Материалдар / ҰЛТТЫҚ ӨНЕР-РУХАНИ ҚАЗЫНА («Домбыра» раrty)
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

ҰЛТТЫҚ ӨНЕР-РУХАНИ ҚАЗЫНА («Домбыра» раrty)

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақтың ұлттық өнерін, ұлттық музыкасын насихаттау, игі дәстүрін, құндылықтарын дәріптейді. Апталық барысында ұстаздар қолдана алады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Желтоқсан 2020
379
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады





ҰЛТТЫҚ ӨНЕР-РУХАНИ ҚАЗЫНА

(«Домбыра» раrty)


Төлеков Әуелбай Жұмағалиұлы

Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Қаратоғай жалпы орта білім беретін мектебінің информатика пәні оқытушысы



Мақсаты: Қазақтың ұлттық өнерін, ұлттық музыкасын насихаттау, игі дәстүрін, құндылықтарын дәріптеу, оқушыларымыздың өнерге деген сүйіспеншілігін арттыру, қызығушылығын ояту.

Өту барысы:

1 -жүргізуші: Армысыздар, ана тілін ардақтайтын, дәстүрін қадірлейтін барша әлеумет!

2 жүргізуші: Қайырлы күн, қадірлі ұстаздар, құрметті оқушылар!

1 жүргізуші: Халық өнері-асыл қазына. Сыры ғасырлар бойы сақталған өнер қазынасын қазақ ұлтымен бірге жасайтын ұлттық музыка мәдениетінің сан алуан сырын ашатын рухани мұра.

2 жүргізуші: Өнер-халық тарихының шежіресі. Осы өнерді кейінгі ұрпаққа насихаттауға арналған «Ұлттық өнер-рухани қазына » атты «Домбыра» раrtyға

Екі жүргізуші бірге: Қош келдіңіздер!

1 жүргізуші: «Рухани жаңғыру» бағдарламасы арқылы ұлттық мәдениетімізді әлемге танытуға домбыра ерекше үлес қосады. Құрманғазы мен Дәулеткерейдің , Тәттімбет пен Сүгірдің, Қазанғап пен Динаның күйлері-төл мәдениетіміздің бірегей үлгілері

2 жүргізуші: Біздің мәдени құндылықтарымыз бен дәстүріміз қос ішектің үні мен күмбірлеген күй арқылы ұрпақтан-ұрпаққа беріледі. Ұлттық домбыра күнінің аталып өтуі өскелең ұрпақтың қасиетті домбыраға, ұлттық өнерге деген құлшынысын арттыра түсері қақ.

1 жүргізуші: Домбыра-қазақтың жаны, рухы, тарихы, салт-дәстүрі, бүкіл-болмысы.

2 - жүргізуші: Ендеше, мектебіміздің мақтанышына айналған күйшілерімізге кезек берейік «Адай» күйі

1 - жүргізуші: Қазақтың би өнері -ерте заманнан қалыптасқан, халқымыздың аса бай ауыз әдебиетімен , ән-күйлерімен, дәстүрлі тұрмыс-салтымен біте қайнасып келе жатқан ел мұрасы.

1 - жүргізуші: Қазақ халқы ежелгі би өнерінің дәстүрі мен өрнегін сақтап, өзінің рухани қазынасымен ұштастыра отырып, ғасырлар бойы дамытқан. Қазақ биі халықтың тіршілік-тынысын, адамның табиғатқа көзқарасын , дүниетанымын айшықтайтын өнер ретінде өркендеуде.









1 -жүргізуші: Халықтың көркемдік ойының көрінісі ретіндегі би өнері ұлттық өнердің басқа түрі сияқты қазақ жұртының жалпы дүниетанымына сай арман-мұраттарын бейнелейді.

2 - жүргізуші: Келесі кезекте мың бұрала билеген бишілерімізді «Қара жорға» биімен қарсы алыңыздар!

1 - жүргізуші: Қазақтың ән өнері-сонау көне заманнан бері қалыптасқан халқымыздың асыл қазынасы

2 - жүргізуші: Ол «халық даналығы, халық білімі» деген мағынаны білдіреді. Ән дәстүріндегі өзіндік ерекшеліктерін танытады.

1 - жүргізуші: Ән –халықтың сүйіп айтатын, тыңдайтын, сан ғасырлық тарихы бар халық музыкасының ең бір бай арнасы. Музыка әлемі адамзат мәдениетінің байлығы ішіндегі мұхиттай шексіз, ғажайып дүние.

2 - жүргізуші: Олай болса, қазақ әнін дәріптеп жүрген талантты да өнерлі оқушымыз Нұрдананы «Қазақ дастарханы» әнімен қарсы алыңыздар!

1 - жүргізуші: Баршаңызды рухани азығымыз-дәстүрлі ән -жырларымызды, күй мен би өнерін құрметтей білуге шақырамыз

2- жүргізуші: Ұлттық өнерімізді, ұлттық қазынамызды дәріптей білейік!

Қош –сау болыңыздар!



















Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!