Жетісай ауданының білім
бөлімінің
«Зувайда-ана» бөбекжай
бақшасы
ЖШС-нің
меңгерушісі
Файзиев Отақул
Хамроевич
Ұлттық мәдени
құндылықтарды қарапайым тілмен түсіндірер болсақ,
белгілі бір ұлтқа тән адами қадір-қасиет, халықтың сан ғасырлар
бойы жинақталған ұлттық рухани және материалдық
құндылықтары. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына
сәйкес «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы
адамзаттық құндылықтар, ғылыммен практика жетістіктері негізінде
жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіптік шыңдауға
бағытталған сапалы білім үшін қажетті жағдайлар жасау; жеке адамның
шығармашылық, рухани және күш-қуат мүмкіндіктерін дамыту,
адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін
қалыптастыру, даралықты дамыту үшін жағдай жасау арқылы ой-өрісін
байыту». Қазақстан – бай тарихи және мәдени мұрасы бар көпұлтты
және көп мәдениетті мемлекет. Ұлттық құндылықтар
азаматтардың бірегейлігі мен құндылық бағдарын қалыптастыруда
маңызды рөл атқарады.
Ұлттық құндылықтар адам өмірінің әр саласында өз
көрінісін табады. Олар адамның моральдық қасиеттерін
қалыптастырады, рухани байлығын арттырады, қоғамның дамуына ықпал
етеді. Ұлттық құндылықтарды бала кезден бастап бойына сіңірген адам
өзінің туған жеріне, еліне, тіліне, мәдениетіне құрметпен қарайды.
Бұл қасиеттер адамның тұлғалық дамуында, әлеуметтік және рухани
өмірінде маңызды рөл атқарады.
Тәрбие процесінде ұлттық құндылықтардың орны
ерекше. Олар балаларды патриоттық рухта тәрбиелеуге, олардың
бойында адамгершілік қасиеттерді қалыптастыруға көмектеседі. Ұлттық
құндылықтар арқылы балалардың өз еліне, туған жеріне деген
сүйіспеншілігі артады, олардың рухани-адамгершілік қасиеттері
дамиды. Тәрбие процесінде ұлттық құндылықтарды пайдалану балалардың
ұлттық сана-сезімін қалыптастырады.
Тіл – ұлттық құндылықтардың ең негізгісі. Тіл
арқылы халықтың тарихы, мәдениеті, дәстүрі сақталады және ұрпақтан
ұрпаққа жеткізіледі. Ана тілін білу және құрметтеу әрбір адамның
азаматтық борышы. Ана тілі арқылы бала өз халқының мәдениетімен,
тарихымен, дәстүрімен танысады, өзінің ұлттық бірегейлігін
сезінеді. Бұл балаға өз еліне деген мақтаныш сезімін
қалыптастырады.
Мәдениет ұлттық құндылықтардың ажырамас бөлігі.
Халықтың мәдениеті оның рухани байлығын көрсетеді. Мәдениет арқылы
халықтың өнері, әдебиеті, музыкасы, дәстүрлері ұрпақтан ұрпаққа
жалғасып отырады. Мәдениет адамды рухани байытады, оның ішкі әлемін
дамытады. Мәдениетті құрметтеу, оны сақтау және дамыту – әрбір
адамның міндеті.
Қазіргі таңда болашақ ұрпақты өз халқының тарихы
мен тегін, салт-дәстүрін, тілін, білімін, адами қасиетті тереңнен
түсіне алатын шығармашылық тұлға етіп тәрбиелеу – заман талабы мен
қоғам қажеттілігі болып отыр.
Әр ұлттың
өзінің ұлттық құндылықтары болады. Бір ұлтты ерекшелендіріп
тұратыны оның: тілі, ертегілері, мақал-мәтелдері, лиро-эпостық және
батырлар жырлары, әдет- ғұрпы, салт-санасы, менталитеті, мәдениеті,
өнері, тағамдары, ұлттық қолөнері, тұрмыстық бұйымдары, ұлттық
ойындары, т.б. өзгелерге ұқсамайтын қасиеттері. Осылардың бәрі –
ұлттық құндылықтарға жатады. Ұлттық құндылықтарды әр ұлттың
ата-бабалары өздерінің өмір сүру салтына байланысты шығарып,
пайдаланып, дамытып ұрпақтарына мұра етіп қалдырып отырған.
Сондықтан ұлттық құндылықтар сол ұлттың меншігі болып есептеледі.
Бір ұлтты басқа ұлттан даралайтын - оның ұлттық құндылықтары, яғни,
әдеби мұрасы, әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі, мәдениеті, өнері, тұрмыстық
бұйымдары, ұлттық ойындары, т.б. өзгелерге ұқсамайтын қасиеттері.
Ұлттық құндылықтарымыз шын бағасын алғанда ғана, жоғымыз
түгенделіп, өшкеніміз жана бермек.