Түркістан
облысы, Кентау қаласы, «Қазақстанға
30жыл» атындағы №3 көп салалы
мектеп-гимназиясының
9-«А»
сынып оқушысы Канкожаева Адина
Тел:
87778862728
Ұлттық
құндылық, ұлт болмысы
Тілі
мәңгі жасаған халық өзі де өлмейді.
Шыңғыс
Айтматов
Тіл
– қарым-қатынас құралы. Тіл арқылы
адамдар бірін-бірі түсінеді, ішкі
сезімімен, жүрегіндегі құпиясымен
бөліседі. Жиренше шешен, Қаз дауысты
Қазібек, Абай сияқты дана да дара тұлғалар
тіл арқылы талай дау-дамай, үлкен
мәселелердің шешімін тауып отырған.
Тіпті, ұлт жанашыры Мұхтар Шахановтың
«12-3=?» атты өлең жолдарында өзінің
шешендігімен, тілінің ұшқырлығымен
патшасын өлім ауызынан аман алып қалған
жас жігіттің тарихы бұған дәлел бола
алады. Сондықтан да дүниеде тілден
күшті, тілден құдіретті ештеңе болмаса
керек.
Тіл-халық
үшін өте маңызды құбылыс. Тілде халықтың
ұлттық ерекшеліктері көрсетіледі.
Тіл-халықтың жаны деп айтуға болады,
сондықтан оны ешқашан ұмытпау керек.
Халық бұл жансыз өмір сүре алады ма?
Әрине, жоқ! Ана тілін жоғалту, өз ұлтының,
өз халқының тілін жоғалту - өзінің
болмысын жоғалтумен тең. Тілі өлген
ұлттың өзі де өмір сүруден қалады деп
ойлаймын.
Шын
мәнінде, тіл ұлттық өзіндік ерекшелікті
қалыптастыратын іргетас болып табылады.
Тілде халықтың даналығы, оның мәдениеті
мен ұлттың сипаты беріледі. Тіл арқылы
ұлттың дүниетанымы көрініс табады. Ұлы
атамыз Абай Құнанбайұлының «Өткірдің
жүзі, кестенің бізі өрнегін сендей сала
алмас» деген өлең жолдарында үлкен
мағына жатыр деп білемін. Себебі әрбір
ұлт өз ойын, жүрегіндегі шер-мұңын тек
өзінің ана тілі, ұлттық тілі арқылы ғана
толықтай жеткізе алады деп ойлаймын.
Қазақстан
- менің отаным, туып-өскен мекенім. Мен
өзінің бауырында әлдилеген елімнің
бақытты перзентімін. Сол себепті өз
елімнің нағыз патриоты ретінде қазақ
ұлтының ұлттық мәдениеті мен тарихын,
ұлттық тілі мен салт-дәстүрін меңгеріп
келемін. Маған қазақ тілін үйрену қатты
ұнайды. Мемлекеттік тілді үйрену
барысында мен қазақ халқының жанының
құпиясын ашамын. Қазақ тілі өзінің
сұлулығымен, байлығымен, айқындығымен
және бейнесімен мені күн сайын таң
қалдырады. Бауыржан атамыз: «Қазақ тілі
– сұлулығымен бой балқытып, тамыр
шымырлататын, жан жүйеңді жандырып,
құлақ қарышыңды қандыратын, өткірлігімен
қысылтаяң тұста ер мен елге бірдей медет
беріп, адам түгіл жағдайдың өзінің
аузына құм құятын ғажайып кемел тіл»,-
деген сөздері қазақ тілінің қаншалықты
бай екендігінің айқын дәлелі болса
керек.
«Өзге
тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте»
деген қағидаға сүйене отырып, мемлекеттік
тілде еркін сөйлеп, өз ойымды нық дәлелдей
алуды үйреніп жүрмін. Бүгінгі таңда
қазақ тіліне байланысты өткізіліп
жүрген қаншама қалалық, облыстық,
республикалық сайыстарда өзімді
жан-жақты көрсетіп, жүлделі орындардың
иесіне айналдым. Бұл да болса, сол ұлттың
ұлттық құндылықтарын бойыма сіңдіре
алған ата-анам мен ұлағатты ұстаздарымның
ерең еңбектерінің нәтижесі деп білемін.
Қоғам қайраткері А.Б.Августиннің пікіріне
сүйенер болсақ, «Тіл үйрену үшін
қажеттілік не мәжбүрлік емес, шынайы
қызығушылық болуы маңызды». Ал менде
сол қызығушылық ерте жастан оянған.
Қазақ
халқының ұлттық тілін меңгеріп жүрген
өзге ұлт өкілі ретінде «Қазақ тілі –
ең бай тіл, әсем де әуезді тіл» деп
беймарал айта аламын.
Ұлттық
тілде ғана ең маңызды символдар сақталады,
онда бәрі түсінікті және жүрекке қымбат
болады. Егер адам өз тіліне немқұрайлы
қарамаса, оны дамытуға, әрі қарай
көркейтуге, шұбарлантырмауға тырысады.
Сол кезде ұлттың тұтастығы да зардап
шекпейді. Кезкелген ұлттың өкілін оның
түрі немесе киіміне қарап емес, оның
сөйлеген сөзі арқылы қай ұлттың адамы
екенін айқындауға болады. Тіл – адамдардың
бір-бірін түсіну құралы ғана емес,
сонымен қатар, тіл–ұлттың жаны, ұлттың
мақтанышы болуы тиіс. Өйткені тілі өлген
халықтың өзі де өлетіні мәлім. «Үш
бақытым» деп өлең жолдарына қосқан
Мұқағали атамыздың дүниеден түңілсе
де, қаситетті тілінен түңілмегендігін
мысал етуге болады. Кеше ғана Халықаралық
аренада қазақ тілінде өзі ғана ән шырқап
қоймай, сол тілде миллиондаған басқа
ұлт өкілдерінің де ән шырқауына ықпал
жасаған Димаш Құдайбергенов үлкен ерлік
көрсетті. Дамыған мемлекеттер қатарынан
орын алған Қазақстанның тілін биіктерге
көтеру – біз, жастардың қолында.
Тоқсан
ауыз сөздің тобықтай түйіні, бүгінгі
таңда өз тілінен ұялатын, ана тілінің
қадірін түсінбейтін, тілін шұбартып,
оның әсемдігін, әуезділігін былғап
жүрген жастар қанша ма. Өзімнің шығармам
арқылы сондай адамдардың жүрегіне жол
аша алсам, «Сен де бір кірпіш дүниеге
кетігін тап та бар қалан» демекші, өз
Отанымның болашағы үшін сәл де болса
өз үлесімді қоса алсам, өзімді өте
бақытты жан деп есептейтін боламын.
Мәңгілік елдің мәңгілік тілі ешқашан
да өлмесін!