«Ұлттық тәрбие – ұлттық құндылық»
Кабесова Альбина, №33 «Шаңырақ» балабақшасының тәрбиешісі
Орал қаласы
Мақсаты: Рухани құндылықтарымызды бағалай білуге, ұлттық қазыналарымызды сақтауға, қорғауға баулу. Ұлттық құндылықтарымызды дәріптей отырып, балалардың ойда сақтау қабілетін, тіл байлығын дамыту; Тапсырмалар орындауда балалардың белсенділігін арттыру.
Әдіс - тәсілдер: түсіндіру, саралау, бақылау, сұрақ – жауап, ойын технологиясы.
Қажетті заттар: үстел үсті ойыны «асықтар», бесік, киіз үй, ұн, желім, ермексаз.
Амандасу:
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз,
Амандасып сіздермен,
Бас иеміз біз.
Сәлеметсіздер ме?
-
Балалар, сендер бүгін ерекше киініп келіпсіздер ғой, үстеріңе ұлттық кәжекей киіп алыпсыздар. Олай болса бүгінгі іс-әрекетімізді ұлттық қазыналарымызға арнайық. Үстел үсті ойынын бірінші болып кім бастайды екен. Ол үшін алдымен бір ұлттық ойынымызды ойнап жіберейік. Ойынның аты «Ханталапай». Бұл ойын асықтармен ойналады. Асықты қойлар мен ешкілердің жіліктерінен алынады. Асықтармен көптеген ойындар ойнатылады.
Шарты былай: Асықтар ортаға соғылған сәттен бастап, бар ойыншылардың назары ханда болуы керек. Егер хан алшысынан түсіп жатса, ойыншылар «ТАЛАПАЙ» деп ортаға бас салып, мейлінше көп асық жинауға кіріседі. Талас тек ортадағы асықтарға жүру керек, қасындағы ойыншының жинап алып қойған асықтарын алуға (ұрлауға) болмайды. Кімнің асығы көп болса сол бала ойынды бастайды.
1 тапсырма: «Киіз үй төрінде» (сұрақтар қолдану, заттық кеңістік ортаны ұйымдастыру)
- Ұлттық көне баспанамызды қалай атаймыз? (киіз үй)
- Киіз үйдің құрылымымен кім таныстырады? (Киіз үй шаңырақ, уық, кереге, есіктен) құрылады.
- Киіз үйді немен жабдықтаймыз? (киіз текеметпен, түндікпен жабдықтаймыз. Оның сыртын түрлі ою – өрнектермен безендіреміз.)
- Ұлттық баспанамызды кімдер пайдаланған? (Көшпелі ата - бабаларымыз).
Дидактикалық ойын: «Киіз үйде не жасырынған?»
Мақсаты: балалардың зейінін, тапқырлығын, шапшаңдығын арттыра отырып, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Шарты: фанарик арқылы жасырынған затты ажыратып атап беру.
2 тапсырма: «Бесік дегеніміз не?»
Қонаққа әже келеді. Балалармен амандасады. Төрге шығып отырады.
-
Сәлеметсіз бе әже, қош келдіңіз. Төрге шығыңыз. Өзіңіз де жақсы келдіңіз, біздің балаларға қһұлттық қазынамыздың бірі осы бесіктің не үшін керек екенін, оның құрылысымен таныстырып бересіз бе?
-
(әже бесіктің құрылысы мен және не үшін қажет екенін түсіндіріп береді).
3 тапсырма: Дидактикалық ойын: «Қай аспаптың дауысы?»
Шарты: әр аспаптың үнін аудио арқылы тыңдап, ажыратып айту.
4 тапсырма: «Танымдық» дағдыларға арналған тапсырма?
-
Балалар суреттен не көріп тұрсыңдар?
-
Иә, бір сөзбен қалай атаймыз?
-
Енді екеуін қатар қойып салыстырайық, не байқадыңдар? Қайсысы биік, қайсысы аласа?
-
Енді ары қарай қайсысы аз, қайсысы көп есептеп көрейік.
Жоғарғы жолаққа екі тақияны қоямыз, төменгі жолаққа сәукелені қоямыз. Қайсысы кө, қайсысы аз? Тең болу үшін не істейміз?
5 тапсырма: қалаулары бойынша екі топқа бөлінеді.
І топ: Торсықты мүсіндейді.
Мақсаты: ермексаз кесектерін әртүрлі тәсілдерді қолданып, бейнелерді мүсіндеу, әртүрлі пішіндегі таныс заттарды өзіне тән ерекшеліктерін ескере отырып, заттардың толық пішіні пайда болғанға дейін иіп, созып мүсіндеу.
ІІ топ: «Әжемнің камзолын әшекейлейміз» жапсыру жұмыстарын жасайды. Мақсаты: Геометриялық пішіндерден ою-өрнектерді және жолақтағы өсімдік өрнектерін халықтық өнер түрлері бойынша бірізділігін ескере отырып құрастыру дағдыларын қалыптастыру. Қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнерімен таныстыру.
-
тапсырма:
-
балалар, біздер әзірге қандай оюлармен таныс едік, естеріңізге түсіріп көріңдерші? Тағы да екі топқа бөлінейік.
І топ: «Сырмақты оюлаймыз» құрастыру жұмысы
ІІ топ: дәстүрден тыс әдісті пайдалана отырып, қошқар мүйіз оюымыздың көлеңкесін шығарамыз. Қара картонды аламыз үстіне дайын оюды қоямыз. Ұнды елегіш арқылы оюдың үстіне елеп, артынан шаблонды ақырын алып тастаймыз. Аяқталған тапсырманы тамашалаймыз.
-
тапсырма: ұлттық ойын: «Асық ату»
-
балалар, бүгін біздер қандай құндылыұтарымыз туралы айттық, қандай тапсырмалар орындадық, не істедік?
-
Жарайсыңдар балалар, бүгінгі біздің іс-әрекетіміздің мақсаты - заман өзгерсе де ұлттық дәстүрлеріміздің көнермейтіндігін еске салып, ұлттық мұраны қайта жаңғырту. Бүгінгі ашық іс-әрекетіміз өздеріңіз куә болған дәстүрлерді көкейлеріңізге тоқып, саналарыңызға сіңіріп алдыңыздар. «Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні бар» демекші, салтын сүйген әрбір жас ұрпақ болашақта халқын сүйетін, еліне адал қызмет ететін, тілінің, салт-дәстүрінің жанашыры болатындығына сенімдімін.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз