400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ұлттық рухты қалыптастыруда Бауыржан Момышұлы афоризмдерінің психологиялық құндылықтары

Материал туралы қысқаша түсінік
Бауыржан Момышұлы – жалпы адам баласының, абзал қасиеттері бар азамат тәрбиесін отыз ойланып, тоқсан толғанған парасатты ойшыл. Мәңгілік даңқ тұғырына қондырылған Алаш елінің жиырмасыншы ғасырдағы бас батыры, біртуар ардағы Бауыржан Момышұлы Ұлы Отан Соғысы кезінде үлкен ерлік көрсетіп, артына өшпес із қалдырды[1, 25 б].
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұлттық рухты қалыптастыруда Бауыржан Момышұлы афоризмдерінің психологиялық құндылықтары



Бауыржан Момышұлы – жалпы адам баласының, абзал қасиеттері бар азамат тәрбиесін отыз ойланып, тоқсан толғанған парасатты ойшыл. Мәңгілік даңқ тұғырына қондырылған Алаш елінің жиырмасыншы ғасырдағы бас батыры, біртуар ардағы Бауыржан Момышұлы Ұлы Отан Соғысы кезінде үлкен ерлік көрсетіп, артына өшпес із қалдырды[1, 25 б].

Бауыржан Момышұлы – қазақ елінің маңдайына біткен дара тұлға. Оның тұлғасы батырлық пен жазушылық қырынан ғана шектелмейді. Сондықтан да халық қаһарманы Бауыржан Момышұлының азаматтық, шығармашылық әлемін жан-жақтан тануға тырысамыз. Ол – қазақтың намысы, рухы, қазақтың ұлттық ар-ұжданы. Қазақ кім? Қазақ халқы кім?-десе, қай ұлт болмасын Бауыржан Момышұлындай қайсар ұлды еске алары сөзсіз. Сонау бір жылдардағы зұлмат кезеңнің өзінде Бауыржан Момышұлы өзінің ұлттық рухын, ұлттық намысын сақтап қалған бірегей тұлға. Ұлы тұлғаның бойына біткен асыл тәрбие алашшыл азаматтардан дарыған деп есептейміз. Жүз жыл, тіпті, бірнeшe ғасыр өтсе де, Бауыржан Mомышұлы айтқан әрбір қағида, өнеге, дана сөз ұрпақ жадында мықтап сақталары хақ. Батыр бойындағы намыс пен өр мінез оның қайталанбас ерлігінен ғана емес, шығармаларынан көрініс табады.Осы орайда «Қазақты тану үшін, алдымен, Абай мен Бауыржан ілімдерінен сусындау керек...»[1, 25б] - деген ғалым Мырзахмет Мекемтасұлының сөзін ескере отырып, қазіргі жаһандану үдерісінде қазақ қоғамында, әсіресе келесі ұрпаққа салт-дәстүрді насихаттап, ата салтын жалғастыру үшін ұлттық тәрбие беруде ұлт қолбасшысының шығармаларындағы афоризмдерді тәрбие құралы ретінде пайдаланудың маңызы зор.

«Сөз - халқымыздың қымбат асыл байлығы. Мен оларды көзіме адамдар тәрізді, оның ішінде солдаттар сияқты елестетем. Олардың да жаны бар, қаны бар. Олар өмір сүреді. Жақсы жазушы - үздік қолбасшымен бірдей. Сөздердің басын қосып, жұмылдыра біледі. Ал, ынтымақпен бірігіп, жалын атқан сөздерден күшті нәрсе жоқ. Батыр да дара емес, елімен ер емес пе? «Қаһарман сөз қамал бұзады» деген мақал осыдан шыққан. Мұның шындығын мен көкірегі дана қариялардан құлақпен естіген жан ғана емеспін, көзіммен көріп, куә болған да адаммын[2, 61б]-деп Бауыржан атамыз сөзді солдатқа теңей отырып, сөз құдіретінің күштілігін дәлелдейді. Сондықтан да батыр бабамыздың маржандай нақыл сөздері арқылы болашақ ұрпақ бойына ұлттық құдылықтарды дарыта аламыз.

Бүгінгі жастарға Бауыржан aтамыздың тағылымды ойлары рухани aзық болары анық. Қиын-қыстау кезеңде болаттай берік төзімділік көрсету, қарaмағындағы жауынгерлерге қaмқор бола білу бaтырдың қадір-қасиетін арттыра түседі.

Қазақ халқының жауынгерлік психологиясы, жау жүрек батырлығы мен ерлігі, қаһармандығы, қолбасшылық қабілет-қарымы, әскерлерді ерлік жасауға жұмылдыра білу қасиеті, шешендігі мен әмір ете білушілік сипаты бұрын-соңды дәл Момышұлындай ешбір тұлғада көрініс таба алған жоқ[3].

Батыр көптеген психологиялық қасиеттерді өз бойынан көрсете отырып, психологиялық ұғымдар мен түсініктерді (ойлау, қайрат, қорқу, ерлік, ар-ождан, абырой, мінезсіздік, ұят, табандылық, сатқындық, парыз, сабырлық, үрей және т.б.) нақты да дәл әрі айқын түрде өзінің афоризмдері арқылы болашаққа насихаттап кетті десек қателеспейміз.

Олай болса Бауыржан Момышұлының афоризмдерінің психологиялық құндылықтарын анықтау мақсатында екі түрге бөліп қарастырып көрдік:

  1. Жоғары сезімдер: парыз, ержүректілік, сүйіспеншілік, адамгершілік, ұят, ар-намыс, ерлік, батырлық, шыншылдық, қаһармандық.

  2. Төменгі сезімдер: опасыздық, қорқыныш, үрей, қорқыныш, сатқындық, өтірік, салғырттық, мінезсіздік.

Жоғары сезімдерді көрсететін батырдың афоризмдерінен бірінші кезекте өзінің ұлтына, халқына, тіліне деген сүйіспеншілігін көре аламыз. «Өз ұлтын сыйламау, оны мақтаныш етпеу – сатқындықтың белгісі»-деп, ұлтына деген сүйіспеншілігінен басына күн туған қысылтаяң шақта да қаһарман жанның айырылмағандығында. «Менің халқым – жер бетіндегі қасиетті халықтардың бірі. Себебі табиғаты таза, ар-ұжданын саудаға салмаған, адам сүю сезімі сарқылмаған, бұзылмаған, жарылмаған халық. Бір сөзбен айтсам, ақын халық»- деп батыр қазақ халқының қасиеттерін ерекше бағалай отырып, ұлтын зор мақтаныш тұтады.

Ұлттың ұлт болып өмір сүруі үшін тілдің қажеттілігін батыр Бауыржан білді. Тіл - ұлт қасиетін айқындайтын белгі, ұлттық салт-сана өзегі екендігін «Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған ана тілімізді ұмыту - бүкіл ата-бабамызды, бар тарихымызды ұмыту», «Өз ана тілінде тілі шықпаған баланың соры қайнайды. Кейбіреулер қазақтың баласының қазақша сөйлегенін таңсық көргенде намыстанып жарыла жаздайсың. Өзге тілді білу - артықшылық, ана тілді білу – міндетің», - деп жас ұрпаққа ана тілінің құндылығын, оны сақтаудың маңыздылығын көрсетеді.

Келесі кезекте ер азаматтың жағымды-жағымсыз мінез-құлқын сынай отырып, тәртібін, елі үшін еткен еңбегін, ерлігін де ерекше бағалап, оларға жігер, рух беріп отыратын «Ел дегенде еміреніп, жұрт дегенде жұмылып қызмет ет», «Тәрбиелі адам – тәртіптің құлы, тәртіпті адам – елдің ұлы», «Отан үшін отқа түс – күймейсің!», «Намысты нанға сатпа» , «Қарабет болып қашқанша - қайрат көрсетіп өлген артық», «Ерлік - елдің қасиеті, жүректілік - жігіттің қасиеті» «Қорқақ қаққа шөгіп өледі», «Сабырлық алдында дұшпан сасады, Сабырсыздан береке қашады», «Қайратыңа әдісіңді жолдас ет, әдісіңе ақылыңды жолдас ет», «Жігіт болсаң, жігеріңді жасытпа, қайратыңа қайта мін», «Мейірім болмаса сүйе де алмайсың» »[4,102б], сияқты өсиетті нақыл сөздері ер адамға тән мінезділікті, ерлікті, күш-қайратты, табандылықты, өзін-өзі ұстай білуді, мінезсіздіктен, салақтықтан, қорқақтықтан, абыройсыздықтан аулақ болуды насихаттайды.

Бауыржан Момышұлы жалпы Шығыс халықтарына тән үлкенді құрметтеу, сыйлау, ар-ұят, ата-анаға құрмет, бауырмалдылық, имандылық сияқты ана сүтімен қанға сіңіп, дағдыға айналатын жауынгерлік қасиеттердің психологиялық астарларын « Ата-ана қадірін білмеген - ел қадірін біле алмас, ел қадірін білмеген - ата-ана қадірін біле алмас», «Өзін сыйламаған басқаны сыйлауға қабілетсіз», «Ананың әлдиін білмеген – ұл болмайды», «Үлкенді – ізетте, кішіні – күзетке», «Ар – парыздың бақылаушысы, адам қызметін реттеп отырушы», «Сын сағатта, ауыр күндерде бауырмалдық пен ынтымақтастық нығаяды, бекиді, қатая түседі», «Ар өмірден қымбат, масқаралық пен абыройсыздық өлімнен жаман – нағыз солдаттың ар-ұяты кез келген сыртқы мәжбүр етуден де қатал», «Кішіпейілділік – адамгершілік көркі»[4,112б], - деп көрсетеді.

Бауыржан Момышұлының афоризмдерінен төменгі сезімдерді яғни, мінез-құлықтың бір сипаты - адамның жағымсыз қасиеттерін көре аламыз. Жалпы, адам бойындағы жағымсыз қасиеттер аз сыналмаған. Бауыржан Момышұлы сатқындық, опасыздық, сауатсыздық, өтірік, әлсіздік, қорқақтық жайлы былай дейді: «Өтірік – ақырында тіпті нағыз шындыққа сәйкес келетін ресми материалдарға да сенімсіздік тудыратын ең зиянды у», «Өтірік – зиян, кесір», «Сауатсыз жазушының кейіпкері надан болып шығады», «Қазіргі әншілер қайғыны биге, қасіретті арзан күлкіге, мұңды қуанышқа айналдырып жіберді», «Сайқал ғана бетіңе қарап қылмыңдайды», «Әлсіз ерік-жігер – жеңіліске ұшыраудың хабаршысы», «Күншіл өзінің кескін келбеті жағынан әрқашан да өзі күндеп жүрген адамнан төмен тұрады», «Әлсіз ерік-жігер – жеңіліске ұшыраудың хабаршысы», «Мінезсіздік – ойлаудың айқын еместігі». Бауыржан Момышұлының бұл пікірлерінің кесектігі мен ірілігі, тұжырымдарының жаңашылдығы мен терең талдаулары-оның қолбасшылық қасиетінің даралығы мен жан дүниесінің кеңдігін, асқан жаңашылдығын байқатады. Осы ой-пікірлері арқылы жас ұрпақтың бойында ұлттық рух, ерлікке ұмтылыс және патриоттық сезім қалыптасады және оларды адал еңбекпен өмір сүруге, халыққа, қауымға адал қызмет етудің, жақсылық жасаудың, жамандық біткеннен жиренудің қағидаларын ұсынды.

Қорытындылай келе, Бауыржан Момышұлының жауға деген қаттылығы мен досқа деген адалдығы ұштасуынан туындаған қанатты сөздер бүгінгі таңда қазақ жастарының арасында адалдық пен шыншылдық, намысқойлық пен қара қылды қақ жарған турашылдық секілді адамның асыл қасиеттерін насихаттайды. Сондықтан мақаладағы Бауыржан Момышұлының қанатты сөздері бүгінгі қоғамға ауадай қажет екенін білдіргім келеді. Тарихи тұлға – Бауыржан Момышұлының қанатты сөздерін жастарымыздың санасына дарытып, дара тұлғаның өнегелі ойларын тереңінен зерттеп, дәріптеудің бүгінгі салиқалы ұрпақ, біздер үшін маңызы өте зор деп білемін. Ол үшін әрқайсымызға Бауыржан ағамыздай күрескер рух, көкіректе сөнбейтін сәуле, таудай талап пен жасымайтын жігер керек[5,53б].


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі



  1. М. Мырзахметов. Бауыржан батыр.– Алматы: Жалын, 1991. – 352 б.

  2. Б Момышұлы. Ана тілім - ардағым. - Алматы: Қазақстан, 1990.

  3. www.ulagat.com

  4. Б. Момышұлы. Шығармалар жинағы 1, 2 т Алматы «Мектеп» 2001ж.

  5. «Ұлағат» журналы. 2015.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
2 қараша
113
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі