Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
«Ұлты ұлықтаған ұлы тұлға» ашық сабақ
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Сабақтың тақырыбы: «Ұлты ұлықтаған ұлы тұлға»
Сабақтың мақсаты:
-
Қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып-өскен, оқып-білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру;
-
Елбасының еліміздің даму жолындағы өнегелі істері мен еңбектерінен үлгі алу.
-
Тыңдаушыларды елін, Отанын сүюге, құрметтеуге үйрету, есте сақтау қабілетін дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: Елбасы туралы бейнебаян, слайд, суреттер, таратпалар
Сабақтың түрі: Интерактивті сабақ
Қолданылған әдіс-тәсілдер: интерактивті әдіс, проблемалық сұрақтар, сын тұрғысынан ойлау, әңгімелесу, сұрақ-жауап, баяндау.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі:
ҚР-ның әнұраны орындалады.
Оқытушы: Құрметті тыңдаушылар, бүгінгі ашық сабағымыздың тақырыбы «Біздің Елбасы» деп аталады. Яғни, сабағымыз «Тәуелсіз Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті» күні мерекесіне арналып отыр.
Қазақстан халқы еліміз үшін елеулі оқиға - Тұңғыш Президент күнін атап өтеді. Алайда кейбіреулерді бұл мерекенің шығу тарихы ойландырары анық. Айта кетерлігі, таңдау бұл күнге тегіннен-тегін түсіп отырған жоқ. Ел Парламенті Тәуелсіз Қазақстан тарихында 1991 жылы 1 желтоқсанда өткен алғашқы Президент сайлауына байланысты осындай шешім қабылдаған болатын. Қазақстандықтар бұл мерекені биыл төртінші рет атап өтеді.
Сәл тарихқа шегініс жасар болсақ, 1991 жылғы 1 желтоқсанда, алғаш рет жалпыхалықтық сайлау өтіп, Нұрсұлтан Назарбаев тұңғыш рет Президент болып сайланды. Сайлауға қатысқандардың 98,78%-ы жақтап дауыс берді. Бұл жаңа мемлекет қалыптасуының өтпелі кезеңінде сенімді басшыға өз тағдырын тапсырған Қазақстан халқының жауапты таңдауы еді. Н.Назарбаев ел тізгінін алмағайып, аумалы-төкпелі, ең қиын кезеңде қолына алды. Мемлекет билігін қолға алғаннан бастап ҚР Президенті атқарған игі істер жетерлік. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың салиқалы саясатының арқасында тәуелсіз Қазақ елі қалыптасып, тарихымыз түгенделіп, тіліміз, дініміз және діліміз қайта оралып, мемлекетіміздің ұлттық рәміздері қабылданды.
Тарихтың да, тағдырдың да сынынан абыроймен өтіп, халқын да қыл көпірден, жанып тұрған өрттен аман алып шықты. Шын мәнінде, Елбасының елімізді аяғынан нық тұрғызып, әлемге танытудағы еңбегі ұшан-теңіз.
Сондықтан да 2012 жылдан бастап 1 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мерекесі кеңінен аталып өтуде.
ІІ. Қызығушылықтарын ояту кезеңі.
Тыңдаушылар «Бейбітшілік құсы» көгершіндерде жасырылған тапсырмаларды орындайды.
-
Қазақстан Республикасының Көшбасшысы кім?(Н.Назарбаев)
-
Елбасына тілек айтыңыз.
-
Елбасын 7 сөзбен сипаттаңыз.(көшбасшы, саясаткер,білімдар,жазушы)
-
Мен елбасы болсам, ... . Ойды жалғастырыңыз.
-
Елбасының жетістіктері туралы айтыңыз.( Нұрсұлтан Назарбаев президент болғалы аз уақыт ішінде қаншама жетістіктерге қолымыз жетті. БҰҰ-ға мүше болдық, республикамыз әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына енді, ана тілімізге мемлекеттік мәртебе берілді, мемлекеттік Рәміздеріміз белгіленіп, Ата заңымыз қабылданды, Ұлттық валютамыз шығарылып, ЕҚЫҰ-ның саммитінде төрағалық етіп, 7-Қысқы Азиада ойындарының жалауы еліміздің көгінде желбіреді. Еліміздің жетістіктері - елбасының жетістігі.)
-
«Тұңғыш Президент күні» мерекесі қашаннан бері тойлануда?(2012 жылдан бастап)
-
Елімізде сайлау неше рет өтті?(6 рет)
Жаңа сабақ
1-тапсырма. Жаңа сөздермен танысыңыз.
Қазақ тілінде |
Орыс тілінде |
Тұлға |
Личность |
Ұрпақ |
Поколение |
Сайлау |
Выборы |
Саясат |
Политика |
Жетістіктер |
Достижения |
Татулық |
Дружба, согласие |
Ұлттық |
Национальный |
Тұңғыш |
Первый |
Үкімет |
Правительство |
Ұлы |
Великий |
Көшбасшы |
Лидер |
Болашақ, келешек |
Будущее |
Оқылым . Мәтінді мұқият оқыңыз.
Нұрсұлтан Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысының Қарасай ауданына қарасты Шамалған ауылында Әбіш пен Әлжанның отбасында дүниеге келген. Оған әке-шешесі Нұрсұлтан деп ат қойды. Сәбиге ат таңдаудың өзі жатқан бір хикаяға айналды. Тойға жиналған ағайын-туыс түрлі есімдерді тұс-тұстан айтып жатты. Ең ақырында жаңа туған ұлдың әжесі Мырзабала мынадай ұсыныс білдірді: «Менің сүйікті немерем екі бірдей есімді алып жүрсін. Оның аты Нұрсұлтан болсын».
Әкесі – Әбіш 1903 жылы Алатаудың бөктерінде өмірге келген. Әбіш Назарбаев көңілді, қадірлі адам болды.
А насы – Әлжан 1910 жылы Жамбыл облысында молданың отбасында дүниеге келді.
Жасөспірім шағы Нұрсұлтан тек өз сыныбындағы ғана емес, мектептегі ең үздік оқушының бірі болды, сабақты зор ынта-ықыласпен оқыды. Ол, әсіресе, ежелгі аңыздар мен бабалардың наным-сенімдері туралы үлкендер айтатын әңгімелерді ықыласпен тыңдайтын.
1960 жылы Днепродзержинск техникалық училищесін, 1967 жылы Қарағанды металлургия комбинатына қарасты жоғары техникалық оқу орынын, 1976 жылы Кеңес Одағы коммунистік партиясы Орталық комитетіне қарасты Жоғары партия мектебін бітірген.
1991 жылдың 1 желтоқсанында тұңғыш рет Қазақстан Республикасы Президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтті. Сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев басым дауыспен (98,78 %) жеңіске жетті. 1991 жылы 16-желтоқсанда Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев қол қойған Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Конституциялық заң қабылданды. Қазақстан Тәуелсіз мемлекет болды. 1992 жылы Мемлекеттік Рәміздер қабылданған жыл. 1993 жылы ұлттық төл теңгеміз айналымға түсті. 1995 жылы Конституциямыз қабылданды.
Президенттің Дариға, Динара, Әлия атты үш қызынан жеті немересі, төрт шөбересі бар.
Мәтін бойынша тест сұрақтарына жауап беріңіз.
1. Сөйлемді толықтырыңыз. Дополните предложение.
Нұрсұлтан деген есімді ... қойды.
А) Әлжан
В) Әбіш
Г) Мырзабала
Д) Әлия
2. Мәтінге сәйкес келмейтін ақпаратты таңдаңыз. Выберите информацию, несоответствующую тексту.
А) 1960 жылы Днепродзержинск техникалық училищесін аяқтаған.
В) 1991 жылы жалпыхалықтық сайлау өтті.
Г) 1967 жылы Жоғары партия мектебін бітірген.
Д) 98,78 % дауыспен жеңіске жетті.
3. Мәтіндегі басты тірек сөзді табыңыз. Найдите главные опорные слова в тексте.
А) ана, Нұрсұлтан, оқу
В) наным-сенім, сайлау
Г) аңыз, сабақ, Шамалған
Д) есім, білім, отбасы
4. Мәтінде жауабы бар сұрақты таңдаңыз. Выберите вопрос, ответ на который присутствует в тексте.
А) Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қандай президент?
В) Әбіш пен Әлжанның отбасында қанша бала бар?
Г) Ол қандай оқу орнын тәмамдады?
Д) Сайлауға неше адам қатысты?
5. Мәтін бойынша толық және нақты ақпаратты табыңыз. Найдите наиболее полную и точную информацию по тексту.
А) Сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев басым дауыспен жеңіске жетті.
В) Нұрсұлтан Назарбаев Шамалған ауылында туған.
Г) Президенттің 3 қызы бар.
Д) Мырзабала оның есімі Нұрсұлтан болсын деген ұсыныс білдірді.
6. Мәтінге нақтырақ тақырып таңдаңыз. Выберите наиболее точную тему к тексту.
А) Елбасының отбасы
В) Елбасының өмір жолы
Г) Елбасының туған жері
Д) Елбасының еңбек жолы
Жазылым
Сөйлемдегі сөздерді орын тәртібіне сәйкес жазыңыз.
-
Ұлттық, тіл, енді, саясаттың, болуы, діңгегі, тиіс, мемлекеттік. (Мемлекеттік тіл енді ұлттық саясаттың діңгегі болуы тиіс.)
-
Ынтымақ, түсу, міндетіміз, татулықты, пен, нығайта, басты.
(Ынтымақ пен татулықты нығайта түсу – басты міндетіміз.)
-
Жаны, әдебиет, мен, халықтың, өнер.
(Өнер мен Әдебиет – халықтың жаны.)
-
Өз, халқы, бар, салт-дәстүрі, ел, мәдениеті, ұлты, Қазақстан, тілі, тарихы, құдіретті.
(Қазақстан - өз ұлты, халқы, тілі, мәдениеті, тарихы, салт-дәстүрі бар құдіретті ел.)
-
Елінің, ұғатын, Нұрсұлтан, Назарбаев, ғасыр, жанын, қамқоршы, тұлғасы.
(Нұрсұлтан Назарбаев – ғасыр тұлғасы, елінің жанын ұғатын қамқоршы.)
Сөйлемдер мен суреттерді сәйкестендіріңіз.
Суреттер |
Сөздер |
Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев немерелерімен |
|
«Балалық шағымның аспаны» фильмінен үзінді |
|
Елбасының табиғатпен сырласу сәті |
|
Белсенді жұмысы үшін КазКСР Кеңесінің белгісі |
|
Қарағанды политехникалық институтының студенті |
|
Жолдастарымен бірінші мамырдағы шеруде |
Тыңдалым. Мәтінді мұқият тыңдаңыз.
Мәтін бойынша сөйлемдердің дұрыс, бұрыстығын тексеріңіз.
Сөйлемдер |
+ |
- |
Елбасының бойындағы сергектік – бүгінгі жасқа үлгі. |
+ |
|
Уақытының көбін серуендеумен өткізеді. |
|
- |
Н.Ә.Назарбаевтың ақындық қасиеті жоқ. |
|
- |
Президенттің ең сүйікті спорты – теннис. |
+ |
|
Елбасының бос уақыты көп. |
|
- |
Бейнефильмде қазақ аспабының бірі көрсетілді. |
+ |
|
«Білім еліне саяхат». 10,20,30,40 ұяшықтарын таңдап, сол ұяшықтардың сұрақтарына жауап беріңіз.
Менің елім |
10 |
20 |
30 |
Материал ұнаса әріптестеріңізбен бөлісіңіз
Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация
жариялап табыс табыңыз!
Материалдарыңызды сатып, ақша табыңыз.
(kaspi Gold, Halyk bank)
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Материал іздеу Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде пәніңізді белгілеп, керек материалды алып сабағыңызға қолдана аласыз Барлығы 663 959 материал жиналған
Ұқсас материалдар Дайын ҚМЖ. Барлық пәндерден 2024-2025 оқу жылына, жаңа бұйрыққа сай жасалған Сертификатталған тренер жасаған 01.01.2023 17 863 13 694
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандарты бойынша жасалған.
Барлық пәндер Барлық материалдар Барлық сыныптар
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін тақырыптармен дайындаймыз Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады Толығырақ |