№ 1-2 сабақ
Сабақтың тақырыбы:Бестемше ойынының шығу тарихы.
Мақсаты:Бестемше ойының шығу тарихын білу. Ойынға деген қызығушылықтарын арттыру.
Көрнекі құралдар:бестемше тақтасы және ерте замандағы суреттері
Сабақ барысы: Бестемше – қазақ халқының ерте заманнан келе жатқан ұлттық ойындарының бірі. Бұл ойынды 3-4 жастағы балабақша балалары ойнайды. Бестемше ойынын қазақ халқы ойлап шығарған және бұл есеп ойыны. Бұл ойынды ойы биік, есепке жүйрік балалар өте жақсы ойнайды. Талай ғасыр түркі халықтарының сүйікті ойыны болған бестемше елімізде жаңғыру аясында қайта түледі. Әлемнің әр түкпірінде өмір сүретін әр алуан халықтың өз ұлттық ойындары бар. Міне, осы ойындардың шығу тарихын дөп басып айта алатындар сирек. Бұл өнердің басты қасиеті –баланың санасын жетілдіруге, ақыл-ойын кемелдендіруге ерекше күш салады.
Түркі халықтарының ұрпақ тәрбиесіне жауапкершілікпен қарайтынына осы ойынның өзі де дәлел бола алады. Жас бүлдіршіндердің дене күшінің мол болуымен қатар, ақылды болуына да көп мән берген бабаларымыз осы ойынды ойнаған. Бестемше ойынын балаларға ойнату тиімді, өйткені бұл барынша жеңіл әрі ережесі қарапайым, балаларға есептің 4 амалын меңгерумен бірге ойлау қабілетін қалыптастырады. Бестемшені бес ұяшық, бес таспен ойнайды. Бестемшенің маңыздылығы бұл ойынға барлық бала қатыса алады, нәтижесінде бала тез санап үйренеді.
Бестемше – тоғызқұмалақ ойындарының шағын түрі, әлемдік мәдениеттің озық үлгілерімен бой теңестіре алатын зияткерлік ойын. Бұл ойынның басты қасиеті – адам санасын жетілдіруге, ақыл-ойын кемелдендіруге ерекше күш салады. Қазақ халқының ұрпақ тәрбиесіне жауапкершілікпен қарайтынына осы ойынның өзі дәлел бола алады. Жасөспірімдердің дене күшінің мол болуымен қатар ақылды болуына да көп мән берген бабаларымыз осы ойынды ойлап тапқан.
Бестемше ойыны қазақ халқының ақыл-ой ойындарының бірі. Оның пайда болу мерзімі 4 мың жылдық мерзімді қамтиды. Бұл ойынға ұқсас ойындар Қырғызстан, Индонезия, Ява аралдары, Вьетнам, Малазия, Марокко және Түркияда кездеседі. Бестемше туралы мәліметтер өте аз. Ойын туралы «Қазақ тілінің түсіндірме» сөздігінде былай делінеді: «Тоғызқұмалақ ойынының бірнеше түрі бар. Оның балаларға арналған қарапайым,түрлерін «қоздату»,«б е с т е м ш е» деп атайды (Ө. Жолымбетов, Айгөлек, 46).
«Тоғызқұмалақтың» да, «Бестемше» де тақталарындағы отаулардың екі қатар болып орналасулары, екі ойында да ұтқан құмалақтар мен тастарды жинайтын қазандықтарының болуы және жүріс жасағанда сол жақтан оң жаққа қарай бір бағытта жүріс жасаулары бір-біріне мүлтіксіз ұқсайды.
Тек «Бестемше» бес отау, ал «Тоғызқұмалақта» отау саны тоғыз.
|
«Бестемше» |
«Бестемше» |
|
|
|
«Бестемше» - бұл нағыз математикалық есеп ойыны, бұл ойын арнаулы тақтада ойналады.
«Таш» сөзі – тас деген мағынаны айқындауымен қатар, ойынға жүріс жасау құралы ретінде қатынасы бар. Бұл атаулардан не байқалады? Және де тоғызқұмалақтың мыңдаған жылдық тарихы бар көне ойын екендігін ескере отырып, түркі халықтарының шығу тегінің бір болғандығын және тек қана осы түркі дүниесінде сақталу ерекшелігін қарастыра отырып, ойынның осы халықтарға ортақ атауы болмады ма? – деп, ойға да қаласың.
Сұрақтар
1. Түрік халықтарының қандай ұлттық ойындарын білесіңіздер?
2.Бестемше ойынын білесіз бе?
3.Бестемше тақтасы туралы не білесіз?
4.Бестемше ойынында нешеу отау бар?
№ 3-4 сабақ
Сабақтың тақырыбы: Бестемше ойынының құралдары.
Мақсаты:Ойын туралы түсінік беру,ойын тақтасымен таныстыру.
Көрнекі құралдар: Бестемше тақтасының суреттері .
Сабақ барысы:Бестемше ойыны арнаулы тақтада (№1 – фотосурет) ойналады.
1сурет.Бестемше тақтасының фотосуретті
қазан
отау
тастар
Бестемше ойыны арнайы тақтада екі бала арасында ойналады. Ойын тақтасы – 2 қазан, 10 отау, 50 тастан тұрады. Ойын басында әр ойыншыға бір қазан, бес отауға бес-бестен салынған жиырма бес тас тиесілі. Ал ойын тек 10 отаудан ғана жүргізіледі. Сондықтан да қарсыластардың отауына 1- ден 5 – ке дейін рет сандары қойылған. Рет саны солдан оңға қарай қойылған. Ойын тақтасында әр отау екі өзекшеге бөлінгендіктен, тастардың өзі екі қатар болып жатады да, не тақ (ашық), не жұп (жабық) екені анық көрініп тұрады. Әрбір отаудың белінен бөліп жүргізілген (тақтаның суретіне қараңыз) сызыққа дейін 5 тас салынады.
Ойын екі ойыншының арасында өтеді. Алғашқы жүріс жасаған ойыншыны – бастаушы, келесі жүріс жасаған ойыншыны – қостаушы деп атайды.
Жүріс ойыншылар тарапынан кезектесіп жүріледі. Жүрісті кімнің жасайтыны жеребемен немесе қарсыластардың келісімімен тасты жасыру арқылы анықталады.
Сұрақ-жауап әдісі:
Бестемше қандай ойын?
Ойынның аты не мағана береді?
Неше тас қажет?
Қостаушы деген кім?
Бастаушы деген кім?
Қазан деген не?
Ойынның құралдарын білесіңдер ме?
Сұрақтар
1.Ойын құралдары дегеніміз не?
2. Ойынға неше тас қажет ?
3.Қостаушы деген кім?
4.Бастаушы деген кім?
№ 5-6 сабақ
Сабақтың тақырыбы:Бестемше ойынының ережелері
Мақсаты: Балаларға тастарды орналыстыру реттілігін түсіндіру.
Көрнекі құралдар:бестемше тақтасы
Сабақ барысы: Бестемше ережелері әлі қалыптаса қойған жоқ. Бұл ойынның ережелері арнайы қарастырылған жоқ. Ойын ережелері ұрпақтан-ұрпаққа ауызша жеткендігі.Әрине бұл алдағы зерттеулердің еншісінде,бірақ осы ерекшіліктердің өзінен бестемше ойынның даралығын және көнелігін байқауға болады.
Бестемше ойыны арнайы тақтайда екі адам арасында ойналады. Бестемше тақтасы 50 тас,10 отау, 2 қазаннан тұрады. Бестемше – ойында қарсыластар алма-кезек жүріс жасап отырады.Ойыншылар өз қазанына 25 тас ұтып алғаннан кейін де ойынды тоқтата салмай ,аяғына дейін жеткізуі керек.Бұл ойынның қандай есеппен аяқтағанын білу үшін қажет.
Жүріс жасайтын ойыншы өзінің кез келген отауынан жүре алады.Жүріс жасау үшін өз жағыңыздың отаулардың бірінен біреуін орнына қалдырып, қалған тастарды қолға алып, солдан оңға қалай бір-бірлеп таратамыз.Тарату сәтінде тастар өз отауларымыздан асып кететін болса, қарсыластың отауына таратамыз.Егер соңғы тастар қарсыластың тақ санды тасы бар отауға түсіп,ондағы тастарды жұп қылса (2 ,4, 6, 8, 10 ,12),сол отаудағы тастарды ұтып алынып,өз қазанымызға салынады.

2 сурет. Үшінші отаудан жүрген бастаушының бірінші жүрісі.
Жүріс кезегі қостаушынікі. Қостаушы кез келген отаудан тастарды алады да (біреуін орнына қалдырып)жоғарыдағыдай тәртіппен таратады.
Егер соңғы құмалақ түскен отаудағы тастар отаудағы саны тақ болатын болса,(1,3,5,7,9,11) немесе өз отауымыздан асып түссе,құмалақ ұтып алынбайды. Жүріс кезінде соңғы тас өз отауыңызға келіп түссе,онда жай жүріс боп есептеледі.
Отаудағы жалғыз тасты көрші отауға жүруге болады.Жүріс жасаған кезде отауларға тастар салмай кетуге болмайды.Тастарды жүргенде әр отауға салу керек. Қолдағы тастардың барлығын тарату қажет.

3 сурет.Қостаушының жүрісі
Жоғарыда келтірілген ойындарда шығатын қортынды: жұп санды тас бар отаулар «жабық отаулар» болып саналады да, тақ санды тасы бар отаулар «ашық отаулар»болып есептеледі.Әркім өз отауын жабық, ал қарсыласының отауын ашық етуге тырысуы жөн.Бестемшеде ұтқан адам 1ұпай алады.
Сұрақтар
1.Ойында нешеу отау бар?
2.Қазан деген не?
3.Ашық отау дегеніміз не?
4.Жабық отау дегеніміз не?
№7-8 сабақ
Сабақтың тақырыбы:Бестемше ойынның негізгі ұғымдары
Мақсаты: Тастар, отау, қазан, бастаушы, қостаушы, жабақ отау, ашық отау сөздерінің мағынасын түсіндіру.
Көрнекі құралдар:Бестемше тақтасы.
Сабақ барысы :
Бестемше – логикалық ойын. Бұл ойынның басты қасиеті – баланың санасын жетілдіруге, ақыл-ойын кемелдендіруге ерекше күш салады. Түркі халықтарының ұрпақ тәрбиесіне жауапкершілікпен қарайтынына осы ойынның өзі де дәлел бола алады. Жасөспірімнің дене күшінің мол болуымен қатар, ақылды болуына да көп мән берген бабаларымыз осы ойынды ойлап тапқан.
«Бестемше»тақтасы-тең екі бөлікке бөлінген отаудан және тастардан тұратын арнайы тақта
-
«Тастар» ойында пайдаланатын дөңгелек тастар
-
«Қазан» ұтып алған тастарды салатын шұңғыл отау
-
«Отау» бестем тақтасындағы тас салынатын арнайы ұяшық
-
«Бастаушы»-ойынды алғашқы жүретін ойыншы
-
«Қостаушы» бастаушыдан кейін жүретін ойыншы
-
«Атсырау» -ойын соңына қарай жүрістің таусылуы
-
«Тақ саңдар»-екі санына қалдықпен бөлінетін сандар
-
«Жұп сандар» екі санына қалдықсыз бөлінетін сандар
-
«Ашық отау» тақ санды тастары бар отау
-
«Жабық отау» жұп санды тастары бар отау
-
«Табысты жүріс»-ұтысқа ие болған жүріс
-
«Табыссыз немесе кезекті жүріс»-ұтысқа ие болмаған жүріс
-
«Комбинация»ойындағы ұпай жинау әдісі
-
«Диаграмма»-бестемше тақтасының қағазға немесе тақтаға түскен сұлбасы.
-
Бай отау- тасы көп отау
-
«Тактика»- ойындағы қолданатын айла-тәсілдер.
Шаттық шеңбері:
Біз қандаймыз, қандаймыз,
Шұғылалы таңдаймыз!
Күлімдеген күндейміз!
Еш уайымды білмейміз.
Балалар,қандай ұлттық ойындарды білесіңдер? (Балалардың жауабы).
Бәрекелді,көп ойындарды біледі екенсіңдер. Ал «Бестемше»ойынын білесіңдер ме?
Бүгін сендермен осы ойынның тақтайшасымен танысамыз. (Тақтайшаны көрсету). Тақтайша екі бөліктен тұрады, өйткені екі ойыншыға арналған. Әр бөлігінде тастарға арналған отаулар бар. Міне мына үлкен орын қазандық немесе қазан деп аталады.Қазандықтан барлық тас орналасады. Мына кішкене қазандыққа ұқсаған орындар отаулар немесе ұяшық деп аталады. Қараңдаршы қазандық пен отаулар қандай геометриялық пішінге ұқсайды? Дұрыс айтасыңдар сопақшаға ұқсайды. Отауларға тастар салынады. Балалар әр бөлікте қанша отау бар, санап көрейікші (санау).Дұрыс айтасыңдар әр бөлікте бес отау бар. Осы отауға бес тастан салынады. Міне ойынның аты осыдан шыққан «Бестемше»
Отауға тастарды салмас бұрын бойымызды сергітіп алайық.
Сергіту сәті.
Бойымыз сергіді енді санамақты жаттаған есімізге түсірейік.
Санамақты қайталау.
Экраннан Бестемше тақтайшасының суретін көрсету арқылы қорытындылау. Қазандық,отауларды атап көрсету.
Сұрақтар
1. Ойында әр ойыншада неше тас болуы керек?
2. Тақ сандар дегеніміз не?
3. Жұп сандар дегеніміз не?
4. Бір отауда неше тас болады?
№9-10 сабақ
Сабақтың тақырыбы:Бестемше ойынындағы қауіпсіздік ережелері.
Мақсаты: Бестемше ойынындағы қауіпсіздік ережелерін сақтау тәртібін білу.
Көрнекі құралдар:Бестемше тақтасы, плакаттар.
Сабақ барысы:
1.Ойын этикасы сақталу керек.
2.Балалардың отыратын үстелдері биік болмауы қажет.
3.Бөлмелер таза,ауамен тазартылып отыру керек.
4.Ойын кезінде дауласып , төбелесіп қалмауын қадағалап отыру абзал.
5.Бестемше тасын жұтып қоймауын , мұрын қуысына салмауын балаларға түсіндіру .
6.Ойын барысында тастарды лақтырмауға үйрету.
7.Балалар таспен атыспауға кеңес беру.
Шаттық шеңбері:
Ашық менің жүрегім
Ылғи күліп жүремін.
Бірге ойнап бір жүрер
Достарым көп, білемін!
Балалар ,ойын ойнағанды бәрің жақсы көресіңдер,білемін. Айтыңдаршы, қандай ойын сендерге ұнайды? (балалардың жауабы).Тамаша. Ендеше жұмбақ шешіп көріңдерші.
Ұмытылған ойынды,
Атам маған үйретті.
Тақтайда бар тастары,
Қандай ойын сен айтшы.(бестемше)
Сұрақ-жауаптар.
- Бұл ойынды кімдер ойнайды?
- Ойын тақтайы неге ұқсайды?
- Ойынды неше бала ойнайды?
- Қазан дегеніміз не?
- Отауда неше тас болады?
- Бәрекелді,жақсы жауап бердіңдер.Балалар, бұл ойынды ойнамас бұрын қауіпсіздік ережелерін үйреніп,еске сақтап алайық.
- Ойынның тастары кіші,сондықтан оны ауызға, мұрынға,құлаққа салуға болмайды.
- Ойын кезінде дауласып , төбелесуге,таласуға болмайды.
- Тастарды жерге шашуға болмайды.
Ойын кезінде тыныш отырып,тәртіп сақтау керек. Осы ережені есте сақтаңдар. Кәне қайталап жіберейікші,не істеуге болмайды? (балалардың жауабы).
-Дұрыс,тамаша. Осы ережесі есіне сақтаған ойыншы жеңіске таза жетеді.
Балалар бойымызды сергітіп алайық:
1 дегенде тұрайық,
2, 3, 4 – алақанды
соғайық,
Оң жаққа бұрылып,
Сол жаққа бұрылып,
Бір отырып, бір тұрып,
Біз жүгіріп алайық.
5 дегенде асықпай,
Орнымызды табайық.
Ойын ойнау үшін біз санауды білуіміз керек. Ендеше санамақтарды еске түсірейік.
Бір дегенім-бірлік,
Екі дегенім-еңбек.
Үш дегенім- үміт
Төрт дегенім-талап
Бес дегенім-білім
Білім жарық күнім.(бірнеше рет қайталау)
Қорытынды. Балалармен «Орнына тап » ойын ойнату.
Сұрақтар
1.Ойын этикасы деген не?
2.Ойын ережесін білесіз бе?
3.Неше тас жинауыңыз керек?
№11-12 сабақ
Сабақтың тақырыбы: Бестемше ойынның ерекшеліктері мен маңыздылығы
Мақсаты:Балаларға ойынның ерекшіліктері мен маңыздылығын айтып түсіндіру.
Көрнекі құралдар:Бестемше тақтасы
Cабақ барысы:
-
Ұ лттық ойын түрлерін іздеңіздер
-
Л апылдап жаныңдар ізденіңдер,
-
Т алмаңыздар , әрдайым қанат қағып,
-
Т алпыныңдар, алға қарай ұмтылып
-
Ы нтымақпен, бірлікпен
-
Қ адам басып
-
О йланыңыз, ойлаңыз жас ұрпағым
-
Й одталған тұзбенен шымырланып
-
Ы лғи да денеңізді шынықтырып,
-
Н амыскер бола бергін жас ұрпағым.
Бестемше ойыны – математикалық есеп ойыны. Жүрістерді алдын-ала ойлау, есептеу, қиялдау – оның негізгі өзегі. Сондықтан оқушы ойынды үйрену барысында оның бойында стратегиялық және жүйелі ойлау қабілеті қалыптасады. Бұл кез-келген салада болашақта керек болады. Өйткені өмірде де болашақ істеріңді алдын-ала ойлау – негізгі мәнге ие.
Бестемшенің басты маңызы – ойлау жүйесін дамытады
-
Ойлау жүйесін дамыту
-
Дербестікке үйрету
-
Жеңілісті дұрыс қабылдауға үйрету
-
Назарды шоғырландыру
-
Уақытты тиімді падйлану
-
Жоспарлау және бас тартуды үйрету
-
Жадыны жақсарту және есте сақтау қабілетін дамыту
-
Ақпаратпен жұмыс істеу дағдысы
-
Қол моторикасының дамуы
-
Жан-жақты қалыптасу
Бұл ойынның ерекшілігі -жүріс жасағанда отауға құмалақ қалдыру.
1.Балаларды бір-біріне қара
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ұлттық зияткерлік ойыны "БЕСТЕМШЕ"

шағым қалдыра аласыз