«Ұлтын ұлықтаған ұрпақ ұтар»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Ұлтын ұлықтаған ұрпақ ұтар»

Материал туралы қысқаша түсінік
«Ұлтын ұлықтаған ұрпақ ұтар»
Материалдың қысқаша нұсқасы

ЖШС «КАСПИЙ ӨҢІРІ «БОЛАШАҚ» КОЛЛЕДЖІ»




Каспий өңірі «Болашақ» колледжінің

директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

________________________Г.Б.Джакаева

«____»___________________________










Тәрбие сағаты



Тақырыбы: «Ұлтын ұлықтаған ұрпақ ұтар»













ТОП ЖЕТЕШІСІ:УЗАКБАЕВА Д.Т.









Ақтау-2021 ж.



П -19 тобына жоспар бойынша 03.03.2021 жылы «Ұлтын ұлықтаған ұрпақ ұтар» тақырыбында топ жетекшілік сағаты өткізілді. Топ сағатында тәрбиелік мәні бар баяндама оқылып, топ студенттерімен пікір алмасты.

Баяндама: Қазақ этносы үшін ұрпақтың маныздылығын А.Қайдар былай атап өтті: ... өмірге қазақ болып келіп, қазақ қауымында өсіп-өнген адам ағайын-тумалары мен жекжат-жұрағатына ыждағатпен қарағанмен, қашанда өз кіндігінен тараған ұрпағына өзгеше мəн бергені белгілі. «Ұлымды ұяға, қызымды қияға қондырам» деп, шарқ ұрып, елін жаудан, есігін құрттан, малын жұттан сақтап, білек сыбана еңбек етіп келеді».

Ұрпақты біз үш түрлі, бірақ бір-біріне жақын мағынада түсіне аламыз.

  1. қазақтың дәстүрлі ғұрпы бойынша бір атадан өрбіп жалғасқан он атаға дейінгі туыстас үрім-бұтақ. Олар: әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, жүрежат, туажат, жекжат, жұрағат. Ата салты бойынша араға жеті ата толған соң, яғни ұрпақ жүрежатқа жеткеннен кейін “Жеті атаға толыстық, жеке ел болыстық” деп есептеген. Мұндайда екі ақ боз үй тігіліп, ақ боз бие құрбандыққа шалынып, ақсақалдардың бәтуасымен әр ауыл өз алдына енші алысқан. Осыдан кейін екі арада қыз алысып, қыз беріскен құдандалық қарым-қатынастар басталған;

  2. халықтың табиғи өсіп-өнуінде ата-ана, балалар, немерелер — туыстығы жалғасқан үш ұрпаққа жатады; әке мен бала, шеше мен қыз туған уақыт аралығы ұрпақтың ұзақтығы деп аталады (30 жылға жуық);

  3. демографияда — әдетте бір жыл бойына дүниеге келген адамдар; ұрпақтардың тұрғылас, қатарлас өмір сүруі, өзара қарым-қатынаста болуы халықтың өмір жасының құрылымын құрайды.

  4. Ұйым қызметіне тікелей немесе жанама әсер ететін физикалық, әлеуметтік, Ұйымдастырушылық және экономикалық шарттардың жиынтығы.[1]

Қазіргі қазақ тілінде ұрпақ сөзі көп мағынаны береді. Мәселен, Қазақ әдеби тілінің 15 томдық сөздігінің 14 томында алты түрлі мағынасын атаған: Бірінші мәні – ұрпақ нақты адамның отбасы. Екінші мағына – келесі ұрпақ. Егер бірінші мағынада аке және оның балалары туралы айтылса, мұнда жалпы акелер және балалар ұрпақтары туралы айтылып тұр. Үшінші мәні – өмір жалғасы, болашағы. Біз үшін ұрпақ сөзінің мәні тек семантикалық құрылымында басты болып келмейді, барлық концептердің блогында: бесік, ұрпақ, бала, ұл, қыз, бірігіп "ұрпақ" мағынасын береді. Қазақтар үшін, ұрпақ - өмірдің жалғасы, мәңгілік өмірді қамтамасыз ету. Сондықтан қазақтар үшін өмірдің мәні, балаларды дүниеге әкеліп, лайықты тәрбие беру. Тұжырымдап келгенде ұрпақ концептінің құндылығы осы мағынаға негізделеді және басқада бірқатар концептердің құрамдас бөлігіне кіреді. Яғни, «туыстық» концептісінің мағынасы келесі ұрпақты тәрбиелеу. Төртінші мағынасы - халық. Осы мағынаға мысал ретінде Т. Молдағалиевтің мынадай өлең жолдары келтірілген.

Соққанда қуаныштың желі бұрқап,

Жарқырар ұлы Абайдың елі шырқап,

Үлкендер бір жиындарда ақыным деп

Еске алар шапағатпен мені де ұрпақ.

(Т. Молдағалиев. Шақырады)

Біздің ойымызша, мұнда "халық" деген сөзді емес, бізден кейінгі бақытты өмір сүретін ұрпақ мағынасын білдіреді. Өйткені “халық” сөзі – ұрпақ мағынасына қарағанда, тұрақты ұғым. Бесінші мәні – балалар. Бұл мән басқалармен салыстырғанда нақты бірінші ұрпақ мағынасын білдіреді. Иллюстративті материал осы сөздерді растайды.

Ұл-қыздарың – ұрпағың,

Еркелеп өссін қасыңнан.

Атағың артсын, қарағым.

Қол үзбей тату досыңнан.

(К. Əзірбаев)


Ұрпақ сөзі басқа сөздермен жалғасып фразеологизм құрап мағынасы ауысады. Мысалы: жаңа ұрпақ, жас ұрпақ, сан ұрпақ.

Мұның бəрі арман ғой қанат талар,

Алыс емес күнім де аяқталар.

Тар кезеңде тартыншақ болғаныма

Келетұғын жас ұрпақ аяп қарар.

(Т. Молдағалиев. Шақырады)

Осы тұрғыда жас ұрпақ концептісінің жаңа мағынасы ашылады. "Ұрпақтар – өмір мен ата-баба ісіне шынайы бағасын беретін адамдар." Келесі мысалда жас ұрпақ фразеологизмі мүлде басқа мағынада айтылады: Ежелгі Оғыз елінің көне қонысына дихангершілік қайта келді, күнге шағылған батыр кетпеннің жарқылы сол: бұл аудан бақ айналып, береке дарыған, салтын сақтаған ел атанды. Ең ғанибеті, өмірдің өзіне қарсы жүзетін жас ұрпақ өсіп жетілді. (Д. Досжанов. Дария). Келтірілген мысал жас ұрпақ фразеологизмінің жаңа бағытын ашып тұр “жас ұрпақ – міндетті түрде өмірге жаңа леп, жаңа идеялар, өзгерту, т. б. енгізеді” қазақтар, бір жағынан, салт-дәстүрлер сақтауы мен сабақтастығын жақтайтын, бір жағынан, өмір сүру салтында міндетті түрде өзгеріс болатынын түсінген, өйткені, тек дәстүрлі және жаңа инновациядардың үйлесімділігі дамудың кепілі болып табылады.

Ұрпақтан ұрпаққа жалғасу фразеологизмінде ұрпақ сабақтастығын жүзеге асыру шарттары айқын көрінеді.

Ұрпақтан-ұрпақ алып жалықпастан,

Сондай бір дəстүр барды қалыптасқан.

Заманнан заман өткен, жаңарған жұрт,

Аққуын айдын көлдің налытпастан,

Дəстүрін аттамаған, анық басқан.

Сондай бір дəстүр барды жарық шашқан,

Бір ұрпақ бір ұрпаққа алып қашқан.

(М. Мақатаев. Шығармалары)



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
29.06.2021
241
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі