бірақ әр затты қарастырған жоқпыз. Ал, олар өздері туралы сөздермен ғана емес сонымен қатар белгілерімен, сапасымен айта алады: түсі, нұсқасы, көлемі, қасиеті туралы, яғни зат не үшін, адам оны қалай қолданады. «Ғажайып қоржыннан» әр қайсысы қандайда бір затты алады, өзі қарайды, балаларға көрсетеді, ойланады және заттар өзі айтып бергендей, «заттар өздері туралы не айтады» туралы шағын әңгіме ойлап табады.

Бірақ олай істеу оңай емес, ойлану қажет, нақты және керекті сөздер таңдап алу керек, зат ұнай ма соны айту керек.

Тәрбиеші ұқсас үлгідегі әңгіме айтып береді: «Қоржында кішкентай қуыршақ өмір сүріпті.


Shape5

Міне ол!

Оның сия көк көйлегі бар. Аяқ киімі қара.

Қуыршақ көңілді күлімдейді».







Тәрбиеші:

Кім бірінші айтады?

Д идар: Ұл балада мәшине ойыншығы болды.

Мәшине түсі көгілдір, ал рөлі қара түсті.

Мәшине ұзын - жарыс мәшинесі.

Төрт доңғалағының ақ түстегі дискілері бар.

Әдемі мәшине.

Менде осындай болғанын қалаймын.

Ойын соңында тәрбиеші балаларды, заттарға назар аударып қарағаны үшін және одан нені аңғарғанын айтып бергені үшін мақтайды. Қажеттілік жағдайда кей балалардың тек қана заттарды атап бергенін, бірақ әңгіме құрамағанын айтуға болады. Келесіде олар міндетті түрде қызықты әңгіме айтуды үйренеді.

Негізінде балалар бір-бірін мұқият тыңдайды, бірақ бір ойында барлығын айтып үлгірмейді. Сондықтан ойынды бірнеше рет өткізуге болады, заттарды өзгертіп.


«Ойыншықтар өздері туралы не айтады?


Тәрбиеші үстел үстіне коробка әкеп қояды. Балалар онда не бар екенін білмейді, бірақ коробканы көріп қызығушылық танытады. Тәрбиеші коробка ішінде не бар екенін табуды ұсынғанда қызығушылық одан сайын артады. Оның ішінде не бар екенін табу ойынның шарты емес.

Екі - үш балаға коробкадағы ойыншықтарды алуын ұсынады. Барлық балалар оларды қарастырады және қалауы бойынша қолына ұстауға болады.

Ойыншықтарға тікелей қызығушылығы қанағаттанғаннан кейін, тәрбиеші ойынның мәнін ашады: «Сендер ойыншықтармен түрліше ойнайсыңдар: дүкен немесе «ғажайып қоржын». Ал, қазір «ойыншықтар өздері туралы не айтады?» деген ойын ойнаймыз. Ойын қиын, бірақ сендер ойнай аласыңдар. Міне қараңдар,

мынау не?»



(Көк шарды көрсетеді, сосын оны итереді - үстел үстінде шар домалап кетеді). Балалар айтады: «Шар, көк шар... ол домалайды».- «Ал, сендер қалай білдіңдер?» - деп сұрайды тәрбиеші. «Көрініп тұрған жоқпа»,балалар - көңілді жауап береді «Иә, шар өзі туралы айтып береді, ол көк, домалақ және домалайды деп тәрбиеші қостайды.Міне біз «Көзімізбен, қолымызбен қараймыз»; Ойыншықтармен соғуға болады,

басқалармен салыстыруға болады. Біреуі ойыншық туралы айтады ал, қалғандары мұқият тыңдайды. Ойыншық жөнінде барлығын өзі айтып берген бала жеңеді.


«Заттарды дыбысынан таны»

Дидактикалық тапсырма. Балаларға адам өміріндегі есту қабілетінің рөлі туралы, сонымен қатар есту қабілетін сақтап және есту қабілеті нашар адамдарға көмектесетінін айтып беру. Есту қабілетін жетілдіру, балалар сөздігіне «есту қабілеті» деген жаңа сөзді енгізу. Заттардың қалпы туралы дыбыс арқылы білу.

Ойын іс әрекеті. Әр түрлі заттар шығарған дыбыстарға құлақ түріп, оларды дыбыстары арқылы тану.Дұрыс жауап бергендерге жұлдызша беру.

Ойын ережесі. Дыбысты жақсы есту үшін тыныштық сақтау керек. Қол көтеру жауап бергісі келетінін білдіреді.

Дұрыс тапқан балаға қандай да бір белгілік беру: шеңбер, жұлдызша, түрлі түсті билеттер мен т.б.

Ойын құралы. Балалардан бөлек жерде ширма қойылған. Оның артында дыбыс беріп тұрған заттар барабан:

қоңырау: нәресте шылдырмағы:



Қандайда бір музыкалық құралдар:


Рисунок 482


(баян, музыкалық қобдиша т.б.).

Ойын барысы


Тәрбиеші. Заттарды көруге, ажырата білуге бізге көздер, көру қабілеті көмектесті. Ал, қазір «Заттарды дыбысынан таны» деген ойынды ойнаймыз. Міне ширма, оның артында түрлі заттар тығулы тұр. Біз соларды дыбысына қарай танимыз. Заттарды дыбыс арқылы жақсы тану үшін тыныштық сақтауымыз керек.

Дыбыс естуге кім шығады және ол дыбыс қай затқа тиесілі екенін кім білгісі келеді, қолымызды көтереміз. Кім дұрыс жауап береді сол балаға жұлдызшадан беріп отырамын. Кім көп жұлдызша жинаса сол жеңімпаз.

Барлық заттарды танығаннан кейін, тәрбиеші балалардан қай дыбыс қай затқа тиесілі екендігін, қалай тапқандарын сұрайды. Оларға табу үшін не көмектесті? Әдетте балалар дыбысын естідік деп жауап береді. Кейбіреуі құлағымыз көмектесті деп айтады. Тәрбиеші нақтылайды: «Есту қабілеті көмектеседі. Сендер тыңдадыңдар, естідіңдер және сендерге есту қабілеттерің көмектесті. Сендерде көру қабілеті деген көмекшілерің бар, ал қазір тағы қандай жаңа көмекші таптыңдар. Қандай?»

Балалар. Есту қабілеті.

Рисунок 480

Тәрбиеші. Адамға есту қабілеті қандай пайда тигізеді, қайда және қандай дыбыстар естуге көмектеседі?

Қойылған сұраққа балалар бірден жауап бермеуі мүмкін. Педагог сұрақтар қою арқылы балаларға жауабын табуға көмектеседі. Әлде қандай дыбыстар бар? Сағаттардың тықылдауы, телефон қоңырауы, шаң сорғыштың ызылы, ыдыс аяқтың шылдырлауы:

43



Есік қоңырауы:

Көше дыбыстар:

мәшине шуылы, сигнал дыбысы:










Табиғат дыбыстары: Құстар шиқылы:








Малдар дауысы:








Ағыс- сарылы:







Ескерту. Ойын мазмұны өте күрделі, өйткені балалар затты көрмей ол туралы айту керек. Оны дыбыс алмастырады. Ойынға қандайда бір балалар үшін өзгешелеу құпиялық кіргізу керек «жаңашылдық».

«Не болар еді, егерде...?»


Дидактикалық тапсырма. Адамға қызмет ететін «ақылды мәшинеге», заттарға балалардың назарын аудару. Адамдар оларға мұқият қарауы керек, көмекшілері мен достарына қарағандай. Қарапайым себеп салдар байланысы мен қатынасын орнатуды үйрету.

Ойын тапсырмасы. Егер де заттар бізден кетіп қалса, не болар еді дегенге ойланып жауап беру.

Ойын іс әрекеті. Тәрбиешінің қойған сұрағын тыңдап жауап беру.

Ойын ережесі. Тыңдап және жауап бергенде бір-біріне кедерге жасамау.

Керек кезінде жолдасының жауабын толықтыру.


Ойын барысы


Тәрбиеші. Ал, қазір біз «Не болар еді, егерде...?» деген ойын ойнаймыз. Заттармен қарым-қатынас жөнінде жұмбақтар шешетін боламыз. Мен бастаймын. «Не болар еді, егерде балалар барлық ойыншықтарын шашып, сындырып тастаса?»

Балалар. Ойыншықтар қашып кетер еді және де ойыншықтарсыз қиын болар еді.

Тәрбиеші. Ал, не болар еді егерде балалар ойыншықтарына мұқият ұстап, оларға жақсы қарап, әр бұрышқа шашпай, ойнап болған соң өз орнына қойса?

Балалар. (қуанышты) Барлық ойыншықтар бізге қайтып келер еді.

Тәрбиеші. Ал, не болар еді егерде балалар өз бәтеңкелерін қайда болса сонда лақтыра берсе?»

Балалар. Оларды іздей беру керек, іздей беру керек. Анамыз ренжитін еді.

Тәрбиеші. Иә, бәтеңкелеріңде сендерге ренжитін еді... Не болар еді, егерде сендер ыдысты терезе алдына қойсаңдар және жел тұрып кетсе?

Балалар. Ыдыс құлап сынып қалар еді: кесе де, тәрелке де, ал қасықтар терезеден әрі түсіп қалар еді.

Тәрбиеші. Ал, егер ыдысты тамақ ішіп болғаннан соң жуып орнына қойса ше?

Балалар. (көңілді). Міне сонда жақсы болар еді. Анамызда айтар еді: «Жарайсың, көмекшім менің!»







Тәрбиеші. Ал енді, өздерің ойланыңдар және «не болар еді, егерде...?»деген тақырыпта жұмбақ жасырыңдар.

Балалар. Не болар еді, егерде кітапты жыртып ішіндегі суреттерді шимайлап тастаса?

Тәрбиеші. Міне, енді өздерің не болатынын айтыңдар.

Балалар. Өте жаман болар еді: барлық кітаптар бізбен дос болудан қашар еді. Және де сіз бізге кітап оқып бере алмайтын едіңіз.

Балалар. Не болар еді, егерде қолғабымыз жоғалып қалса?..

Е герде күн салқын кезде пальтомызды киюді ұмытып кетсек?..











Не болар еді, егерде барлық үстелдер мен орындықтар аяқтары сынып қалса?

Тәрбиеші. Олар неге өздері сынуы мүмкін?

Балалар. (біраз абдырап қалады). Жоқ, оның үстіне шығып жүгіруге, сындыруға болмайды.

Тәрбиеші. Сендер заттармен жаман қарым қатынасты айтып отырсыңдар, ал егерде оларға жақсы қарап, тиянақты ұстасаңдар не болар еді?

Балалар. (шамалы қиналады). Егер де, егер де, егер де...

Тәрбиеші. Иә, иә: егер де заттарға жақсы қарай бастасаң, оларды мұқият ұстай білсең заттар қайта келе ме?

Балалар. Бірақ кітаптар жыртылды, суреттер шимайланды, оларды қайтаруға болмайды ғой.









Тәрбиеші. Иә, онда не істеуге болады?

Балалар. Жаңадан сатып алуын өтіну керек және оларды жыртпай, шимайламай тиянақты ұстап, шкафқа немесе кітап сөресіне қою қажет... Ал, бәтеңкелерді тазалап орнына қою қажет... Ал, пальтоларды серуеннен кейін қыртыс болмауы үшін іліп қою керек... Ал, ойыншықтарды сындырмай ойнап болған соң өз орнына қойып, шашпау керек.

Тәрбиеші. Мінекей, біз заттарды мұқият ұстау туралы білдік. Олар бізге көмектеседі және бізге оларды күту керек, заттарды бүлдіруге болмайды.

«Бізді қоршаған ғажайып заттар»

Дидактикалық тапсырма. Ғажайып заттардың адам қолымен жасалғаны туралы балалардың түсінігін қалыптастыру. Заттарды дұрыс қолдана білуге тәрбиелеу.

Ойын тапсырмасы. Бізді қандай ғажайып заттар қоршағанын білу.

Ойын іс әрекеті. Тәжірибелік іс әрекет арқылы және көру қабілеті арқылы ғажайып заттармен танысу. Жұмбақ шешу.

Ойын ережесі. Заттарға мұқият қарау, жұмбақты тыңдау және оған жауап табу.

Ойын барысы

Тәрбиеші. Үйде және шағын орталықта (немесе балабақшада) бізді ғажайып заттар қоршаған. Олар адам қолымен жасалған. Қанекей балалар! саяхатқа шығып сол заттармен танысайық. (Тәрбиеші су құбырына, электр жарығына және теледидар тұрған залға сосын телефон тұрған жерге барып осы заттар адамға не үшін керек екендігін қысқаша айтып береді). Топ бөлмесіне қайта келеді де тәрбиеші балаларға айтады: «Қазір мен жұмбақ жасырамын ал, сендер оларды шешесіндер және түсіндіресіңдер.


Егер өзен трубада болса

Ағып келеді үйіңе

Трубаға иелік жасаса,

Біз оны не деп атаймыз?

Жұмбақта шешуге көмектесетін сөздер бар. Ол қандай сөздер? Құбыр арқылы өзен үйіңе ағып келеді. Ал, труба су құбырын құрайды.

Барлығына су қажет: адамға,малдарға, өсімдіктерге. Су құбыры жоқ жерлерде суды құдықтардан алады, өзен мен көлдерден шелекпен тасиды. Бұл өте ауыр жұмыс. Ал, қалалық жерлердегі адамдарға су құбыры қалай көмектеседі? Су керек пе, кранды ашса болды таза су ағады. Кранды жапса су тоқтайды.





Міне тағы да жұмбақ:


Сөнеді, жанады,

Түнді жарық қылады.





Шаңды өзіне сорып ап,

Үйді таза ұстайды



Ән салады чемодан,

Ішінде жүр көп адам.

Естімейді сөзіңді,

Сөйлесең де сен оған.



Әр ғажайып мәшинені (ғажайып заттар) тек бір адам емес көп адам жасаған. Ғажайып мәшинені мұқият ұстау қажет. Ғажайып мәшинені қолданғанда аналарыңнан, әкелеріңнен қалай қолдану керектігін үйретуді өтініңдер, оны сындырып және бүлдіріп алмау үшін. Жәнеде ғажайып мәшине сендерді тыңдайтын болады

Заттар және адамға қажеттілер қайдан келеді

«Кім, не, неден және немен?»

Дидактикалық тапсырма. Ағаш - әр түрлі заттар жасауға болатын материал екенін балаларға түсіндіру. Материал ретінде ағаш ерекшеліктері жөніндегі білімін нақтылау.







Балаларға ағаштан заттарды кімдер және қандай құралдармен жасайтынын сонымен қатар зауыттар мен фабрикаларда құралдардың орнын мәшинелер алмастыратынын хабарлау.

Ойын тапсырмасы. «Кім, не, неден және немен?» жұмбақтар шешу және білу.

Ойын іс әрекеті.

Ойлап табу іс әрекетінің мәтінмен сәйкестігі. Еңбек құралын немесе сол құралдар бейнеленген суреттерді таңдауда тәжірибелік іс әрекет.

Ойын ережесі. Мұқият тыңдап, ойланып, біліп, керекті заттарды немесе олар бейнеленген суреттерін алып беру.

Құралы. Ағаш құралдары: ара, балға, балта және т.б. Ағаш шеберлері қолданатын құралдарды бейнеленген суреттер.


Ойын барысы


Тәрбиеші. Сендер ұйымдасқан оқу қызметі барысында ағаш бөліктерін

қарастырдыңдар және ағаш әр түрлі заттар жасалынатын материал екенін білдіңдер. Ағаш өте қатты, берік материал, оны кесуге, тегістеуге бояуға, лактауға болады. Ал, қазір біз ойын ойнаймыз. Ол ойын «кім, не, неден және немен?» деп аталады. Бұл жұмбақ ойын. Кім жасайды, не жасайды, неден жасайды (қандай материалдан), немен (қандай құралмен).

Ағаш шеберінің бейнесі бейнеленген суретті балалар көрсетеміз.

Балалар, мына суретте кім бейнеленген, табыңдаршы. « Мен ағаш шеберімін менің мамандығым тамаша!» дейді ағаш шебері өзі туралы. Міне сендер жұмбақтың жартысын таптыңдар. (Кім?).

Ағаш шеберін Сұлтан ағай деп атайық (балалар өздері есім ойлап табуы мүмкін).

Ағаш шебері Сұлтан ағай не жасайды? Балалардың жауабынан кейін педагог тақпақ оқиды:


Терезе, есік, орындық,

сөре, үстел, шкафты.

Аса қажет үлгісін,

жасайды менің қолдарым.





Міне, біз ағаш шеберінің не жасайтынын білдік. Ал, енді немен жасайтынын біліп алайық? Қандай құралмен? (егер құралдар болса немесе оның орнын алмастыратын ойыншықтар немесе суреттер, балалар оларды құралдарға арналған жәшіктерден не папкадан алып үстел үстіне қояды).

Тәрбиеші. Ағаш шебері Сұлтан ағайды тыңдайық:


Шеберхана саймандары

Табылады ұста қолынан


Тәрбиеші. Ағаш шебері Сұлтан ағай атаған қажетті заттарын неден жасайды?

Балалар. Ағаштардан, тақтайдан.

Тәрбиеші. Ағашты қысқарту үшін қандай құрал керек?


...Тақтайды кеміреді, тістейді,

Қиқымын шашып еденге.

Бірақ бір тілімде жемейді.



Жұмбақ қандай құрал туралы? (ара немесе оның суреті)

Тағы да жұмбақ бар, тыңдаңдар:

Мінезі оның дөрекі.

Еңбегі соққы бірақта!

Тук! дегенде бір сәтте,

Шеге орнын табады...




Тәрбиеші. Қай құрал туралы жұмбақ?

Балалар. Балға. (үстел үстіне балға не сурет қойылады).

Тәрбиеші. Тағы да соңғы жұмбақ бар. Не туралы екен?







Сиқырлы зат бұл өзі,

Ұқсайды ол суға да

Керек болса ағашты,

Жапсырады лезде.

(Балалар желімді көрсетеді).

Тәрбиеші. Сендер жұмбақты шештіңдер және кім жасайтынын білдіңдер ме?

Балалар. Ағаш шебері.

Тәрбиеші. Ол не жасайды?

Балалар. Орындықтар, сөрелер, есіктер.

Тәрбиеші. Ол бәрін неден жасайды?

Балалар. Ағаштан.

Тәрбиеші. Ол немен жұмыс жасайды? Қандай құралдармен?

Балалар. Ара, балға, желім... т.б.


Тәрбиеші. Балалар, ағаш шеберінің жасаған заттары барлығымызға қажет және адамдар оған рахмет айтады!

«Ағаштан кім не жасайды?»

Дидактикалық тапсырма. Балаларға әр шебердің ағаштан: үй, жиһаз, ыдыс, ойыншықтар және т.б. құрылыстар мен заттарды жасай алатыны туралы түсініктерін кеңейту.

Шеберлер тек қана пайдалы заттарды ғана емес сонымен қатар, әдемі құрылысшылар, заттар және оларды ағаштан ойып безендіреді, оларды түрлі бояулармен бояйды, ағаш заттарға гүлдер т.б. суреттер салады. Егер заттарды мұқият ұстаса олар адамдарға көп қызмет етеді және әдемілігін сақтайды.

Ойын тапсырмасы. Ағаштан кім не істейтінін білу. «Өзім үшін және достарым үшін» деген көрме ұйымдастыру.

Ойын іс әрекеті. «Ғажайып сандықшадан» заттарды алып, барлық балаларға көрсету, атын атап және не екенін айту (жиһаз, ойыншық, ыдыс және т.б.) Ағаштар мен суреттерден көрме жасау.

Ойын ережесі. Заттарды кезекпен алу керек бір біріне кедергі жасамай. Егер қиналса көмектесу. Әр топ өздерінің көрмелерін жасауы керек.

Құралы. «Ғажайып сандықша», әр түрлі ойыншықтар, заттар (балаларды қуантатын заттар жинағының құрамы бойынша әр түрлі болуы керек, безендірілу жағынан бояуы қанық және әдемі болуы қажет). Көрме жасау үшін таяқшамен қажетті құралдар. Картинкалар, адамдардың қолымен жасалған иллюстрациялар, ағаштан жасалған ойыншықтар мен ыдыстар суреттері

Ойын барысы








Тәрбиеші балаларға ағаштан кім не жасайтынын суреттер көрсету арқылы қысқа айтып береді. Мысалға, үйлерді ағаштан ағаш шебері жасайды. Олар үйді ағаш оюларымен безендіреді. Қаладағы үйлерді ағаштан жасамайды, бірақ үйлерде ағаштан жасалған бір нәрсе бар. « Біздің бөлмеде ағаштан жасалған не бар екен көрейік»

Рисунок 54










(есек, терезе жақтауы, жиһаздар, ойыншықтар).

Ал, енді «ғажайып сандықшада» не бар екен..?





Әр біреуің бір заттан алып оның не екенін, не үшін керектігін және қалай безендірілгенін айту (барлық заттарды ыдысқа салады). «Ғажайып сандықшадан» барлық заттар алынған соң, тәрбиеші ағаштан жасалған ойыншықтар бейнеленген суреттерді көрсетеді. Ол ойыншықтарды ойыншық жасаушы шебер жасайды, ал картинкаларды суретші салады дейді.

Осыдан кейін балалар топтарға бөлінеді де ағаштан жасалған заттар мен картинкалардан көрме жасайды, ал сосын бұл заттарды неге осы бөлімге қойғаны жайында айтып береді.


«Ыдыс аяқты неден жасайды?»

Дидактикалық тапсырма. Балаларға қасиеті бойынша біркелкі заттардың әр түрлі материалдан жасалатыны жөнінде түсініктерін бекіту. Бір материалдың басқа бір материалдан қандай айырмашылығы бар екенін нақтылап алу керек: сыртқы пішінін, беріктігін, нәзіктігін, мөлдірлігін, бояуын.

Ойын тапсырмасы. Қандай материалдан ыдыс аяқ жасалатынын біліп алу.

Ойын іс әрекеті. Әр түрлі материалдардан жасалған ыдыстарды қарастыру.

Құралы. Әр түрлі материалдан жасалған ыдыс аяқтар, нұсқасы, түсі бойынша әдемі. Жинақ: балшықтан, фарфордан, ағаштан, металлдан, шыныдан, пластмассадан жасалған ыдыстар. Әр жинақта 8-10 заттан кем болмауы керек.

Әр материалдан жасалған ыдыстар жәшікке салынады да жәшік безендіріледі.Жәшіктен алынған ыдыстар үстел үстіне мұқият қойылады, балаларға жақсы көріну үшін, қолдарына ұстауға, оларды салмағы, нұсқасы, түсі бойынша салыстыра алады


Ойын барысы


Тәрбиеші. Балалар сендер білесіңдер заттар түсіне қарай, нұсқасына қарай, көлеміне қарай бөлінеді. Әр түрлі заттар әр түрлі шеберлермен әр түрлі материалдардан жасалады және әр түрлі құралдар пайдаланады. Біз бүгін ыдыстар қандай материалдардан жасалатынын білетін боламыз

Міне мына жәшікте түрлі ыдыстар бар.










Көрейік қандай материалдардан жасалған екен.





Топтарға бөлінеміз. Әр топтың балалары жәшіктен ыдыстарды алады.

Әр үстелге жеке жеке әр материалдан жасалған ыдыстарды топтастырады. Мысалға, фарфор ыдыстарды бір үстелге қою және т.б.

Балалар болғаннан кейін тәрбиеші балалармен үстелдерді аралап қарайды.

Балшықтан жасалған ыдыстарға келіп тоқтайды:


Рисунок 44

Балшық жұмсақ материал, илеуге жақсы келеді.

Фарфордан жасалған ыдыстарға тоқтайды:

Фарфор ыдыстарда балшықтан жасалады, бірақ ақ түсті балшықтан. Ол өте нәзік материал, жеңіл соққыға да сынып қалады.

Металл ыдыс әр түрлі материалдардан жасалады.








Рисунок 71


Шыны ыдыс:


мөлдір, әр түрлі түсті. Оған мұқият қарамаса сынып қалуы мүмкін.

Пластмасса ыдыс тамақ пісіруге келмейді себебі ол балқып кетеді.

Ағаштан жасалған ыдыс:



қазір көп жасала бермейді. Сувенир ыдыстар ғана жасалады. Қазір көп қолданыста жоқ.

Әр түрлі материалдармен балаларды таныстыру, заттардың дайындалу технологиясын ашу мақсатында емес, балалардың бақылаушылық қабілетін жетілдіру, заттардың материалын көре білуді және мақсатына қарай заттарды қолдана білу мақсатында.




Бір ойында барлық материалдар туралы балаларға таныстыру, әсіресе түрлі жағдайдағы ыдыстарды қолданумен түрлі әрекеттер мен жаттығуларға балаларды еліктіру мүмкін емес. Тәрбиеші балаларды және олардың

тәжірибесін ескере отырып, материалдармен танысуды бірнеше ойындарға бөледі.

«Ойыншық қандай материалдан жасалған?» ойыны балалардың ерекше қызығушылығын танытады және де материалды тану үшін жақсы жаттығу болып табылады. Ол «ғажайып қоржын» ойынынаң ұқсас, балалар кезекпен қоржыннан ойыншықтар алып және қандай материалдан жасалғанын айту керек. Дұрыс жауабын тапқан бала сыйлыққа ойыншық алады.

Қарым қатынастар әлемі.

«Көйлектер мен костюмдер неден жасалған және кім оларды жасаған, олар неден пайда болғанын білеміз»

Дидактикалық тапсырма. Балаларға көйлектер мен костюмдер мақталы қағазды матадан жасалатыны туралы айтып беру. Мақта күнді және жылы

жерде өседі. Мақтадан жіп еседі, ал жіптен мақталы қағазды мата жасайды.

Көптеген көйлектер мен костюмдерді тігін фабрикаларында тігеді, ал үйде әжелерімізбен аналарымыз тігеді.

Ойын тапсырмасы. Көйлектер мен костюмдер неден жасалатынын білу және оларды кім немен жасайтынын білу.

Ойын іс әрекеті. Мақта өсетін жаққа саяхат жасау. Мақтадан мата шығаратын «мата патшалығына» саяхат. Матадан көйлек пен костюм шығаратын киім фабрикасына саяхат.

Ойын ережесі. Педагогты мұқият тыңдау және суреттерді қарастыру.

Құралы. Суреттер: мақта алқабы, мақта; фабрикаға мақта таситын үлкен мәшинелер, Мақталы қағаз маталардың қиынды үлгілері. Әр түрлі матадан жасалған киімдер суреті.

Ойын барысы


Тәрбиеші. Сендер білесіңдер ме, көйлектерің мен костюмдерің неден жасалатынын? Көйлектер мен костюмдерге мұқият қараңдаршы көбісі мақталы қағаз матадан жасалған.















Мақта ол күннің көзі көп жылы жақта өседі.

Біздің ең бірінші саяхатымыз мақтасы көп Өзбекстаннан басталады. Осы жақта мақта өседі. Оны адамдар жинайды


да үлкен мәшинелермен фабрикаға жөнелтіледі. Фабрикада мақтадан арнайы мәшенкелер арқылы жіп есіледі, сосын мата тоқылады. Суретші маталарға түрлі суреттер ойлап табады және оны басу мәшинелер матаға түсіреді. Осы фабрикада әр түрлі матадан киімдер тігіледі.


«Ертекшінің хаттары»

Дидактикалық тапсырма. Балаларға болмайды,болады,қажет сөзінің мағынасын ашу. Нақты және түсінікті мысалдармен балаларға осы сөздерді қолдануды үйрету. Әр қадамды бағалай және оны болмайды,болады,қажет сөздерімен жеткізе білу керек. Ертекшіге көмектесу қалауын тудыру. Балалардың әңгімеге қатысуға және сұрақтарға жауап беруге үйрету.

Ойын тапсырмасы. «Жақсы деген не, жаман деген не» екенін білу. (не істеуге болады және не істеуге болмайды).

Ойын іс әрекеті. Ойын туралы тәрбиешінің түсіндіргендерін тыңдау.

Ертекшінің жазған хатын мұқият тыңдау.

Ойын ережесі. Бір біріне кедергі жасамай мұқият тыңдау, ойлану, өз бастарынан өткен қадамдарынан мысал келтіру.







Құралы. Балаларды қызықтыратын түрлі түсті конвентер. Басқа шағын

орталықтан (балабақшадан) келген хаттар.


Ойын барысы:

Тәрбиеші. Дидар өз әжесін қатты жақсы көреді, бірақ әжесі оған болмайды деп жиі айтатынына шағымданды: «Мен тіпті шаршадым: бәрі болмайды және тағы болмайды...» Ал, әжем болса: «біздің баламыз жақсы, бірақ оған болмайды деп жүз рет қайталау керек.

Осы шағымдарды естіген ертекші барлық балаларға болмайды деген не және болады деген не екені туралы әңгіме хат жазыпты.

Міне бізге де сондай хаттар келіпті (конверттерді көрсетіп). Онда не жазылған екен?

Бірінші хат.


Таяққа сүйеніп бір қария келе жатыр екен. Ол дем алу үшін тоқтайды да қайта жүреді. Ал, қарап тұрған балалар бүкірейіп қарияның әрең қозғалып жүргенін салып, күлкі қылады.


Тәрбиеші. Осындай балалар туралы не айтасыңдар?

Балалар. Қарияларға күлуге болмайды.

Тәрбиеші. Ертекші хатында былай дейді:

Кәрі адамдарға күлуге болмайды. Оларға сыпайылық таныту және көмектесу керек. Кәрі адамдар көп жыл өмір сүрген және адамдар үшін еңбек еткен.Осыны естеріңде сақтаңдар.

Екінші хат.

Дидар ойнағысы келетіні жөнінде шағымданады, ал әжесі оған: «Ұйықтайын деп жатқанда ойнауға болмайды» дейді.

Дидар айтады: «Ұйықтағым келмейді, ойнағым келеді». Әжесі уайымдайды және Дидарға ойынын аяқтауын өтінеді.

Тәрбиеші. Дидардікі дұрыс па?

Балалар. Жоқ. Әжені тыңдау керек. Ол дұрыс айтады.

Тәрбиеші. Ертекші былай деп жазады (оқиды):

Үлкендермен сауғыласуға болмайды. Олардың талаптары мен өтініштеріне «істегім келмейді» деп жауап беруге болмайды.





Үшінші хат.


Әкесі, анасы және Айгүл тамақтану үшін үстел басына жиналады. Үстелде екі апельсин жатыр. Айгүл екеуінде алып, үстел үстінде домалата бастайды. «Тамақтану кезінде, үстел басында ойнауға болмайды, дейді әкесі. Апельсинді тәрелкеге сал». Айгүл «мен оларды жеп қоямын» деп қырсық жауап береді.

Тәрбиеші. Айгүл туралы не айтасыңдар? (балалар жауап береді).

Тәрбиеші. (оқиды).

Тамақтану кезінде ойнауға болмайды. Бір адамға барлығын беруін талап етуге болмайды: апельсинді барлығына бөліп беру қажет.


Төртінші хат.


Ержан әкесінен «велосипед алып беруін» деп талап етеді.

Велосипедті дәл қазір алып бере алмайтынын және ақша

басқа бір мақсатқа керектігін естігенде, Ержан: «Велосипед

Сұлтанда бар, ал менде жоқ» дейді.

Тәрбиеші. Ержан туралы не айтасыңдар? (балалар өз ойларын айтады)

Тәрбиеші. (оқиды).

Басқа бір балада бар зат сенде болмағанына қызғанышпен қарауға болмайды.

Бесінші хат.


Ажар әкесі мен анасы бір жаққа барамыз десе болды жылайды. Әжесі үндемейді, бірақ немересінің өзімен қалғысы келмейтініне ренжулі.

Тәрбиеші. Ажардың қылығы дұрыс па?

Балалар. Жыламай әжесімен қалу керек.

Тәрбиеші. (оқиды).

Қарт кісі жалғыз қалдыруға болмайды. Сен әжеңнің қуанышы екеніңді ұмытпа. Ән салып бер, достарың туралы және ойындар туралы айтып бер.

Алтыншы хат.


Ерасыл мен Ахмет қыдыру үшін аулаға шықты және жоғалып кетті. Әжесі мен анасы уайымдап, балаларды іздеді. Анасы жылауға шақ жүр. Қайда олар кетті? Оларға не болды?






Сөйтсе олар үй жанындағы аялдамадан жаңа автобус көріп, тағы тамашалау үшін келесі аялдамаға барды.

Тәрбиеші. Балалар туралы не айтасыңдар? (Өз ойларын айтады).

Тәрбиеші. (оқиды).

Үлкендерді ескертпей ешқайда кетуге және бір нәрсе жасауға болмайды. Ондай қылықтарыңмен оларды ренжітесіңдер және уайымға саласыңдар.

Жетінші хат.

Трамвайда көп адам екен. Барлығы жұмыстан қайтып келе жатыр. Арман болса орын босадыма екен деп жан жағына қарауда.Міне орын босап еді Арман отырды да, тұрып тұрған адамдарға күлімдеді.Олардың арасында оның да анасы ба

Тәрбиеші. Қыз бала қалай жасауы керек еді. Ертекші айтады: «Үлкендер тұрып тұрғанда жасы кіші адамдарға отыруға болмайды. Оларға отыруына

ұсыныс білдіру керек».

Қалай айту керек?

Сегізінші хат.


Асан сыйлық ретінде ойыншыққа мәшине алды.Ол ойыншықты шағын орталыққа (балабақшаға) әкеліп, балаларға көрсетті де, «менің мәшинем!» деп ойнауға берген жоқ.


Тәрбиеші. Сендер бұл бала туралы не ойлайсыңдар? Ертекші айтады: «Өзіңде ғана бар затпен балалардың алдында мақтануға болмайды».

Тоғызыншы хат.

Арман демалыс күндері әкесімен зоологиялық баққа баратыны жайында айттып, Асанды да шақырды. Асан оған қатты қуанды. Ол бәріне зоологиялық баққа Арманмен және оның әкесімен баратыны жайында айтты. Арманның әкесі Асанды өздерімен бірге алып бара алмады. Арманның көңілі түсіп кетті бірақ Асанға айтуға батылы жетпеді. Ол тек Асанға зоологиялық баққа бармадық деп айта салды.





Тәрбиеші. Арман туралы не айтасыңдар? Ертекші былай деді: «Өтірік айтуға болмайды және орындай алмайсың ба уәде бермеу керек».

Оныншы хат.

Жанеля шағын орталықтан (балабақшадан) жаңа қуыршақ көрді. Оған ұнағаны соншалық қуыршақты үйіне апарып анасына көрсеткісі келді. Кейін қыздар қуыршақты іздей бастады, ал Жанеля болса оны үйіне алып кететіні жайында ауыз ашпады.

Тәрбиеші. Жанеля дұрыс жасады ма айтыңдаршы?

Балалар. Барлық балаларға және басқа адамдарға тиесілі затты ескертусіз алуға болмайды. Қатты қалап тұрсаңда алуға болмайды.

Тәрбиеші. Мінекей балалар біз ертекшінің барлық ертегілерін оқып шықтық және де болмайды сөзі нені білдіретіні жайында білдік.

Балалар хаттар арқылы білгендерін айтып береді.

Тәрбиеші. Болмайды сөзі бұл ақылмен тыйым салатын және ескертетін сөз.

Болады сөзі туралы бізге басқа хаттарында жазатын болады ертекші. Біз оларды басқа ойын болғанда оқитын боламыз.



«Ертегіні шақырамыз»

Дидактикалық тапсырма. Даналық оқытулар, қалай өмір сүруге болатын жайында, дос бола білу, ақылды бола білу жайында әрқашанда ертегілерде кездесетіні туралы балалардың түсінігін бекіту; ертегі кейіпкерлерінің әр жасаған қылықтарында, арман тілектерінде адамның әр түрлі қырларын ашады: жұмасақтық, батылдық, еңбек қорлық, қол ұшын бере білетіндік, достық, ұяңдық және т.б.;Ертегілерде жамандық, жалқаулық, қорқақтық, дөрекілік күлкі болады.

Ойын тапсырмасы. «Ертегіні шақырамыз».

Ойын іс әрекеті. Суреттерді қарау (ертегілерге иллюстрация). Таныс

ертегілерді еске түсіріп және үзінділерін тану. (Үзінділер қысқа әрі таныс болуы керек, себебі ойын мақсаты оларды тану емес).

Ойын ережесі. Балалар шақырған ертегіні мұқият тыңдау; бір біріне кедергі жасамау; егерде біреуіне ертегі таныс болса айтылған кезде сұрақтар қоймау; ертегідегі ең қызықты жерін естеріне сақтау.

Құралы. Балаларға таныс және жаңа ертегілерге иллюстрация.


Ойын барысы

Тәрбиеші балалардың қызығушылығын тудыратын және ертегіні қайта тыңдауға құлшынысын арттыратын, ертегінің кейбір ерекшеліктерін қысқаша айтып береді.





Тәрбиеші. «Ертегіні шақырамыз» ойынын бастаймыз. Сендер қалай шақырасыңдар?

Балалар. Ертегі, бізге кел. Ертегі, ертегі, кел, бізге бір нәрсе айтып бер. Жоқты айт, бірақ бізге өте қызықты,шытырман болсын. Ертегі, кел де әлі болмағанды және енді болатынды айтып бер.

Тәрбиеші. Ертегі міндетті түрде келеді: сендер оны жақсылап тұрып шақырдыңдар ғой. Ал, міне қараңдаршы: мынау не? (иллюстрациямен суреттер). Ертегіні шақырдыңдар ал бізде суреттер пайда болды. (Тәрбиеші ертегі иллюстрацияларын бірінен соң бірін көрсетеді: бұл қоршаған ортаны тануға алғашқы қадам).

Суреттер бойынша ертегілермен танысудан кейін, педагог балаларды қысқа үзінділер арқылы ертегілерді тануға апарады.

«Баяғыда үш жолдас келе жатса, бір жерде бір уыс тары жатыр екен.

Үшеуі ойласып:

Мұны тұқым қылып жерге егіп, көбейтейік, содан кейін бөліп алайық...»

Бұл қандай ертегі?












«Адамдардың барлығын өзінің қулығымен алдайтын адам...»

Бұл қай ертегіден алынған?



Бұтақтан өшін алу үшін бәріне шағымданып жүретін не ол? Жануар ма?Құс па? Жәндік пе? Кім біледі? Айтыңдаршы балалар.









Тәрбиеші. Ертегіні таңдадық, біз әдейі ертегіні шақырып алғандай болдық, содан ол бізге келді. Сендердің қуанғандарыңды ертегі білуі үшін не істеуіміз керек, қалай жауап бересіңдер?

Балалар. Ертегі, саған рахмет, келгенің үшін. Біз балалар ертегіні жақсы көреміз. Ертегінің келгеніне қуаныштымыз.

Тәрбиеші. Сендер ертегіні жақсы қарсы алдыңдар. Ал, енді тыңдаңдар, ертегі сендерге не дегенін. Тыңдаңдар және есте сақтаңдар. Ертегілерде кімдермен

кездестіңдер? Не білдіңдер, қандай жақсылық болды және не ұнамады?

Ескерту. Тыңдылған ертегіні айтқанда, педагог балалардың көңіл-күйі мен алған әсерлерін, уайымын бұзбауы қажет. Ертегі балалардың жүрегінде ұзаққа сақталатындай, өзгешелеу, тұтас болып қалуы керек.


«Менің достарым»

Дидактикалық тапсырма. Балалардың адам қалпын сырт келбеті, көңіл- күйі бойынша бақылау, балалар өздері қарым қатынастағы және бірге тұратын адамдарына деген назары мен бақылаушылығын жетілдіру; Дос таңдаудағы ең алғашқы негізін қалыптастыру.

Ойын тапсырмасы. Суреттері бойынша достарымен танысу.

Ойын іс әрекеті. Суреттерді, портретті қарастыру. Сұрақтарға жауап беру: «Топтағы әр қыз бала мен ұл балалар туралы не айта аласыңдар?» Досын таңдау.

Құралы. Үш жас пен бес жас аралығындағы балалардың суреттері.

Ойын барысы

Тәрбиеші балаларға әдемі безендірілген және «біз достармыз» деп жазылған папканы көрсетеді, және сұрайды: «Мына папкада не болуы мүмкін?» (сұрақтар балалардың назарын аудартады және олардың қызығушылығын тудырады). «Айгүл, қарашы, папкада не бар, бізге үш суретті көрсетші.Қандай жақсы балалар! Олардың есімдерін білмейміз. Мына қызды кім деп атаймыз? Ал, ұлдарды ше? (балалар есімдерді ұсынады). Міне біз балалармен таныстық... (мысалға: Анар, Болат, Қанат). Олардың әр қайсысы туралы не айтуға болады? Жақсылап тұрып қараңдар, ойланыңдар».

(Балалар қиналуы мүмкін: олар әлі қарауды, көруді білмейді. Жиі сырт келбетін айтып береді: көйлек, бантик, туфли және т.б.)

Тәрбиеші. Көңілді, қайырымды деп қай ұл баланы айтуға болады және ол не туралы ойланып отырғанын, нені еске түсіріп отырғанын айтуға болады.

Содан кейін балалар барлық суреттерді алып, оларды үстелге қояды.

Тәрбиеші. Мұқият қараңдаршы: мүмкін олардың біреуіне көмек керек шығар? Біреумен бір жаққа бару? Біреуден бірдеңе сұрау? Осылай барлығымен






таныс боламыз. Ал, мүмкін сендердің біреулерің өздеріне дос таңдап алатын шығар.

Былай ойнаймыз: әр қайсымыз бір суреттен аламыз, оны жақсылап қараймыз, барлық балаларға көрсетеміз және олар суреттегі кім, ол туралы не білгені туралы айтып береді.

Ал, мүмкін біреулерің осылардың біреуімен дос болғысы келетін шығар.

(Балалар портреттерден адамның түрлі жақтарын көруге және ол туралы айтып беруге үйрену өте қажет.)

Ал, енді барлық портреттерді қайта қарап шығамыз. Оларға қараймыз да неліктен папка сыртында «Менің достарым» деп жазылып тұрғанын танимыз. Оларда бізбен дос болғылары келеді. Оларға біз хат жазайық! Сендер айтыңдар мен жазамын. Сосын достарымызға хатты жолдаймыз.


Бәрі мезгілімен болады.

«Неліктен» атты баланың хаттары»

Дидактикалық тапсырма.Балалардың қыс мезгілі туралы, өз ойын қысқа түсінікті сөзбен жеткізе білу жөніндегі түсініктерінің көлемін анықтаймыз. «Неліктен» деген баланың сұрақтарына жауап беруге құлшынысын таныту.

Ойын тапсырмасы. «Неліктен» деген балаға хат жазу.

Ойын іс әрекеті. Ойын іс әрекет «Неліктен» деген баланың сұрақтарына жауап берумен білдіреді.

Ойын ережесі. «Неліктен» деген балаға түсінікті болуы үшін сұрақтарына қысқа жауап беру. Бір біріне көмектесу(жалғастыру жауапты және ойын нақтылау), бірақ бір бірінің сөзін бөлмеу, кедергі жасамау.

Құралы. Түрлі түсті үлкен конверт. Шағын орталық мекен жайы жазылған. Тәрбиеші мен балалараға құттықтау хат. Кішкентай түрлі түсті конверттер, олардың әр қайсысында балаларға сұрақ жазылған.

Ойын барысы:

Тәрбиеші. (Үлкен конвертті көрсетеді). Мен шағын орталыққа келе жатқанда, пошташы мына конвертті маған беріп кетті. Бұл хат кімге екен және кімнен екен? (сұрақ балалардың қызығушылығын тудырады). Конверт сыртында біздің шағын орталық (балабақша) пен топтың мекен жайы жазылған. Ал, конвертте не? «Неліктен» деген баладан хат екен!

«Неліктен» деген бала ол ұл бала. Ол өте көңілді, қайырымды және бәрін білгісі келетін бала. «Неліктен» деген бала: «Кім? Не? Қайда? Неліктен?» деп жиі сұрай береді. Сондықтан оған «Неліктен» деп ат қойды. Мүмкін ол бізден де бір нәрсе сұраған шығар? Не деп жазғанын тыңдаңдар: «балалар, мен

тұратын жақта қыс болмайды. Маған қыс туралы айтып беріңдерші. Айтып берсеңдер, мен қуанышты болар едім...»

Үлкен конвертте тағы не бар екен...?





(Бір бала конверттен кішкентай конверттерді алып әр үстелге қояды. Балалар қарайды әр конвертте сұрақтар жазылған).

Тәрбиеші. Әр конвертте «Неліктен» деген бала бір нәрселер туралы сұраған. Оның сұрақтарына жауап бергілерің келе ме?

Балалар. Жауап бергіміз келеді... Ал, біз жауап бере аламыз ба...?

Тәрбиеші. Әрине, жауап бере аласыңдар, егерде қысқа әрі «Неліктен» деген балаға түсінікті қылып, жақсылап ойлансаңдар. (Әрі қарай тәрбиеші конверттерден сұрақтар алып оқиды. Ал, балалар жауап береді).

«Неліктен» деген баланың сұрақтары.

Қыс дегеніміз не?

Қыс неше ай болады?

Аңдар қыста қалай және қайда өмір сүреді?

Адамдар қысқа қалай дайындалады?

Қыста сендер қалай ойнайсыңдар?

Қыста қандай мерекелер бар?

Қыстан кейін қандай жыл мезгілі болады?

«Неліктен» деген баланың сұрақтарына балалардың жауабы.

Қыс бұл өте салқын мезгіл. Қыста көшеде, орманда, барлық жерде қар болады, аяз, өзендер қатады.

Қыс үш ай болады.

Орманда аю інінде қыс бойы ұйықтайды. Ал, қояндар қыста ақ болады оларды қардан ажырата алмайсың.

Кірпішешен ағаш жапырақтарынан өзіне ін жасап алады:

Ал, үй жануарлары арнайы қорада тұрады:





















Адамдар қысқы: отын дайындайды, тоңбауы үшін жылы киімдер киеді.

Қыста біз шана, шаңғы және коньки тебеміз. Өте көңілді! Қардан аққала жасаймыз, мұрнына сәбіз, көзіне көмір, басына шелек, қолына сыпырғыш қоямыз:



Қыста шырша мерекесі, жаңа жыл! Аяз ата сыйлықтар әкеп береді. Мерекеде билейміз, ән айтамыз, жұмбақ шешеміз.



Қыстан кейін көктем мезгілі келеді.

Тәрбиеші барлық жауаптарды жазып отырып, құрастырып «Неліктен» деген балаға хат жазуға уәде береді. Балалар тәрбиешіден «Неліктен» деген баланы қонаққа шақыратындарын айтуын және оған қыстың суреті бейнеленген картинканы салып жіберуін өтінеді.

Келесі күні серуенде жүргенде балалар «Неліктен» деген балаға жазған хаттарын пошта жәшігіне салады.

Ескерту. Мұндай ойындар жылдың әр мезгілінде өткізуге болады.











«Жылдың қай мезгілі»

Дидактикалық тапсырма.Балаларды ақындардың жазған мәтіндерін тыңдауға үйрету. Эстетикалық көңіл күй мен сезіне білуге тәрбиелеу. Жылдың әр айы туралы және жыл мезгілдерінің әр түрлі негіздері туралы білімдерін бекіту.

Ақынға сыйластықпен қарауға тәрбиелеу.(Өлең оқу алдында жазған ақын туралы бірер сөз айту).

Балаларды ұйымдастыру. Қарым қатынас, сезіну, бір нәрсе сұрау, айту, еске түсіру мүмкіндігі туралы жағдай құрылуы қажет. Мұндай ойынды әр уақытта: таңертеңгі, кешкі уақытта, топта, серуендеуде немесе дем алғанда өткізуге болады

Ойын барысы:

Тәрбиеші қарап тұрып, айтады, ақын жазушылар өз өлеңінде әр мезгілдегі табиғаттың сұлулығын, адамдардың өмірі мен еңбегі және т.б. жырлайды. Ақындар өлеңді өздері үшін жазбайды, басқаларды қуанту үшін жазады және олар әр жыл мезгілдерінде болатын құбылыстарға назарын аударуға шақырады..

Мен қазір өлең оқимын, ал сендер мұқият тыңдаңдар. Екі рет оқитын боламын. Бірінші оқығанда сендер ақынмен кездескендей боласыңдар ал, екінші оқығанда қай мезгіл туралы айтылып тұрғанын ойланып, ажыратыңдар.

Оқығаннан соң бір біріңмен ой бөлісу қажет.

Ескерту. Ақынның жазғандарынан үзінді оқығанда әр түрлі мезгіл туралы болғаны жөн. Ал, егер бірнешеуі бір мезгіл туралы болса балалар жалығып кету мүмкін.Мезгілдің бір екі белгілерін айтса сол жетеді.

Қосымша. Ақынның мәтіндерінен.

Мысалға:

Қыс

Қандай қызық қыс деген?!

Бәрін шебер істеген.

Бақша, бауды, тауды да

Бояған ақ түспенен.







Көктем

Көктем күні шуақты,

Көктем күні қуатты.

Мал жағалап суатты,

Сай саламен су ақты.

Ә.Асылбеков

Күзде

Қамба толды астыққа,

Алғыс саған, алтын күз!

Бір уыс дән шаштық та,

Қап қап қауын алдық біз.


Е.Елубаев


Жазда






Балақай ау, балақай,

Жаз келеді ау, алақай.

Жалаң аяқ жүреміз,

Балақты да түреміз.


«Бізде осылай, ал сендерде ше?»

Дидактикалық тапсырма. Балаларға кешкі уақыт ол үлкендердің жұмыстан келетін, ал балалардың балабақшадан келетін уақыты екенін түсіндіру. Бұл уақыт бүкіл отбасының үйде жиналатын уақыты. Балаларды отбасылық істерге, әңгімелерге, ойындарға қатысу кезінде қуануға үйрету. Отбасы мүшелеріне деген жылы сезімдерін қалыптастыру.

Ойын тапсырмасы. Отбасында кешкі мезгіл қалай өтетіні туралы айтып беру.

Ойын іс әрекеті. Отбасылық өмірде бірге еңбек ету, оқу, бірге көңіл көтеруге дағдылану.

Ойын барысы:

Тәрбиеші. «Бізде осылай, ал сендерде ше?» деген көңілді ойын ойнаймыз. Әр біреуің кешкі мезгілде үйде не істейтіндерің жайында айтып бересіңдер. Мен бастаймын: «Кешке жұмыстан кейін барлығы үйде жиналып, жұмыс істейміз. Мен анамын аспазшы, ақ орамал мен алжапқышымды тағамын;

әкеміз, қызымыз, ұлымыз аспаз көмекшілері. Табыңдаршы, олар не істеді? (балалар өздерінің түрлі ойларын ортаға салуда: картоп тазалады немесе ыдыс аяқ жуды т.б.). Олар маған тез пісуі үшін ұзын макаронды үзуге көмектесті. Тамақтан кейін мен қызым мен ұлыма бір-бір макароннан, ал әкемізге тәрелкеге сабыннан көпіршік жасаттық, Содан балалар макаронмен шариктер шығарып ойнады. Көңілді болды.Бізде осылай болды, ал сендерде ше? Көңілді, күлкілі

істеріңді айтып беріңдерші, қандай болса да». Айгүл. Анам маған апельсин берді. Мен тазалай бастап едім, қолымнан сытылып шығып, домалап кетті. Ешкім таба алмады. Кешке мысығым диванның жанынан шықпай қойған соң қарасам, ол жейтін нәрсе екенін білмей апельсинмен ойнап жүр екен.


Рисунок 8








Арман. Кешке әкем әр түрлі күлкілі сөздер мен жұмбақтар

ойлап тапты. Біз оның бәрінің жауабын шештік: Әжем, анам және мен. Тек әжем екеуміз аз шештік, ал анам болса көп шешті. Осы кезде анам киім үтіктеп жатқан сонда да шешті. «Біздің анамыз ақылды оған сыйлық беру керек» деп әкем айтты. Ал біз әпкеміз екеуміз сыйлықтың не екенін білген жоқпыз. Ол қылығымызға бәрі күлді. Бізде осылай, ал сендерде ше?

Айым. Бізде әкеміз кешкі мектепте оқиды. Ол бізбен ойнайды да сосын: «Ал, енді бәрің жұмысқа кірісіңдер!» дейді. Сабағын оқитын кезде осылай дейді. Оған кедергі жасауға болмайды. Сосын Ержан екеуміз сурет салуға отырамыз. Бізде осылай, ал сендерде ше?

Сара. Мен анамнан мысық сатып алуын өтіндім.

Анам сатып алды, бірақ ол жоғалып кетті.

Біз терезеден құлап кетті ме екен деп ойладық.

Әкеміз жұмыстан келді де, туфлиін шешіп үй тәпішкесін алды да күліп жіберді. Тәпішкеде мысық ұйықтап жатыр екен... Бізде осылай, ал сендерде ше?

Осылайша балалар, ойнау арқылы, істері жайлы, жақындары жайлы жылы әрі көңілді айтады. Осындай ойындарды кешкі мезгілде өткізген дұрыс.

Бұл ойындар балалар үшін өте қажет және балалар қалай көңілді тұратындары және олардың қарым қатынастары қалай әрі балаға не қымбат екені жайлы тәрбиешіге үлкен көмек.


«Дым білмеске» көмектесейік»


Дидактикалық тапсырма. Балаларға түстер жайындағы

білімді бекіту. Бір бірін тыңдай білуге үйрету.

Дым білмеске қайырыммен қарауды қалыптастыру.

Ойын тапсырмасы. Дым білмеске көмектесейік.

Ойын іс әрекеті. Дым білмеске түстерді ажырата

білуге көмектесу.






Ойын ережесі.Дым білмес есіне сақтап қалуы үшін

түстерді нақты айту.

Құралы. Әр түстегі жеміс жидек суреттері және жеміс жидектер

Ойын барысы:

Тәрбиеші қайырымды, көңілді ұл Дым білмес туралы: «Дым білмес бәрін, бәрін білемін дейді. Өзі өте мақтаншақ! Шағын орталыққа бірінші рет келді.

Тәрбиеші одан: «Жеміс жидектердің түстерін атап бересің бе?» дейді.

Дым білмес күлді де: «Әрине, атап беремін...» деді де: «Алма ақ түсті... Сосын қияр қызыл түсті... Ал , сосын алмұрт күлгін түсті. Міне осылай!» деп жауап береді. Дым білмес өзінің жауабына көңілі толды. Ал, сендер қалай ойлайсыңдар, ол тәрбиеші сөзіне дұрыс жауап берді ме?».

Балалар. Жоқ!

Тәрбиеші. Оған көмектесу керек. Жеміс жидектердің өз түстерін атап шығайық


Ж ЕМІС ЖИДЕКТЕР




КҮЛГІН-

ҚЫЗЫЛ -

ӨРІК

АЛМА ҚЫЗАНАҚ


С АРҒЫШ

ҚЫЗЫЛ - САРЫ-

СӘБІЗ

АЛМҰРТ

ЖҮЗІМ

ҚИЯР

Жасыл ҚЫРЫҚҚАБАТ


Тәрбиеші. Балалардан кезекпен кезек бір бір жемістен айтуын сұрайды. (егер біреуі қиналса басқалары көмектесіп жібереді).

Тәрбиеші.





Тәрбиеші Дым білместен алманың түсі қандай дегенде, Дым білмес күліп: «ол оңай, оның түсі ақ!» деп тағы да солай жауап берді. Бәрін шатыстырып алды. Ал, сендер білесіңдер ме? (Балалар жауап береді).

Тәрбиеші Дым білместен олардың дәмдерін сұрағанда, Дым білместің көңілі түсіп кетті. Себебі ол білмейтін еді. Ал, сендер білесіңдер ме? Сендер Дым білмеске қалай көмектесер едіңдер? Жеміс жидектердің дәмі қандай болады? (Тәрбиеші балаларға алма, апельсин, қияр, қызанақ және т.б. кішкене тілімдерінен дәм тартқызады. Балалар дәміне қарай айтады).

Сендер дұрыс айттыңдар ма? Егер сендер дұрыс айтсаңдар, қане бәріміз қайталап айтайық.

«Мүмкін Дым білмес еститін шығар...»

Тәрбиеші. Ал, қазір былай ойнаймыз: мен сендерге жемістің атын атаймын, ал сендер қандай түс екенін айтыңдар.

Соңында тәрбиеші: «Егер Дым білмес бізбен бірге болғанда, ол жемістердің түстері мен дәмдерін білетін еді.

Дым білмеске хат.Дым білмес! Сен біздің көңілді әрі қайырымды досымызсың! Біз жемістер түсі мен дәмін білеміз және сенің де білгеніңді қалаймыз. Әр жемістің өзінің түсі бар. Біз сол түстер жайында саған жазып отырмыз. Өзің оқы немесе біреу оқып берсін. Бұны білу өте қызықты

Пайдаланған әдебиеттер:

  1. Құрманалина Ш.Х., Сәрсенбаев С.Ш. Математикадан дидактикалық ойындар және қызықты тапсырмалар. Алматы, 1997

  2. Мартынова Л. Обучение математике младших дошкольников. М., 1999

  3. Қаражанұлы Т., Хайралақызы Ш. Математикадан дидактикалық материалдар. Алматы, 1998 Дүкенбаева Ғ. Мектеп жасына дейінгі балаларды ойын арқылы адамгершілікке тәрбиелеу. Алматы, Рауан, 1992

  4. Жикалкина Т.К. Игровые и занимательные занятия по математике.

  5. Мурадян Ж. Дидактические игры, развивающие математические представления. Сай М.К., Удальцов Е.И. Математика в детском саду.

  6. Есімбетова П. Балақшада оқыту және тәрбиелеу бағдарламасы бойынша әдістемелік нұсқау. Рауан. Алматы, 1992 Ақ серек, көк серек. Жалын баспасы. Алматы, 1990 Ақбай Н.Е. Кел, балалар, ойнайық. Алматы, 2006

  7. Қуырмаш. Аруна баспасы. Алматы, 1998

  8. Алтынсарин Ы. Әңгімелер мен мысалдар. Жалын. Алматы, 1990

  9. Қазақстандағы мектепке дейінгі білім. ж. № 4, 2006

  10. Әмірова Ә. Дәстүрлі тәрбие. Арда. Алматы, 2006

  11. Цвынтарий В. Играем пальчиками и развиваем речь. Санкт-Петербург, 1998

  12. Еденбаева З.Д. Ойнайық та ойлайық. Рауан. Алматы, 1995





PAGE \* MERGEFORMAT 6 


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
28.02.2025
217
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі