«Ұлттық өнер- ұрпаққа аманат» атты кездесу кешінің сценарийі
Өтетін күні: 3.03.2020 жыл
Өтетін орны: Оқушылар мен жасөспірімдер Үйі, АКТ зал
Сағат: 10.00-де
Кездесу кешінің құрметті қонақтары:
-
Қазақстан қолөнершілер одағының мүшесі, педагогика ғылымдарының магистрі, «Жүнмен жұмыс жасаудағы жаңаша әдіс- тәсілдер» жобасының авторы, ЖК «СырЭтноДизайн» орталығының директоры, Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дың оқытушысы – Әлайдарова Айдана Әлайдарқызы;
-
Қазақстан суретшілер одағының мүшесі, Қазақ ССР оқу ісінің үздігі, ағаш ою өнерінің ұстасы- Маханбет Жәнібек Асанұлы;
-
Дара кәсіпкер, «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік көрме байқауының «Халық тұтынатын үздік тауарлар» номинациясының иегері - Қаныбаев Мырзабек Қоңырбайұлы;
-
Ағаш ою өнерінің шебері - Жәнібеков Ғафур Бақытжанұлы;
-
Кілем, ши тоқуының өнерінің шебері, «Аңсаған» мүмкіндігі шектеулі балалар қоғамдық бірлестігінің басшысы -Раймбаева Бақыткүл Картайқызы;
Шақырылатын қонақтар:
1.«Тасбөгет» кенті әкімдігі аппаратының статисті, «Оқушылар мен жасөспірімдер Үйі» қамқоршылық кеңесінің мүшесі- Нұрмағанбетов Олжас Алмасбекұлы;
2.Қалалық білім бөлімінің әдіскері – Бақберген;
3.Қамқоршылық кеңес төрайымы- Жаппарова Назира Парамұрзақызы;
4.Қамқоршылық кеңес мүшесі, «Оқушылар мен жасөспірімдер Үйі» ата- аналар комитетінің төрайымы – Сапарова Рахила;
5.Қамқоршылық кеңес мүшесі, ардагер ата- ана- Жагиппарова Бибіхадиша;
«Ұлттық өнер- ұрпаққа аманат!» «Қолөнер» кабинетінен бастау алады.
1.Қонақтар келгенде 1 этаждың холында «Ән-терме» үйірмесінің оқушылары терме айтады.. (5-8 минут)
2. Қолөнер кабинетіндегі жүріп жатқан жұмыстармен танысу.
Оқушылар арнайы формада этностиль бағытында жұмыс жасап жатады. «15 қыз» (5-8 минут)
3. «Қылқалам» үйірмесімен танысу. (мальбертпен сурет салу) Зейлова сабақ жүргізеді. (3-4 минут)
4. «Өлкетану» кабинетіндегі жұмыстармен танысу. Қаражанова сабақ жүргізеді. «Жас қаламгер» үйірмесі Ұлы Абайға – 175 жыл. Әдеби монтаж. Оқушылар Абай өлеңдерінен үзінді оқиды. (5 мин)
5. «Домбыра» кабинеті онда Қошқарова сабақ өтеді. Оқушылар арнайы формада «ұлттық нақыштағы қара жакетпен) (3-4мин)
6. Құрметті қонақтармен «Би» үйірмесіне келеді, онда Тәжмағанбетова сабақ жүргізеді. «Өзбек биінің» қимылдарын үйреніп жатады. Оқушылар арнайы формада (5-7 минут) Келген қонақтармен флешмоб жасайды.
7. «Тасбөгет» бастауыш партия ұйымы кабинетімен танысады.
8. «Жас математик» кабинетінде Алиханова «Ағылшын тілі» үйірмесі сабақ жүргізеді.1-топ, 15 оқушы(3 минут)
9. «Ағылшын тілі» кабинетінен
шыққан соң сол жақтағы баспалдақпен 2 қабатқа көтерілеміз, онда
«Домбыра» үйірмесінің оқушыларынан құралған оркестр «Тепеңкөк»
күйін орындайды. Оркестрдегі оқушылар ұлттық нақыштағы киім киеді.
«Қара жакет», «қыздар қазақша көйлек»
оркестр 29
оқушыдан құралған. (10 минут)
10. «ІТ» кабинетінде Оралбаев сабақ жүргізеді, 15 – оқушымен. (5
мин)
11. «3 Д Модельдеу» кабинетінде Махмутова сабақ жүргізеді, 3 Д принтермен жұмыс жасайды. 15 оқушы. (5 минут)
Барлық үйірмелермен танысуға 30 минут уақыт кетеді.
12. Құрметті қонақтар АКТ залға кіреді.
13. Сценарий бойынша концерттік бағдарламамен ұласқан кездесу кеші өтеді.
«Ұлттық өнер- ұрпаққа аманат!» тақырып экраннан беріледі. Кездесу кешінің құрметті қонақтары орнына жайғасады.
Ашылуы: Халықаралық, республикалық би байқауларының жеңімпаздары «Жанайым» би тобының орындауында «Қазақ биі»!
Фан- фар беріліп, жүргізуші ортаға шығады.
1.Жүргізуші сөзі Құрметті қонақтар, аяулы аналар, қырмызы қыздар, батыр балалар, үлгілі ұстаздар!!! «Ұлттық өнер- ұрпаққа аманат» атты қолөнер шеберлерімен кездесу кешіне «Қош келдіңіздер!»...... Ұлттық өнер – бабалардан мұра, ұрпаққа аманат. «Оқушылар мен жасөспірімдер Үйінде» осындай ұранды ұстанған жас домбырашылар, жас термешілер, жас өнерпаздар, жас қолөнершілер, жас суретшілер,жас қаламгерлер мен болашақ эстрада жұлдыздары білімін жетілдіріп келеді. Қазақ халқы, ұлттық өнерді ұрпақ бойына сіңіруде ұлы істерін үлгі ететін тұлғаларға кенде емес.
Экраннан «Қолөнер» үйірмесінің жұмыс жасап жатқан видеороликтары көрсетіліп отырады. Бүгінгі кездесу кешінің басты кейіпкерлеріде жәй қонақ емес сірә?!
АРНАУ!!!
Ұлттық құндылықтарымызды насихаттап, ұрпақтан- ұрпаққа үзбей жеткізіп жүрген тұлғалармен танысатын боласыздар! Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ домбыра демекші- Қазақтың ұлттық аспабы, қасиетті қара домбыраны арқалап жүрген, қазақтың қара домалақ баласы Халықаралық, республикалық ән- терме байқауларының жеңімпазы атанып жүрген «Асыл мұра» тобының белді мүшесі Тоқтарбай Диастың арнауын қабыл алыңыздар!!!
Жетекшісі: Ерниязова Айнұр Айжігітқызы
2.Құттықтау сөз: Алғашқы құттықтау сөз, өнерлі өрендердің ордасына айналған, ғылым мен өнердің мекені, «Оқушылар мен жасөспірімдер Үйінің» директоры Құдайбергенова Гаухар Отаралықызына беріледі.
Құттықтау сөзге 5-8 минут
3.Жүргізуші сөзі: Құрметті қонақтар бүгінгі кездесу кешінің құрметті қонағы Қазақстан суретшілер одағының мүшесі, Қазақ ССР оқу ісінің үздігі, ағаш ою өнерінің ұстасы- Маханбет Жәнібек Асанұлы туралы алдымен видеоролик тамашаласақ. Видеоролик тамашалау 5 минут
4. Жүргізуші сөзі: Жәнібек Ата, есіміңізде ерекше екен!! Енді өзіңіздің шығармашылығыңыз туралы өзіңізден сыр тартсақ, жалпы қай өңірдің тумасысыз, «қолөнерге» қай жастан келдіңіз, ұлттық бұйымдарды жасауда қандай әдіс- тәсілдерді, қандай ағаштарды қолданасыз? Бір бұйымды жасауға қанша уақыт кетеді? Деген секілді сұрақтар қою?..... 10-15 минут
Қонақ сөйлеп болған соң. Оқушылар сұрақ қояды. Сұрақ қоятын «Қолөнер» үйірмесінің талантты мүшесі- Толысбай Нұрай 5 минут
Сұрақ: Ұлттық өнердің ұрпақ тәрбиесіндегі рөлі?
Жүргізуші сөзі: Керемет, сіздің қолыңыздан шыққан әрбір бұйымның тарихыда, жасалуы да ерекше екен. Шебер қолыңыздан шыққан бұйымдарыңыз арқылы ұрпақ үлгі ететін ұлы өнер ұлықтала бермек. Баршаңызға белгілі, көктемнің алғашқы мерекесі баршамызға қуаныш сыйлайтын, бір- бірімізге алғыс айтатын – Алғыс айту күні.Сізге «Оқушылар мен жасөспірімдер Үйі» ұжымының атынан, барша ұлттық өнердің ізін жалғап жүрген шәкірттеріңіздің атынан мың -алғыс!!!
Жүргізуші сөзі: Шұғылалы көктемнің алғашқы мерекесі көк желекті көктеммен бірге, көңілге қуаныш сыйлай келетін аяулы аналарымыздың мерекесі, ошағымыздың ұйытқысы, береке-бірлігіміздің алтын діңгегі, ұлттық мәдениетіміздің мәйегіне айналған ақжаулықты аналарымыздың мейрамымен тұспа – тұс келген кездесу кешінің үйірме оқушыларына, әсіресе ұлттық өнерді үлгі етіп, қолына ине ұстаған қыздарымызға берері мол.
Ән: Тұрсынбекова Күлжамал мен шәкірті «Ана» туралы !!!
Үйірме үздіктері осы ән аясында «Құрметті қонақтарымызға, аналарымызға, 1 шоқ гүл сыйлайды».
Жүргізуші сөзі:Қазақ халқы: – Әйел – барша тірліктің бастауы, көркемдік пен жылылық көзі, шуақ пен мейірім әлемі, өмірдің сәні,– деп қасиет тұтып, оған көңілінің төрінен орын беріп, ардақтап, аялаған. Қазіргі таңда қай салада болмасын ең озық істің алдында жүрген әйел азаматшаларды көптеп кездестіруге болады. Мемлекеттік басқару органдарында, өнеркәсіп, білім беру, денсаулық сақтау және қызмет көрсету орындарында, бизнесте және басқа құрылымдарда табысты қызмет етуде. Осындай еліне еңбегі сіңген ардақты жандардың қатарында- Кілем, ши тоқуының өнерінің шебері, «мүмкіндігі шектеулі жандардың» қамқоршысына, анасына айналған «Аңсаған»мүмкіндігі шектеулі балалар қоғамдық бірлестігінің басшысы -Раймбаева Бақыткүл Картайқызы ортамызда отыр!
Экраннан Бақыткүл апайдың өмірі мен шығармашылығынан суреттер видеоүзінді көрсетіледі 5-6 минут
Жүргізуші сөзі:Бақыткүл апай!!! Қазақстанда 600 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі адам тұрып жатыр, бұл жалпы халық санының 3,5 пайызын құрайды. Солардың 69 мыңы балалар екен. Әлбетте олардың тағдыры әртүрлі, біреулері туа бітті кемтар атанса, енді біреулері тағдырдың тәлкегін бастан кешіріп отыр. Дегенмен, осындай ортадағы адамдарға қамқорлық көрсету - қоғамның зор парызы. Әлбетте, мүмкіндігі шектеулі адамдардың қоғамнан тыс қалмауына соңғы уақытта мемлекет тарапынан жіті көңіл бөліне бастады. Ең бастысы - Елбасы өзінің Жолдауында мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін Қазақстан кедергісіз аймаққа айналуға тиіс екенін айтып, барша кәсіпкерлерге оларды жұмысқа орналастыруға көмектесуге шақырған еді. «Біз оларды белсенді өмірге тартамыз, олар тек жәрдемақы алып қана қоймайды, сонымен бірге, өздерін қоғамның мүшесі, пайдалы еңбеккер ретінде сезінетін болады», - деп атап өткен болатын.Осы орайда сіз қолөнер бағыты бойынша оларға қаншалықты «кедергісіз әлем» ортасын қалыптастырдыңыз? Қолөнердің қай бағытына баулудасыз? Олармен жұмыс жасағанда неге қатты көңіл бөлесіз?
Қонақ сөйлейді: Шебер сынып көрсетеді. 5-8 минут Сұрақ қоятын «Қолөнер» үйірмесінің оқушысы Мылтықбаева Наргиз
Сұрақ: Өмірде қатты қиналған сәттеріңіз болды ма? Сол кезде осы қолөнердің әсері болды ма?
Жүргізуші сөзі: Керемет апай!!! Сіздің жасап жатқан әрбір жұмысыңыз қоғамдық сананы дұрыс жақсы жаққа бұруда оң әсер етері анық, жемісін тұтас халық көретін ісіңіз берекелі болғай!!! Мүмкіндігі шектеулі жандардың шексіз мүмкіндігін аша отырып, оларды қоғамдық ортаға бейімдеудегі жұмысыңыз үшін алғыс білдіреміз!!!,,,
Терме:Сіздің құрметіңізге біздің халықаралық, республикалық, облыстық, қалалық ән- терме байқауларының жеңімпаздары, талантты шәкірттеріміз «АСЫЛ МҰРА» тобының орындауында Махмұтбай Әміреевтің сөзіне жазылған «Қадірле ата- анаңды тірісінде» термесін тыңдай отырыңыздар! 4 минут
Жетекшісі: Ерниязова Айнұр Айжігітқызы
Жүргізуші сөзі: керемет «Қарты бар үйдің, қазынасы бар демекші» ардақты ата- анамыздың, асыл әжелеріміз бен ақсақалдарымыздың, жанымызда жүрген жақсы адамдарымызды тірісінде қадірлеп,қастерлей білейік!
Жүргізуші сөзі: Келесі біздің құрметті қонағымыздың шығармашылық бағыты- Қолданбалы сәндік өнерінде дәстүрлі технологиямызды инновациялық технологиямызға ұштастыру бойынша тәжірибелік жұмыстармен айналысады. Ол қолөнер бұйымдарының бай мұраларын жинап, оларды сұрыптай отырып заманымызға лайықты сапа, жаңа технологиялық әдісімен оларды ілгері дамытуға байланысты, жүн өнімдерінен жаңа үлгіде бұйым жасау технологиясын шәкірттеріне үйретіп жүрген, бүгінгі көрмедегі шығармашылық еңбектерінде қол өнері бойынша жүннен жасалған панно, бас киімдер, кеудеше, аксесуарлар жұмыстарының авторы, шығармашылық өнерінде қазақтың ұлттық дәстүрінің эстетикалық тұрғыда композициясы жан жақты қарастырып жүйелі жұмыс атқарып жатқан Қазақстан қолөнершілер одағының мүшесі, Педагогика ғылымдарының магистрі, ЖК «СырЭтноДизайн» қолөнер орталығының директоры- Әлайдарова Айдана Әлайдарқызы туралы бейнеүзік тамашалап алсақ.
Видеоролик тамашалау 3-4 минут. Шебер сынып көрсетіледі
Қонақ сөзі 10-15 минут, сұрақтар қою Сұрақ қоятын: Уалиханқызы Нұрайым
Сұрақ:Тәуелсіздікке 30 жылға жуықтады. Неліктен әлі әлемдік брендке қол жеткізе алмау есебі?
Жүргізуші сөзі: Тамаша !!! Қыз балаларды әсемдікке, көркемдікке, сәнге тәрбиелеуде «қолөнердің» алатын орны ерекше. «Екі саусақ бірікпей, ине қолға ілікпейді»- деген қазақ халқы қыз баланың тігін тігіп, ою оюда ерекше өнерге баулыған,он саусағынан өнер тамған қазақ қыздарының қолынан шыққан бұйымдармен, қазақ қызының,қазақ анасының өнегелі өмірі мен танысамыз . Асыл әжелеріміздің киген қамзолдарымен таққан кәжекей бұйымдарының сәнін неге айтпасқа?
Ән немесе күй !!!
Жүргізуші сөзі: Қашанда қазақ халқы ұлттық киімді қадір тұтқан. Қазақ қыздарының ұлттық киімін - баршын, торғын, шәйі, қырмызы сияқты жұмсақ нәзік маталарды пайдалана отырып бүрмелі етек, бүрмелі жеңін аса кең етіп көлбеңдете тіккенінде қазақтың бүкіл тұрмыс-салты жатыр емес пе. Қыз балалардың, әйел адамдардың киімін жұмсақ, нәзік матадан тігетіні нәзіктігі мен әдептілігі үстіндегі киімінен-ақ көрініп тұрған ғой. Етек-жеңінің кең болатыны – қазақтың дархандығы, үрімді-бұтақты екендігі, мейірімі, қонақжайлылығы, даладай кең пейілі, қолының жомарттығын білдіреді. Кең етектің қабат-қабат бүрмесі жеті сатыдан тұрады. Жеті қазына, жеті кие, жеті қат жер, жеті ата тазалығы осы ұғымға сиып тұр. Әйел ұлтты тәрбиелейді, келген қонаққа ілтипат көрсетіп, дәмін ұсынған әйел атаулының киген киімдері арқылы бұрынғы бабаларымыз елдігімізді таныған. Үсіндегі киімі арқылы қай елден келгенін, кім екенін біліп отырған. Қыз балалар мен әйел адамдардың киім кию ерекшелігі арқылы айыра білген. Қазір қазақтың ұлттық киімін тігіп жүргендер сол қазақ көйлегінің етегінің желбірі жеті сатыдан тұратынын біле бермейді. Тіпті желбір салып тігуді қойып келеміз. Табиғатпен біте қайнасып, жер еміп өсіп, ырымға салғырт қарамаған бабаларымыз тұрмыс-тіршілік салтының болмыс бедері біздің еркіндігімізді алыс заманалармен жалғастырып жатыр емес пе?
Жүргізуші сөзі: Осы этностиль бағытында жұмыс жасап, үлкен белестерге енді- енді қадам басып келе жатқан «Қолөнер» үйірмесінің қырмызы қыздарының ұлттық киім үлгісін тамашаласақ!
Осы кезде сахнаға ұлттық нақышта киінген 5 қызымыз шығады. «Қолөнер» үйірмесінің оқушылары! Қазақ қызы деген ән қосылады!5-8 минут
Жүргізуші сөзі:Керемет !!! Енді осы қыздардың үстіне киіп шыққан киімдерін тігіп шыққан «Қолөнер» үйірмесінің жетекшісі Мырзаева Азат Сұлтанқызын әңгімеге тартсақ? Қандай матадан тігілген, сәні мен сапасына қысқаша тоқталып өтеді!
Алдағы уақытта біздің ұлттық нақыштағы киімдерімізді, үйірмеге қатысатын Жас өнерпаздарымыздың сахналық костюмдерін, өзіміздің «Қолөнер» үйірмесінің оқушылары пайдаланып біз әрі өндіруші, әрі тұтынушы боламыз!!!
Жүргізуші сөзі: Әдеби монтаж: Біздің жас өнерпаздар тек әнге, биге, қолөнерге ғана жақын емес ,сонымен қатар қара сөздіңде қадіріне жететін шәкірттерімізбен мақтанамыз! Ендеше «Жас қаламгер» үйірмесінің оқушылары сіздерге өздерінің жүрекжарды ыстық ықыластарын өздерінің шығармашылығынан, яғни өлеңдерімен жалғайтын болады! Қабыл алыңыздар!!!
«Жас қаламгер» үйірмесінің 4 оқушысы АНА туралы өздерінің шығармашылығынан өлең оқиды!
Жүргізуші сөзі: Дара кәсіпкер, «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік көрме байқауының «Халық тұтынатын үздік тауарлар» номинациясының иегері, шебер - Қаныбаев Мырзабек Қоңырбайұлы; Эраннан видео үзінді көрсетіледі!
Қонақ сөзі: 5-6 минут Сұрақ қоятын- Бөлеген Айжан!
Сұрақ: Көрші ағайын елдер: Өзбек ала шапанымен, тақиясымен, Қырғыздар айыр қалпағымен өздерін әлемге танытуда. Ал біздер әліде қандай киім үлгісімен танылуды игере алмай жатырмыз? Бұған кінәлі қолөнер шеберлері ме, әлде көпшілік кінәлі ме? Сіздің ойыңыз?
Жүргізуші сөзі: Ғажап, ұрпақтар сабақтастығы- дәстүр жалғастығына ұласа берсін!
Жүргізуші сөзі: Келесі кезекті «Ұрпақтар сабақтастығы- дәстүр жалғастығы» демекші ұлттық құндылықтарымызбен, салт- сананы ұрпақтар сабақтастығына отбасылық кәсіпке айналдырып, ұлттық өнерді насихаттауда жұмыла жұмыс жасап жүрген Жәнібек атамыздың төл шәкірттеріне берсек:
келесі кзекті ағаш ою өнерінің шебері – Жәнібек атамыздың немересі Жәнібеков Ғафур Бақытжанұлымен жалғасақ!
Экраннан видеоролик көрсетіледі!
Қонақ сөзі 5-6 минут,сұрақ қоятын Толысбай Нұрай!
Сұрақ:

Жүргізуші сөзі: Барша қонақтарымызға алғыс айта отырып, құрметті қонақтарымыздан ыстық ықыласын, батасын құрметті қонақтарымызға арналған «Құрмет кітабына» жаздыртып, қағаз бетіне түсірсек!
Қонақтардың сый кәдесі қоса беріледі!
Ендеше Құрмет кітабын сіздерге Ұсынатын халықаралық, республикалық ән байқауларының 3 дүркін бас жүлдегері атанған «Вокал» үйірмесінің оқушысы Сражаддин Абдуғафур! Ұлттық өнерді ұлықтап, қасиетті қара домбыраны қоңыр даусымен күмбірлетіп жүрген жас термеші «ән- терм» үйірмесінің оқушысы -Тоқтарбай Диас!!
Жетекшілері: Тұрсынбекова Күлжамал Төлегенқызы және Ерниязова Айнұр Айжігітқызы!
Жүргізуші сөзі: Ұлттық рух, ұлттық болмыс, ұлттық мәдениеттің ұлттық бірегей көрсеткіші ұрпақтар сабақтастығы арқылы айқындала бермек!
Ұлттық өнер ұрпақтар сабақтастығы – дәстүр жалғастығына ұласып, ұлт үшін ұлықтап жүрген ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу, насихаттау жолында жасап жатқан жұмыстарыңызға сәттілік, шығармашылық табыс тілей отырып, бүгінгі «Ұлттық өнер- ұрпаққа аманат» атты кездесу кешін аяқтаймыз!
Келген қадамджарыңызға гүл бітсін! Келесі кездескенше, қош сау болыңыздар!!!
Қонақтармен естелік суретке түсу!
«Ұлттық өнер- ұрпаққа аманат» қолөнер шеберлерімен кездесу кеші
Жауаптылар:
-
Мырзаева Азат- шақырылған қонақтардың келуіне, көрме жұмыстарына , шұбат құятын қыздарға жауапты.
-
Тақырып, билборд, сценарий- жауапты Г.Қапанова
-
Абай бұрышын жасау
-
Пролог үлгерсек жауапты- Тәжмағанбетова
-
Қонақтарды күтіп алуға- Жәлімбетова
-
АКТ зал жауапты- Алиханова, Жалимбетов
-
Оркестр жауапты- Қошқарова, Тұрсынбекова
-
Аппаратураға жауапты- Оралбаев
-
Педагогтар өз аумағын, өз жұмысына жауапты;
-
Безендірілуге жауапты- барлық педагогтар, әр кабинетте көрнекіліктер болуы керек;
-
Қонақтарды шығарып салу жауапты- Жәлімбетова
-
Құрмет кітабына жауапты- Алиханова;
-
Құрмет кітабын ұсынатын – Тоқтарбай Диас, Сражаддин Абдуғафур
-
Әдеби монтажға жауапты- Қаражанова;
-
Гүл ұсынатын- үйірме үздіктері- 3 Д Модельдеу, Вокал, Информатика әлемі;
-
Қонақтарға ұсынатын сый- кәде жауапты- Махмутова;
-
Процесті толық бақылауға алу- Алмагамбетова Зияш Ақбергенқызы.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Ұлттық өнер- ұрпаққа аманат"

шағым қалдыра аласыз