жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ұлтының ұлылығын ұлықтаған азамат
Ұлтының ұлылығын ұлықтаған азамат
Ел көгінде қалатын бір жұлдызым
Жүрек сенде бар еді адамды ұққан,
Ауыл тұрғызатындай адалдықтан.
Тал бойында жігіттің өр мінезі,
Жібермейтін жалпаңға,жамандыққа.
Сүйдің үнсіз халқының ұл мен қызын,
Жуынатын күн сайын нұрмен жүзің.
Ерте кетіп барасың арамыздан,
Ел көгінде қалатын бір жұлдызым.
Тұманбай МОЛДАҒАЛИЕВ
2004 жыл
ЖОСПАР:
І. Қазақтың біртуар азаматы-Қаратай Тұрысов
ІІ. Ұлтының ұлылығын ұлықтаған азамат – Қаратай Тұрысов
-
Мұқалмайтын қайыспас қара нар
-
Қайырымы мол тұлға
ІІІ. Ұлағатты қайраткердің ісі көпке өнеге
І. «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» деген ғой халқымыз. Көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ұлтымыздың біртуар азаматтарының бірі Қаратай Тұрысов мен үшін , бәріміз үшін осындай адам болып жадымызда қалады.
Қаратай атамыздың өмірі мен еңбек жолының өзі кейінгі ұрпаққа нағыз үлгі боларлық, үлгі болғанда да алдына биік мақсат қоя білетін және қолға алған ісін орындамай қоймайтын күрескерліктің, өз ұлтына, еліне аянбай адал еңбек етудің және де кемеңгер кісіліктің үлгісі дер едім. Бұл жөнінде замандастары айтып та, жазып та жүр.
Ұлы Отан соғысынан кейінгі ауыр жылдарда Тараз қаласының интернет пансионатында тәрбиеленген ауыл баласы Қаратай Тұрысовтың Кеңестер Одағының астанасы Мәскеуге барып, іргелі оқу Мәскеу геологиялық кен барлау институтын, одан соң араға жылдар салып КСРО Халық шаруашылығы Академиясын бітіргені, еңбек жолын Қарағанды төңірегінде қарапайым геолог кен барлаушыдан бастап, кеншілер қаласы Қаражал қалалық партия комитетінің бірінші хатшысына, Қазақстан Қомпартиясы ОК хатшылығына, Қаз.ССР Министрлер Кеңесі Төреғасының орынбасары, КСРО Жоғарғы Кеңесінің екі дүркін депутаты, министр лауазымдарына дейін өсуі таудай талап пен табанды еңбегінің арқасы екені даусыз.
Бетпақтың шөлінде, шалғай жатқан кеншілер мен геологтар қаласының әлеуметтік экономикалық ахуалын, тұрғындарының әл ауқатын жақсартуға жарғақ құлағы жастыққа тимей еңбек еткенін қаражалдықьар бертінге дейін айтып жүретін. Сондай қарапайым еңбек адамдарымен байланысын кейін өзі Алматы мен Астанада жоғары лауазымды қызмет атқарған кездерде де үзген жоқ. Қолынан келгенінше жәрдем көмегін аямайтын деседі.
Атақты да айбарлы Мәскеуде жауапты қызмет атқарған санаулы ғана қазақ қайраткерлерінің бірі болған Қартай өндіріс орындарында еңбекақы төлеудің жаңа жүйесіне көшу жолдары туралы, еңбек адамының әлеуметтік жағдайын жақсартуда кәсіподақтар жүйесінің жіберген кемшіліктері жөнінде батыл көтерген мәселелерімен де ел есінде қалды. Одақтық делегацияны бастап көптеген елдерде болып, тәжірибе алмасты. «Мен дүниежүзін көп аралаған адаммын. Шамамен 50-60 мемлекетте болған шығармын. Бірталай халықты көрдім. Бірақ біздің қазақтай кең халықты көрмедім», деп өз ұлтын әрқашан мақтан тұтатын.
ІІ. Қаратай Тұрысовтың бойындағы барлық қарым- қабілеті еліміз тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдарда барынша жарқырап көріңді десек артық айтқандық емес. Халқымыз ғасырлар бойы аңсап күткен егемендікке қолымыз жеткенімен, бұрынғы одақтас республикалармен байланыстар үзіліп, ел экономикасы тұралап, абдырап қалған сол бір қиын қыстау кезеңде тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қ.Тұрысовты ең бір жауапты буын Қазақстанда экономикалық реформалардың алғашқы бағдарламасын жасауға кіріскен жұмыс тобына басшылық етуге тағайындауы да тегін емес.
Егеменді еліміздің мемлекеттігін нығайтып, экономикасы мен әлеуметтік жағдайын жақсартуға хал қадірімізше үлес қоса жүріп, онымен кейін де жолығысып қап жүрдік. Қаратай атамыздың сол бір кішіпейілділі, ерекше ілтипатпен, байыппен қарайтын жылы жүзі көрген адамдардың көз алдында деседі. Жақсы адам әрқашан жүрген жеріне шапағат нұрын шашып жүреді емес пе. Өзінің өмірлік мол тәжірибесімен, ғұлама ғалымдығымен, ұтамды ой орамдарымен жұртшылықты бірден өзіне баурап әкететін ұлағатты әңгімелерінің өзі де бүгінде көңілге сағыныш ұялататын өзгеше бір өнеге мектебі тәрізді екен ғой.
Қаратай ағамыз тірі жүрсе биыл .ғ жасқа толар еді. Ол кісі жайлы заңғар жазушы, досы Шерхан Мұртаза, бірсыпыра қызметтес болған адамдар жазып, оны біз әр қырынан танығандай болып жатырмыз. Көкейдегі жарқын бейнесі биіктей, асқақтай түскендей. Иә, Қаратай Тұрысов сияқты абзал жандар жайлы қанша жазса да артық болмас.
Қаратай Тұрысов-көне Тараздың іргесінде, Талас өзенінің бойында, сыңсыған орманның жиегінде, қырғыздармен шекаралас «Жас өркен» дейтін кішкене ғана ауылда дүниеге келген.
Шерағаң жазатын Ташкент көшесіндегі, көк базардың түбіндегі Жамбыл мектебінің интернатында 1948 жылы келіп түседі. Қаратай Тұрысов ел билігіне қаршадайынан араласты. Тұрар Рысқұловтан кейінгі Кремльдің төріне шыққан, Асанбай Асқаровтан кейінгі Әулиеата топырағында өсіп өнген көрнекті мемлекет қайраткері Кеңес Одағы кезінде кәсіподақ атынан Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясының сессисында сөз сөйлеген жалғыз қазақ та сол Қаратай еді. Қай қызметті де абыроймен атқарды.
Қаратай Тұрысов Қазақстанның нарықтық экономикасын да өрге сүйреген қайыспас қара нар еді. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында экономистерді жинап алып, Елбасының тапсырмасымен экономикамызды жаңа заманға оңтайлаудың, нарық заңына икемдеудің концепциясын жасаған бірден бір адам еді.
Балаға жақсы әке, немереге қамқор ата бола білген Қаратайдың бүгінде ұрпақтары өсіп, жақсы азамат атанып жүр. Ел игілігіне қызмет еткен ерен еңбегі қашанда халық жүрегінде қалары сөзсіз. Сол істердің куәсі болып, аға буынның ісін жалғастырушы жастар Қаратай еңбегін де жалғастырадыдеп сенемін.
ІІІ. Қаратай Тұрысұлы өмір сүйгіш, не нәрсеге де мойымайтын, боркеміктенбейтін, сабырлы, жинақы, ішкі ұстанымы мықты адам. Еңбегімен елінің құрметіне бөленген азамат, оқыстан жазым болып, қанышерлердің қастандығынан жалғыз ұлы мен келінінен бір күнде аһ ұрып, өкініште қалғанда жүрегі қақ айырылып, қайғы жұтты. Қалың ел бірге күңіренді. Соққы қаншалықты қорғасындай ауыр, запырандай ащы болса да бойын сабырға жеңдіріп, ұлы Нұрланның артында қалған немерелерінің тілеуін тіледі. Сырқаттан ажырамасын білгенде жары Әскеркүлге, қыздарына, күйеу балаларына, немерелеріне жылап езілмеуді, мейлінше қайраттанып, өмір сүруді тапсырды, амандық пен бауырмалдықты аманат етті. Әзілқой, оптимист еді. Кетерінде де әзіл шыны аралас әңгіме айтты. «Жасымаңдар», деді. «Ең әдемі костюмімді әзірлеңдер, мен Қонаевтың қабылдауына барам ғой», деді. Ересек ұрпағы бәрін түсінді. Елі қоштасып, арулап соңғы сапарына аттандырды...
Қаратай Тұрысов бүгін ортамызда жоқ. Бірақ осындай ерен еңбегі сіңген азаматын, қайраткерін туған елі ешқашан есінен шығармайды!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген