400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

ұлттық тәрбие

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге арналған әдістемелік көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы



Сабақтың тақырыбы:

Лексика:Жай сөйлем түрлері. (Виды простых предложений)

Грамматика: Ұлттық тәрбие.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушыларға сөйлемдер туралы түсінік беру, олардың түрлері, сөйлемдегі сөздерді сөйлем мүшелеріне дұрыс талдай білуге дағдыландыру.

Дамытушылық: Жай сөйлем туралы түсініктерін одан әрі дамыту, оқушылардың ой өрісін тіл байлығын дамыту.

Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, сауаттылыққа, еңбексүйгіштікке, бойындағы жақсы қасиеттерді одан әрі дамытуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Сабақтың көрнекілігі: Семантикалық карта, слайд, қосымша материалдар.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

Сәлемдесу

Сабақта жұмыс істеуге жағдай жасау

Сабаққа дайындықты тексеру

Үй тапсырмасын тексеру.

Балалар, үйге қандай тапсырама берілді? (Бір оқушыны көтеріп, үйге қандай тапсырма берілгенін сұрау).

Жаңа сабақты түсіндіру.


Жай сөйлем құрамы мен құрылысына қарай бірнеше түрге бөлінеді.

Простыми называются предложения, выражающие подлежащее и сказуемое. Жай сөйлемдер по своим грамматическим основам делятся на две группы:

С двумя главными членами предложения: подлежащим и сказуемым.


Сөйлем айтылу мақсаты мен интонациясына қарай хабарлы, сұраулы, бұйрықты және лепті сөйлем болып бөлінеді.

Хабарлы сөйлем – айтылу мақсаты хабарлау, суреттеу, баяндауды білдіретін сөйлемнің түрі. Мысалы: Мен жалақы алдым.

Хаббарлы сөйлем (повествовательное предложение) в казахском, как и в русском, повествует, сообщает о каких – либо фактах или явлениях окружающей действительности. Мысалы: Бүгін күн жылы.

Сұраулы сөйлем – жауап алу мақсатымен қарай айтылған сөйлем.

Сұраулы сөйлем (вопросительное предложение) заключает в себе вопрос. В казахском языке сұраулы сөйлем образуется с помошью вопросительных местоимений кім? не? қайда? қашан? и др.

Бұйрықты сөйлем – біреуге бұйыру, тілек – өтініш ету мақсатында айтылған сөйлем.

В побудительных предложениях мы выражаем просьбу, совет, требование, пожелание, запрет, приказание. Мысалы: Отпен ойнама!

Лепті сөйлем – айтушының көңіл күйін (қуану, ренжу, зеку, алу, өкіну т.б.) білдіретін сөйлем. Лепті сөйлем ерекше әуенмен айтылып, дауыс ырғағы сөйлем соңында да көтеріңкі қалыпта болады. Мысалы: Жә тоқтат!

Лепті сөйлем (восклицательное предложение) в казахском как и в русском выражает какие – либо сильные чувства: радость, печаль, удивление, страх, восторг и т.д.


Жай сөйлем түрлері


1 - жаттығу. Берілген үзіндіден жақты сөйлемдерді тауып, және қай мүшеге негізделіп тұрғанын айтыңыз.

Қай халық болмасын адамды өзінің қалыптасқан ұлттық дәстүріне сай құрметпен соңғы сапарға шығарып салады. Бұл марқұмның ата - анасының, балаларының, туған - туысқандарының, бірге қызмет істеген немесе оқыған ұжымның қоғадық ұйымдардың аса абыройлы борышы. Мұның өзі жұрттың бәріне аян қағида болғанымен, оның кейбір ерекшеліктерін біле бермейтіндер де кездеседі. Қайтыс болған азаматты есте ұстаудың, оған қадір - ұүрмет көосетудің бір жолы - үш, жетісін, қырқын, жалан, беру. Демек, марқұмның аза болғанына үш күн, жеті, қырық күн және бір жыл толғанда оның отбасы туған - туысқандарын, жолдастарын жинап, еске түсіреді.

2- жаттығу. Берілген мәтіннен толымды, толымсыз сөйлемдерді тауып, толымды сөйлемнің астын бір, толымсыз сөйлемнің астын екі сызықпен сызып көрсетіңдер.

Қаншама байдың қаншама қойын қасқыр да тамақтап кеткен, ал Абайдың осы кісілігі ел есінде қалды, міне, жүз жыл өткесін де біз оны әңгіме етіп отырамыз. "Бергенің - арттырғаның, тыққының - жоғалтқаның" деген осы.

Сонымен қатар сараң байлар да жеткілікті болатын. Қансыларын боқтап - балағаттап, жекіп, жұмсап, оларға шыр бітірмеуге тырысатын, тек "өзімнің ғана ауызыма қарап отырсын"деп қысқа ойлайтын. Бірақ ондай байлардың да жаман атағы ел ішіне тез тарап, олар абырой иесі бола алмайтын. Байдың кедейлерге сауып ішуге қой бергенін, көшке көлік түйе бергенін, мініске ат бергенін, тек кедейдің еңбегін қанау үшін берілді деп түсіндіретін.

3 - жаттығу. Мына құрмалас сөйлемдерден жай сөйлем жасаңдар.

1)Мұны біз білмедік те, ата - анамыздан ескерту алдық.

2)Іңір де түсті, балалар да үйлеріне кірді.




Бекіту тапсырмалары:


1 – тапсырма. Төмендегі мәтіннен арнаулы сұрақ пен жалпы сұрақты ажыратыңдар.

Кімнің баласысың?

Нүркеннің баласымын.

Қай Нүркеннің?

Біздің ауылда бір – ақ Нүркен бар.

Жұмбайдың Әкесі ме?

Сол.

Өз атың кім?

Болат.

Жұмабай үйде ме?

Үйде.

Ендеше, бізді баста үйіңе

Ал енді қайтпексіз?

Қайтпек керек, ақылға келетін іс көрінбейді ғой.

Не көрінді сендерге? Неге ұлығасыңдар? Адамшылықтарың қайда? Кілең бағыланды қолдан тізіп беріп, үйде тыныш отырмақсыңдар ма? Неге ізденбейсіңдер, неге жұртшылық қылмайсыңдар? – деп, денелі келген қара торы әйел шаптығы сөйлеп, көз жасына бұлығып жылап та жіберді.

Бәсе десейші, сүйтпес пе.


2 – тапсырма. Лепті сөйлем мен бұйрықты сөйлемдерді бөліп жазыңдар.


Кіші апа деймін! Не дегенің тым құрымаса!

Керегі жоқ! Ержеткенде білгенің сол ғой! Сен де күндестің баласы деп тұрсың ғой. – Айтып түсіндірмек болған Абайды Айғыз бетінен алады.

Жағаласпа! Шығарма тіліңді!

Ендігінің жүгі сенде қалар, балам! Жолың болсын.

Төл өсір, малыңды бақ, күтіп бапта! Ел сенген, Отан сенген сенімді ақта!

Келші, қалқам, менің қасыма отыршы! Қарағым, мына баланы риза қылшы! Мына жұмысты тезірек бітірші! Сабыр біздің үйге келсінші!

Қандай ақылды адам! Тіпті ғажап қарқын.

Ол неғылған оңбаған адам! Мұндай сөздің кімге керегі бар.

Шіркін Көкшетау! Шіркін, дүниеде сендей де жер бар ма екен!


Ұлттық тәрбие



Ұлттық тәрбие - біздің ұрпақтан - ұрпаққа жеткізген асыл қазынамыз. Тәрбие - халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған озық тәжірибесі мен ізгі қасиеттерін бойына сіңіру, өмірге деген көзқарасын және соған сай мінез - құлқын қалыптастыру. Ұлттық тәрбиені ұлттық сана - сезімі жоғары болашақ маман жастарды тәрбиелеуге негізделген білім беру жүйесінің құрамдас бөлігі ретінде қарауға болады. Ұлттық тәрбиенің басты мақсаты - ұлттық сана - сезімі қалыптасқан, ұлттық мүдденің өркендеуіне үлес қоса алатын, ұлттық құндылықтар мен жалпыадамзаттық құндылықтарды өзара ұштастыра алатын толық, кемелді, ұлтжанды тұлғаны тәрбиелеу.

Қазақ баласы кішкентайынан айналасына қолғабысын тигізіп, үлкеннің сөзін екі етпеуге дағдыланған. Үлкендеріміз баланы ұрып - соғып, ұрсып - зекіп емес, жол сілтеп, жөн көрсетіп тәрбиелеген.Үлкеннен өнеге көрмеген балада ұлағат болмайтынын ғасырлар бойы ұрпағына қалыптастырып кеткен. Бірінші ұлттық тәрбиенің ошағы - отбасында, екіншіден, мектепте болғандықтан, ата - ана мен мектеп болып бірігіп жұмыс атқару - біздің басты міндетіміз. Жас ұрпаққа сапалы біліммен бірге саналы тәрбие беру қай кезде де өзектілігін жоғалтқан емес.


Сұрақтар:

1. Тәрбие дегеніміз не?

2. Ұлттық тәрбиенің ошағы не?

3. Ұлттық тәрбиенің басты мақсаты қандай?


Тапсырмалар:

1. Берілген мәтінді оқып шығыңыз.

2. Жақты және жақсыз сөйлемдерді тауып алып, жақты сөйлемдерді бір бағанға, жақсыз сөйлемдерді екінші бағанға жазыңыздар.

3. Толымды сөйлемдерді теріп жазыңыз.

4. Мәтінге ат қойыңыз.


Сөздікпен жұмыс:

Ұлттық - Тәжірибе -

Мүдде - Ұлағат -

Маман - Дағдыланған -

Құндылықтар - Ұлтжанды -



Үй тапсырмасын беру: Ереже жаттау, жаңа сөздерді оқып жаттау.

Бағалау: (әрбір оқушыға жауап беру санына сай жетондар таратылады, соның санына қарай бағаланады.)


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
16 қаңтар
500
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі