Материалдар / «Ұлттық ойындар-ұлтымыздың құнды мұрасы» педагогтар арасында спорттық сайыс
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Ұлттық ойындар-ұлтымыздың құнды мұрасы» педагогтар арасында спорттық сайыс

Материал туралы қысқаша түсінік
«Ұлттық ойындар-ұлтымыздың құнды мұрасы» педагогтар арасында спорттық сайыс Мақсаты: Бөбекжай ұжымының спортқа деген қызығушылығын арттыру, қимыл қозғалыстарын жетілдіру, ептілік, шапшаңдыққа баулу. Бір орта мақсатты жұмыла бірігуге, ұйымшылдыққа баулып, қимыл әрекетке жаттықтыру.салауатты өмір салтын насихаттауға және спортпен шұғылданып тұруға шақыру. Қазақтың ұлттық ойындарын ойнай білуге тәрбиелеу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Желтоқсан 2021
1909
8 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

30 «Жұмбақ» бөбежай-бақшасы













«Ұлттық ойындар-ұлтымыздың құнды мұрасы»

педагогтар арасында спорттық сайыс









Дайындап, өткізген:

Дене шынықтыру жетекшісі,

педагог-модератор

Жолтай Е.М.















Қараша-2021ж



«Ұлттық ойындар-ұлтымыздың құнды мұрасы»

педагогтар арасында спорттық сайыс

Мақсаты: Бөбекжай ұжымының спортқа деген қызығушылығын арттыру, қимыл қозғалыстарын жетілдіру, ептілік, шапшаңдыққа баулу. Бір орта мақсатты жұмыла бірігуге, ұйымшылдыққа баулып, қимыл әрекетке жаттықтыру.салауатты өмір салтын насихаттауға және спортпен шұғылданып тұруға шақыру. Қазақтың ұлттық ойындарын ойнай білуге тәрбиелеу.

Жүргізуші: Құрметті әріптертер , «Ұлттық ойындар-ұлтымыздың құнды мұрасы» педагогтар арасында спорттық сайысқа қош келдіңіздер.

Бүгінгі біздің жарысқа тәрбиешілер мен  пән мұғалімдері қатысқалы отыр. Олай болса ұжымдастармен бірге орындайтын спорттық өнерлерін көрсетуде, жылдам, епті, ұйымшылдық және көңілді екенін көрген қандай қуаныш. Біз онда ұстаздарымызға сәт сапар тілейміз.

Спорт- көркі өмірдің,

Спорт – досың, серігің.

Жаттықсаң шымыр боларсың,

Шынығып, өсіп толарсың,-

демекші салауатты өмір салтын ұстанып, спорттық серік етейік.

Жүргізуші: Қазіргі күні қиял-ғажайып ертегі кітаптардың орнын компьютер мен ғаламтор алмастырған. Бүгінгі баланың балалық шағы жаңашылдықтың жарсысына көшті. Олардың атыс-шабыс ойындары арқылы қатыгездікке, зұлымдыққа тәрбиеленіп жатқаны қынжылтады. Бала кезімізде әр-түрлі ойын түрлерін ойнап өстік. Бүгінгі күні қала баласын ауызға алмағанда, ауылдағы балалардың өзі мұндай ойынның бар екендігінен де бейхабар.

Расымен де, ұлттық ойындарды біз Наурыз мерекесі қарсаңында ғана еске түсіреміз де, кейін ол келесі жылға дейін ұмыт қалады. Бұл дұрыс емес. Ұлттық ойын түрлерін қазіргі уақытта тек Наурыз мерекелерінде ғана қолданбай, әр іс-әрекетте көрсетіп, ұлттық тіл өрнектерін пайдалана білсек, мәні жағынан да балабақша тәрбиеленушілерінің рухани өресі кең өсіп – жетілуіне, эстетикалық мәдениетін қалыптастыруға болар еді.

Жүргізуші: Жарысты бастамас бұрын әділ бағасын беретін әділқазылар алқасымен таныс болайық:

Бөбекжай-бақшамыздың директоры: Айтжанова Қамқа Бекенқызы

Бөбекжай-бақшамыздың әдіскері: Нурбаева Майра Жұмабаевна

Бөбекжай-бақшамыздың медбикесі: Қобланова Бақтыгүл Ибағалиқызы



Жүргізуші:  Сайысымызды бастамас бұрын топқа бөлініп алайық.Ол үшін әріптестерімізді ортаға шақырайық.

Жүргізуші: Би: « Қара жорға»

Жүргізуші: Бүгінгі сайсымыз 8 турдан тұрады, әр ойынның соңында жеңілген команда өнер көрсетеді.Ендеше ойын атауымен таныс болыңыздар.

  1. Таныстыру
    2. Қап киіп жарысу
    3. Арынды арқан
    4.
    Мен мықтымын
    5. Білектесу
    6. Желке тартыс

7.Асық ату

8. Арқан тартыс

Бүгінгі сайысқа қатысушыларымызды қолдап ойынымыздың бірінші кезеңіне кезек берейік.

1. Ойынның аты:Таныстыру

Ойынның шарты: Қатысушылар өз тобын және төс белгілерін толық таныстырып өтеді. Жақсы таныстырған топқа жоғары ұпай беріледі.

Әділқазылар алқасының бағасы 3-4-5 ұпаймен бағаланады ең жоғарғы баға «5» ұпай

 

2. Ойынның аты: «Қап киіп жарысу»

Ойынның шарты: Қатысушылар мәре сызығынан сөре сызығына кедергілер арасымен аяғына қап киіп алып секіріп барып кері қайтады. Бірінші келген команда жеңімпаз атанады.

Әділқазылар алқасының бағасы 3-4-5 ұпаймен бағаланады ең жоғарғы баға «5» ұпай

 

3. Ойынның аты: «Арынды арқан»

Ойынның шарты: Жетекші арқанның түйілген басынан ұстап, шеңбер бойымен ортада тұрған ойыншыларды орай айналдырады, ал ойнаушылар болса, секіріп тұрып арқанды аяқтарының астынан жібере береді. Кімде-кім секіріп арқанды жібере алмай қалса, не басып кетсе, ойыннын шығарылады. Ойын жалғаса береді.

Әділқазылар алқасының бағасы 3-4-5 ұпаймен бағаланады ең жоғарғы баға «5» ұпай



4. Ойынның аты: « Мен мықтымын»

Ойынның шарты: Қатысушылар мәре сызығынан сөре сызығына кезек-кезек бір-бірін арқалап жүгіріп барып кері жүгіріп келеді. Бірінші келген команда жеңімпаз атанады.

Әділқазылар алқасының бағасы 3-4-5 ұпаймен бағаланады ең жоғарғы баға «5» ұпай

 

5. Ойынның аты: «Білектесу»

Ойынның шарты: Бір столдың шетіне қарама-қарсы отырған қатысушылар оң қолдарының шынтағын столға тіреп қояды да, бірінің қолын бірі алақандастыра мықтап ұстайды.. Осылай ұстасып алған екі қатысушы , ойын бастаушы команда берісімен, шынтақтарын сол орнынан қозғамай, қарсыласының тіреулі қолын шалқасынан түсіруге ұмтылады. Білегі тайып жантайған қатысушы жеңіледі. Бұл білек күшінің жетілуіне көмектеседі

Әділқазылар алқасының бағасы 3-4-5 ұпаймен бағаланады ең жоғарғы баға «5» ұпай

 

6. Ойынның аты: «Желке тартыс»

Ойынның шарты: Күш сынасып ойнайтын ойын түрі. Екі адам екі жағынан келіп, желкесінен асырып қолтық астынан өткізіп, екі жаққа тартысып күш сынасады. Белгіленген сызықтан асырып сүйреп кеткені жеңімпаз болып табылады.

Әділқазылар алқасының бағасы 3-4-5 ұпаймен бағаланады ең жоғарғы баға «5» ұпай

 

7. Ойынның аты: «Асық ату»

Ойынның шарты:  Қазақ халқының дәстүрлі ойыныАсық ойыны күндіз де, түнде де ойналады.Жерге дөңгелек сызық сызалады,ортада сызық бойында тұрған асықты кезекпен кезек дөңгелек сызықтан асыру керек.Әр қатысушыға бір асықтан беріледі.

Әділқазылар алқасының бағасы 3-4-5 ұпаймен бағаланады ең жоғарғы баға «5» ұпай

 

8. Ойынның аты:  «Арқан тартыс»

Ойынның шарты: Арқан тартыс ойыны бірінші екі команда арқан тартады содан жеңген команда үшінші командамен арқан тартысады, үшінші екі женген команда тартысқа түседі содан ұтқан команда жеңімпаз атанады.

Әділқазылар алқасының бағасы 3-4-5 ұпаймен бағаланады ең жоғарғы баға «5» ұпай

Өнерге бейік сеніңіз,
Думанға қызық келіңіз,
Әділқазы ел сенген,
Өнерге баға беріңіз!
Әділқазы алқалары баға беріп болғанша...................................

Муз Жұлдыз « »

Жүргізуші: Жеңімпаздарды анықтап, марапаттау үшін сөз әділ - қазы алқаларына беріледі.

Әріптестер бүгінгі жеңістеріңізді құттықтай отырып «Ұлттық ойындар ұлтымыздың құнды мұрасы» атты педагогтар арасында спорттықсайысымызды аяқтаймыз. Сау болыңыздар!


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!