400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ұлттық зияткерлік ойындары

Материал туралы қысқаша түсінік
ұлттық және қимыл-қозғалыстық ойынға деген оқушылардың қызығушылықтарын арттыру. Оқушылардың ұлттық ойындар арқылы білімдерін жинақтау, бекіту.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Сабақұтың тақырыбы:Ұлттық зияткерлік ойындар

Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Оқушыларға «Ұлттық ойындары» туралы түсінік беру; дұрыс айтуға, дұрыс жазуға үйрету ұлттық ойындардын түрлерімен таныстыру, түрлі ұлттық ойындарды ойната отырып пәнге қызығушылығын арттыру.
2. Дамытушылық: Оқушылардың ойлау, есте сақтау, көру, қабілеттерін дамыту; ойын тиянақты айтуға, ойындарды бос уақыттарында ойнауға дағдыландыру, ойын арқылы қабілеттерін,ептіліктерін көрсетуге дамыту.
3. Тәрбиелік: Оқушыларды қазақтың ойындары арқылы бір-бірін сыйлауға, құрметтеуге, топ болып белсенді қатысуға, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, салауаттылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту сабағы
Сабақтың әдісі: интерактивті оқыту әдісі, сұрақ-жауап, түсіндіру,постер қорғау, ойын, кубизм.
Сабақтың көрнекілігі: спорт алаңы,интерактивті тақта, суреттер, грамматикалық ойындар

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
А) Оқушыларды түгелдеу
Ә) Оқушы мен сыныптың сабаққа дайындығы
Б) Оқушыларды сабаққа психологиялық дайындау, ойларын бір ортаға топтау мақсатында ой тастау. Жылулық шеңбері.


Оқушылар  пазл әдісін құрастыру арқылы топ болып орындарына отырады\
ІІ .Үй тапсырмасын сұрау.
1) 4-тапсырма.
2) «Спорт ойындары, асық ойындары»
ІІІ . Жаңа сабаққа дайындық.
«Ой-қозғау». Интерактивті тақтадан «Қазақтың ұлттық ойындарының» суреттері көрсетіледі. Оқушылар қандай ойын түрлерін көргенін айтады.

Жаңа сабақ
Қазақтың ұлттық ойындары бес түрге бөлінеді. Олар: аңға байланысты, малға байланысты, түрлі заттармен ойналатын, зеректікті, ептілікті және икемділікті қажет ететін, соңғы кезде қалыптасқан ойындар.
Олардың негізгілерінің өзі жүзден астам. Бұл ойындардың көбісінің ежелден қалыптасқан арнайы өлеңдері бар. Өлеңдер ойынның эстетикалық әсерін арттырып, балалардың өлең-жырға деген ыстық ықыласын оятып, көңілін көтереді, дүниетанымын арттырып, еңбекке баулиды, ширықтырып, шынықтырады.

Ғалымдардың пайымдауынша, ата-бабаларымыздан бізге жеткен ұлттық ойындарымыздың тарихы Қазақстан жерінде б.з.б. бірінші мың жылдықта - ақ қалыптасқан. Олардың ішінде тоғызқұмалақ, қуыршақ, асық ойындары Азия елдерінде тайпалық одақтар мен алғашқы мемлекеттерде кеңінен тарады. Біздің қоғамымыздағы ұлттық ойындардың негізгі, шығу тегі халқымыздың көшпелі дәстүрлі шаруашылық қарекеттерінен бастау алады. Бұлардың көбісі мал шаруашылығына, аңшылыққа, жаугершілікке негізделген.

1-тапсырма. Суретті қарап қандай ұлттық ойын екенін анықтап ретімен ойынның атын жазыңыз?
 2-тапсырма.
Көп нүктенің орнына тиісті әріпті қойып жазыңдар.Осы сөздерді қатыстырып сөйлем құраңдар.
Ақсүй...к, ас...қ, алтыба...ан, тоғызқ...малақ, көкп...р, жасы...ынбақ,қ...з қуу, тең...е алу.

2-тапсырма.Берілген ойындардың суреттері арқылы өз ойларыңды айтыңдар.

Интеллектуалды ойын «Ханталапай»

Сергіту сәті
«Теңге алу» ойыны. Оқушылар ортаға шеңбер болып тұрады. Музыка ойналады. Музыка тоқтаған кезде жылдам жердегі қалташадағы теңгені алу керек.

Рефлексия. Кубизм әдісі арқылы тақырыпты жинақтау.
Сабақты қорытындылау. Балаларды бағалау.
Үйге тапсырма
«Қазақтың ұлттық ойындары» туралы білңп келу.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
21 желтоқсан
3284
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі