400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

“Ұлттық теңге - мақтанышымыз”

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларды тәуелсіз еліміздің ең бірінші айрықша белгісі — теңгемен таныстыру, төл теңгеміздің шығу тарихы, айналымға ену кезі туралы мағлұматтар беру.
Материалдың қысқаша нұсқасы
“Ұлттық теңге мақтанышымыз”
7 “Ә” сынып

Қазақстанның теңгесі 1993
жылы 15 қарашада
айналымға енді. Ал, 1997
жылы 13 қарашада
Қазақстан Республикасының
Тұңғыш Президенті Н.Ә.
Назарбаев алғаш теңгенің
айналымға түскен күнін
"Ұлттық валюта күні" деп
жариялады өз Жарлығында.

Алғашқы тең­ге­­нi «Harrison&sons» компаниясы Англияда басып
шығарды. Қазақтардың төл теңге­ні қағазға ба­сып беру тура­лы
тапсырысы­компа­нияның әлем­дік­дең­гейде атын шы­ғаруға себеп
болды. Теңгенің арқа­сын­да аталмыш компания Ұлыбритания
ханымының Алтын белгісімен марапатталып, біздің ұлттық
валютамыз Британия корольдігінің ең үздік экспорттық өнімі
аталды.
Қажетті жабдықтар мен заманауи технология алынған соң, теңге
өз елімізде шығатын болды. Бұл 1995 жылдың мамыр айы еді.
Тұңғыш банкнот фабрикасын Елбасы Нұр­сұл­тан­Назарбаевтың өзі
барып ашты.

Теңге туралы ой толғаған Елбасы
кейінірек ақшаны дайындау
барысында түрлі жайт болғанын
айтты. Күллі қазақтың мақтанышына
айналған тұңғыш теңге­нің тұңғыш
келбеті бүгінде музейлерде
сақтаулы.
Ол­­ар­да­әл-Фа­ра­би, Сүйін­­бай, Құр­­манғазы, Шо­­қан, Абай жә­не Әбіл­хайыр мен Абы­лай хан­дар­дың су­реті болған. 90-шы жылдары біздің
теңге дизайны жағынан ТМД-дағы
ең көрікті ақша болып танылды.
Майда ақша­ларымыз да бар.
Алғашқысы қағазға басылса,
кейінгісі темірден түйілді.

1 теңге - әл Фараби
Әбу Насыр Әл - Фараби әлемге әйгілі ойшыл,
философ, социолог, математик, физик, астроном,
ботаник, лингвист, логика, музыка зерттеушісі.
“Әлемнің екінші ұстазы” атанған ғұлама

3 теңге - Сүйінбай
Сүйінбай Аронұлы - әйгілі ақын, айтыс
өнерінің майталманы.

5 теңге - Құрманғазы
Құрманғазы Сағырбайұлы - қазақтың ұлы күйші,
композиторы. “Адай”, “Балбырауын”, “Сарыарқа”
сынды атақты күйлердің авторы.

10 теңге - Шоқан Уәлиханов

Шоқан Уәлиханов - қазақтың ұлы ғалымы. 19 ғасырдың екінші
жартысында Қазақстанда туған демократтық, ағартушылық
мәдениеттің тұңғыш өкілдерінің бірі, шығыстанушы, тарихшы,
фольклоршы, этнограф, географ, ағартушы.

20 теңге - Абай Құнанбайұлы
Абай Құнанбайұлы - ұлы ақын, философ, аудармашы,
композитор, ағартушы, қазақтың жазба әдебиетінің
және әдеби тілінің негізін салушы.

Нұрсұлтан Назарбаевтың
портреті 2016 жылы шыққан
портреттік серия
Тәуелсіздіктің 25 жылдығына
арналды. Мерейтойлық 10
мың теңгелік банкнотаға
Қазақстанның тұңғыш
президенті Нұрсұлтан
Назарбаевтың суреті
басылды. Мерейтойлық ақша
100 мың данамен шықты.

“Теңгемін, теңгемін!”
Қазақ деген елденмін.
Тәуелсіздік - тұғырым,
Жарқын менің ғұмырым!
Материалды PDF форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
05.12.2023
278
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі