Ұлттық құндылықтарды дәріптеу.
Мақсаты: балалардың ұлттық құндылықтармен өзара қарым-қатынас жасауына қажетті танымдық және зерттеушілік әрекеттердің қарапайым дағдыларын меңгерту. Логикалық ойлауды дамыту. Балаларға ұлттық құндылық туралы түсінік беру. Тапсырмаларды орындау барысында заттар мен құбылыстардың өзіне тән белгілерін бақылау. Ойын арқылы балалардың білім, білік дағдыларын қалыптастыру.
Міндеттері: Заттардың пішіндеріне, бөліктердің салыстырмалы өлшеміне және олардың орналасуына сүйене отырып, түстер мен олардың реңктерін беру, негізгі пішінді, заттар мен олардың бөліктерінің пропорцияларын мәнерлеп жеткізе білу, түстерді өз қалауы бойынша таңдауын дамыту.Бейнелеу әдістерін қолдануын дамыту
Көрнекілік негізінде 8 санының пайда болуымен таныстыру. 8 көлеміндегі санды тура және кері санауға үйрету.
Шамасы бойынша заттардың арасындағы қатынастарды білдіретін математикалық терминдерді қолдануды дамыту.
Кеңістік туралы түсініктерді бекіту: заттарды кеңістікте орналастыру (сол жақта, оң жақта, жоғарыда, төменде); қозғалыс бағыттары: сол жақтан оң жаққа, оң жақтан сол жаққа, жоғарыдан төменге, алға, артқа. Фонематикалық естуді дамыту, сөздегі дыбыстардың орнын анықтау (басы, ортасы, соңы). әңгімелесу кезінде өзін мәдениетті ұстау, әдепті және сабырлы болуды үйрету.
Ұлттық қимылды ойындарды ойнату. Қазақ халқының табиғи материалдардан жасалған бұйымдарымен, киіз үйдің жасауларымен таныстыру, олардың қандай материалдан жасалғанын зерттеуді ұйымдастыру.
Амандасу:
Тәрбиеші: Балалар бүгінгі іс әрекетіміз күндегіден ерекше. Себебі бүгін бізге көптеген қонақтарымыз келіп отыр екен. Олай болса ең алдымен әдептілігімізді көрсетіп қонақтарымызбен амандасайық.
Балалар: Сәлеметсіздерме!
Орталыққа бөліну:
Бүгінгі ұйымдастырылған іс әрекетіміз ұлттық құндылықтарға байланысты. Ұлттық құндылықтар дегеніміз не?
Балалар: Ұлттық тағамдарымыз, ұлттық ойындарымыз, киіз үйіміз, ұлттық киіміміз, ұлттық бұйымдарымыз.
Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар.Ұлттық құндылықтараымыз ғасырлар бойы атадан балаға мирас болып келе жатқан адамгершілік қағидаттары. Ғасырдан - ғасырға жеткен халықтың қазынасы – тілі, діні, салт – дәстүрі, әдебиеті мен өнері ұлтымыздың рухани байлығы. Ұлттық құндылықтарымыз, ұлтымыздың мәңгілік қорғаушы шамшырағы. Ұлттық құндылықтарымызды кеңінен білуіміз үшін қараңдаршы, ұлттық ойындарымыз, киіз үйіміз, ұлттық құндылыққа байланысты қызықты тапсырмаларымыз, мына жерде шығармашылық жұмыстарымыз бар. Балалар ұлттық құндылықтарымызды кеңінен білу үшін, қызықты тапсырмаларды орындауға дайынсыңдарма? Олай болса, кім қандай тапсырманы орындағысы келеді, сол үстелге бара қойыңыздар.
1 Таным Ойын «көңілді асық»: -Балалар, бүгін мен сендерге сұрақ-жауап әдісін қызықты бір ойынмен алып келдім.
Ойын шарты: мына тұрған текшені лақтырып, қандай түсті асық түссе, сол асықтың астында жасырылған сұраққа жауап беру керек.
Тәрбиеші: -Балалар, мынау құлыптың түсі қандай?
-Жасыл
Жасыл құлыптың тапсырмасы: «Жоғалған сандарды тап»
Ойын шарты: киіз үйдің ішіндегі жоғалған көрші сандарды тауып, жабыстыру қажет.
Тәрбиеші: -балалар, жарайсыңдар, тапсырманы өте жақсы орындадыңдар.Келесі қызыл құлыптың тапсырмасын орындап көрейік.
Қызыл құлыптың тапсырмасы: «Теңге алу ойыны»
Ойын шарты: Үстелде тұрған теңгелердің артында есептер берілген. Сол есепті шығару арқылы теңгені қоржынға жинау.
Тәрбиеші: -жарайсыңдар, балалар! Келесі құлыптың түсі қандай?!
- Сары түс
-Балалар енді сары құлпымыздың тапсырмасын орыдап көрейік!
Сары құлыптың тапсырмасы: Кеңістікте бағдарлау
Ойын шарты: Үстелде тұрған суреттерді тәрбиешінің нұсқаулығымен кеңістікте бағдарлау.
Тәрбиеші: - жарайсыңдар, балалар! Келесі соңғы құлыптың түсі қандай?
-Көк
Көк құлптың тапсырмасы: «Асықтарды сәйкестендір»
Ойын шарты: бірден беске дейінгі сандарға сәйкес, асықтарды санап, орналастыру.
Тәрбиеші: -Жарайсыңдар балалар! Біз сандықтың барлық құлптарын аштық!
Енді сандығымыздың ішінде не бар екенін көреміз бе?!
-Иә
Сандықты ашып көреді. Сандық ішінде құрастыру ойыны
Тәрбиеші: -балалар, сандықтың іщінде бізге құрастыру ойынын беріпті. Орындаймыз ба?
-Иә
Ойын шарты: әр үстелдегі балаларға бөлшекке бөлінген сурет таратылады. Балалар оны құрастыру керек.
Суреттер: бесік суреті, домбыра суреті, ою суреті.
Жарайсыңдар, балалар! Сендер барлық тапсырмаларды жақсы орындадыңдар!
Сұрақ-жауап:
-Балалар сендерге қай құлптың тапсырмасы қызықты болды?
-Қандай сурет құрастырдыңдар?
2 орталық
Сөйлеуді дамыту
Ағаш үй туралы аңгіме
Буындарға сөздерді
бөлу
Сөйлеуді
дамыту.
Мақсаты:.Болашақ ұрпаққа еліміздің ұлттық құндылықтарын таныстырып, мағұлмат беру арқылы таным деңгейін молайту.Еліне, салт-дәстүріне, мәдениеті мен ғұрпына деген сүйіспеншілігі мен құрметін арттыру. –Қош келдіңіздер балалар.Көңіл-күйлеріңіз қалай?Балалар ,алдымыздан нені көріп тұрмыз? -Киіз үй - Дұрыс айтасыңдар,бұл біздің ұлттық баспанамыз – киіз үй.
- Қане, балалар, маған киіз үйдің құрылысымен кім таныстырады?
-Киіз үй шаңырақ, уық, кереге, сықырлауықтан құрылады.
-Жарайсың, дұрыс айтасың. Мінекей балалар, мынау керегесі, уығы, шаңырағы, ал мынау сықырлауығы. Киіз үйді осылай құрып алғаннан кейін оның сыртын киіз жабындыларымен жабады. Оның сыртын түрлі ою – өрнектермен безендіреміз.Тез жығып, шапшаң тігуге , яғни көшіп-қонуға ыңғайлы болған киіз үй бізге сонау ғасырлардан келе жатқан ұлттық мұрамыз.Жылдың төрт мезгіліне ыңғайлап жасақталған. -Ал, енді балалар киіз үйдің құрылымын буынға бөлейікші. -Уық,ке-ре-ге,сы-қыр-ла-уық,ша-ңы-рақ. -Өте жақсы.Ал енді балалар Отан шағын отбасымыздан басталады.Олай болса алдымыздағы мнемо кесте арқылы берілген отан туралы мақал-мәтелдерді айтып көрейік.
-Отбасы,шағын мемлекет. –Отан отбасынан басталады. -Елдің қадірін ер түсінеді. -Ер елінде ,гүл жерінде - Отан Оттан да ыстық -Отансыз адам,ормансыз бұлбұл. –Жарайсындар,балалар .Сонымен біз бүгін немен таныстық?Мнемо кесте арқылы не айттық?Өте жақсы,сендер білімді ақылды балалар екенсіндер.
3 орталық
Шығармашылық дағды
Гипс
Мақсаты: Гипс ерітіндісін дайындауға оны әртүрлі пішіндерге құюды үйрету. Гипстен жасалған бұйымдарды акварельмен немесе гуашпен бояуды үйрету. Бұл әдіс арқылы балалардың қиялын, тілдерін дамыту, саусақтың ұсақ бұлшық еттері қимылын жетілдіру.
Бақалшақтар (асық технологиясы)
Мақсаты: балалардың көрнекі іс-әрекеттік, көрнекі-бейнелік және сөздік-логикалық ойлауды сатылай қалыптастыру; шығармашылық тұрғыда және сын тұрғысынан ойлауды дамыту; шыдамдылық, сабырлык, бірлескен әрекетті қолдана білуге тәрбиелеу. Заттық - дамытушы ортаны қажетті асықтармен қамтамасыз ету.
Әйнекке сурет салу
Мақсаты: «Әйнекке сурет салу» дәстүрден тыс әдіс арқылы балалардың қол өнерге деген қабілеттерін шыңдау. Бейнелеудің қажетті тәсілдерін еске түсіріп өз суреттерінің мазмұнын ойластырып, балалардың ой- өрісін дамыту, суретті сәнді салуға тәрбиелеу.
Жіппен жасалынатын жапсыру
Мақсаты: Балаларға арналған бұл жапсырудың техникасы жіптерден және тоқыма жіптерден жасалынады. Белгілі бір технологияларды сақтай отырып, әртүрлі бейнелеу материалдарын қолдана білу қабілетін қалыптастыру. Шығармашылық пен қиялды, бейнелі ойлауды дамыту. Сөйлеуді, қолдың ұсақ моторикасын дамыту. Табиғат туындыларына ұқыпты қарауға, дәстүрлі емес әдістерге деген қызығушылыққа тәрбиелеу.
4 орталық
ҰІӘ тақырыбы: Ұлттық ойын – халық мұрасы
ҰІӘ мақсаты: Қазақтың ұлттық ойындарымен таныстыру, мәтінде кездесетін жаңа сөздермен, сөз тіркестерімен таныстыру. Ауызекі тілін жетілдіру, өз ойларын жүйелі жеткізе білуге үйрету, сөздік қорын кеңейту. Ұлттық ойындар арқылы балаларды белсенділкке, тапқырлыққа, дәлдікке және ептілікке тәрбиелеу.
ҰІӘ әдістері: әңгімелеу, баяндау, түсіндіру, ойын, сұрақ-жауап
Педагог: Сәлеметсіңдер ме, балалар, менің орталығыма қош келдіңіздер. Бұл орталықта сендер ұлттық ойындармен танысасыңдар. Халқымыздың тарихи-мәдени мұраларының түрлері сан алуан. Солардың қай-қайсысы да адамға, адам игілігіне қызмет етуге бағытталған. Осындай аса құнды мәдени игіліктердің бірі – ұлттық ойындар.
-Балалар, мына заттарға зер салып қарайықшы. Бұл қазақ ұлттық ойындарына қажетті құрал-жабдықтар.
Тақия – тақия тастамақ ойынында қолданылады.
Қамшы – бәйге, қыз қуу, көкпар, аударыспақ ойындарында қолданылады.
Асық – асықпен ойналатын ойындардың бәрінде қолданылады, асық ату, ханталапай
Арқан – арқан тартыс ойынының негізгі атрибуты болып табылады.
-
Ендеше , мен сендерге қазақтың ұлттық ойындары туралы түсінік беріп кетейін.
Көкпар-ұлттық ойындарының бірі.Ойынның атауы «көк бөрте» сөзінен шыққан. Көкпарға жасқа толған серкенің семізі таңдалған.Семіз серкенің терісі жыртылмайды. Басқа малдың терісі жыртылғыш болғандықтан көкпарға тартпайды. Көкпар жігіттердің күш-жігерін, төзімділігінғһ, батылдығы мен ептілігін, ат үстінде мығым отыруын қалыптастырады. Сонымен қатар көкпар аттың қалай бапталып үйретілгенін, жүйріктігін де сынайтын спорт түрі.
Теңге алу - бозбалалар мен жігіттердің атпен ойнайтын ойыны. Бұл ойында жігіттің ат үстіндегі әрекеті, денесін игеріп алған ептілігі сыналады. Теңге алу ойыны адамды ептілікке, шапшаңдыққа тәрбиелейді.
Аударыспақ - бозбалалар мен жігіттердің бірін-бірі ер үстінен аударып алу сайысы. Бұл ойынға қайрат күші мол,батыл да төзімді шапшаң қимылдап, атқұлағында ойнай білетін жігіттер қатысады. Ежелгі заманнан келе жатқан бұл ойын жаугершілік кезінде найза ұстап,қылыш шабатын жауынгерге қажетті қасиеттерді қалыптастырған.
Қыз қуу – мерекелерде өткізілетін ат үстіндегі спорттық мәні бар ойындардың бірі. Қыз қуарға бір қыз, бір жігітті көз көрім жерге атпен жібереді. Барғанша жігіт қызбен әзілдесіп барады. Қайтарда жігіт озуға тырысады, ал қыз жігітті қамшылауға тырысады.
Тақия тастамақ – Балаларды жалықтырмай ойын ережесін сақтап жылдамдыққа, шапшаңдыққа, ұйымшылдыққа баулу.
Арқан тартыс ойыны — ұлттық ойын. Ойынға жуан кендір арқан керек. Ол арқанның тең ортасынан орамалмен орап белгі жасайды. Ойынға қатысушылар тең екі топқа бөлінеді, ойыншылар бойларына қарай қатар түзеп тұрады.
Асық ату ойыны - қазақ халқының дәстүрлі ойыны. Асық ойыны күндіз де, түнде де ойналады. Күндізгісі – мергендікке, түнгісі – ептілікке баулиды. Иіргенде түскен қалпына қарай асық – алшы, тәйке, бүк, шік деп, ал атуға арнап арнайы қорғасын құйылып жасалғаны – сақа, жақсылары – оңқы аталады. Асық ойынының мынадай түрлері бар: құмар, тәйке, омпы, алшы, хан (хан ату), қақпақыл, т.б.
Ханталапай - бұл ойынның басты ерекшеліктерінің бірі – ойынды тек ер балалар ғана емес, қыз балалар да ойнайтын болған. Ойынның ережесі бойынша төрт-бес үміткерден қатысады. Ойын үшін он асық таңдап алынады. Он бірінші асық өзгелерден ерекшеленіп тұруы қажет. Оның түсі не қызыл, не көк түске боялуы шарт. Ойын еденге жайылған киіз немесе тақыр кілем бетінде ойналады. Ойыншылар саны екеу болса қарама-қарсы, онан көп болса айнала отырады. Ойынды кім бастайтынын анықтау үшін, ойыншылар кезекпен хан асығын ортаға иіреді. Ханы алшы немесе үш рет тәйке түскен ойыншы ойынды бастайды.
Бәйге — ұлттық спорт ойындарының бір түрі. Ат спортының бұл түрі түркі тектес басқа халықтарда да бар. Бәйгеге қатысушы атын оздыру үшін өзі білетін, ережеде рұқсат етілген тәсілдердің бәрін қолдануына болады. Ал қатарласып келе жатқан атқа қамшысын тигізуге немесе қамшысын үйіріп басқа аттарды жасқауға, айқайлауға, ысқыруға, жарыс жолынан шығып кетуге, оның айналмаларынан төтелеп өтуге болмайды. 1-ші орын мәреге атының тұмсығы бірінші іліккен шабандозға, қалған орын аттардың келу ретіне қарай беріледі. Қазақ халқы Бәйге аттарын ерекше күтімге алған. Құлагер, Ақбақай, Маңмаңгер сияқты сәйгүліктерді ән-жырға қосқан.
-
Бүгін сендер , балалар, «Бәйге» үстел үсті ойынымен танысасыңдар.
Дидактикалық ойын: «Бәйге»
-Ойынды бастамас бұрын сендерге бір –бір тайдан беремін, беске бөлініп тұра қояйық. Кезектесіп мына текшені лақтырамыз, осы текшеде қандай сан түссе сол ретте тұрған баланың тайы алға қарай жүріп отырады, осылай ойын жалғаса береді. Жақсы ойыншыны асық беріп марапаттап отырамын, ойын соңында кімде көп асық болса , сол бала жеңімпаз болады.
Қорытынды: ұлттық ойындар-ата-бабамыздан бізге жеткен,өткен мен бүгінгіні жалғастыратын баға жетпес байлығымыз, асыл қазынамыз. Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты дамуы мүмкін емес. Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе секілді. Ойын дегеніміз - тынысы кең, алысқа меңзейтін ,ойдан-ойға жетелейтін ,адамға қиялымен қанат бітіретін ғажайып нәрсе, ақыл-ой жетекшісі, денсаулық кепілі,өмір тынысы.
Балалар сендер орындаған тапсырмаларың ұнадыма? Жарайсыңдар! Олай болса балалар, шаршаған боларсыңдар, бой сергітіп алайық.
Жарайсыңдар! Балалар енді ары қарай басқа тапсырмаларды ауысып орындап көрейік.
Ары қарай жалғастырайық.
Қорытынды: Балалар сіздерге бүгінгі ұйымдастырылған іс әрекетіміз ұнадыма?
-
Біз бүгін қандай тапсырмалар орындадық?
-
Кімге қандай тапсырмалар ұнады?
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ұлттық құндылықтарды дәріптеу

шағым қалдыра аласыз