«Балбөбек әлемі» балабақшасы

Тобы: «Айгөлек»
Тәрбиеші: Әзімбаева Е.М.
«Ұлтына қамқор – Елбасы»
1 – желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні. Бұл күннің шығу тарихына шолу жасар болсақ, 2011 жылдың 10 желтоқсаны күні ҚР Парламенті Сенаты депутаттарының бастамасы мен «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» ҚР Заңына толықтыру енгізу туралы» ҚР Заңы қабылданған болатын. Заң 1 желтоқсанда аталып өтілетін – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күнін белгілегенеді. Өйткені 1991 жылы 1 желтоқсанда қазақ елі өзінің тұңғыш президентін Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты сайлады. Осыған орай аталған Заңның қабылдануы арқылы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Республикаға сіңірген зор еңбегі танылған болатын.

Мұндай мереке тек біздің елімізде ғана емес, бүкіл әлемдік тәжрибеде бар процесс. Мәселен АҚШ-та ақпан айының үшінші дүйсенбісі Президент күні. Аталмыш мереке 1855 жылдан бері АҚШ-та жалпы ұлттық деңгейде аталып өтеді. Бұл мереке АҚШ-тың тұңғыш президенті Джордж Вашингтонның құрметіне арналған. Бұл американдықтардың ертеден тойланып келе жатқан мерекелерінің бірі. Оның тарихы 1782 жылдан бастау алады. Дәл сол жылы Вирджиния штатындағы Ричмонд қаласында 1732 жылдың 22 ақпанында дүниеге келген Джордж Вашингтонның туған күнін көпшілік тұңғыш рет атап өткен болатын. АҚШ мемлекетінің бастауында тұрған, оның негізін қалаған, елдің тұңғыш мемлекет басшысы болған, елдегі демократиялық институттар мен қағидаларын қалыптастыруға айрықша еңбек сіңірген Джордж Вашингтонның туған күні – 22 ақпан бұл елде Президент күні ретінде аталып, 1885 жылы 22 ақпан Вашингтон күні деген атауға ие болған ұлттық мереке ретінде жарияланды. Американдықтар 1809 жылдың 12 ақпанында дүние есігін ашқан Авраам Линкольнді де қатты қадір тұтатындықтан, 1970 жылдары осы екі айтулы датаны біріктіріп, ақпан айының үшінші дүйсенбісін Президенттер күні ретінде атап өту қолға алынды. Президент Ричард Никсон дәл осы күні АҚШ-тың барлық президенттерін еске алуды ұсынды, сондықтан бұл елдің анықтамалықтарында аталмыш мереке Вашингтонның және Линкольннің туған күндері және Президенттер күні ретінде көрсетілген.
Исландия елінде бұл күн 14 мамырда тойланады. Мемлекеттің бесінші әрі қазіргі президенті Олавура Рагнара Гримссонның құрметіне мемлекеттік дәрежеде мерекеленеді. Өзіміздің бауырлас ел Түркия Республикасында 19 мамыр «Ататүрікті еске алу, жастар және спорт күні». 1919 жылы 19 мамырда тәуелсіздік үшін күрескен ұлттық қозғалыстың көшбасшысы Мұстафа Кемал Ататүрік Самсунға келіп, шетелдік интервенцияға қарсы мобилизация жариялаған болатын. Түркия тарихында бұл күн – азаттық үшін күрестің басталған күні.
Қарап отырсақ әлем елдерінде президент күні тәуелсіздікпен тығыз байланысты. Тереңге бармай – ақ, алаш арыстары 1917 жылы желтоқсан айының 5 мен 13 аралығында Орынборда өткен Екінші Жалпы қазақ съезінде Алаш автономиясы жарияланып, жабық дауыс беру нәтижесінде Ә.Бөкейханжеңіске жетіп, Қазақстанда демократиялық сайлау жолының мықты іргетасын қаланған еді. Бірақ, аз уақытта тәуелсіздігімізден айрылып, 70 жыл Кеңес Үкіметінің құрамында болдық. Тек, алып империя құлағаннан кейін 1991 жылы бірінші желтоқсанда жалпыхалықтық сайлауда қазақстандықтар өз еркімен Қазақстан Президентін сайлады. Еліміз дамудың жаңа жолын таңдады. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың салиқалы басшылығымен халқымыз Тәуелсіздік Туын биікке көтерді. Шекарамызды айқындап, заңды құжатқа айналдырды. Заңымызды, мемлекеттік Рәміздерімізді және рухани құндылықтарымызды қастерлей отырып, өміріміздің сан саласын дамыту, жас мемлекетіміздің абыройын асқақтату жолында тамаша бастамалар өмірге келді. Тұңғыш Президент күнінің ерекшелігі сонда, ол – қазақ халқының мемлекет болып қалыптасуының маңызды кезеңін айқындайды. Ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттарын анықтауға мүмкіндік берді. Тұңғыш Президент – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың көрегендік саясатының арқасында тәуелсіз Қазақстан Орталық Азия өңіріндегі, ТМД-дағы алдыңғы орынға шықты.
Елбасымыздың өмірбаянына тоқталсақ. Н.Назарбаев-бәрінен бұрын өз міндетін,өз тағайындалуын терең сезінетін, үлесіне тиген міндетті жауапты әрі қажырлықпен атқаратын адам.Ол әр қадамын шын мәнісінде өте мұқият есептейді: ол үшін саясатшы болу – бойға біткен дарынмен қатар күн сайынғы аса ауыр жұмыс және өмір дағдысы.
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 6-шілде 1940 жылы Алматы облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында туған.Балалық шағы кейде айта беретініміздей таршылық жағдайда өтті.Үлкендердің мал бағуына,бау-бақша өсіруіне көмек көрсету керек болды,шөпшек теріп,отын жарды.Өзі еске алғандай,өсірген аз-маз өнімдерін сатып,үй-ішіне қажетті заттар алу үшін есек жеккен арбамен жақын маңдағы теміржол стансасына бару дегенің керемет мереке саналған.Мектепті жақсы оқып,жақсы білім алды.Ата-анасын қатты құрмет тұтты.

Ол ерте есейді,орта мектепті бітіре салысымен Кеңес Одағындағы аса ірі Қарағанды металлургия комбинатының көлемді құрылысына аттанды.Құрылыста біраз еңбек еткеннен кейін бір топ қазақстандықтармен Украинаның Днепродзержинск қаласына барып металлург –жұмысшы мамандығын меңгерді.Бұл шойын құюшы,домна пешінің көмекшісі жұмыстарын атқарды,ал кейінірек инженер дәрежесіне көтерілді.
Сол жылдары оның басшылық қасиеттері жарқырап көрінді.Қалалық,облыстық және республикалық көлемде басшы органдарда жауапты қызметтер атқарды.Металлургиялық комбинатында партком хатшысы,Теміртау қалалық,Қарағанды облыстық және республикалықпартия ұйымдарында экономикалық салаға жауап беретін хатшы болды.
Қызмет жолы:
1960—69 жж. — Қарағанды металлургия зауытында жұмыс істеді.
1969—73 жж. — Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы партия-комсомол жұмыстарында жауапты қызметтер атқарды.
1973—77 жж. — Қарметкомбинаттың партком хатшысы.
1977—79 жж. — Қарағанды облыстық партия комитетiнiң хатшысы, 2-ші хатшысы.
1979—84 жж. — Қазақстан КП Орталық Комитетінің хатшысы.
1984—89 жж. — Қазақ КСР Министрлер Кеңесiнiң төрағасы.
1989—91 жж. — Қазақстан КП ОК бiрiншi хатшысы,
1990 ж. ақпан—сәуір аралығында Қазақ КСР Жоғары Кеңесiнiң төрағасы болды.
1990 ж. сәуірінен — Қазақ КСР президенті.
Ол
Қазақстан Үкіметін басқарғанда 44 жаста болды.Осылайша оның
саяси өмірбаяны басталады.
1991 жылы
1желтоқсанда республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан
Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп
сайланды.
1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Жоғарғы сессиясы «Тәуелсіз демократиялық және құқылық мемлекет» деп жариялады.
Нұрсұлтан Назарбаев үшін ең бастысы - ел ішіндегі тыныштық пен бейбітшілік. 1991 жылдың күзінде 40 жылдан астам уақыт бойы адамзат баласына от бүркіп, апат қауіпін төндіріп келген Семей ядролық сынақ полигоны жабылды. 459 ядролық жарылыс өткен бұл полигон енді мәңгіге тыншыды. Туған елінің тыныштығын, адамзаттың қауіпсіздігін ту еткен Н.Назарбаев Америка Құрама Штаттарының, Ресейдің, Францияның билеушілерімен ұзақ та күрделі келіссөздер жүргізіп, ядролық қаруды Қазақстаннан аластауға 1994 жылы келісті.
1992 жылы 4маусымда жаңа мемлекеттік рәміздер Елтаңба,Ту,Әнұран бекітілді.Елтаңба авторлары: Жандарбек Мәлібекұлы, ШотаманУәлиханов.
1993 жылы
15-қарашада Қазақстан Республикасының Ұлттық ақшасы –Теңге
айналымға енді.

1995 жылы 28-қаңтарында тәуелсіз ҚР –ның тұңғыш «Ата
Заңы» қабылданды.
Астана-ҚР-ның саяси,әкімшілік және мәдени
орталығы. Елбасы-Н.Назарбаевтың жарлығына сәйкес 1997 жылы
мұнда бұрынғы астанамыз Алматыдан Республиканың басшы
орындары Президент кеңесі, ҚР-ның Үкіметі және Парламент
көшіп келді.Еліміздің басқару жұмыстары осы жерден
жүзеге асырылады.
1998 жылы 10-маусымда жаңа астананың ресми тұсау кесері болды.Қала Есіл өзенінің оң жағалауында Сарыарқаның солтүстік бөлігінде орналасқан.

жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Ұлтына қамқор - Елбасы"

шағым қалдыра аласыз