ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІ
Шымкент қалаСЫНЫҢ білім басқармасы
«БОЛАШАҚ» ЖОҒАРЫ колледжі
КУРАТОРЛЫҚ САҒАТ
Тақырыбы: Ұлттық рәміздер-ел мақтанышы

Шымкент
Тақырыбы: «Ұлттық
рәміздер – ұлттық
мақтанышымыз»
Мақсаты:
І. Елтаңба, Ту, Әнұран туралы түсініктерін нығайту. Рәміздердің пайда болуы және тарихтағы маңызы жайлы түсініктерді дамыту.
ІІ. Білім алушылардың есте сақтауын дамыту, өз ойын дұрыс жеткізуге ынталандыру.
ІІІ. Білім алушыларды Отансүйгіштікке, адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеп, құрметтеуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: кураторлық сағат
Кіріспе бөлім:
Отанымыздың ұлттық мақтанышы – мемлекеттік рәміздерге арналады. Онда мемлекетіміздің рәміздері туралы білімдерімізді толықтырып, құрметтеуге үйренеміз. Кез келген мемлекеттің айшығы – мемлекеттік рәміздері екені белгілі. Бізде бүгінгі сабағымызды еліміздің Гимнімен бастайық. (Гимн орындалады)
Елін, жерін сүю мен Отанға деген адалдықтың бір белгісі – мемлекеттік рәміздерімізді қадір тұту болып табылады. Жас ұрпақты елжандылық негізде тәрбиелеуде де мемлекеттік нышандардың алар орны ерекше. Олай болса, рәміз дегеніміз не?
Рәміз – белгілі идеяны білдіретін белгі, бейне. Адамға ой-пікір туғызады. Ортақ түсінік бойынша, орақ еңбекті, таға бақытты, зәкір (якорь) үмітті, лира музаны, арыстан құдіретті бейнелеген көкшіл жалау бейбітшілік рәмізі. Рәміздік белгілер ғасырлар бойы дами келе мемлекеттік рәміздерге (ту, елтаңба, гимн) айналды.

Ту – тұтастық пен бірліктің, ынтымақтың құдіретті белгісі. Ол елдік пен егемендікті дүниеге паш етіп тұрады.

Елтаңба – мемлекеттік мөрлерде (облыс, қала, мекеме), алтын, күміс ақшаларда бейнеленген ажырату белгілері.

Гимн – өлеңге жазылған салтанатты ән.

Ту – тұтастық пен бірліктің,
бейбітшілік пен тәуелсіздіктің
белгісі.
Елтаңба
– мемлекеттің ресми айырым
белгісі.
Әнұран
– халықтың рухын
асқақтататын салтанатты ән.
«Отан» жайлы мақал-мәтелдер
1. Отан отбасынан
(басталады)
2. Отан үшін отқа түс, (күймейсің)
3. Отан - елдің анасы, (Ел - ердің анасы)
4. Туған жердей жер болмас, (Туған елдей ел
болмас).
5. Отанды сүю- (отбасынан басталады)
6. Отан оттан да (ыстық)
7. Отансыз адам - (ормансыз бұлбұл)
8. Отан үшін күрес (Ерге тиген үлес)
9. Ел іші - (алтын бесік)
10. Тіл- тәуелсіздік (тірегі)
Отан – жерім, Отан - суым,
Отан қуат, нәр береді..
Отан - ұран, Отан - туым
Отан мәңгі гүлденеді - демекші, тәуелсіздігіміз тұғырлы болып,
еліміздің символы – мемлекеттік рәміздерді қастерлеп, құрметтеу
бәріміздің міндетті парызымыз болып
саналады.
«Мемлекттік рәміздер – еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін паш ететін нышандар. Бұл рәміздер біздің мемлектіміздің өткені, бүгіні мен болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын бейнесі.
Мемлекеттік рәміздер - халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер. Желбіреген аспан түстес байрағымыз халқымыздың арманын асқақтатып, қыран бүркіттей елімізді аспан әлемінде қалықтап тұр.
1-бөлім: Туымен - Тұғырлы, Елтаңбасымен
- Еңселі, Әнұранымен айбатты ел!
«Көк
аспан» тобы тұғырлы Туымыз туралы
жинаған деректерін ортаға салады.
Мемлекеттік туымыз бірыңғай көгілдір түсті. Бұл түс төбедегі
бұлтсыз ашық аспанды елестетеді. Бұлтсыз ашық аспан әрқашан да
бейбітшіліктің тыныштық пен жақсылықтың нышаны. Көк түс –Қазақстан
халқының бірлік,ынтымақ жолына адалдығын білдіреді.
Нұрға малынған алтын күн тыныштық пен байлықты бейнелейді. Күн –
қозғалыс, даму, өсіп өркендеудің, өмірдің бейнесі. Қанатын жайған
қыран құс –бар нәрсенің бастауындай, билік, айбындылық
бейнесі.
Күннің астындағы қалықтаған қыран елдің еркіндік сүйгіш асқақ рухын,қазақ халқының жан дүниесінің кеңдігін жария етеді. Ағаш сабына бекітілген тұстағы тік жолақ ұлттық оюлармен өрнектелген. Күн, қыран, ою-өрнек алтын түсті.
Тудың авторы еліміздегі дизайнерлік өнердің ірге тасын калаушылардын бірі, Чехославакияда өткен (1961ж.) халыкаралық дизайнерлер байқауының алтын жүлдегері, Алматы қаласының бас суретшісі Шәкен Оңдасынұлы Ниязбеков ағамыз.
Әнұран.
Кез келген мемлекеттік рәміздердің ең маңыздысы – Әнұран. Әнұран мемлекеттің салтанатты әні. Ол халықты әйгілі етеді. Оның сөздерінде халықтың мыңдаған жылғы тарихы, бүгінгі өмірі мен келешек арманы айтылған. Әнұранды түрегеліп, жүректің тұсына қолдарын қойып айтады. Бұл өз мемлекетіңе деген құрметті көрсетеді. Халық өмір салтын бүгінгі тіршілігі мен келешек армандарын, мың жылғы тарихын осы әнге сыйғызған.
1986 жылы «Менің Қазақстаным» бостандық аңсаған қазақ жастарының бейресми әнұраны болған еді.
Алғашқы рет Қазақстан Республикасының Әнұраны ретінде
«Менің Қазақстаным» әні 10 қаңтарда 2006 жылы, Елбасын ұлықтау рәсімінде орындалды.
2- бөлім: :
1.Мына сөздерден басқа сөздер жазыңдар:
Елтаңба
Байрақ
Әнұран
Ел
Бай
Ән
Таңба
ай
Ұра
Таң
қар
Ұн
Аң
ар нан
3-бөлім. «Кім зерек?» тапсырмасы.
Мемлекеттік рәміздердің белгілері туралы айтады, білім алушылар қай белгі туралы екенін анықтайды.
-
Төлқұжатта, туу туралы куәлікте, орта білім туралы аттестатта құжаттарда бейнеленген (Елтаңба)
2. Президент резиденциясында, Үкімет үйінде ілулі тұрады. Барлық мекемелерде бар. (Ту)
3. Республика,облыс, аудан көлеміндегі маңызды салтанатты мәжілістерде орындалады. .(Әнұран)
4. ҚР Мемлекеттік ту қандай жерлерге ілінеді? -
Мемлекеттік Ту ҚР Парламентінің, Үкіметінің, министрліктерінің, мемлекеттік комитеттері мен өзге де орталық атқарушы органдарының, Елбасына тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың, Конституциялық Кеңесінің, Жоғары Сотының және басқа да соттарының, бас прокуратурасының, Ұлттық Ғылым академиясының, мәслихаттарының, жергілікті атқарушы органдарының ғимараттарында, сондай - ақ еліміздің дипломатиялық және сауда өкілдерінің, Конституциялық мекемелерінің орналасқаи жерлерінде ұдайы тігіледі
Қорытынды: Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу тәуелсіз Қазақстанның әрбір азаматының қасиетті борышы. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – елді, халықты, тарихты, әдет- ғұрыпты, салт- дәстүрді қастерлеу болып табылады.
Қазақстан: Туымен-Тұғырлы,
Елтаңбасымен- Еңселі
«БОЛАШАҚ» ЖОҒАРЫ колледжі, ЖМ
БҚҚ-9г-25 тобының кезекті отырысының
№ ХАТТАМАСЫ
Шымкент қ. Желтоқсан 2025 жыл
Қатысқандар:
Күн тәртібі:
-
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы ақпарат беру.
-
Ұлттық рәміздердің мағынасы мен тарихына шолу.
-
Білім алушылар арасында сұрақ-жауап, пікірталас ұйымдастыру.
-
Қорытындылау.
Тыңдалды: Топ жетекшісі Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері жөнінде түсіндірме жұмысын жүргізді.
-
Тудың авторы, түстері мен элементтерінің мағынасы талқыланды.
-
Елтаңбаның құрылымы мен символдық мәні түсіндірілді.
-
Әнұранның авторлары мен мазмұндық мәні айтылды.
-
Отансүйгіштік, ұлттық бірлік, мемлекеттік рәміздерді құрметтеу туралы ой бөлісті.
Жарыссөз: Білім алушылар сұрақтарға жауап беріп, рәміздердің ел үшін маңызы туралы пікір алмасты.
Артур: «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері – елдің тәуелсіздігін, бірлігін және рухани құндылықтарын бейнелейтін аса қастерлі белгілердің бірі. Ұлттық рәміздер туралы бүгінгі кураторлық сағат біздің білімімізді кеңейтіп қана қоймай, Отанға деген құрметімізді арттырды. Ту, Елтаңба және Әнұранның әрбір элементі терең мағынаға ие екенін тағы бір мәрте түсіндік. Болашақ маман ретінде рәміздерді құрметтеу, оларды қорғау – біздің азаматтық парызымыз деп есептеймін.»
Сымбат: «Ұлттық рәміздер – Қазақстанның тәуелсіздігі мен мемлекет ретіндегі тұтастығын айқындайтын басты нышандар. Кураторлық сағат барысында рәміздердің тарихы мен олардың әрбір бөлшегіне берілген мағыналар туралы маңызды ақпарат алдық. Мен үшін Елтаңбадағы шаңырақ – халықтың бірлігі мен ортақ мақсатқа ұмтылуын білдіреді. Жастардың рәміздерді білуі, құрметтеуі және оның мәнін терең түсінуі – ел болашағы үшін маңызды деп санаймын.»
ҚАУЛЫ:
1. Білім алушылар мемлекеттік рәміздер туралы білімдерін тереңдетсін.
2. Топ жетекші топ ішінде патриоттық бағыттағы іс-шараларды жалғастырсын.
3. Білім алушылар рәміздерді құрметтеу — әр азаматтың парызы екенін есте сақтасын.
Топ тәлімгері: Сеитова Г.А.
Хатшы: Асан А.

жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ұлттық рәміздер – ұлттық мақтанышымыз!

шағым қалдыра аласыз