Материалдар / «Ұлттық теңге - Тәуелсіздігіміздің нышаны»

«Ұлттық теңге - Тәуелсіздігіміздің нышаны»

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбие сағаты
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Қаңтар 2020
2935
6 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Тәрбие сағаты
Тақырыбы: «Ұлттық теңге - Тәуелсіздігіміздің нышаны»


Мақсаты:

Оқушыларды тәуелсіз еліміздің ең бірінші айрықша белгісі  — теңгемен таныстыру, төл теңгеміздің шығу тарихы, айналымға ену кезі туралы  мағлұматтар беру.

Оқушылардың бойына елімізге деген ыстық сүйіспеншілікті, мақтанышты сіңірту.

Елін, жерін сүйіп құрмет  ұтатын жас жеткіншектерді елжандылыққа тәрбиелеу.

Кіріспе:

Қайырлы күн, құрметті ұстаздар мен оқушылар! «Теңге – тәуелсіздік нышаны» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер! Тәуелсіздік – біздің ұрпаққа берген үлкен бақыт, халқымыздың мәңгілік құндылығы. Біз бүгінге дейінгі барлық жетістіктерімізге Тәуелсіздіктің арқасында қол жеткіздік. Тәуелсіздік – біздің ең басты игілігіміз, баға жетпес құндылығымыз. Қазақстан Республикасы – егеменді, тәуелсіз демократиялық мемлекет. Оның өз Ата Заңы, мемлекеттік рәміздері, ұлттық валютасы бар.Тәуелсіздік алған елдің ең бірінші айрықша белгісі – ұлттық валюта. Ол – Қазақстан Республикасы көлемінде пайдаланылатын заңды төлем құралы. Бүгін осы теңгеміздің тарих санасына шыққанына 24 жыл толып отыр. 1993 жылдың дәл осы күні біздің валютамыз теңге енгізілген болатын. Төл теңгеміздің туған күні баршамызға құтты болсын! «Теңгенің  шығу  тарихы»  жайында мағлұмат.Нұрзат: Біздің  ұлттық бейнемізді, болмысымызды, тарихымызды  көрсететін  рәміздеріміз бар.Елтаңба,Әнұран мен Туымызбен бірге  тағы  бір белгі  — ұлттық теңгеміз бар. Теңге 1993жылы  15 қараша күні  дүниеге келді. Ұлттық валютаны «теңге», ал оның жүзден бір бөлігін «тиын» деп атауды сол кездегі ҚР Жоғары кеңесі комитетінің төрағасы Сауық Тәкежанов ұсынған еді.Альбина: Теңгенің де өз шығу тарихы бар. Ұлттық теңгені жасауға екі жыл уақыт қажет болды. Қазақстан өз төл ақшасын шығару үшін 1990жыл теңгенің алғашқы үлгісін жасайтын арнайы жұмысшы тобын құрды. Тәуелсіз елдің ұлттық валютасын жасап шығарған Тимур Сүлейменов, Меңдібай Әлин, Ағымсалы Дүзелханов, Хайролла Ғабжәлеловтер еді. Олар жұмыстарын Қазақстан мәдениетінің тарихи даму аспектілерін зерттеуден бастаған.

1-оқушы: Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев: «Біз ұлттық ақшамызды бір-ақ рет және бір атаумен шығаруымыз керек. Екінші қайтара оның аты өзгермейді. Сондықтан оны әбден зерттеп барып, бір шешімге келуіміз қажет»,- деді.

2-оқушы: Ең алғашқы теңге партиясы Англияның ең көне әрі әйгілі «Харрисон және ұлдары» фабрикасында басылып шықты. Теңгенің алғашқы партияларын сақтау үшін арнайы жер асты қоймалары дайындалған. Оларды төрт ИЛ-86 ұшақтары тасыды. Алғашқы теңгелер жер асты қоймаларынан елдің барлық банктеріне 8 күн ішінде жеткізілген. 1993 жылы қазан-қараша айларында Қазақстан рубль аймағынан толықтай шықты. Қарашаның 12-сіндегі Президент Жарлығынан 3 күннен кейін теңге айналымға енді. Ескі ақшаны қазақстандық теңгеге айырбастау 1993 жылы 15 қарашада таңғы 8.00-де басталып, 20 қараша күні 20.00-де аяқталды.

3-оқушы: Ұлттық банк алғашқыда 1 теңгені сол кездегі 1000 рубльге бағалаған. Кейін еліміздің саяси және әлеуметтік, мемлекетаралық қатынастары ескеріліп 1 теңге 500 рубль болды. Ал бірінші айналымға енген 1 теңгенің АҚШ долларына шаққандағы құны 4,35 теңге болды. 1992 жылы теңге дизайнындағы бейнелер бекітілді. Ең алғашқы теңгемізде белгілі тарихи тұлғалардың портреттері, Алатау мен Көкшетау көріністері, Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің бейнесі, Маңғыстаудан табылған тастағы таңбалар пайдаланылды.

4-оқушы: Бір теңгелік банкнотқа Әбу Насыр әл Фараби, үш теңгелікте Сүйінбай, бес теңгелікте Құрманғазы, он теңгелікте Шоқан, жиырма теңгелікте –Абай, елу теңгелікте - Әбілқайыр хан, жүз теңгелікте Абылайхан бейнесі салынған. Теңге дизайнерлерінің бірі – Прага сәулет институтының түлегі, бірнеше халықаралық конкурстардың жеңімпазы Х.Ғабжалеловтың пікірінше, ақшада айтулы алаш азаматтарының бейнесін берудің бірнеше себебі бар.

5-оқушы: Біріншіден, қосымша күрделі бедер – бейнелер банкноттарды қолдан жасаудан қорғайды, екіншіден тарихи тұлғаларымыздың суреттері біздің жас мемлекетіміздің өз тарихы мен болмысын танытады және қазақ ақшаларын әлемдегі басқа валюталардан даралап, айшықтап тұрады.
Негізгі бөлім:Сайыс


І. «Әр елде өз валютасы». Әрбір дұрыс берілген жауапқа 100 тг беріледі. Тәрбие сағаты соңында ақшасы көп оқушыға сыйлықтар табыс етіледі. Қырғызстанда - /сом/        Ресейде - /рубль/          Германияда — /марка/Америкада — /доллар/   Ұлыбританияда- /фунт/ Украинада — /гривна/Қытайда — /юань/            Тәжікстанда — /манат/    Өзбекстанда — /сум/Түркияда - /лира /            Латвияда -  /лат/            Кореяда — /йена/

Әрбір ақша купюрлары туралы оқушылар мәліметтер береді. Ақылбек: 200 тг. Негізгі бейнесі: Қазақстан қартасының контуры,алдыңғы жағында ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің үйі және Астанада Есіл өзені арқылы көпірде орнатылған қанатты барыстың біреуі,артқы жағында ҚР Қорғаныс министрлігі және жайлау. Сол жақ төменде оң жақ үстінде банкнота номиналының сандық белгісі,ал орта жақ төменде-орыс тіліндегі әріппен белгісі орналасқан. Ортасында жоғары жағында «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ»жазуы және эмитент банктің логотипі басылған. Жалған ақша жасау жауапкершілігін ескеретін ``Подделка банкнот преследуются по закону`` деген орыс тіліндегі жазу ашық жердің жоғары сол жақ бұрышында орналасқан. Нұргүл: 500 теңге. Негізгі бейнесі: Қазақстан қартасының контуры,алдыңғы жағында ҚР Қаржы министрлігінің үйі,Астана қаласы әкімшілігінің үйі, артқы жағында теңіз үстіндегі шағала. Сол жақ төменде және оң жақ үстінде банкнота номиналының сандық белгісі,ал орта жақ төменде-орыс тіліндегі әріппен белгісі орналасқан. Ортасында жоғары «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» жазуы және эмитент банктің логотипі орыс тіліндегі жазу ашық жердің жоғары сол жақ бұрышында орналасқан. Даниал: 1000 теңге. Негізі бейнесі: Қазақстан қартасының контуры, алдыңғы жағында Президент мәдени орталығының үйі,артқы жағында таулар. Сол жақ төменде және оң жақ үстінде банкнота номиналының сандық белгісі,ал орта жақ төменде – орыс тіліндегі әріппен белгісі орналасқан. Ортасында жоғары жағында «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» жазуы және эмитент банктің логотипі басылған. Жоғарыда ортасында ``Подделка банкнот преследуется по закону`` деген орыс тіліндегі жазу ашық жердің жоғарғы сол жақ бұрышында орналасқан. Раушан: 2000 теңге. Негізі бейнесі: Қазақстан қартасының контуры, алдыңғы жағында Алматы қаласындағы Абай атындағы опера театры,артқы жағында тау өзені. Төменгі сол жақ бөлігінде және жоғарғы оң жақ бөлігінде банкнота номиналының сандық белгісі,ал төменде ортада орыс тіліндегі әріптік белгі орналасқан. Жоғарыда ортасында ``ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ`` жазуы және эмитент банктің логотипі басылған. Жалған ақша жасау жауапкершілігін ескертетін ``Подделка банкнот преследуется по закону`` деген орыс тіліндегі жазу ашық жердің жоғары сол жақ бұрышында орналасқан. Нұрсұлтан: 5000 теңге. Негізі бейнесі: Қазақстан қартасының контуры, алдыңғы жағында Қазақстан Республикасының Президентінің Ақорда резиденциясы,артқы жағында каньондар. Төменгі сол жақ бөлігінде және жоғарғы оң жақ бөлігінде банкнота номиналының сандық белгісі,ал төменде ортада орыс тіліндегі әріптік белгі орналасқан. Жоғарыда ортасында ``ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ`` жазуы және эмитент банктің логотипі басылған. Жалған ақша жасағаны үшін жауапкершілікті ескертетін ``Подделка банкнот преследуется по закону`` деген орыс тіліндегі жазу ашық жердің жоғары сол жақ бұрышында орналасқан. 


ІІ. «Сұрақ - бізден, жауап – сізден». Әрбір дұрыс жауапқа 100 тг беріледі. 1. Казақстан Республикасының валютасы -
Теңге2. Ақшаның тұрақсыздануы, құнсыздануы - Инфляция3. ҚҰБ банкінен басқа теңге сарайы қай қалада орналасқан — Өскемен.4.Бір мемлекетте қабылданған ақша өлшем і- Валюта5. Көрсетілген, белгіленген баға — Номинал6. Әзербайжан валютасы - Манат7.  Қоғамда үстемдік етуші өндіріс тәсілі - Экономика8. Армения валютасы - Бран.9. Айырбас деген ұғым нені білдіреді - Бартер10. Англияның ақшасы - евро

IІІ. «Мақал-мәтелді толықтыр». Мақалды дұрыс тапқан оқушыларға 100 тг беріледі. (дүние, көз, дария, теңге, санап, шашу, есеп, ақшасы, судың, құлып)1. _____ тиыннан өсер. Жылқы құлыннан өсер.2. Есепсіз ______ жоқ.3. Алтын тапсаң _______ ал.4. Ақша кетуге тырысады, _________ ұстауға тырысады.5. Тамшыдан тама берсе _______ болар.6. ______ оңай, жинау қиын.7. Ақша ашпайтын _________ жоқ.8. _______ да сұрауы бар.9. Ақшада ____ жоқ.10. Ар - намысы таза адамның _______ аз болады.

Қосымша мәлімет!

Ең алғашқы теңге партиясы Англияның ең көне әрі әйгілі «Харрисон және ұлдары»фабрикасында басылып шықты. Теңгенің алғашқы партияларын сақтау үшін арнайы жер асты қоймалары дайындалған. Оларды төрт ИЛ-86 ұшақтары тасыды. Бір аптаның ішінде олар Лондонға 18 рет ұшып барып-қайтып келген. Жаңа валютаның айналысқа енгізілуінің көрші елдерден құпия ұсталғаны сонша барлық құжаттарда Президент Резиденциясының құрылысы үшін құрал-жабдықтар тасылуда деп жазылған. Алғашқы теңгелер жер асты қоймаларынан елдің барлық банктеріне 8 күн ішінде жеткізілген. 1993 жылы қазан-қараша айларында Қазақстан рубль аймағынан толықтай шықты. Қарашаның 12-сіндегі Президент Жарлығынан 3 күннен кейін теңге айналымға енді. Ескі ақшаны қазақстандық теңгеге айырбастау 1993 жылы 15 қарашада таңғы 8.00-де басталып, 20 қараша күні 20.00-де аяқталды. Ұлттық банк алғашқыда 1 теңгені сол кездегі 1000 рубльге бағалаған. Кейін еліміздің саяси және әлеуметтік, мемлекетаралық қатынастары ескеріліп 1 теңге 500 рубль болды. Ал бірінші айналымға енген 1 теңгенің АҚШ долларына шаққандағы құны 4,35 теңге болды.

1992 жылы теңге дизайнындағы бейнелер бекітілді. Ең алғашқы теңгемізде белгілі тарихи тұлғалардың портреттері, Алатау мен Көкшетау көріністері, Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің бейнесі, Маңғыстаудан табылған тастағы таңбалар пайдаланылды. Бір теңгелік банкнотқа Әбу Насыр әл Фараби, үш теңгелікте Сүйінбай, бес теңгелікте Құрманғазы, он теңгелікте Шоқан, жиырма теңгелікте –Абай, елу теңгелікте - Әбілқайыр хан, жүз теңгелікте Абылайхан бейнесі салынған. Теңге дизайнерлерінің бірі – Прага сәулет институтының түлегі, бірнеше халықаралық конкурстардың жеңімпазы Х.Ғабжалеловтың пікірінше, ақшада айтулы алаш азаматтарының бейнесін берудің бірнеше себебі бар. Біріншіден, қосымша күрделі бедер – бейнелер банкноттарды қолдан жасаудан қорғайды, екіншіден тарихи тұлғаларымыздың суреттері біздің жас мемлекетіміздің өз тарихы мен болмысын танытады және қазақ ақшаларын әлемдегі басқа валюталардан даралап, айшықтап тұрады.

Қазақстанның ақша сарайы металл тиындарды шығаруға дайын болмағандықтан жедел түрде қағаз түрінде шығарды, бірақ 1 жылдан соң оларды металл тиындарға ауыстырды. 1994 жылы қағаз тиындар жезден жасалған монеталармен алмасты.

1993 жылы құрылысы басталған банкнот фабрикасы 1995 жылы толық аяқталды. 19 мамыр 1995 жылы ресми ашылу рәсімі өтті. Бұл стратегиялық нысанға осынша көп журналистке кіруге алғаш рет рұқсат берілді. Нұрсұлтан Назарбаев осында басылып шыққан алғашқы миллион теңгені бүкіл Қазақстанға көрсетеді.

1995 жылы Алматыда өз банкнот фабрикамыздың тұсауы кесілді. Қазір Тәуелсіз Қазақстан төл валютасын өз елімізде басып шығарады.
2006-2011жылғы банкнот фабрикасы ұлттық ақшаның түрлерін басып шығарды.
Теңге 2006 жылы өз бейнесін өзгертті.
2006жылғы үлгідегі банкноталар бірыңғай стильде орындалған, суреттер бет жағында негізінен тігінен, сырт жағында көлденеңінен орналасқан. Тұтастай алғанда, дизайн Қазақстанның қазіргі бейнесін көрсетеді. Барлық мемлекеттік нышандар, сәулет объектілерінің және елдің табиғат нышандарының бейнелері кіреді.

Банкноттардың бет жағында, ортаңғы бөлігінде”Астана-Бәйтерек” монументі қазіргі заманғы сәулеттің конструкторлық және инженерлік ойдың жетістігі, тәуелсіз Қазақстанның даму нышаны орналастырылған. Банкноттың ортасында түрлі-түсті жолақтарда Қазақстан Республикасының әнұраны ноталарының фрагменттері бейнеленген, оларға номиналды сандық белгісі жазылған.”Бәйтерек” ескерткішінің сол жағында бір түспен Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы салынған
Оң жақ жоғарғы бөлігінде - мемлекеттік жалау бейнеленген. Банкноттың төменгі бөлігінде сенімді шынайылықты және әділеттілікті білдіретін классикалық геральдика ашық алақан бейнеленген.
Оң жақ төменгі бұрышында тігінен номиналы 200, 1000, 2000, 5000, 10000 теңге деп жазылған.

IVбөлім. « Теңгемнің бейнесі »

Бұл бөлімде оқушыларға теңгенің бейнесі жайлы жазылған парақшалар беріледі,ал олар

V бөлім. "Менің теңгем"

Бұл бөлімде оқушылар теңге тақырыбына өлең шығарады.

 Қорытынды:

ә) Ұпайларын санау, үздік топты  анықтау. Мадақтау.

«Тиыннан теңге құралады»,- демекші, ақшаны үнемді пайдаланып, ақшаның қызығына түсіп кетпей жан - жағымыздағы адамдарды ойлайық.

«Ақша – уақыт тынысы», бірақ ақшаға достықты,туыстықты сатпа, ақшаны көріп жолдан тайып кетіп жүрме, 100 сомың болғанша, 100 досың болсын...

Қазіргі кезеңде Мемлекетіміз көтеріліп келеді, болашақта білімді, саналы азамат болып өсуімізге барлық жағдай жасалуда. Осы мүмкіндікті дұрыс пайдаланып еліміздің ертеңі жарқын болуына сіздер де ертең еңбек етесіздер, соған лайықты ұлан болып өсіңіздер. Мың жаса, тәуелсіз Қазақ елі! - дей келе «Ұлттық теңге-тәуелсіздігіміздің нышаны» атты тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ