400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ұлттық құндылықтар - тәрбиенің түп қазығы

Материал туралы қысқаша түсінік
Жалпы қазақ баланы ертегі, дастан, жаңылтпаш, жұмбақ жаттап өсуге баулыған. Ертегілердегі жағымсыз кейіпкерлердің жаман әдеттерінен аулақ болып жағымды кейіпкерлерден үлгі алуға шақырған. Жаңылтпаш, жұмбақ жаттату арқылы, «Тоғызқұмалақ» ойыны арқылы баланың ойлау қабілетін дамытып отырған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұлттық құндылықтар - тәрбиенің түп қазығы

Ұлттық құндылық дегенімі не? Ұлттық құндылық дегеніміз – әр ұлттың өзіне тән мәдениеті, салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, өнері, әдеби мұрасы, ұлттық ойындары, ұлттық идеологиясы. Ал, тәрбиенің түп қазығы дегенді қалай түсінеміз? Яғни, қазық өзіне байланған малды арқан бойынан ұзаққа жібермей, қауіпсіз жағдайда ұстап тұратыны сияқты, ұлттық салт-дәстүр мен ұлттық идеология тұрғысында тәрбие алған бала да қауіпсіз, және болашағы баянды болады.

Қазақ ежелден бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген. Баланың тәрбиесі ана құрсағында жатқаннан басталады деп есептейді біздің ата-бабаларымыз. Мұның өзінде үлкен мән жатыр. Бойына бала біткен ананың өзі дұрыс жүріп, дұрыс тұруы ерекше бақылауда болған. Сәби дүниеге шыр етіп келгеннен бастап қазақы дәстүрлер бойынша кіндігін беделді адамға кестірген. Мұнысы баланың да сол кісі сияқты болуып өсуін қалауы. Қазақта бала 40 күнге толғанда қырқынан шығару дәстүрі бар. Бұл дәстүр бойынша суға алтындар мен тиындар салып, баланы суға шомылдырып, тырнақ шашын алады. Және бұл үрдісті де елге танымал беделді адамға тапсырады. Бұл жерде екі мақсат көзделгені байқалады. Бала беделді және бай болсын деген ырым бар.

Баланың тапыл-тапыл жүре бастаған шағында ала жіпті есіп, тұсауын кеседі. Мұндағы ақ жіп пен қара жіпті қатар есудегі негізгі идеология бала басына дәулет пен атақ бітсе шалқайып кетпесін, немесе басына іс түсіп қара жамылғанда сағы сынып, қайғыдан қан жұтып еңсесі түспей екі жағдайды да теңдей қабылдай білсін деген ұғым жатыр.

Одан бері келе, бала алғаш атқа мінерде жасалатын «Тоқымқағар» деген дәстүр бар. Бұл дәстүр үлкен ақсақалдардың батасымен жүзеге асып отырады. Мұндағы негізгі ой, баланың азамат болғанын сезіндіру, ақсақалдардың батасын алуға үйрету.

Жалпы қазақ баланы ертегі, дастан, жаңылтпаш, жұмбақ жаттап өсуге баулыған. Ертегілердегі жағымсыз кейіпкерлердің жаман әдеттерінен аулақ болып жағымды кейіпкерлерден үлгі алуға шақырған. Жаңылтпаш, жұмбақ жаттату арқылы, «Тоғызқұмалақ» ойыны арқылы баланың ойлау қабілетін дамытып отырған.

Қыз бала тәрбиесіне өте қатты мән бергенін «Қызға қырық үйден тыйым, қалмаса күңнен тыйым» деген мақалдан –ақ аңғаруға болады. Қыз бала бойжеткенде бұрымын өріп сылдырлақ шашбаулар таққан. Мұндағы негізгі идеология бойжеткен қызды ақырын жүріп сыпайы болуға баулу. Қазақтың мақалдарынан-ақ ұлттық тәрбиенің нышанын байқайсың. Мысалы: «Үлкенге құрмет, кішіге ізет», «Әке тұрып ұл сөйлегеннен без, Шеше тұрып қыз сөйлегеннен без» деген секілді бір ауыз сөзбен ақ ұл мен қызды тәрбиенің түп қазығына байлай білген.







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
28 наурыз
149
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі