Ұлттық саздың жаңа тынысы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ұлттық саздың жаңа тынысы

Материал туралы қысқаша түсінік
Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы




ҰЛТТЫҚ САЗДЫҢ ЖАҢА ТЫНЫСЫ

ҚУАНДЫҚ ДАНАГҮЛ СЕЙІТЖАҒЫПАРҚЫЗЫ

268 мектеп лицей

Елі үшін рухани өмірінде ерекше із қалдырған біртуар тұлғалардың бірі – Нұрғиса Тілендиев. Ол – қазақ музыка өнерін жаңа белеске көтерген. Ұлттық мәдениетті әлемге танытқан композитор, дирижер, күйші әрі оркестр жетекшісі. Оның шығармашылығы халқымыздың тарихы мен рухын терең бейнелеп, көптеген ұрпақтың жүрегінен орын алды. Келер ұрпаққа білімділік, тәрбиелік, дамытушылық бағыттар арқылы музыкалық теориялық білімді тереңдету және орындаушылық шеберлігін жетілдіру, қазақ музыка өнерінің мәдени және рухани құндылықтарын кеңінен насихаттау. Тыңдау арқылы есту қабілетін, музыкалық эстетиканы және аспаптық өнерге деген құштарлықты дамыту.

Атабайұлы Нұрғиса Тілендиев 1925 жылдың сәуірдің бірі күні Алматы облысына қарасты Іле ауданындағы Шилікемер ауылында туған Ол кішкентайынан музыкаға бейім болып өсті. Әкесі Атабай домбырашы, анасы Салиқа сырнайшы болған. Бала кезінен домбыраға деген ерекше махаббатпен өсіп, өнерге ерте қадам басты. Алты жасар Нұрғисаның домбырада шебер ойнағанын байқаған Ахмет Жұбанов оны музыка училищесіне оқуға үгіттейді.

Зұлмат кезең басталған уақытта 1943 жылы Нұрғиса төлқұжатына екі жас қосып соғысқа аттанады. "Соғысқа өзі сұранып барған қазақтың бірімін": деген екен Тіленді ұлы Нұрғиса. Ол Берлинді алғанға дейін яғни 1945 жылдың 9 мамырына дейін соғысқан, аман қалған. "Ерлігі үшін!", "Берлинді алғаны үшін!" және "Ұлы Отан соғысындағы жеңісі үшін" медальдерына ие болды..

1948 жылы Нұрғиса Тілендіұлы 1948 жылдан Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік консерваториясында білім алады. Екі жыл ұлт аспаптары бөлімінде шыңдала түседі. Оқуды бітіріп, Нұрғиса Мәскеу консерваториясына оқуға барады, және ол осы оқу орнына түскен алғашқы қазақ Нұрғиса Атабайұлы еді. Консерваторияны бітірген соң Абай атындағы Қазақ опера және балет театрының бас дирижері қызметіне бекітілді.. Театрдағы кезде "Ортеке" (1957) балет-поэмасына, "Достық жолымен" (1958) балетіне, "Менің Қазақстаным" (1959) кантатасына дүниеге келді. Осы еңбегі бағаланып ол Еңбек Қызыл Ту орденінің иегері атанды, Қазақ ССР Еңбек сіңірген өнер қайраткері болды. 1950 жылы П.И. Чайковский атындағы консерваторияны бітіріп, кәсіби дирижер және композитор атанды. Оның шығармашылығы қазақтың дәстүрлі музыкасы мен еуропалық симфониялық стильдің үйлесімінен тұрады.

Ұлттық музыкаға жаңаша тыныс берген композитор. 500 астам музыкалық туынды. Түрлі жанрлардағы шығармалар.( ән, күй, опера, балет, поэмалар) Алтын Қорда опералар, увертюралар сақтаулы. Атап айтсақ, «Достық жолымен», «Менің Қазақстаным», «Алтын таулар» опералары.

Қазақ музыкасының керемет туындыларын жаңашалап, халық назарына ұсынған «Отырар сазы» оркестрі қазақ өнерін көкке көтерген дүние еді. Домбырадан бастап барлық ұмытыла бастаған аспаптардың үнін қосқан оркестрге алғаш жан бітірген Халық Қаһарманы атағына ие, КСРО халық әртісі атағын алған, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты атанған, композитор Нұрғиса Тілендиев болатын.

Нұрғиса Атабайұлының музыкалық-педагогикалық инновациялары болып "Отырар сазы" оркестрі – инновациялық мектебі табылады. «Отырар сазы» – ұлы дала сазын жаңғыртқан оркестр. 1980 жылы құрылған бұл халық аспаптары оркестрі ұлттық аспаптарды қайта жаңғырту миссиясын атқарды. Бастапқыда ансамбль ретінде құрылып, кейіннен академиялық фольклорлы-этнография­лық оркестрге айналды, Композитордың жаңашылдығы ұлттық музыкалық аспаптарды (жетіген, қобыз, қос ішекті, үш ішекті домбыра, сазсырнай т.б.) академиялық оркестр құрамына енгізді және оларды жетілдіру арқылы жаңа дыбыс палитрасын қалыптастырды. Ұлы тұлғаның педагогикаға жасаған маңыздылығы музыканттарды ұлттық аспаптарда кәсіби деңгейде ойнауға үйретті, дирижерлік және аранжировка жасау тәсілдерін дамытты. Бұл – қазақ музыкасын орындау мектебіндегі жаңа бағыт болып табылды. 1994 Солтүстік Кореяда ұйымдастырылған дүниежүзілік өнер фестивалінде “Отырар сазы” ең жоғары жетістікке қол жеткізіп алтын жүлдемен оралды. Еткен еңбегі бағаланып оркестрге 1999 ж. Нұрғиса Тілендиев есімі, 2000 ж. Академиялық атаққа ие болды. Бұл оркестр қазақтың ұлттық аспаптарын жаңа деңгейге көтеріп, дәстүрлі музыканы заманауи сахнаға шығарды. Оның «Ата толғауы», «Аққу», «Махамбет», «Құстар қайтып барады» сияқты шығармалары халықтың жүрегіне жол тапты. «Отырар сазы» 1984 жылы Алматы қаласында ұйымдастырлған Бүкілодақтық фестивальға жолдама алды. Мәскеу қаласындағы ұлы композитор П.И.Чайковский атындағы үлкен концерт залында өнерлерін паш етіп, үлкен қошеметке ие болды. Бүкілодақтық Комсомол сыйлығының лауреаты атағын 1985 жылы алды.

Нұрғиса Атабайұлы Тілендиев Алматы қаласындағы "Қазақфильм" киностудиясында музыкалық редакциясының бас редакторы болып 1968-81 жылдары бекітіледі. Алғашқы қазақ мультфильмдерінің атасы Әмен Қайдардың "Қарлығаштың құйрығы неге айыр?", "Ақсақ құлан" сияқты аңыз ертегілеріне музыка жазған. Сонымен қатар, Нұраға "Менің атым Қожа", "Қилы кезең", "Қыз Жібек" сияқты қазақ фильмдерін әуенмен әрлеген. Бұл оның композиторлық шеберлігінің тағы бір дәлелі. Осы шығармалар арқылы ол қазақтың ұлттық болмысын кең мағынада терең жеткізе білді.

Нұрағаның ұлттық дәстүр мен заманауи үлгінің синтезі инновациясы: Халық күйлерін, әндерін және өзінің шығармаларын симфониялық үлгіге жақындата отырып, оркестрлік өңдеуден өткізу. Бұл қазақ музыкасының ауқымын кеңейтіп, оны әлемдік классикалық музыка тыңдармандарына таныстыруға мүмкіндік берді. Педагогикалық тәжірибе: Шәкірттерді классикалық және халықтық музыканың озық үлгілерін меңгерте отырып, екі мәдениетті ұштастыруға тәрбиелеу. Музыкалық ойлау қабілетін дамытудың жаңа тәсілі.

Күйшілік өнердегі инновация: Н. Тілендиевтің домбырада күй тартудағы өзіндік терең, жүрекпен тартылатын, "құлақпен сіңіріп" орындау мәнері . Педагогикалық тәсіл: Шәкірттерге тек техникалық шеберлікті ғана емес, сонымен бірге күйдің мәнін, философиясын және рухын сезінуді үйрету. Яғни, орындаушыны тек орындаушы емес, шығармашылық тұлға ретінде қалыптастыру. Нұр ағаның әр шығармасы философиялық ой тастайды. Мысалы: «Көш керуен» бұл тек әуен емес, бұл өмірдің мәңгілік ағысы, ұрпақтар сабақтастығы туралы терең ойлардың музыкалық көрінісі. Өмірдің өткінші табиғаты мен адамның рухани сапары туралы терең ой жатыр. Музыканың адам жанына әсер ету күші, ұлттық мәдениеттің мәні мен маңызын ұғындырады. Әрбір дыбыста халықтың тарихы мен болашағы айтылғандай.

Н.Тілендиев мұрасының қазіргі педагогикадағы рөлКомпозитордың әндері мен күйлерінің бүгінгі музыка мектептері мен жоғары оқу орындарындағы оқу бағдарламаларындағы орны.

Н.Тілендиев атындағы мектептердегі дәстүрлі және инновациялық білім беру тәсілдері (мысалы, Талдықорғандағы музыка мектебі). Оның мұрасы арқылы жастарды отансүйгіштікке, ұлттық өнерді қастерлеуге тәрбиелеу.

Ғылыми - зерттеу және тәжірибелік сабақтың нәтижелері: Музыкалық қабілет - оқушылардың есту қабілеті, ритм сезімі және музыкалық есте сақтау қабілеті дамиды. Құрмет пен Қызығушылық: Ұлттық музыкаға, дәстүрлі аспаптарға деген құрмет пен қызығушылық айтарлықтай артады. Мәдени сапа; Ұлттық мәдениеттің маңыздылығын түсініп, оны сақтауға деген жауапкершілік сезімі қалыптасады.

Шығармашылықты оқыту мен насихаттаудағы негізгі әдістемелік тәсілдер: Лекция концерт Тыңдаушыларға музыкалық шығармаларды орындаумен қатарғ оның тарихы мен мағынасын түсіндіру.

Ансамбльдік Орындау Домбырашылар ансамблінің өнер көрсетуі арқылы үйлесімділік пен орындаушылық мәдениетін қалыптастыру.

Теория және Тәжірибе Музыкалық теориялық білім мен практикалық орындаушылық тәжірибені бірлестіре оқыту.

«Өмірімде қазақ музыкасына көп еңбек еткен композиторлар А.Жұбанов, Л.Хамиди, М.Төлебаев, Б.Байқадамов сияқты ағалардың әкелік қамқорлығын көп көрдім, мен бақыттымын» дейді екен.

Тілендіұлы Нұрғиса – рухы асқақ қазақ музыкасының әлемге танытқан ұлы тұлға. Өнер адамының өнері ұлттық мәдениеттің баға жетпес байлығы болып қала береді. Музыкадағы жаңашылдығы мен халыққа деген сүйіспеншілігі оның шығармашылығын мәңгілік етеді. Бүгінгі ұрпақ үшін Нұрғиса Тілендиевтің өмірі мен еңбегі – өнеге мен мақтаныштың үлгісі. Н. Тілендиев – қазақ музыкалық өнерінің "Сал-серілік дәстүрінің соңғы тұяғы" ретінде, өзінің шығармашылығымен және ұйымдастырушылық қызметімен музыкалық педагогикаға теңдессіз инновация енгізді. Оның тәжірибесі – ұлттық дәстүрді жаңа заман талабына сай жаңғыртудың және ұрпаққа жеткізудің жарқын үлгісі.

Ұлт рухының мәңгілік мұрасы: Ұрпаққа рухани үлгі. Ұлттық мәдениеттің алтын қазығы. Қазақ музыка өнерінің дамуына қосқан үлесі.

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. «Egemen Qazaqstan» газеті – https: egemen.

  2. Жұмаділов Қ. Тұлға тағылымы: Нұрғиса Тілендиев туралы эссе – Алматы: Раритет 2010

  3. Ғасыр сазын тербеген. Нұрғиса Тлендиев туралы естеліктер 2021

  4. Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8

  5. Қазақ энциклопедиясы - Алматы энциклопедиясы баспасы, 2019

  6. Серік Тұрғынбекұлының естеліктері

  7. Сыбанов Ә. Нұрғиса Тілендиев: Өмірі мен шығармашылығы. – Алматы: Мектеп , 2005

  8. Sputnik Kazakstan

  9. Тілендиев Н, Өмір - өнер жолы, -Алматы Өнер 1987.

  10. Халқының сағынышына айналған Нұрғиса Тілендиев тоқсанға толар еді... 2025



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
29.10.2025
48
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі