400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ұлттық тəрбие

Материал туралы қысқаша түсінік
Тəрбие туралы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұлттық тәрбие – бiздiң ұрпақтан-ұрпақ­қа жеткiзетiн асыл қазынамыз. Ұлттық тәрбие қазiр елiмiзде орын алып отырған көптеген мәселелердi: ана тiлiн, ата тарихын, ұлттық салт-дәстүрiн бiлмейтiн жастар, тастанды жетiм балалар, «қиын» балалар, қарт­тар үйлерiндегi әжелер мен аталар, нашақорлыққа салынған жастар, тағы басқаларды бiрте-бiрте жоюдың және олардың алдын алып, болдырмаудың негiзгi жолы. Ұлттық тәрбие алған ұр­пақ денi сау, бiлiмдi, ақылды, ұлт­жанды, еңбекқор, сыпайы, кiшiпейiл болып өседi. Сондықтан да ұлттық тәрбие – ел болашағы.



Елбасының «Қазақстан – 2050» Стра­тегиясында қойып отырған мақсат-мiндеттер елiмiздегi тәрбие беру жүйесiн ұлттық құндылықтар негiзiнде жасау қажеттiлiгiн тағы да дәлелдеп отыр. Жалпы «ұлттық» деген сөздiң астарында елге-жерге, тiлiмiзге, дiнiмiзге деген құрмет жатыр. Ұлттық тәрбие атауын алғаш әдеби-педагоги­калық оқулықтарға енгiзген Мағжан Жұмабаев болды. Ол педа­гогиканың ұлт­тық тәрбиеден бастау алатыны жайлы айтқан. «Педагогика» атты еңбегiнде былай дейдi: «Ұлт тәрбиесi бая­ғыдан берi сыналып, көп буын қолданып келе жатқан тақтақ жол бол­ғандықтан, әрбiр ұлттың баласы өз ұлтының арасында өз ұлты үшiн қызмет ететiн болғандықтан, әрбiр тәрбиешi баланы сол ұлт тәрбиесiмен тәрбие қылуға мiндеттi». Сондықтан келешек ұрпақты ұлттық, халықтық тұрғыдан тәрбиелеу қажет. Олай болса, басты мақсат – жас ұрпақты ұлттық игiлiктер мен адамзаттық құн­ды­лықтар, рухани-мәдени мұралар сабақтастығын сақтай отырып тәр­биелеу.



Бүгiнгi жастарға ұлттық тәрбие беру керек деген қағиданы ұстанған Ж.Әдi­лов басшылық ететiн Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-да ұлттық тәрбиеге, ұлттық тәрбие арқылы патриотизмге тәрбиелеудiң жүйелi жұмыстарына айрықша мән берiлуде. Университе­тi­мiздiң құрылғанына 80 жыл толу қарсаңында ұйымдастырылып отыр­ған шаралардың барлығы дерлiк жас­тардың кәсiби бiлiктi маман ғана емес, жан-жақты азамат болып қалыпта­суына негiзделiп отыр. Жаңа оқу жы­лын университетiмiз «Менiң Отаным – Қазақстан» атты өнер экспозиция­сы­мен безендiрiлген туындылар гале­реясымен ашты. «Мәдениет – адам­заттың бейнесi», демекшi, Отанына, елiне, туған жерiне деген сүйiспеншi­лiгiмен қатар эстетикалық дүниета­ным­ды арттыратын өнер туындылары­ның жастар тәрбиесiндегi орны ерекше.



Тәрбие – халықтың ғасырлар бойы жинақтап, iрiктеп алған озық тәжiрибесi мен iзгi қасиеттерiн бо­йына сiңiру, өмiрге деген көзқарасын және соған сай мiнез-құлқын қалып­тастыру. Осы ретте халық тәрбиесiнде қыз бала тәрбиесiнiң де өнегелi үлгiлерi мол. Отбасында онымен негiзiнде әйел-аналар айналысып, мiнез-құл­қының сымбатына сай болуына басты назар аударған. Қыз баланың бойына инабаттылық, сыпайыгершiлiк, iзеттiлiк қасиеттерiн дарыта отырып, оның жан дүниесiнiң жете қалыптасуына мән берген. Халқымыз қыз психологиясы­ның ерекшелiгiн жақсы түсiне бiлген. Әрбiр отбасы, әке-шеше, аға-жеңге бойжеткен баласын ылғи да жiбектей мiнезi мен уыздай тәттi қылығымен, әдептi-iзеттiлiгiмен, иманды-инабат­тылығымен, күмiс күлкiсiмен көргiсi келген. Осындай ұлттық тәлiм-тәрбие алған қыз бала болашақта ардақты ана, сүйкiмдi жар болары сөзсiз. Осы­ған орай, университетiмiзде ашыл­ған студенттiк «Әй-керiм» қыздар клубында өтетiн iс-шаралар барысын­да студент-жастарға күнделiктi тұр­мысқа байланысты салт-дәстүрлер, бала дүниеге келгеннен өскенге дейiнгi аралықта қолданылатын салт-дәстүр, ырым-тыйымның рөлi, сәлемдесу әдебi, сыйластық, қонақ күту, ас iшу әдебi, инабаттылық дәстүрлерi, сөйлеу және киiм кию әдебi, ұлттық тәрбие­дегi еңбек тәрбиесiнiң орны, қазақ халқының озық мәдениет үлгiлерi мен олардың тәрбиелiк мәнi сияқты ұлт­тық құндылықтарымыз насихатта­луда.



Ұлттық қалпымызды сақтап қалу­да қазiргi жастарды әртүрлi дiни терiс ағымдардан қорғаштаудың маңызы зор. Тәрбие жұмысына ғылыми, әдiс­темелiк, ақпараттық және сарап­тамалық қолдау көрсету мақсатында университетте «Тәрбие философиясы, дiнтану және экстремизмге қарсы әрекет ету мәселелерi» ғылыми-зерт­теу орталығы құрылған. Осы орта­лық­тың күшiмен өткiзiлiп тұратын iс-шаралар барысында дiн мен қоғамға байланысты өзектi мәселелер дер кезiнде қойылып, талқыланып, нақты шешiмдер табуға көмектеседi.



Сонымен қатар, университетте Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң «Ме­рейтойлар мен атаулы күндер туралы» қаулысына және рухани негiзiмiз – ана тiлiмiздi құрметтеуден туындаған «Ғибраты мол тұлға» атты жоба ұйымдастырылып, оның аясын­да елiмiздiң екi жүзден астам көрнектi тұлғаларына арналған ашық эдвай­зерлiк сағаттар, кездесулер, конферен­циялар мен семинарлар, т.б. iс-шаралар өткiзiлiп келедi.



Сондай-ақ, ұлттық құнды­лықтар­ды студент бойына сiңiруде ақын-жазушылар мен елiмiздiң ұлтжанды азаматтарымен, атап айтқанда, екi мәрте Кеңес Одағының батыры, ұшқыш, қазақ халқының қыраны, мақтанышы, түлегiмiз Талғат Бигел­ди­новтың, «Жүрегiме жiгер берген саз әлемi» атты кездесу кеште Қазақ­стан Республикасының халық әртiсi, алтын дауысты Нұрғали Нүсiпжа­новтың, ақын, композитор, драматург, «Платиналы Тарлан» сыйлығының иегерi Исраил Сапарбайдың, қазақ киносының тарланы Нұржұман Ық­тым­баевтың, спорт әлемiндегi орны ерекше Жақсылық Үшкемпiровтың, «Адамзаттың ардақтысы» атты руха­ни-мәдени шарада айтыскер ақын Серiк Қалиев пен ақын, журналист Жарқын Сәленұлының адам бойынан табылуы керек болған құнды қа­сиет­тер жайлы сөз қозғауы, т.б. әсерлi әңгiмелерi, өнегелi өсиеттерi, өмiр жол­дары арқылы жас буынның сана­сын­да отансүйгiштiк, ұлтжанды­лық сезiм­дерiн оятты. Олардың ғибрат сөздерi, даналық ойлары, ұлт тағдыры туралы толғаныстары жас ұрпақтың жүре­гiнде мәңгi ұялап қалары сөзсiз.



М.Әуезов «Ел боламын десең, бесi­гiңдi түзе» дегендей, ертеңгi ұрпақтың тәрбиесiн бүгiннен бастап қолға алып, жастарымызды ұлтын сүйетiн ұлт­жанды, Отанын сүйетiн патриот, жо­ғары адамгершiлiк иесi, ұлттық рухы биiк парасатты азамат етiп тәрбиелеу үшiн оларға ұлттық тәрбие қажет еке­нiн өмiрдiң өзi-ақ көрсетiп отыр. Жалпы, университетте 100-ге жуық жанұялы студенттер оқиды. Соның iшiнде 12 отбасы жатақханада тұ­рады. Студенттiк жас отбасылардың арасында қоғамның ең басты құн­ды­лығы отбасы екенiн дәлелдей отырып, өскелең ұрпақ ұлттық салт-дәстү­рiмiздiң бай мұраларымен сусында­сын, қоғамдағы, отбасындағы өз құқығын бiлсiн деген мақсатта алғаш рет «Үздiк отбасы» атты байқау өттi.



Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан – 2050» Стратегиясы – қа­лыптасқан мемлекеттiң жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында «Елдiк мұрат жолындағы ұлы ерлiк әрқашан аталарымыздың бойынан табылған. Тәуелсiз елдi өз қолымен құрған буын­нан басталған ұлы iстердi кейiнгi ұрпақтың лайықты жалғастыраты­нына сенемiн», – деген болатын.



Ұлы тұлғалардың, халық ардақ­ты­ларының жүрегiне үңiлiп, ғибратқа толы ғұмырынан тағылым алу – бiзге парыз. Сондықтан жас ұрпақты Ота­нын сүюге, ол үшiн аянбай қызмет етуге, елжандылық пен ерлiкке тәр­биелеу – бiздiң басты мiндетiмiз бол­мақ.



Сондай-ақ, университетте бiлiм алушыларымыз болашақта бәсекеге қабiлеттi, бiлiктi маман ғана болмай, Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық- техникалық университетiнiң түлегi атағына лайық зиялы, шығармашыл, салауатты, жоғары азаматтық және адамгершiлiк ұстанымдарға, патриот­тық және әлеуметтiк жауапкершiлiкке ие тұлға ретiнде қалыптастыру мақ­сатын қойып отыр. Студенттерiмiздiң бойында осы қасиеттердiң қалыпта­суына ықпал ету құралдарының бiрi – кiтап, көркем әдебиет оқу. Осыны ескере отырып, Қ.И.Сәтбаев атын­дағы Қазақ ұлттық техникалық уни­верситетi студенттерi «Кiтап – рухани сарқылмас қазына» жобасын ұйым­дастыруды жоспарлап отыр.



Сонымен, ұлттық тәрбие – ұлттық сана-сезiмi жоғары болашақ маман жастарды тәрбиелеуге негiзделген бiлiм беру жүйесiнiң құрамдас бөлiгi. Оның мақсаты – ұлттық сана-сезiмi қа­лып­тасқан, ұлттық мүдденiң өркендеуiне үлес қоса алатын ұлттық құндылықтар мен жалпыадамзаттық құндылықтарды өзара ұштастыра алатын ұлтжанды тұлғаны тәрбиелеу. Ал мiндетi – мәдени-әлеуметтiк өзгер­мелi жағдайдағы ұлттық тәрбиенiң дiңгегi – ана тiлi болып қалатынын негiз­деу, қазақ тiлi мен тарихын, мәдениетi мен дiлiн, салт-дәстүрi мен дiнiн құрметтеуде жастардың ұлттық интеллектуалдық мiнез-құлқын қа­лыптастыру, бүгiнгi қазақ елiнiң индус­триалдық-инновациялық жүйе­сiнiң дамуын қамтамасыз ететiн парасатты, ұлттық сипаттағы белсендi iс-әрекетке тәрбиелеу, бiлiм және мәдени-рухани тұрғыда басқа өрке­ниеттермен бәсекеге қабiлеттi болуын қамтамасыз ету, қоғам мен адам, адам мен табиғат қарым-қатынасының өркениеттiлiк сана-сезiмiн ұлттық рухта қалыптастыру. Тәрбиенiң басты нысаны – елдiк сананы қалыптас­ты­рып, ұлттық рух пен ұлттық патрио­тизмдi негiздеу, ұлтсыздықпен күресу болса керек.



Қорытындай келе, халқымыздың маңдайына бiткен ұлттық құндылық­тарымызды, сонау өткен ғасырлардан өшпес мұра болып қалыптасып келе жатқан дархан халқымыздың тарат­қан үлгi-насихаты –асыл мұралары­мызды студенттердiң бойына сiңiрiп, ұлттық мәдениетiмiздi сақтай бiлейiк!

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27 желтоқсан
618
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі