Ұлттық поэзия патшалығы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ұлттық поэзия патшалығы

Материал туралы қысқаша түсінік
Абай Құнанбайұлының поэзиясы жөнінде.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Ұлттық поэзия патшалығы».


Абай... Бүгін ерекше бір көңіл-күймен ояндым. Жаңа күнмен санама жаңа ойлар легі ерік бергендей болды. Бүгін қолыма қалам алып Абай әлеміне, Абай сахарасына сапар шеккім келеді. Ұлылықтың, даналықтың соншалықты кеңдігіне таң қаламын. Өмір-соқтықпалы, соқпақсыз тармақ жолдардан тұрады. Адам баласы осындай сан қилы жолдардан кейде өзіне тіреу іздейді, жанына қазіргі заманда кездесе бермейтін жылылық іздейді.

Ол жан жылылығын қайдан, кімнен іздеуге болады? Қайтсем осы өмір тығырығынан шыға аламын? Міне, осындай сан қилы шешуі жоқ, сансыз, түбірі ұзақ сұрақтар мазалағанда Абай философиясына, Абай поэзиясының патшалығына үңілесің. Абайдың рухы, Абайдың саралығы, даналығы жаныма ерекше бір күш беретіндей сезінемін. Абайдың поэзиясы, Абайдың Қара сөздері өмірдің шырғалаң, шешімі жоқ сәттерінде тірек, санаңа сенім береді. Сондықтан, Абай әлеміне көп үңілуге тырысамын. Үңілемін, ойланамын, саралаймын. Саралай келе, Абайдың даралығын, даналығын, данышпандығын жүрегіммен сезінемін. Абайды оқып, көңіліме медеу болар жыр жолдарын, Қара сөздерінен тығырықтан шығар ақылын көргендей боламын. Абайдың шығармалары жүрегіме тірек, болашағыма тура жол сілтегендей болады. Жүрегім Абай деп соққандай, көңілім Абай шығармаларынан жақсылық лебін көргендей. Жас ұрпаққа да ұлылықтың кемеңгерлігін жеткізе білгім келеді.

Ұлттық поэзия патшалығына өзіндік өрнек, өзгешеліктерімен келген, адамдық, ізгілік иірімдерін нәзік лиризммен, терең тебіреністі толғамдармен еркін жырлаған – Абайдың лирикасы уақыт талаптарын жіті зерделеді. Қайсібір тақырыпты да тереңнен толғап, ақыл-парасат нұрын, көңіл күнделігін, жан-жүрек сәулесін молынан түсірді. Атамекен мұратын, ел-жер тағдырын, адам әлемін алуан ізденіс, түрлі салыстырулар арқылы шебер де шешен жеткізді. Абай Құнанбаевтың ақындық өнері-талант қуатымен, көркемдік нәрімен, сыр-сезімге толы шындық сипаттарымен даралана түседі.

Басты мақсат ақын әлеміне ену, ізденіс арналарына назар аудару.

Абай —қазақ әдебиеті тарихында теңдесі жоқ суреткер ақын. Оның шығармаларында өз тұсындағы қазақтың қоғамдық өміршең, халық тіршілігінің шытырман шындығы терең де көркем бейнеленген.Абайдың композиторлық шығармашылығы да қазақ өнері тарихында үлкен жаңалық болып табылады. Оның өз өлеңдеріне шығарған әндерінде заман ауыртпалығын тартқан адамның мұңы да, қайсарлы жастың жалынды сезімі де айқын көрінеді. Абай адам өмірін мағыналы етуді, нұрлы ақыл, адал еңбекке сүйеніп өмір сүруді, жамандық жасамауды, адамгершілікті, имандылықты ұрпағына өсиет етті, адамның рухани азаттығын жырлады.

Ұлы жазушы М. Әуезов Абайды: "Қазақтың классик әдебиетінің атасы, қазақ поэзиясының күн шуақты асқар биігі",— деп бағалады. Абай өлең мен өнер, тіл құдіреті, жыл мезгілдері, адамның түрлі көңіл күйлері мен күшті сезімдері, дала тұрмысының әсерлі көріністері мен қызықтары, табиғат сұлулығы мен жастар сүйіспеншілігі, әр түрлі мінездер, жас ұрпақ жайы, т.б. туралы ғажайып көркем өлеңдер тудырды.

Абай шығармаларының жас ұрпаққа берер тәрбиесі, соқтықпалы, соқпақсыз мәнді жол сілтеріне үлкен сенім артамыз. Әдебиет-асыл қазына, сарқылмас рухани байлық. Жас ұрпақ сол рухани байлықтан әсер алып, түйсініп, түсініп, жанарынан жалын отын шаша білсе, біз, ұстаздар тек қана қолдаймыз, қорғаймыз, жетелейміз, ақыл қосамыз. Міне, Абай деп соққан жүрегім осындай.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
20.12.2023
341
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі