Ортасы
30 мин
|
Мұғалім:
-Теңге тарихына көз
жүгіртсек, тарихшылардың зерттеуінше,теңге тарихы ежелгі заманнан
бастау алады.Ежелгі түркілер Ұлы Жібек жолы бойында теңгені құйып
шығарған.Онда билеуші тайпалардың таңбасы,ру рәміздері
бейнеленген.
ХІҮғасырдың аяғында Қазақстан
аумағында Әмір Темірдің мәнеті айналыста болды.Оның негізгі
атауы—«тәңге» деп аталды. «Тәңге» атауы орыстың «деньги» сөзімен
байланысты.
ҚР-ның ұлттық валютасы—теңге
1993 жылы 15 қарашада айналысқа енгізілді.Теңгені жасауға екі жыл
уақыт қажет болды..Теңге
беттерінде қазақ тарихындағы ұлы тұлғалардың суреттері
бейнеленді.
Ал,жаңа үлгідегі теңгелер 2006
жылы шығарылды.
Теңге—Қазақстан
Республикасының аумағында барлық төлем түрлері бойынша қабылданатын
ұлттық валюта.
Теңге- біздің ұлттық мақтанышымыз, дизайны
жағынан әлемде ұлттық теңгеден асып түсетін ақша
кемде-кем. Еліміздің Тәуелсіздігі мен ұлттық валюта –
ажырамас ұғымдар.
15 қараша-Ұлттық
валюта-теңге күні
Теңге туралы қызықты
деректер
1.Теңгенің ең
алғашқы дизайны қалам, калька және тушь арқылы салынды,
өйткені әрлеушілердің қолында бұдан басқа ешқандай құрылғы
болмаған.
2. Қазақстанда ақша
басып шығаратын өз фабрикамыз 1995 жылы ашылды. Соның
арқасында Қазақстан ерекше атаулы күндерде мерекелік банкноттар
шығаруға мүмкіндік алды.
3. Теңге банкнотасы
қатарынан үш рет 2011, 2012 және 2013 жылдары дүниежүзіндегі
ең үздік қағаз ақша ретінде
танылды.
Қауіпсіздік сабағы №10 (10
минут)
№
10 САБАҚ. «ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫС
КЕЗІНДЕГІ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ
ЕРЕЖЕЛЕРІ»
Сабақтың мақсаты: жазғы
демалыс кезінде оқушылардың қауіпсіз мінез құлық дағдыларын
қалыптастыру. Сабақ барысы
1. Ұйымдастыру кезеңі Жағымды
мотивациялық көзқарасты қалыптастыру (1-2
мин).
2. Мақсат
қою.
Тақырыптың анықтамасы. - Жазғы
демалыстың уақыты келді, онда сіздер көп уақытыңызды үйде, көшеде,
құрдастарыңыздың ортасында өткізесіздер. Жазғы демалысты қалай
өткізуге болады, әр оқушының балалық шағы осы бақытты кезі қауіпсіз
бе? Жазғы демалыста қиыншылықтарға ұшырамау, жарақат алып қалмау
үшін біз бүгін жаздағы мінез-құлық ережелері туралы сөйлесетін
боламыз.
3. Білімді өзектендіру.
Өткенді қайталау Демалыста қауіпсіздікті қамтамасыз ететін бірнеше
негізгі мінез-құлық ережелерін қарастырыңыздар: Жазғы демалыс
кезіндегі оқушылардың қауіпсіздік техникасы және мінез-құлық
ережелері. - Көшеде, жолдан өту кезінде абай болу керек; жол
қозғалысы ережелерін сақтау. - Орманда, өзенде серуендеу кезінде
қауіпсіздік ережелерін сақтау. - От жағуға тыйым салынады. - Арнайы
белгіленген жерлерде ғана шомылыңыз. - Саңырауқұлақтар мен
жидектерді жеуге болмайды. - Шомылу кезінде уақыт шеңберін
сақтаңыз. - Электр құралдарына абай болыңыз, теледидарды, электр
үтікті, шәйнекті және т.б. қосу және өшіру кезінде қауіпсіздік
шараларын сақтаңыз. - Теледидарды көргенде және компьютерде жұмыс
істегенде уақыт режимін сақтау. - Үй жануарларын ұстау кезінде абай
болыңыз. - Салауатты өмір салтын белсенді ұстау
қажет.
3. Бекіту 4. Қорытынды.
Рефлексия
АҚ және
ТЖ «Оқушылардың өрт кезіндегі
әрекеттері»
|
Балалар ежелгі ақша үлгілері
туралы ақпаратпен танысады. Суреттерін
көреді.

Балалар алғашқы теңгелердегі
ұлы тұлғалардың аты –жөнін анықтап,олар туралы білетіндерін ортаға
салады.
1. Әбу насыр Әл Фараби-
ғұлама-ғалым
2.Ш.Уәлиханов-ғалым,
этнограф
3. Абай Құнанбаев-ұлы
ақын.
Абылай хан- қазақтың ханы,
батыр, қолбасшы. т.б.

Балалар жаңа үлгідегі
теңгелерді атайды. Қағаз ақша мен монетаны
ажыратады
Қағаз
ақша

Монета

Балалар теңге
туралы қызықты деректермен
танысады.
Демалыста қауіпсіздікті
қамтамасыз ететін бірнеше негізгі мінез-құлық ережелерін естеріне
түсіріп айтады.
1.Үйде
2.Көшеде
3.Суға
шомылғанда
4.Орманда,
тауда
|
Сурет
тер
Сурет
Тер
Сурет
тер
https://www.youtube.com/watch?v=hH_WhoDXIzU&list=PLA5eCSY2FeoQLLocS-IEuEG9KjOrJzvPM&index=25
https://www.youtube.com/watch?v=hH_WhoDXIzU&list=PLA5eCSY2FeoQLLocS-IEuEG9KjOrJzvPM&index=25
|