400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 14 материал табылды

Ұлтымыздың ұлықты ұстазы – Ыбырай Алтынсарин

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұлы ұстаз - Ыбырай Алтынсарин туралы мақала. Мақалада ұстаздың өмірі мен шығармашылығы туралы жазылған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Нурпеисова Айдана Асылханқызы

Санаты: І

Пәні: Қазақ тілі мен әдебиеті

«Севастополь жалпы білім беретін мектебі» КММ





Ұлтымыздың ұлықты ұстазы – Ыбырай Алтынсарин

«Оқытушыны бағалағанда, олардың іске қатысы жоқ сөздеріне қарап емес, олардың егістіктерінің бетіне шыққан жемістеріне, яғни оқушыларына қарап бағалау керек», – дейді Ыбырай Алтынсарин. Мемлекетіміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты бағдарламалық мақаласында тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейтойында біртуар тұлғаларды еске алып, олардың мұрасын жастарымызға және бүкіл әлемге паш етуіміз керек екенін атап көрсеткен болатын.

Тәуелсіздікке ұмтылыс жан алып, жан беретін күреспен қатар, рухани өміріне айрықша ықпал еткен ағартушылардың отарлау саясатына қарсы идеялық күресімен де ерекшеленеді. Солардың ең ірі өкілдерінің бірі, ұлтымыздың ұлықты ұстазы – Ыбырай Алтынсарин деп білеміз. Ы.Алтынсариннің қазақ ұлты үшін орны бөлек: қазақ педагогикасының негізін қалаушы, ұлы ағартушы, білім ісінің ұйымдастырушысы, фольклорист, ақын-жазушы, журналист. Ы.Алтынсариннің педагогикалық мұрасын, методологиясын саралау оны басқа этнопедагогикалық жүйелермен салыстыруды қажет етеді.

Алтынсарин ел басын біріктіру,  халықтың келешегі үшін екі ірі мәселені алдына мақсат етіп қойды: біріншісі – мектеп ашу, бала оқыту, жалпы халықты ағарту жұмысы; екіншісі – халықтың ой-санасын жаңалыққа қарай бейімдеу жолындағы тәрбиелік істері. Оған оның барлық іс-амалы мен бізге қалдырған мұралары куә. Педагог-ағартушы үшін қазақ ұлты қарама-қарсылықтардың ажырамас бірлігі болып көрінеді. Сондықтан, оның шығармалары «жамандық пен жақсылық», «достық пен алауыздық», «сараңдық пен жинақтылық», «тәкәппарлық пен қарапайымдылық», «өнер, білім мен надандық», «әділдік пен әділетсіздік» сияқты қарама-қарсылық негізінде,  жамандыққа жақсылықты, адамгершілікті қарсы қою арқылы қазақты өзара бірлікке, татулыққа тәрбиелейді. Ы.Алтынсарин – ұлт патриоты, тәлімгер-санаткері, хаалық қызметшісі болды.  Ұлы даланың шартарабына саңқылдап естілген ұлттың ұранындай, келешектің тұлғасын өнер-білімге ынтызар еткен рухтың жанартауындай, таудың таза кәусарындай «Кел, балалар, оқылық!», «Өнер-білім бар жұрттар» дейтін классикалық шығармалары – ұлттық сана, тіл, мәдениет тарихындағы баға жетпес байлық еді. Ол «Бір Аллаға сыйынып», «Өнер-білім бәрі де, Оқуменен табылған», «Оқу білген адамдар, Май тамызған қылыштан…» деп, тіреу болар, сүйеу болар оқудың мәнісін ыждағаттайды, содан соң, «өнер-білім бар жұрттардың» өнегесінен үйренейік, «Біз де бекер жатпалық!» бәйгеге түсіп, бақ сынайық, қатардан, саптан қалмайық, сол үшін сендерге батамды бердім дейді.

Ыбырай Алтынсарин – қазақ балалар әдебиетінің атасы. Ыбырай шығармаларының балаларға арнаулы тегін емес деп ойлаймын, себебі ұлы ұстаз дүниенің кілті білімде екеніне, ал ұрпағы білімді халықтың болашағы да зор болатынына сенген. Осы кезде ойыма бала кезімнен көкейімде жатталып қалған ақын ата өлеңі еріксіз оралады:

Кел, балалар, оқылық,

Оқығанды көңілге

Ықыласпен тоқылық.

Мал дәулеттің байлығы,

Бір жұтасаң жоқ болар,

Оқымыстың байлығы,

Күннен- күнге көп болар,

Еш жұтамақ жоқ болар...

Ыбырай - надандықтың қара тұманы қоршаған қазақ даласында білімнің шамшырағы болды. Мұндай жанкештілік тек өзінің елін, жерін, халқын риясыз сүйетін жанның қолынан ғана келетіні хақ... Ыбырай Алтынсарин өмірі – күрестер мен жеңістерге толы өмір. Ыбырай қолына қару ұстап қанды майданда жаумен шайқасқан жоқ, қараңғылық пен әділетсіздік үстемдік құрған надандық майданында күресті. Ұстаздың осыдан бір ғасырдан астам уақыт бұрын білім беру саласын дүр сілкіндірген ағартушылық ойлары әлі күнге дейін өзектілігін жойған емес. Біз, ұстаздар қауымы, Ыбырай идеясын ұран қылып , Ыбырай салған сара жолмен жүріп, Ыбырай аманатын орындаудамыз дегім келеді. Ыбырай мұрасы- ел тарихында ойып орын алған, өшпес із қалдырған құнды мұра. Бүкіл өмірін халқына білім беру жолындағы ағартушылық қызметіне арнаған Ыбырай бабамыздың бұл санқырлы мұрасын зерделеп, зерттеу, насихаттау үлесі келер ұрпақтың еншісіне тиіп отыр. Біріншіден, ол өз заманының алдыңғы қатарлы азаматы, озық ойлы адамы, өз халқын өнер-білімге үндеген ағартушы-демократ; екіншіден, қазақ балаларына арнап мектеп ашқан, оларды оқытып, тәрбиелеп, көкірегін оятқан, өнер-білімге үйреткен дарынды да тамаша педагог болды; үшіншіден, өзі ашқан мектептер мен онда оқитын балаларға арнап, оқу құралдар мен методикалық нұсқаулар жазды. Қазақ тарихында тұңғыш рет нағыз педагогикалық ой-пікірдің негізін салды; төртіншіден, өзінің оқу кітаптарына арнап, танымдық, тәрбиелік мәні зор өлеңдер мен әңгімелер жазып, қазақтың жаңа жазба әдебиетінің алғашқы нұсқаларын жасады; бесіншіден, Ыбырай Алтынсарин – ғылыми-зерттеу жұмысымен шұғылданып, ғылыми еңбектер жазған, танымдық, тағылымдық ой-пікірлер айтқан ғибрат алар ғалым.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
8 қараша
648
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі