Ұлттық құндылықтар негізі

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ұлттық құндылықтар негізі

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұлттық құндылықтар-тәрбие негізі. Ұлттық құндылықтардың сабақта қолдану аясы.
Материалдың қысқаша нұсқасы

ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР-ТӘРБИЕ НЕГІЗІ

Жумабай Айжан Оралбекқызы

Алматы облысы, Талгар ауданы «№19 копсалалы мектеп-гимназия» КММ


Бүгінгі оқушы-егеменді еліміздің болашағы екенін ескерсек, «осы балалардан қоғамның тұлғасы болар білімді, тәрбиелі, мәдениетті азаматтар шына кояр ма екен?» деген ой мені толғандырады. Соңғы кезде үлкен мен баланың қарым-қатынасы, мұғалімнің оқушыға деген қарым-қатынасы үнемі байланыспай келгені ешкімге де құпия емес. Балалардың өзінің мұғалімге деген жақсы көрушіліктен барынша шалғай жатқан қорқыныш, жек көру, сыйламау сияқты сезімдерді бастан кешіретіні жиі кездеседі. Үлттық тәрбие туралы идея бүгінгі күн талабы мен өмірілк қажеттіліктен туындап отыр. Ұлттық сана сезімі калыптаскан, ұлттық мүдденің өркендеуіне үлес қоса алатын, ұлттык кұндылыктар мен жалпыадамзаттық құндылықтарды өзара ұштастыра алатын толық кемелді, ұлтжанды тұлғаны тәрбиелеу ұлттық идеяның негізгі бағыты болып табылады. Тәуелсіз Мемлекетіміздің ертеңі-ұрпақтың рухани байлығы, мәдениеті, саналы ұлттық ойлау қабілетімен біліміне байланысты. Өйткені әрбір адам ұрнағымен көктеп, өркен жаяды. Әрбір мемлекет рухы таза, санасы биік, білімді де, білікті ұрпағынан қуат алады. Сол себепті бүгінгі қоғам алдында тұрған ең жауапты міндет-еңселі еліміздің кірпіші болып қаланатын әрбір қоғам мүшелерін, яғни жас ұрпақты адамгершілік қасиетке тәрбиелеу, тиянақты білім беру. Адам бойында адамгершілік құндылықтар болмаса, олардын орнын ешкандай терең білім толтыра алмайтындығын өмірдің өзі дәлелдеуде.

Тәуелсіздік туын желбіреткен егемен еліміз үшін жана мыңжылдық талаптары мен міндеттеріне толыққанды жауап бере алатын рухани бай тұлғаны тәрбиелеу ең өзекті маселе және ол біздің ел үшін ерекше сипатқа ие. Себебі, Қазақстан Шығыс пен Батыс, Еуропа мен Азия мәдениетін бойына қатар сіңірген, әртүрлі халықтардың мәдени түрмыс-тіршілігі қоян-қолтық араласып, тамырласып жатқан Еуразия аймағына орналасқан, ықпалды да орнықты дәйек сынды сан алуан мәдениеттің тогысуындагы мемлекет. Сондықтан да Қазақстан Республикасының этникалык мәдени білім тұжырымдамасында «Тәрбиенің түп максаты коғамның нарықтық қарым-қатынасқа көшу кезінде саяси-экономикалық және рухани дағдарыстарды жеңіп шыға алатын, өмірге икемделген, білікті, жан- жақты мәдениетті жеке тұлғаны тәрбиелеу», деп өнеріміз бен мәдениетімізді дамытуға айрықша мән берілген. Міне, мұның өзі ұлттық тәлім тәрбиенің этнопедагогиканың аса құнды екенін айқындаса керек.

Ақиқатына келсек, тәуелсіздікке дейін жалпы білім беретін ұлт мектептерін, арнаулы орта және жоғары оқу орындарын тәмамдаған түлектері ұлт мәдениеті тарихынан бейхабар болып келді, өйткені оқу орындарында бұл саланың білікті мамандары жетісе бермейтін және ұлттык тәрбие базасы да жұтаң еді. Қазактың халыктық педагогикасындағы тәрбиенің басты ұстанымдары адамгершілік, мейірімділік, туысқандық, бауырмалдык, қайырымдылық десек, бұл қағидаларды ұмытқандықтан, анасы баласынан, баласы әке-шешесінен безген қатігездік көріністері де қоғамымызда бой көрсетті. Соның нэтижесінде балалар, қарттар үйінің қатары көбейді. Тіпті үлкенді кішінің сыйлауы, құрметтеуі жоғалып барады. Мұның бәрі адам бойында ұлттық құндылыктарымызды аяк асты еткенімізден деп түсінгеніміз жөн. Кейбір жастардың еңбектен қашып, жалқаулыкка бой алдыруы, сананы қазақылыққа жат элементтердің билеуі соның салдары. Сондыктан да еліміздің ежелден дәріптен, қастерлен келген ұлттық мәдениетімен, өнерімен, бүкіл рухани байлығымен өскелең ұрпақты кеңінен таныстырып, олардың сана-сезімін ұлттық дәстүрде қалыптастыру үшін барлық оқу-орындарының, мектептердің жұмысын жаңа талапқа сай лайықтап кұру қажет. Ол үшін мектептердегі оқу-тәрбие жұмысын түбегейлі өзгертіп, халқымыздың ежелгі тарихы мен салт-дәстүріне ұлттық психологиясына негіздеу керек.

Қазіргі кезде мектеп табалдырығынан бастап, білім беруде ел тарихын терең козғап, тәрбие сағаттарында қазақ зиялы қауымының еңбектерін, коғам дамуына коскан үлесін айтып түсіндіру аркылы оқушылардың адами құндылык касиеттерін қалыптастыра аламыз. Сондай-ақ ұлттық салт-сананың өмірдегі қолданылмалы көріністері: рәсімдер, рәміздер, ырымдар, тыйымдар, жөн-жоралғылар, діни-уағыздар, сенімдер, кісілік рәсімдері, перзенттік парыз, адамгершілік борыш, ұрпақтық міндет арқылы іске асырылып, ұлттық қасиеттерге айналады.

Окушының ұлттық қасиеттеріне меймандостық, кісілік, сыйласымдық, имандылық, кішіпейілділік, кеңпейілділік, салауаттылық, тіршілікке бейімділігі, өнерпаздық, шешендік, акынжандылык, сыпайылығы, мәдениеттілігі т.б касиеттері аркылы айкындалады.

Әрбір ұлттың ұлттық қасиеттері ұлттық тәрбиеге байланысты дамып, қалыптасқан. Халық педагогикасы ұлттық әдебиет пен сол ұлттың салт-дәстүрінен құралады. Әдебиет көркем шығармалар арқылы сан үйренуден бастап, шығарма кейіпкерлерінің тілін, ойын, іс-эрекеттерін, мінез-құлқын, ұлттық қасиеттерін үлгі ретінде әсерлі баяндап, содан соң көркемдеп көрсетіп, үйрету арқылы жеке тұлғаның адамдық қасиеттерін калыптастырып, кісілік сана-сапасын арттырады. Ал ұлттық салт-дәстүрлер игі әдеттердің әдет-ғұрыпка айналып, одан әдеп, әдептен дәстүр, дәстүрден салт қалыптасқанын көрсетіп, жеке тұлғаның ұлттық мәдени қасиеттерін қалыптастырады. Мысалы казак халкынын меймандостық дәстүрі әуелі игі әдет болған, одан көп қолданысқа әдет-ғұрыпқа айналған, әдет-ғүрып ұлттық қолданыста әдепке айналып, ол ұлт өкілдерінің сөзсіз орындауында дәстүр деп аталады, ал дәстүр ұлттық заңдылыққа айналып, ол салт болады. Салттың ұлттық санадағы көрінісі салт-сана деп аталады. Қазақ халқының аса бай ұлттық әдебиеті, қайырымды, эдепті салт-дәстүрлері оның этностык ерекшеліктерін көрсетеді де,ол жеке тұлғалардын ұлттык касиеттерін калыптастырады.

Білім беру мен тәрбиелеудін мақсатын айкындау үшін казак білімпазы Жүсіпбек Аймауытовтың мына сөздерін секс алған жөн. «Мектеп бітіріп шыккан соң бала бүкіл әлемге, өзгенің және өзінің өміріне білім жүзімен ашылған саналы ақыл көзімен қарай білсе, міне, білімдендірудің көздейтін түпкі мақсаты осы. Мектеп осы бағытта баланың келешекте жетілуіне мыкты негіз салу керек», деген екен. Олай болса оқушылардың ұлттық құндылық қасиеттерін қалыптастыру негізінің бірден-бірі мектепішілік жүргізілетін тәрбиелік іс-шаралар. Адамның бойына жақсы адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуы, өнер-білімді игеруі- тәрбиеге, өскен ортаға, үлгі өнеге берер ұстазға байланысты. Осыны жаксы түсінген халкымыз «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы», «Тәрбие басы-тал бесік» деп ұлағатты ұстаздын енбегін өте жоғары бағалаған. Ұстаздың алдында тұрған ұлы міндет-ұлттык құндылыктарымызды оқу-тәрбие процесіне енгізу аркылы ұлттың тұнып тұрған асыл мұралық рухани байлығынан бойында ұлттық санасы қалыптасқан тұлғаларды тәрбиелеп шығару. Ұрпақ тәрбиесіндегі ежелден қалыптасқан халқымыздың жақсы дәстүрі мен тағылымдарын, мәдениет тарихын, бұрын-соңғы ұлы ойшыл педагогтардың еңбектерін оқып, жетік білмей, оны жақсы меңгермей тұрып, келер буынға дұрыс тәрбие тағылым беру мүмкін емес. Себебі, өткенді жақсы білмейінше келешекке сапар шегу, айсыз караңгыда сүрлеу соқпақ іздеп шатасумен пара-пар.

Жас ұрпақты тәрбиелеу ата-бабамыздан келе жатқан ұлттық тәрбие үлгісін ұғындырып, мәденеиетті, адами қасиеті мол тұлға етіп тәрбиелеу бұл казіргі танда өмір талабы және когам кажеттілігі.

Өйткені білмеген халқының қадірін білмейді, халык нені бастан кешірді, бүгінге кол жеткені ненің арқасы, халык өз тарихын жасау үшін, тер төгіп, азап шекті, тар жол, тайғақ кешуден өтін, жерін қорғап, елін сақтады. Отансүйгінгтік сезімнің нысаны мен қайнар келіне Отан, туған жер, табиғат, оның байлықтары, тіл, дәстүр, тарихи ескерткіштер, туған өлкедегі ұлттық құндылықтар жатады. Үлттық сезім өзінің сол ұлттың өкілі екендігін мойындай отырып, ұлтына деген сүйіспеншілік, жанашырлық, халық мұраларын бағалай білу.

Ұлттық құндылыктарымызды әлемдік деңгейге шыгаруга кабілетті тұлға тәрбиелеу үшін:

Оқушылардың ұлттық сана сезімін қалыптастыру;

Жас ұрпақ санасына туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімдерін ұялату, ұлттық рухын дамыту;

Ана тілі мен дінін, оның тарихын, мәдениетін, өнерін, салт дәстүрін, рухани-мәдени мұраларды қастерлеу;

Жас ұрпақ бойында жанашырлық, сенімділік, намысшылдык тәрізді ұлттық мінездерін қалыптастыру міндеттерін орындағанда гана басты максатка жетеміз.

Бірінші ұлттык тәрбиенің ошағы отбасы, екиші мектеп болгандыктан, ата-ана мен мектеп, яғни мұғалімдер мен жұртшылық тығыз байланыста болуы шартты нәрсе. Қазіргі кезде халыктық педагогика элементтерін бастауыш сыныптарда, орта буын, жоғары буын сыныптарында кенінен қолданудың маңызы артып келеді. Ұлттық құндылықтардың қайнар көзі қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында ден білемін. Бүл халықтық шығармалардың оқушыларға тигізетін тәрбиелік әсері ұшан-теңіз. Халықтық шығармалар оқушыларды адам баласының өткен ғасырлардағы тарихи өмірі, тұрмыс, әдет-ғұрпы, күн көрісі, шаруашылық дәстүрі, мәдениетімен таныстырып отырады. Мысалы, оқушыларға арналған халық өлеңдерінде дүниеге жаңа келген жас нәрестенің болашағын ойлап, колдан келер мүмкіндіктерін соның жолына бағыштауға тырысады. Халыққатар, оқушыны дүрыс әрі айқын сөйлеуге үйрететін, типи дамытуға жаттықтыратын жанр да бар. Ол жаңылтпаш. Бұл жанр тікелей бала тәрбиесіне арналған бай мұра. Мұнда баланы көркем сөзге әуестендіру, соған баланы еліктіру аркылы үйрететін, жаттықтыратын шеберлік бар.

Бала тәрбиелеуде халық өзінде бар барлық асыл сөз, даналық ойларын балаларга жеткіншектерге арнаган. Өз өмірінің ғасырлық тәжірибесінен алынган асыл ойларын макал-мәтел стіп, үлгі-өнеге ретінде өмірінің жалғасы болатын баласына немересіне қалдырып отырған.

Қазак тілі мен әдебиет сабақтарында оқытылатын қазақтың шешендік сөздері тәрбие берудің аса қасиетті де құнарлы қаруы болып табылады. Себебі «нешендік сөз өнері өмір шындығымен, әлеуметтік уақыттың қатал да құбылмалы мінезімен бетпе-бет келгенде, адамға рухани жәдігер болып, көзден алыс, көңілге жақын құбылыстарды түсінуге жетелейді». Мұның мәні қазақ даласында аузы дуалы, елге беделі бар адамның белгілі бір мәселеге қатысты айтқан ұтымды сөзі, пайымды пікірі ауыздан ауызға жылдам тарап, көпшілікке үлгі болған. Сондықтан «шешендік сөз өнерін қазақтың әдеп кодексі деп айтуға болады. Екінші сөзбен айтқанда қазақ би-шешендерінің ұлттық моральдық құндылықтарды қалыптастыру әдіснамасының өзіндік қалпын білдірмек». Сонымен қатар кез келген тақырыпты меңгертуде мәтіннің негізгі идеясы, кейіпкер бейнесін ашу барысында немесе қазақ халқының дүниетанымына, дәстүріне қатысты белгілі бір сөздің мағынасын ашып көрсету арқылы тұлғаны рухани- адамгершілік құндылықтарға бағыттан оқытуға болады.

Тағылымы мол тарих қойнауынан бізге жеткен елеулі құндылық-дара тұлғалар мұрасы. Халықка жөн сілтер кемел ой айтқан, заманынан озып парасат пен көркемдік биігіне көтерілген, шығармашылық мұрасы кай уақытта да өміршеңдігін жоғалтпайтын алынгтар ұлттың мақтанышы мен тірегі. Сол даналық аңсарлар жалғасын тапса, гасырлар тезінен өтіп алемді рухани жаңғыртса, бұл өркениеттің зор жетістігі болмақ.

Соңгы уакыттарда біздің ішкі жан дүниеміз, бір-бірімізбен карым-қатынасымыз азайып кетеді. Осыдан соң адам баласы бір-бірінен алыстап, оқшауланады, ақтарыла сырласып, сөйлеспейді. Ұжымдық қарым-катынасты да, сиретеміз, жағдайымызды білісіп, жылы сөз айтудан каламыз. Осы кезде бізге көмекке Абай, оның өлеңдері келеді. Н.Ә.Назарбаев айтпакшы, «Абай казак халқының рухани қазынасына өлшеусіз үлес қоскан ғұлама ғана емес, сонымен қатар ол қазақ халқының ел болуы жолында ұлан-ғайыр еңбек еткен данагер. Абай әлемдік деңгейдегі ойшылдардың қатарныдағы ғажайып түлға» деген сөзі ақынның жаһандық аядағы құбылысына берілген нақты баға. Абай ұлт ақыны, ол халық даналығын бойына мейлінше сіңірді. Оның талаптылығын, көп білуге деген ұмтылысын қазақ даласының кеңдігі, ұлт бойындағы ерекше мінез тудырды. Өзіміз білетіндей, халқымыз конакжай, алыс пен жақынды қадір тұтып, үлкенді сыйлап, кішіге қамқорлық жасайтын ел гой. Бұл қасиет бізге ана сүтімен, ата-баба дәстүрімен жетті. Абай ең алдымен осы кұндылықтарды бойға жиды. Абайдын шығармалары сөздің кадірін білуге, сөз аркылы білім, тәрбие, адамшылык, рақым деген кадірлі ұғымдарды терен білуге бағытталады. Абай өлеңдерінің мәні бүгінгі ХХІ ғасырда тіптен де тереңдеп отыр.

Сонымен қатар, қазақты жаһан жұртына мәшһүр еткен, «құйрықты жұлдыздай» ғұмыр кешкен Шоқан Уалиханов, қазақ даласына білімнің қоңырауын алған қаққан ағартушы Ыбырай Алтынсарин, терең ойлы, білімпаз Шәкәрім Құдайбердіұлы, қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығуды күн болуды мақсат тұткан Сұлтанмахмұт Торайгыров, ұлт көсемі Әлихан, алаш ардақтылары Ахмет, Міржақып, Жүсіпбек, Қошке, поэзия пайгамбары Мағжан, тагы баска қазақтың ұлтжанды азаматтары ел-жерінің тәуелсіздігі мен руханияты үшін күресті. Олардың мұраты туған халқының өркениетін, әлеуетін көтеру, ұрпакка слжандылық пен білімді, адалдык пен парасаттылықты өнеге сту болды. Бұл мәнді қасиеттер, ең алдымен ұлттық, отбасылық салт-дәстүр мен тәрбие аркылы келеді.

Тәрбие беруде үлттық құндылықтарымыз арқылы жол көрсетер болсақ, жастарымыз Қзақстан қоғамының әлеуметтік мәдени өзгерістеріне елеулі үлес қосар тұлға болып, қалыптасарын нық сеніммен айта аламыз. «Тәрбие тал бесіктен». Қоғамға қызмет етемін, елдің іргесін көгертемін деген ұрпақ тәрбиелеу үшін ұлттық құндылықтарымызды жаңғыртуды токтатпауымыз керек.



Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

Ғалия Аманова. Халықтық педагогика даналық мектебі. Алматы, 2012 [2306] Еуразия Ұлттық университеті. Бес асыл іс. Нұр-Сұлтан, 2021 [12.146]

Әлижан Тауұлы. Қазақ салт-дәстүрлері. Алматы, 2017 [86]

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.02.2025
106
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі