Ұлттық құндылықтар негізінде мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу және оқыту.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ұлттық құндылықтар негізінде мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу және оқыту.

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұлттық құндылықтар негізінде мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу туралы
Материалдың қысқаша нұсқасы



Ұлттық құндылықтар негізінде мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу және оқыту.

Ұлттық құндылықтар дегеніміз не? Әр ұлттың өзінің ұлттық құндылықтары болады. Әр ұлтты ерекшелендіріп тұратын оның: тілі, діні, салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, ұлттық қолөнері, бұйымдары, ұлттық ойындары, батырлар жырлары, мақал-мәтелдері, ертегілері, мәдениеті, өнері, тағамдары т.б. өзгелерге ұқсамайтын қасиеттері. Осылардың барлығы – ұлттық құндылққа жатады. Кез-келген ұлттың сипаты 5 қағидаға келіп тіреледі. Біріншісі-тіл, екіншісі-діні, үшіншісі-дәстүрі, төртіншісі-тарихы, бесіншісі-атамекені. Құндылықтар шынайы болады, ол адамдарға тәуелді емес, дей тұрғанмен ең алдымен адам санасында орын алады. Құндылықтарды сезім арқылы қабылдап, сана арқылы түсінуге болады, соның нәтижесінде құндылықты игереді және соған сай әрекет жасайды. Дана халқымызда «Ағаш түзу, әдемі болып өсу үшін оны көшет кезінде баптау керек, ал қисық ағашты өскен кезде түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Ата-бабамыз өскелең ұрпақ тәрбиесіне аса мән берген. Адамгершілік тұрғыдан құнды қасиеттері бар, рухани бай тұлғаны қалыптастыру сәби кезінен бастау алатыны белгілі. Бүгінгі таңда балаға ұлттық құндылықты дәріптеу, үйрету, санасына сіңіру- бұл ең бірінші отбасынан басталады. Одан кейін балабақша қабырғасында Отан, ел, жер ұғымының киелігін білу, салт-дәстүр, мәдениетін, тарихын бойына сіңіру ең маңызды қағидат болып саналады. Балабақшадан кейін мектеп табалдырығын аттаған сәттен бастап оқушыға бар күшімізді білімге жіберіп, бала тәрбиесін назардан тыс қалдырсақ, онда өскелең ұрпақ алдындағы ең үлкен қателігіміз де сол болмақ. Ендеше бұл тұрғыда отбасы мен педагогтің атқарар рөлі зор. «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» деген атам қазақ бекер айтпаса керек. Отбасындағы ата-әже, әке-шеше, аға-іні, әпке-қарындас арасындағы сыйластық пен қарым-қатынастан бастау алады. Тәрбие жас ұрпаққа бірінші болып берілуі керек. Тәрбие жоқ отбасында-еш бір құндылықтың ізі де болмайды. Ата-анадан кейінгі ұлттық құндылықтармен тәрбиелеу ұстаздың қолында екені баршамызға мәлім. Бала бойына ұлттық құндылықтарды сіңіре отырып, жанашырлық, сенімділік, шыдамдылық, намысшылдық тәрізді ұлттық мінезді қалыптастыру. Сонымен қатар отбасында жеті ата туралы түсінік, туыстық қарым-қатынас атаулары, ата-ана мен перзент алдындағы парыз бен қарыз, ұлттық намыс. Міне осыларды бала санасына сіңіріп, бойына дарыта білу ұрпақ тәрбиесіндегі ең басты қағидамыз. Халқымыз қандайда бір білім мен өнегені балаға қолма-қол көрсету, көрсете отырып үйретуді басшылыққа алған. Баланы тәрбиелей отырып әр жасаған ісін, қылығын мадақтап отырған. Өйткені, бала қашанда үлкендердің өзіне ыстық ықылас, ізгі ниет көрсеткенін қалайды. Сол үшін де баланы ынталандыру үшін мадақтау арқылы психикасына ықпал етудің үлгісін қалыптастырған. Ынталандыруды баланың жас ерекшелігіне сай ұтымды пайдалана білген. Тағы айта кетерлік жәйт балалардың ұлттық санасын оятуға, бойындағы мәліметтерін дамытуға байланысты шараларды ұйымдастырғанда ұлттық киім, құнды жәдігерлер туралы үнемі айту, соларға қызықтыру, оны шынайы өмірмен байланыстыру т.б. әрекеттерді жиі қайталап отырған дұрыс. Менің алдыма келген әрбір бала жеке тұлға. Ойынның бала үшін маңызы зор. Баланы ойната отырып ұлттық құндылыққа баулуымыз керек. Біздің басты мақсатымыз қазақтың еліне, жеріне, әрбір тау-тасына иелік ететін жас ұрпақтың жүрегіне, санасына сіңіру. Қазақта қандай дүние, қандай рухани байлық болса, сонымен мақтана алатын саналы, интеллектуальдық мінез-құлқы қалыптасқан, өз елінің өзге елдермен бәсекеге қабілетті болуын қамтамасыз ететін парасатты да патриотты ұрпақ тәрбиелеу. Мектеп жасына дейінгі кезеңде ойынның бала өмірінде алар маңызы зор. Ойындар жалпы ойлау процесінің икемділігіне, зейініне, қабылдауына, логикасын, қиял ұшқырлығын қалыптастыруға ықпал етеді. Баланың бойына мейірімділік, адмгершілік, әдептілік сынды қасиеттерді сіңіріп, жан-жақты тәрбие беруіміздің де маңызы ерекше болып табылады. Сондықтан балаларға әр күнін ұлттық салт-дәстүр мен мәдениетімен, ұлттық ойындарымен т.б. қызығушылықтарын арттыру арқылы , жан-жақты ұрпақ тәрбиелей аламыз. Бала тәрбиесі отбасынан бастау алып, мектепке дейінгі мекемеде дағдыландырып қана қоймай бойына ұлттық құндылықтарды қалыптастыру арқылы елін, жерін сүйетін мықты тұлға тәрбиелейміз. Ата-бабамыздан қалған мол мұрамызды балаларға кішкентайынан бастап үйретсек, келешекте өз елін, өз ұлтын қастерлейтін ел азаматтарын тәрбиелейтініміз айдан анық.







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
03.03.2025
328
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі