Сабақтың
басы
Қызығушылықты ояту
/7мин/
|
Ұйымдастыру кезеңі
1.Сәлемдесу /Көңілді әуен қосу. Оқушыларға сәлемдесу
белгісін көрсету/ 2.Сыныпты киіз үй суреттерімен 3 топқа
бөлу.
3.Оқушылар назарын сабаққа аудару. Сабақтың тақырыбымен,
мақсатымен таныстыру.
|
1.Көңілді
әуенге билеп тұрып, мұғалім көрсеткен белгі бойынша
сәлемдеседі.
2.
Оқушылар 3 топқа бөлінеді.
1-топ
«Кәжекей» тобы
2-топ
«Бауырсақ» тобы
3-топ
«Асық» тобы
|

|
«Қазағымның дәстүрлері-ай» әні
мр3, қима қағаздар
|
Жаңа сабақ
/35мин/
|
-«Әрбір ұлттың баласы өз
ұлтының арасында өз ұлты үшін қызмет қылатын болғандықтан, тәрбиелі
баланы сол ұлт тәрбиесімен тәрбиелеуге міндетті» деп Мағжан
Жұмабаев атамыз айтқандай, бүгінгі тәрбие сағатымызды «Ұлттық
құндылықтар-ұлт қазынасы» деп алып, сабақ барысында оқушыларымыздың
бойына ұлттық құндылықтарымызды дарытуға
тырысамыз.
1-тапсырма. Суретті жапсырма
орындау, тақырыпты қорғау.
«Кәжекей» тобы – «Ұлттық
киімдер»
«Бауырсақ» тобы –«Ұлттық
тағамдар»
«Асық» тобы – «Ұлттық
ойындар»
2-тапсырма. Сұрақ
–жауап.


Ұлттық құндылықтар мен тәрбие
– бір-бірімен тығыз байланысты ұғымдар. Бір елдің болашағы ұрпақ
тәрбиесіне байланысты екенін уақыттың өзі дәлелдеп берді. Ал
тәрбие ұлттық құндылықтарға сүйенгенде ғана жемісті болмақ.
Сондықтан қазақ қоғамы үшін ұлттық құндылықтарды сақтап, оларды
ұрпақтан ұрпаққа жеткізу- сіз бен бізге аманат. Ұлттық
құндылықтарымыз арқылы біз нағыз ұлтын сүйер ұрпақ тәрбиелей
аламыз.
|
1-тапсырма бойынша оқушылар суреттерді орнына жапсырып,
берілген тақырып бойынша білетіндерін ортаға салады. Әр топтан 1
оқушы тақтаға шығып қорғайды.
«Кәжекей»
тобынан ұлттық киім киген оқушы ортаға шығып, киім үлгісін
көрсетеді. Қорғауға шыққан оқушы қазақтың ұлттық киімдері туралы
айтып өтеді.
«Бауырсақ» тобынан қорғауға шыққан оқушы ұлттық тағамдар
туралы айтып өтеді. Өзімен бірге тәрелкеге бауырсақ салып алып
шығады.
«Асық»
тобы ұлттық ойын түрлерін айтып шығады. /1-2 ұл бала асық ойнап
көрсетеді/
2-тапсырма
Мұғалімнің қойған сұрақтарына жауабы дайын топ қол көтеріп,
барынша толық жауап беруге тырысады. Жауап қанағаттанарлық болса
жауап берген топқа құрт беру арқылы бағалау жүргізіліп, соңында
жеңімпаз топ анықталады.
|


|
Қима қағаздар,
маркерлер



Қима қағаздар,
маркерлер
|
Сабақтың
соңы
/3мин/
Рефлексия
|
Қорытынды және
бағалау:
Сабақта талқыланған негізгі
ойларды қорытындылау. Ұлттық салт-дәстүрдің ұрпаққа мұра ретіндегі
маңыздылығын атап өту.
|
Сабақ соңында оқушылар кері
байланыс жасап, өздерін бағалайды
|

|
|