400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 16 материал табылды

Ұлттық ойындар-рухани құндылығымыз

Материал туралы қысқаша түсінік
1.Білімділік:Тұңғыш президнт Елбасы күніне орай ұлттық ойындар тарихын жандандыру,ұлттық ойындар туралы білу. 2.Тәрбиелік:ұлттық құндылықтарын қадірлеу,патриоттық сезім қалыптастыру. Өз Отанын сүюге, қадір тұтуға тәрбиелеу. 3.Дамытушылық:ұлттық ойындар тарихын зерттеу,ойналу жолдарын білу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Ұлттық ойындар-рухани құндылығымыз. (эстафеталық сайыс)

Мақсаты:

1.Білімділік:Тұңғыш президнт Елбасы күніне орай ұлттық ойындар тарихын жандандыру,ұлттық ойындар туралы білу.

2.Тәрбиелік:ұлттық құндылықтарын қадірлеу,патриоттық сезім қалыптастыру. Өз Отанын сүюге, қадір тұтуға тәрбиелеу.

3.Дамытушылық:ұлттық ойындар тарихын зерттеу,ойналу жолдарын білу.

Өтетін орны: Спорт зал. 

Жарысқа қатысушыларды құттықтау.

Әділ-қазы алқасы : Денешынықтыру пәні мұғалімдері

Сайысқа қатысатын 5«А» сынып оқушылары «Тұлпар» тобы

5 «Б» сынып оқушылары «Қыран тобы»

5 «А» Ұранымыз: «Ұлы елдің әлем сүйген ұланымыз

Сол елге лайық болу - ұранымыз»

5

Құрметті жарысқа қатысушылар! «Ұлттық ойындар-рухани құндылығымыз»атты ұлттық ойындар эстафетасына қош келдіңіздер!Өзге халықтар сияқты қазақтың да ертеден қалыптасқан, атадан – балаға мұра болып жалғасып келе жатқан ұлттық ойын-сауық түрлері бар. Осындай аса құнды мәдени игіліктердің бірі - ұлт ойындары. Бүгінде ойынды халық педагогикасының құрамды бір бөлігі деп тегін айтпаса керек, адам баласы жасаған жеті кереметтің қатарына 8-ші етіп осы ойынның аталып жүруі де жайдан жай емес.
Ұлт ойындары - ата-бабамыздан бізге жеткен, өткен мен бүгінгіні байланыстыратын баға жетпес байлығымыз, асыл қазынамыз.Сондықтан оны үйренудің, күнделікті тұрмысқа пайдаланудың заманымызға сай ұрпақ тәрбиелеуге пайдасы орасан зор.Ойын баланың алдынан өмірдің есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін оятып, бүкіл өміріне ұштаса береді.
Қазақтың ұлттық ойындары:
 Бес тас, Алтыбақан, Тоғызқұмалақ, Теңге алу, Қыз қуу, Аударыспақ, Жамбы ату, Асық ойнау, Қол күрес, Ақсүйек т.б.спорттық сипатпен бірге үлкен тәрбиелік маңызға да ие болды.
Бүгінгі өткізілгелі отырған сайысымыздың турларымен таныс болыңыздар.
1. Асық ойыны
2. Білектесу (қол күрес)
3. Тоғызқұмалақ

4.Әтештер қақтығысы

4.Арқан тартыс
Жүргізуші:. Сайысымыздың 1-туры «Асық ойыны». Ұлттық ойындары көбінесе әр халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайларына , шаруашылық мүмкіндіктеріне байланысты қалыптасады.Асық ойындары ұлт ойындарының ішіндегі арғыдан келе жатқан көнелерінің бірі болып табылады. Асық ойыны баланың жастайынан жүйке жүйелерін шыңдап, оларды дәлдікке , ұстамдылыққа, байсалдылыққа тәрбиелейді.Бұл ойынның шарты бір топ бала, жиналып келіп, тегіс жерге төрт бұрышты сызық сызады.Сол төрт бұрышты ортасынан тең екіге бөледі. 1х1, 5м. Мөлшерде. Асық ататын орын белгілейді.
Ойыншы асықты дәл тигізіп сызықтан шығарса, оны алады да, сақа түскен жерден қайта атады. Егер оның сақасы асыққа тимей кетсе, асықты келесі ойыншы атады.

Ал енді сайыскерлерімізбен асық ату ойынын бастаймыз. Оқушыларымызға ойынның шарты түсінікті болды. Әр топ қанша асық атып алса, сонша ұпайға ие болады.

Жүргізуші: Сайысымыздың келесі бөлімі «Білектесу» деп аталады. Бұл ойын күш сынасу үшін ойналады. Бір столдың шетіне қарама-қарсы отырған екі ойыншы оң қолдарының шынтағын столға қояды да, бірінің қолын бірі алақандастыра мықтап ұстайды.Сол жақтағы қолдарын әркім өзінің оң жақ қолтығына тығып алады. Осылай ұстасып алған екі палуан, ойын бастаушы белгі берісімен, шынтақтарын сол орынынан қозғамай, қарсысындағы палуанның тіреулі қолын шалқасынан түсіруге ұмтылады. Білегі тайып жантайған палуан жеңіледі. Бұл білек күшінің жетілуіне көмектеседі.
Ойынды әрі қарай жалғастыру үшін
 төрт топты ортаға шақырайық.Екі топтан бір-бір ойыншыдан шығып күш сынасады. Барлық ойыншы түгел қатысады.

Жүргізуші:  «Біз өзіміздің ұлттық мәдениетіміз бен дәстүрлерімізді осы әралуандығымен және ұлылығымен қосып қорғауымыз керек, мәдени игілігімізді бөлшектеп болса да жинастыруымыз керек» – деп ел Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы атап өткендей, атадан балаға мирас боп, бүгінге жеткен мәдени құндылығымыздың бір бөлшегі, ұлттық ойынымыз тоғызқұмалақты бүгінгі тарих бетінен өшірмей, келер өскелең ұрпаққа жеткізу біздің басты – парызымыз. Міне, осындай ұлтымыздың ежелден өшпей бүгінгі күнге жетіп, қазір қарқындап дамып отырған құндылығымыздың бірі, ұлттық ойынымыз – тоғызқұмалақ. Бұл халқымыздың тамырын тереңге жайған төл мұрасы. Бұл спорт түрі – әлемдік мәдениеттің озық үлгілерімен иық теңестіре алатын, қазақ халқының ежелден келе жатқан рухани, логикалық ойлау өнері.

Жүргізуші:  «Әтештер қақтығысы» ойыны

Диаметрі 4-5 метрлік шеңбер сызылады, ойыншыларды теңдей екі топқа бөлеміз. Ойынға шыққан ойыншылар ойын жүргізушінің берген белгісінен соң оң қолмен аяғын ұстап, сол қолды артқа ұстап, оң аяқпен секіре жүріп иықтарымен қағыса бастайды.

Ойынның мақсаты – екеуі бірін-бірі шеңберден ығыстырып шығару.

Қарсыласын шеңберден шығарған ойыншы өз командасына ұпай әкеледі. Ойын барысында ұстаған аяғын жіберіп қойса ол жеңілген болып есептелінеді. Екеуі бірдей уақытта шеңберден шығып кетсе онда ешқайсысына да жеңіс берілмейді. Иықтарымен қақтығысу кезінде ойыншы тұрған сол қолын артына ұстайды. Қақтығысу барысында қолмен итеруге болмайды.

Жүргізуші: Ұлттық ойын: «Арқан тартыс» Ойынға ұзындығы 8-10 метрлік екі ұшы түйілген арқан қолданылады. Ойынға қатысушылар бойларына қарай қатарға тұрады. Арқанның ортасына қызыл мата байланады.

Оқушылар арқанның сол жағынан бастап бірінің артынан бірі қос қолдап ұстап тұрады.

Ойынның мақсаты - қарсыласының бір немесе бірнеше ойыншының орнындағы сызықтан өз жағына тартып өткізу.
Осы өткізіліп отырған сайысымыздың бағасын беру үшін әділқазы алқасына сөз береміз.
Мәңгі толы қазағымның ғұмыры
Сан асылдың ашылып тұр тұғыры
Кеше ғана керексіз ғып тастаған
Ғажап екен әдебі мен ғұрыбы
Бүгінгі өткізіп отырған
 «Қазақтың ұлттық ойындары - халқымыздың мәдени асыл мұрасы» атты сайысымызды аяқтаймыз

Жарысқа қатысушыларды құттықтау.

Жамбыл орта мектебі

5 «А,Б» сыныптар

Пәні: Дене тәрбиесі

Дене тәрбиесі мұғалімі: Қардыбай Жангелді

Практикант: Мырзатаев Б.Е.

Астананың 20 жылдық мерейтойына

орай ұлттық ойындар

тарихын жандандыру мақсатында

«Ұлттық ойындар-рухани құндылығымыз»

атты эстафеталық сайыс сабағынан

ІІ орынды иеленгені үшін _______ сынып

оқушылары

М А Р А П А Т Т А Л А Д Ы

Мектеп директоры: Р.К. Нурбаев

Денешынықтыру

пәнінің мұғалімі: Калиев Б.К.

2018 ж.

Сараптама

Жамбыл орта мектебінде 27 қараша күні 5 «а,б» сыныптар арасында ұлттық ойындардан «Ұлттық ойындар-рухани құндылығымыз »сайыс өтті. Ұлт ойындары - ата-бабамыздан бізге жеткен, өткен мен бүгінгіні байланыстыратын баға жетпес байлығымыз, асыл қазынамыз. Сондықтан оны үйренудің, күнделікті тұрмысқа пайдаланудың заманымызға сай ұрпақ тәрбиелеуге пайдасы орасан зор.Ойын баланың алдынан өмірдің есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін оятып, бүкіл өміріне ұштаса береді.
Ойын 5 тур бойынша
өткізілді.

1. Асық ойыны
2. Білектесу (
қол күрес)
3. То
ғызқұмалақ

4.Әтештер қақтығысы

5.Арқан тартыс
«Біз өзіміздің ұлттық мәдениетіміз бен дәстүрлерімізді осы әралуандығымен және ұлылығымен қосып қорғауымыз керек, мәдени игілігімізді бөлшектеп болса да жинастыруымыз керек» – деп ел Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы атап өткендей, атадан балаға мирас боп, бүгінге жеткен мәдени құндылығымыздың бір бөлшегі, ұлттық ойынымыз тоғызқұмалақты бүгінгі тарих бетінен өшірмей, келер өскелең ұрпаққа жеткізу біздің басты – парызымыз. Міне, осындай ұлтымыздың ежелден өшпей бүгінгі күнге жетіп, қазір қарқындап дамып отырған құндылығымыздың бірі, ұлттық ойынымыз – тоғызқұмалақ. Бұл халқымыздың тамырын тереңге жайған төл мұрасы. Бұл спорт түрі – әлемдік мәдениеттің озық үлгілерімен иық теңестіре алатын, қазақ халқының ежелден келе жатқан рухани, логикалық ойлау өнері.

Ұлттық ойындарымыз балаларға тәрбиелік мәнімен, дене бітімінің әсем де сымбатты болып бітуге пайдасы зор. Бір - ақ мысал келтіріп кетейін: «Қуыр - қуыр, қуырмаш» ойыны балалардың саусақ моторикасын дамытуға, тіл байлығын жетілдіруге, көңілін көтеруге қолдануға болады.
Балаларды қазақ халқының ұлттық ойындарымен, ойната отырып жан - жақты тәрбиелейміз. Ойынды сабақта

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
14.01.2020
1245
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі