жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ұлттық валюта-ұлт мақтанышы
Тақырыбы:Ұлттық валюта-ұлт мақтанышы
Мақсаты:
1.Қазақстан мемлекеттің ваютасымен таныстыру.
2.Қазіргі нарықтық экономикалық дағдарыс жағдайындағы іс-әрекеттерді реттеуге үйрету,өз бетімен жұмыс істеуге дағдыландыру.
3.Үнемділікке ,барды қадірлеуге баулу,ақпараттық жүйелерді пайдалануды үйрету ,тілді құрметтеуге баулу.
Көрнекілігі:Компьютер,сөзжұмбақ,ұлттық валюта теңге.
Сабақ түрі:ашық сабақ
Адина:Қымбатты оқушылар!Ұлттық валюта-ұлт мақтанышы атты тәрбие сағатымызды бастаймыз.
Тәуелсіздігімізді тәу етіп,егемендігімізді ту етіп желбіреткелі 26жылдан асты.
Нұрыбек:Осы 26жыл ішінде көптеген биік асуларды бағындырдық.Еліміздің экономикасы артып,басқа елдермен терезі тең бола бастады.Қазақстан Республикасы-егеменді ,тәуелсіз демократиялық мемлекет.Оның өзі Ата Заңы ,мемлекеттік рәміздер ,ел таңбамыз,ұлттық валютасы бар.
Сендер тәуелсіздік туралы не айтасыңдар?
Мансұр:Көгілдір аспанымыз ашық болсын!
Күніміз жарқыраған жарқын болсын!
Төгілген мейірім мен шапағатқа,
Төрімде тәуелсіздік құтты болсын!
Тәуесіздік жырын жырлап ғарыштан,
Қазағыммен бүкіл әлем танысқан.
Келешегі кең өрісті ,кемелді,
Жайна мәңгі тәуелсіз ел-Қазақстан!
Дильназ:Ата- бабам аңсаған,
Күрес салып шаршаған,
Тәуелсіздік таңы атты-
Бақыттымын мен содан!
Бізге мұра қалалар,
Бізге мұра дала бар!
Тәуелсіздік тұғырын,
Қадірлейік балалар!
Тілеген:Қазақстан –елім менің,
Қазақстан-жерім менің.
Саған арнап айтылады
Әнім менің.
Қазақ жері –Қазақстан,
Мөлдіреген ашық аспан,
Алыс кетсем сағынамын,
Отаным сен-Қазақстан.
Нұрасыл:Тәуесіздік –тілегім,
Тәуелсіздік-тірегім.
Ертеңі деп елімнің,
Дүрсілдейді жүрегім!
Карина:Жыр арнадым еліме тебірене,
Үміт артам елімнің ертеңіне.
Тәуелсіздік алғалы халқым менің,
Отаным жылдан-жылға гүлденуде!
Гүлзат:Жалғаннын жартысындай қазақ елі,
Ағандай көздің жауы сұлу жері.
Ақ пейіл дархан көңіл халқымыз бар.
Болғанда бірі сері ,бірі батыр.
Әз бабам,азаттықты аңсап өткен,
Ел үшін талай саңлақ шахид еткен
Солардың құдіретті ой-арманы,
Таңы боп тәуелсіздік бізге жетті.
Адина :1993 жылдың 15 қарашасында ұлттық валюта теңгені еңгізу Қазақстан Республикасы экономикалық тәуелсіздігінің айқын көрінісі болды.
Нұрлыбек:Президент Мемлекетіміздің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын белгілеп отырды.Әрбір егеменді елдің өзіне тән мемлекеттік рәміздері, яғни бегілері болады.Оған Ту,Елтаңба және Әнұран жататынын Сіздерге белгілі.Соның бірі валюта.
Ақша,теңге туралы не білесіңдер?
Көркем:Ерте заманда ақша рөлін мал,аң терісі,Қытайда-шай,тұз атқарған.Қазақстанда тоқты немесе саулық қой атқарған.Ақшаның пайда болуы тауар өндірісінің дамуына және халықтар арасында қарым-қатынастың ұлғаюының нәтижесінде ақша рөлі түрлі металдарға ауыса бастады.Өйткені металл әсіресе ,алтын,күміс ақша рөлін атқаруға өте қолайлы болды.Қазақелі Ұлы Жібек жолына орналасқандықтан ,ақша жасау, оны айналымға енгізуді өмір қажеттілігі деп тым ерте қолға алған Тарз,Отырар қалаларында қола,мыс теңгелер соғылған.Бұл ақшалар ел экономикасында ерекше міндет атқарған.
Кәусар:Қазақстан Респубикасының ұлттық валютасы-теңге.Ол 1993 жылғы 15 қаршада айналымға енгізілді.Теңге бейнеленуіі,орындалуы және қорғалуы тұрғысынан әлемдегі әдемі,заман талабына сай жасалған ақша белгілерінің бірі.Кескінк-келбетін жасауға Қазақстан Дизайнерлер Одағының басшысы Тимур Сүлейменов,Мендібай Әлин,Ағымсал Дүзелхановтардың қосқан үлестері қомақты.Бүгін де теңгеміз тұарақты валюта ретінде өз міндетін мүлтіксіз атқарып келе жатыр.
Адина:Дұрыс айтасыздар.Тиын ақшалар металдан жасалады.Тиынақшалар арқылы бізге баяғы замандағы зор маңызды оқиғалар ,тарихи тұлғалар,жануарлар әлемі жеткен.Тиындар қазір де мемлекеттің тарихи табыстарын,мәдени мұраларын,айтулы азаматтарын есте қалдыру мақсатында кеңінен қолданылады.Абай ,Жамбылдың 150 жылдығына,Мұхтар Әуезовтың 100 жылдығына,Қазақстан тәуелсіздігінің 5,10 жылдығына арналған мерейтойлықьақшаар бар.
Нұрлыбек:Ал онда теңге,ақша туралы өлеңдерді кім біледі екен?
Ибрагим :Теңге күнім-мерекем
Әр адамның жүрегінде қуаныш,
Таптырмайтын тіршіікте сұраныс.
Енді,ағайын өз теңгеміз бар бізде
Өз теңгемнен құрады үлкен іс.
Міне,бүгін теңге күнім-мерекем,
Қандай дұшпан «олай-бұлай» дер екен.
Осы теңге арқасында келешек,
Елге келер тойымшылық,берекем.
Әдемі:Түні нұрлы,ақ таңы,
Жері гүлдей бақтағы.
Ел ырысы-тайқазан,
Төл теңгеміз қақпағы.
Қазанымыз толығып,
Болсын дәйім жолы құт!
«Төл теңге-ел тірегі»
Деп құрметтер оны жұрт.
Азамат:Теңгемнің беттерінде данышпандар
Халқымның қамын ойлап қамыққандар.
Әл Фараби,Сүйінбай мен Құрманғазы,
Шоқан да теңгемізге бауыр басқан.
Алла берсін берекесін теңгемнің,
О,Жаратқан,қамын ойла пендеңнің.
Ел басшысы Назарбаев бастаған,
Тәуелсізбіз,қазақ деген елденбіз.
Ұлттық теңге – даму көзі елімнің,
Қазыналы- халық асыл байлығы.
Құндылығын сақтап мәңгі жерімнің,
Арта берсін, мәртебесі,бар жыры.
Нурлыбек:Республикамыздың тиын ақшаларын жасауға Досбол Қасымов,Еркін Жамалбаев,Нияз Наурызбаев сияқты суретшілер, мүсіншілер атсалысып келеді.
Адина:Теңге ерен еңбекпен келді,оны үнемдеп,ұқыптылықпен қарап,күтіп жұмсау Қазақстанның әрбір азаматының міндеті.
Ұлттық валюта күннен –күнге өз елімізге ғана еиес ,тысқары жерлерде де сенімді беделге ие бол бастады.Өндіріс дамыған сайын,елге шетел капиталының ағыны ұлғайып,отандық ірі инвесторлар пайда болған сайын ұлттық валютамыз да нығая түсуде.
Ал сендер отбасы байлығын толықтыруға қалай көмектесе аласындар?
Көрініс.
Әкесінің екі болыпты.Бірі Асан жіне Сапар.Әкесі алыс жолға шығып бара жатып балаларын шақырып алып былай дейді:
-Міне сендерге менің байлығымның бір бөлігі.Бір жылдан соң ораламын.Сонда сендер менің байлығымды қалай сақтағандарыңды көреміз,-дейді.
Қысқа ма,ұзақ па ,уақытөткен соң әкесі келіп балаларын көріп,қауышқан соң балаларынан сұрайды:
-Ал , балаларым, мен жоқта қалай тұрдындар?Менің байлығымды қалай сақтадындар?Сонда Сапар жер астындағы орынға түсіп ,әкесі берген алтын ақшаны алып шығып
-Міне,әке сенің берген ақшаңыз. Қарашы қалай сақтағанымды.
Әкесі ақшаны алды да, Асанға бұрылды.
-Ал, сен ше?
Асан күлімсіреді де,қалтасынан 5 алтын ақшаны алып берді.
-Мен сіз берген ақшаға бір сиыр сатып алдым.Оны жақсылап күтіп едім сүтті көп берді.Оны біз іштік.Артылғанын сатып отырдық.Міне ,сіз берген ақша 5-еу болды және бір сиыр қорада тұр.
Адина:Балалар қалай ойлайсындар,байлық неден құралады?Еңбектен.
Әр отбасы ақшаның құнын бағалау керек.Оны орынды жұмсай білу керек.Халық арасындағы ақша жайында мақал мәтелдерді еске түсірейік.
1.Теңге тиыннан өсер,
Жылқы құлыннан өсер.
2.Есепсіз дүние жоқ.
3.Ақша кетуге тырысады,
Есеп ұстауға тырысады.
4.Базары жақын байымас.
Нұрлыбек:Иә, 15қараша ұлттық валютамыз теңгенің туған күні. Осыдан 26 жыл бұрын елімізде сауда айналымынна еніп,қазірді кезде бүкіл әлемге анылып, өз мәртебесіне ие болып отыр.Теңге ол біздің ақшамыз.Ақша –жалпыға бірдей балама ретінде барлық басқа тауарлардың құнын көрсететін ерекше тауар.Ақша барлық тауар өндірушілер,сатушылар,тұтынушыар арасындағы экономикалық байланысты қамтамасыз етеді.Ақша –құн өлшемі,айналыс құралы,қазына жинау,төлем құралы.Теңгенің пайдасы туралы ой-пікірлерімізді жазып, тақтаға жабыстырайық.
Мұғалім:Енді осы үнемділік пен үнемсіздік тақырыбына арналған мақал-мәтелдерді тыңдайық.
1.Тамшыдан тама берсе дария болар.
2.Ескі киімді баптағаның жпңа киімді сақтағанның.
3.Түстік өмірің болса кештік мал жина.
4.Қасықтап жинағанды шөміштеп төкпе.
5.Алыстан арбалағанша жақыннан дормала.
6.Саумал ішсең қымыз жоқ.
7.Есептемегенде бәрі түгел.
8.Үзіп жеген-үнемге жатпайды.
9.Базары жақын-байымас.
10.Шашу оңай-жинау қиын.
11.Қолдағаның құны жоқ.
Мұғалім:Қазіргі кезенде Мемлекетіміз көтеріліп келеді.Болашақта білімді,саналы азамат болып өсулеріңе барлық жағдай жасалған.Осы мүмкіндікті дұрыс пайдаланып,елімізге үлкен үлестеріңізді қосыңдар.Қазақстан мемлекетінің лайықты ұландары болып өсіңіздер!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген