Ұлттық құндылықты дәріптеу ашық Ұйымдастырылған ашық іс -әрекет

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ұлттық құндылықты дәріптеу ашық Ұйымдастырылған ашық іс -әрекет

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұлттық құндылықты дәріптеу. Ұйымдастырылған іс-әрекет
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Ұлттық құндылықтар


Тақырыбы: Ұлттық құндылықтар.
Мақсаты:  Ұлттық құндылықтар туралы  мағыналы көлемде түсінік бере отырып,

ойын арқылы балалардың ұлттық құндылыққа  деген қызығушылығын, сана - сезімін, ынта - жігерін арттыру.

Әдіс-тәсілдері: Әңгімелеу,түсіндіру,сұрақ-жауап,ойын                                                     
Көрнекіліктер: Ұлттық құндылықтардың суреттері,ұлттық бұйымдар,ұлттық ыдыстар,тағамдар,аспаптар.киімдер.

Ұйымдастырылған іс-әрекеттің барысы:

- Балалар бүгін бізге қонақтар келіпті. Қашанда қонағын сыйлайтын халықпыз. Сондықтан бірінші қонақтарымызбен жақсылап амандасып алайық.

-Сәлеметсіздер ме,

         Шаттық шеңбері:

Ал  балалар  тұрайық,

Үлкен шеңбер құрайық.

Шаңырақты  көтеріп,

Керегені құрайық

Уық болып иіліп,

Бір отбасы болайық .

Тәрбиеші:

- Балалар бүгін көңіл - күйлерің қалай?
 

Қазір жылдың қай мезгілі?

Көктем мезгілінде неше ай бар?

Оларды атап шығыңдар.

Осы кезде топқа өзге ұлт азаматы келеді.

-Саламатсыңдарма балалар мен шет елден келген саяхатшы боламын.Мен Қазақстан деген елді мекенді көргім келіп,саяхаттап келдім.Қазақ халқының ұлттық құндылықтарымен,тұрмыс тіршілігімен  танысқым келеді маған көмектесесіңдер ме?

Тәрбиеші: Сәлеметсіз бе,әрине келіңіз,төрлетіңіз!Біздің қазақ халқы өзінің  қонақжайлылығымен ерекшеленеді.Балалар шет елден келген қонағымызға өзіміздің  ұлттық құндылықтарымызды таныстырайық.

 

Ұлттық құндылықтарға шолу жасау.

-Бір ұлтты екінші ұлттан ерекшелендіріп  тұратын ол әр ұлттың ұлттық құндылықтары. Бір ұлтты екіншілерінен ерекшелендіріп тұратыны оның: тілі, ертегілері, мақал-мәтелдері,  әдет- ғұрпы, салт-санасы, мәдениеті, өнері, тағамдары, ұлттық қолөнері, тұрмыстық бұйымдары, ұлттық ойындары, т.б. өзгелерге

 

ұқсамайтын қасиеттері. Осылардың бәрі – ұлттық құндылықтарға жатады. Ұлттық құндылықтарды әр ұлттың ата-бабалары өздерінің өмір сүру салтына байланысты шығарып, пайдаланып, дамытып ұрпақтарына мұра етіп қалдырып отырған. Сондықтан ұлттық құндылықтар сол ұлттың меншігі болып есептеледі. Оны әр ұлттың ұрпақтары сақтап, заманына қарай дамытып отырулары керек. Егер халық өздерінің ұлттық құндылықтарын жоғалтып алса, ол халық – «ұлт» деп саналмайды. Сондықтан әр ұлт өздерінің ұлттық құндылықтарын сақтауға тырысады, әрі қорғайды.

Қонағымызға,  ұлттық ыдыстарды,киімдерді,тағамдарды,ойындарды ,бұйымдарды көрсету,түсіндіру. Өзге ұлт өкіліне ұлттық құндылықтарымызды әрі қарай түсіндіру үшін, ұлттық құндылықтар туралы  дидактикалық ойындар ойнату.

Ортада дөңгелек үстелдің үстінде шаңырақтың суреті оның уықтарында тапсырмалар берілген сол тапсырмаларды кезекпен орындайды.

Дидактикалық ойындар:

І ойын: (топтық жұмыс)

     1.«Асықтарды түсіне қарай сәйкестендір»

        Шарты:

1.Балалардың алдына түрлі-түсті  шеңбер беріледі,сол шеңбердегі түске байланысты асықтарды  қыстырғыш арқылы сәйкестендіреді.  

2. Балалардың алдына шаршыда асықтардың көлеңкесі беріледі,сол көлеңкеге  және түсіне байланысты асықтарды орналастырады.

     2. «Асықтарда берілген пішіндерді дұрыс орналастыр.»

Шарты: Асықтарда берілген пішіндерге  байланысты, алдын-ала қиылған пішіндерді, пішініне және түсіне қарай  орналастыру.

ІІ ойын: (жұптық жұмыс)

«Алаша құрастыру»

Шарты: Бөліктергебөлінген суреттерденалаша құрастыру.

«Оюлардың көлеңкесін тап»

Шарты: Оюлардың көлеңкесі берілген ,оюларды көлеңкесіне қарай орналастыру.

«Ұлттық аспаптардың көлеңкесін тап»

 

 

 

 

Шарты: Ұлттық аспаптардың көлеңкесі берілген ,аспаптарды көлеңкесіне қарай орналастыру.

      4.«Оюдың жартысын тап»

           Шарты:Оюлардың жартысы  берілген,келесі жартысын табу.

 

ІІІ ойын: (жеке жұмыс)

    1.«Киіз үйде не  бар?» шам әдісі арқылы.

     Шарты: Шам әдісі арқылы киіз үйдің ішіндегі ұлттық құндылықтарды атап шығу.

 

Сергіту сәті: Ойын: «Ою-өрнек» кубик әдісі арқылы.

     Шарты: Кубикте оюлар бейнеленген ,кубикті лақтырғанда түскен ою бойынша      балалар секіреді.

ІV ойын: (жұптық жұмыс)

«Асық ату»

Шарты: Асықты шерту арқылы келесі бетке өткізу,кім көп асық жинайды, сол жеңімпаз ұл балалар ойнайды.

«Асықтарды санына қарай  дұрыс орналастыр»

Шарты: 1-ден 5-ке дейін сандарберілген, сол сандар бойынша асық жинайды.

V ойын: (жеке жұмыс)

1.Ұлттық құндылықтарды топтастыру.

Шарты: Ұлттық құндылықтарды топтастырады және ол туралы айтып береді.Осы ойын арқылы  іс-әрекетімізді қортындылаймыз.

Шет елден келген қонағымызға  ұлттық тағамымыздан ауыз тиюді ұсынамыз.

Менің кететін уақытым болды,Қазақстан деген керемет жер екен деп алған әсғрімен бөлісіп ,қоштасады.Сау болыңдар!

Атым – қазақ, текті батыр ұланбыз,
Қадірлейміз қазағымның мұрасын.
Әдептілік – сұлулық пен теңдессіз,
Дәріптейміз ата дәстүр бұлағын - деп келген қонақтармен қоштасады.

- Сау  болыңыздар!



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
19.02.2025
159
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі