ҰЛТТЫҚ ҚОЛДАНБАЛЫ ӨНЕР АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫН ЖЕТІЛДІРУ
Төлегенова Гүлжан Сағынбайқызы
Ақтөбе облысы
Ырғыз ауданы
Ырғыз гимназиясының КМ
Көркем еңбек пәні мұғалімі
Аңдатпа
Мақалада қазақ халқының қолданбалы өнерінің өткені мен бүгіні және оны көркем еңбек пәнінде дұрыс қолдана білудің маңызы туралы айтылған. Көркем еңбек сабағындағы іске асқан іс-әрекеттердің барлығы ұлттық тәрбиеге баулудың қажетті формаларын қалыптастыруға көмектеседі, мақалада жан-жақты білім беруді жүзеге асыруда жаңартылған бағдарлама негізінде қолданбалы өнердің жас ұрпақтың қалыптасуына, тәрбиесі мен біліміне әсері мол екені қарастырылған.
Тірек сөздер: ұлттық тәрбие, этнопедагогика, қолданбалы өнер,көркем еңбек, инновациялық технология, эстетика, гобелен.
«Біздің жеріміз материалдық мәдениеттің көптеген дүниелерінің пайда болған орны, бастау бұлағы десек, асыра айтқандық емес. Қазіргі қоғам өмірінің ажырамас бөлшегіне айналған көптеген бұйымдар кезінде біздің өлкемізде ойлап табылған. Ұлы даланы мекен еткен ежелгі адамдар талай техникалық жаңалықтар ойлап тауып, бұрын-соңды қолданылмаған жаңа құралдар жасаған. Бұларды адамзат баласы жер жүзінің әр түкпірінде әлі күнге дейін пайдаланып келеді. Көне жылнамалар бүгінгі қазақтардың арғы бабалары ұлан-ғайыр Еуразия құрлығындағы саяси және экономикалық тарихтың беталысын талай рет түбегейлі өзгерткені туралы сыр шертеді және қазақ халқының өткені мен бүгінін,тарихын, салт-дәстүрімізді біздің ұрпақтарымыз ұмытпауы қажет.
Қолөнердің Қазақстан территориясында ертеден кең дамығаны, өркендеуі, біріншіден, қазақ халқының күнделікті тұрмыста қолдану қажетінен туса, екіншіден, халықтың өнерді құрмет тұтып, жоғары бағалауынан баяндалады.Этнопедагогиканың тәуелсіздікке шығуы жылдан-жылға көктеп келеді. Әр ұлт өз халқының педагогикасымен сусындап, жастардың ұлттық намысын оята отырып, оларды бүгінгі күн талаптарына сай жалпы білім беретін мектептерінде оқушыларға технология сабағында қазақ халқының қолөнерін, оның ішінде Гобелен тоқу өнерін меңгерту, жетілдіруді талап етеді.
Бастауын көне түркілерден алып жатқан аса бай көркемдік дәстүрлерді бойына жинақтаған, қазақ халық өнерінің ең бір маңызды түрлерінің бірі - кілем тоқу мен тоқымашылық. Қазақстанға тоқымашылықтың жаңа түрі батыс мәдениеті дәстүрлері арқылы енген гобеленнің дамуы құнарлы топырақ тапқан тәрізді.
Қазақ халқы сонау ерте заманнан-ақ күнделікті еңбек қызметінде өзінің қолданбалы өнерін дамытып отырды. Қолданбалы өнерге тән ерекшеліктер айналадағы ортамен, өмірмен, еңбекпен тығыз байланысты болды. Ұлттық қолданбалы өнердің әлеуметтік-тәрбиелік рөлі тек оның туындыларының өзіндік көркемдік, эстетикалық құндылығымен бағаланбайды, сонымен қатар адамның өз заманына сай талғамын білдіруінен, өткен мәдениетпен, ұлттық дәстүрлермен сабақтастығынан көрінеді. Қазақ халқының ұрпақ тәрбиелеу дәстүрі отбасындағы еңбек тәрбиесінде негізделген. Кәсіп пен өнердің түрлері олар үшін күн-көріс көзі ғана емес, рухани қажеттілік тәрбие құралы да болған.
Әлемнің жетекші елдерінің көпшілігі білім жүйесін, білім берудің мақсатын, мазмұны мен технологияларын оның нәтижесіне қарап бағалайтын болды. Білім берудің қазіргі негізгі мақсат білік пен дағды-машыққа қол жеткізу ғана емес, солардың негізінде дербес, әлеуметтік және кәсіби біліктілікке: ақпаратты өзі іздеп табу, талдау және ұтымды пайдалану, жылдам қарқынмен өсіп жатқан бүгінгі дүниеде лайықты өмір сүру және жұмыс істеу болып табылады.
Оқушыларды ұлттық колөнер арқылы кәсіби шеберліктерін қалыптастырудың маңызды тұжырымдамалық бағыты болып білім, ғылым, өнер, өндіріс және өнеркәсіптің байланысы саналады. Бұл бағыттың жүзеге асуын ғалымдар қазіргі кезде технологиялық білім беру тұжырымдамасында: мамандарды қоғамдык өндірістегі қайта құрылған іске даярлау, олардың танымында ұлттык қолөнердің әлемдік көріністерін қалыптастыру, ой-өрісі мен кәсіби-шығармашылық кабілеттерін жетілдіру, білім және еңбек қабілеттерінің бірнеше түріне катысу үрдісінде мамандарды даярлауға жағдайлар жасау мақсаттары қойылып отыр.
Қазіргі кезде елімізде ұлттық кұндылыктардың қайта өркендеуіне жол ашылды. Ғасырдан-ғасырға, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан ата дәстүрі халықтық өнер желісін үзбей, халқымыздың асыл мұрасы ретінде бағалап, оларды көздерінің қарашағындай сақтап, ілгері дамытып өркендету - өнегелі іс. Адам өміріндегі қоғамдық салт-дәстүр, әдет-ғұрып қашан да адам қиялынан туындап, заман ағымына карай байып, мазмұны тереңдеп келе жаткан тәрбиелік мәні өте зор. Мұны ұрпақ тәрбиелеу ісіндегі халықтық тәжірибе белгілерінен көруге болады.
Қазіргі өмір талабы – оқу тәрбие процесін түбегейлі өзгерту. Оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттыра отырып сапалы, әдепті ұрпақ тәрбиелеу. Көркем еңбек сабағында іс жүзінде нақты жұмыс жүргізілетіндіктен, оны меңгеру үшін ерінбей еңбек ететіндей төзімді және жинақы болу керек.Ал бұл көп оқушының шамасы келе беретін қасиет емес.
Сондықтан оқушының қызығушылығын арттырып, сабақты түрлендіріп өткізуқажет. Басты мақсат – қыздардың сабақ үстінде шет қалмауы, берілген тапсырмамен айналысып отыруын қадағалау, көркем еңбек пәнінде оқушы қыздардың икемділігі, биязы болып, өз ойын дәл дәйекті етіп, айқын көрсетуін талап ету.
Ұлттық қолданбалы қолөнерді тәрбие құралы ретінде пайдалана білу барысында, халқымыздың үлгі-өнегесі, салт-дәстүрін ұрпақ санасына сіңіруде үлгі боларлықтай педагогикалық іскерлік, шеберлік, шығармашылықпен бекіту қажет. Ұлттық тәрбие үнемі білім берушілік негізде жүріп отыруы тиіс. Сондықтан, мектептегі көркем еңбек пәнінің мазмұны мынадай міндеттерді шешуі керек:
-халықтың қолөнер туралы
түсінікті қалыптастыру;
-халықтық қолданбалы қолөнеріне, оқушылардың сүйіспеншілігін
ояту;
- ұлттық қолданбалы қолөнер шеберлерінің еңбегімен
таныстыру;
- күнделікті тұрмыста қолданатын қарапайым ұлттық нақышта
орындалған бұйымдарды жасауды үйрету. бір дәлелі ретінде
көркем еңбек сабағында оқушы қыздардың жасаған гобелен жұмысын
кезеңдік ретімен көрсетіп өтпекпін.

1-сурет 2-сурет

3-сурет 4-сурет

5-сурет
Жүргізілген тәжірибе жұмыстары
барысында төмендегідей әдіс, тәсілдер қолданылады:
- арнайы жабдықталған көрмелерге, мұражайларға саяхат
жасау;
- дәстүрлі халықтық қолданбалы қолөнер туындылары жайында әңгіме
өткізу;
- оқушылардың көркемдік шығармашылық жұмыстарын талдау,
қорытындылау.
Көркем еңбек сабақтарында оқушыларға көркем еңбек сабақтарында ұлттық тәрбие беруге ықпал ететін төмендегідей мәселелерге баса көңіл бөлінуі қажет:
- оқушылардың халықтық
қолданбалы қолөнер түрлері, ерекшеліктері туралы түсініктері мен
қабылдау іс - әрекеттерін ұтымды ұйымдастыра отырып,
қалыптастыру;
- олардың ұлттық, танымдық түйсіну мүмкіндіктерін ескере отырып,
ұлттық қолданбалы қолөнерге қызығуын қалыптастыру;
- оқушылардық даму ерекшелігін ескере отырып, ұлттық талғампаздық
өрісінің кеңеюіне ықпал ету;
- қазақтың көркемөнер шеберлері жасаған үлгілерін көрсетіп,
әңгімелесу, оның мазмұнын қабылдай білуге баулу, үнемі назарда
ұсталып, нақты тақырыптар беру;
- сабақ барысында ауыз әдебиеті үлгілерін, мақал-мәтелдерді де
пайдаланып отыру;
- қабылдау сабақтарында оқушыларға таныстыруға пайдаланылған
қолданбалы қолөнер бұйымдарының ұлттық тәрбие беруге ықпал ету
мүмкіндігін тексеру. Қорыта келгенде, қазақ халқының қолданбалы
қолөнері – біздің ұлттық мәдениетіміздің құрамды бөлігі. Оны дамыта
отырып, халық шеберлерінің өнегелі өнерін насихаттау, қолөнер
бұйымдарының сапасын арттыра беру
қажет.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
-
Жанибеков У. Казахские домашние художественно ремесло. Алма-Ата, Кайнар,1990
-
Арғынбаев X. Қазак халқының қолөнері. Алматы. 1987.
-
Касиманов С. Қазақ халкының қолөнері. Алматы, 1995.
-
Н.А. Якупова Р.Ш.Алимсаева Технология 12 жылдық 7 сынып Алматы мектеп 2009 ж.
-
Ғаламтор материалдары.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз