400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Ұлы - ғаламгер!"

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Алтаева Апиза Кабдуалиевна

Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Қостанай облысы, Федоров ауданы «Минск негізгі мектебі» КММ


« ҰЛЫ – ҚАЛАМГЕР ! »


Майлин Бейімбет (Бимұхамед) Жармағамбетұлы – 1894 жылы қазіргі Қостанай облысы, Таран ауданында дүниеге келген. Қазақ жазушысы, драматург, қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі. Бейімбеттің атасы Майлы, әкесі Жармағамбет кедей адамдар болған. Әкеден жастай жетім қалған Бейімбет шешесі Күлғизар мен әжесі Бойдастың қолында тәлім-тәрбие алады. Әжесі Бойдас есті, сөзге жүйрік, шешен болған. Өлең шығаратындай дарынды болғанын Бейімбет кейін өз естелігінде: «Үлкен шешем де өлеңге өте әуес адам еді, ескі қиссаларды тыңдап алып, бір кездері өзі өлең айтып, кейде маған қарап күлімсіреп қарап: «Қарағым-ау, сен жоқта мен өлең шығарып қойдым», — дейтін еді деп жазған. Бұл үйде ақындар, жыршылар жиі қонақ болып, ұзақ таңға дейін түрлі дастандар жырланып, суырып салма айтыстар, өлеңдер айтылып тұрған. Бір жасқа толмай жатып әкесінен, алты жасында шешесінен айрылған жас бала жетімдік зардабын шегіп, байларға жалданады. Жазушының балалық шағы қиын кезеңдерде өтті, көп зардап көргені баршамызға мәлім. Сондықтан ол өзінің өлеңдерін өмір тақырыбына арнап жазды. 1911-1912 жылдары Арғынбай қажының медресесінде сауат ашса, кейін Қостанайдағы орыс-қазақ мектебінде, Уфадағы Ғалия медресесінде, Троицк қаласындағы Уәзифа медресесінде білім алған.1916-1919 жылдары мұғалім қызметін атқарып, жазушылықпен шұғылдана бастайды. 1923-1925 жылдары «Ауыл» газетінде, 1925-1928 жылдары «Еңбекші қазақ» газетінде, 1928-1932 жылдары «Ауыл тілі» газетінде әдеби қызметкер, редактор болып қызмет атқарады. 1932-1937 жылдары «Социалистік Қазақстан» газетінде бөлім меңгерушісі, редактордың орынбасары, «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы, т.б. қызметтер атқарды. Уфадағы Ғалия медресесінде оқыған жылдары татардың Ғ.Ибрагимов, М.Ғафури, т.б. ақын-жазушылармен шығармашылық байланыста болып, осы оқу орнындағы «Садақ» қолжазба журналында «Мұсылмандық белгісі» атты тұңғыш өлеңі жарияланады.Уфада екі жыл болған кезде ол бос уақытын орыс тілін үйренуге арнады. Сол кезде алғаш рет Бейімбет Л. Н. Толстой Н. В. Гоголь, А. П. Чехов, А. М. Горькийдің шығармаларымен танысады. Оның алғашқы шығармалары – «Қостанай уезі, Дамбар болысы» очеркі, «Мұқтаждық», «Көңіліме» атты өлеңі, «Шұғаның белгісі» повесі, «Болған іс» әңгімесі «Айқап» журналында, «Қазақ» газетінде басылып шығарылды.[1] Бейімбет Майлиннің шығармаларында поэзиялық туындылар үлкен орын алады. Бейімбет қазақ поэзиясына ой мен сезімді баяндау, суреттеусіз-ақ айтып жеткізудің өлең-диалог түрін енгізді. Атап айтатын болсақ, олар: «Кедейге», «Гүлденсе ауыл-гүлденеміз бәріміз», «Көк сиыр», «Біздің жастар» т.б. өлеңдері арқылы уақыт шындығын бейнеледі. Майлин шығармалары оқырмандар арасында өте танымал болды. Сонымен қатар Майлин қарапайым ауыл қазағының шынайы бет-бейнесін жасады: «Мырқымбай», «Бер, Мырқымбай, қолыңды!», «Қарасор» т.б. Бейімбет Майлин поэзиясын Қазақ төңкерісіне дейінгі және одан кейінгі жылдардағы ауыл өмірінің өзінше бір көркем кестелі шежіресі деп атауға болады, оның өзіне тән елеулі ерекшелігі мен тарихи мәні бар.   Қаламгер оннан астам поэма жазды. Олар: «Байдың қызы», «Рәзия қыз», «Маржан», «Зайкүл» т.б. поэмаларында қазақ әйелдерінің тағдырын жырлады. Бейімбет Майлиннің прозалық шығармаларында айрықша жарқырап көрінді. Әсіресе, қазақ прозасында әңгіме жанры Бейімбет шығармалары арқылы арта түсті. Оның әңгімелері өмір шындығын дәл басып көрсететін реалистік, көркемдік биік өресімен, тақырыбының әр алуандығымен дараланады. Ол көркем әңгімелері арқылы өзі өмір сүрген заман тынысы мен қоғам өмірін ақиқатқа айналдырған ұлы суреткер. Бейімбет Майлин шығармалары қазақ әдебиетін барлық салада байытқан рухани асыл қазына ретінде халқымен мәңгі бірге жасайтыны сөзсіз. Бейімбет Майлин, қазақ қаламгерлерінің көпшілігі сияқты, жазуды ақындықтан бастаған. Оның қазақ поэзиясының тарихында өзіндік орны, үлесі бар. Бейімбеттің қазақ поэзиясындағы орны, үлесі ала бөтен шеберлігі, мінсіз көркемдігінде емес. Оның өзіне ғана тән өзгешелігінде.[2]

Бейімбет сол замандағы қазақ ауылының тұрмысын, ауыл адамдарының мінез-құлқын қазақ поэзиясында өзіне дейін болмаған ауқымда, терең білгірлікпен және шыншылдықпен жан-жақты суреттеді. Кедейінің болсын, байы мен орташасының болсын дәл, шынайы, типтік бейнелерін жасады және соның бәрін тарихи даму, өзгеру үстінде суреттеді. Бейімбет жасаған бейнелер, оның прозасы мен драмалары сияқты, оқырманға езу тартқызып, сүйіндіріп отыратын ұтымды да шуақты күлкімен — әзіл-ажуамен даралана, әсерлі де қызықты бола түседі. Бейімбет қаймағы бұзылмаған қазақ ауылында туьш, өсті. Қазақ төңкерісіне дейінгі, Кеңес өкіметі үшін күрес аласапыранында, өзі жазықсыз жазаға үшырағанға дейінгі кеңестік кезеңде реалист суреткер басқа тақырыптарға алаңдамай, өзіне жақсы таныс, өзі қалың ортасында ғұмыр кешкен сол ауыл тіршілігін өз шығармаларының арқауы етіп алды. Өзі сияқты ауылдан шыққан және ауыл өмірін ешкімнен кем білмейтін біраз қаламдастары қаланы, зауыт пен фабриканы, жұмысшы табын шығармаларына тақырып етіп жатқанда, саясат соған үндеп жатқанда, Бейімбет еліге қойған жоқ. Мұны оның ауылдан ұзап шыға қоймағандығынан деп түсіндіруге болмайды. Бұл оның талантының өзіндік сипатына, шығармашылық бейімділігіне, өзіндік танымдық түсінігіне байланысты болатын. Ақын өлеңдерінің мазмұны мен өзіндік көркемдік сипаттары оның осы ауыл өмірінің реалистік бейнесін сомдауымен ажыратылады. Бейімбет – әңгіме жанрының шебері. Шыншылдықпен жазған әңгімелерінде ауыл адамдарының басынан кешкен тарихи-әлеуметтік, еңбек халқының ауыр үлесін, сол кездегі әділетсіздікті,теңсіздікті суреттеп, тұрмыстық өмір шындығы жазылады. Әсіресе 20-30 жылдарындағы қазақ байларын заңсыз тәркілеу, зорлықпен әшкерлеу кезіндегі адамдар жан-күйзелісінің құбылыстары «Ақталған еңбек», «Сары ала тон», «Шапайдың хаты» т.б. шолақ белсенділердің кесапат қылықтары т.б. мәселелері шыншылдықпен ашылады.

Жазушы қазақ әйелдері тағдырына бірнеше повесть арнап жазады. Соның ішінде ең көлемді повесі – «Раушан - коммунист». «Берен» повесінде қаламгер бұрын сауатсыз ғұмыр кешкен, қазақ қызының оқып, білім алып, мұғалім, халық ағартушысы болғанын жазады.

Бейімбет Майлин қазақ сөз өнерінің саласына да мол үлес қосқан қаламгер.

1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің оқиғаларына арналған "Қанды тұман" өлеңі шығарылды. В. И. Ленин қайтыс болған күні жазылған "Жылама" өлеңінде халық көсемінің ұлылығын жырлайды, ал 1925 жылы еңбекшілерді "қатаң түрде Ленин жолы бойынша ұстануға" шақырады.

Қай жанрдағы шығармасында да Бейімбет Майлин өмір ағыстарын, адам мінезін бірбеткей алмай, түрлі қырларын, жан-жақты қамтып, шындықтың шырайын ашуға ұмтылған. Сондықтан да оның көркем туындылары әрі замана келбетін, әрі қаһармандар тұлғасын шынайы ашатын асыл мұра. [3] Мен Бейімбет Майлиннің шығармаларын оқи отырып, қабілетіне таң қалып отырмын. Себебі, ол 43 жыл өмір сүрді. Қас қағым уақыт ішінде Майлин, 1923-1937 жж. кезеңінде 55 кітап шығарып, бірнеше романдар, повестер, поэмалар, көптеген өлеңдер, очерктер, пьеса, сценарийлер жазды. Жазушы шығармашылық талантымен жарқын болашаққа сенді. Бірақ, көптеген адамдарымен сталиндік қуғын-сүргінге ұшырап, заңсыздықтың құрбандары болды. Бейімбет Майлиннің есімі 1957 жылы ақталды. Оның кітаптары халыққа қайта оралып, оқырмандардың жүрегін тағы да тебірентті. Қазақ әдебиетінің негізін қалаушылары өмір бойы халықтың есімінде сақталып жүреді. Майлин халықтың қуанышы мен қайғысына ортақ болып, бірде-бір уақыт оқиғаларын назардан тыс қалдырған емес. Бейімбет Майлин шығармашылық дарын, қуаты кемеліне келе бастаған шақта — 1937 жылы сталиндік репрессияға ұшырап, қайтыс болады. Үлкен суреткер өзінің артынан тамаша туындыларын қалдырды. Ол — бүгінде де қазақ оқырмандарының ең көп оқитын, қызығып оқитын жазушыларының бірі. Қазақ прозашыларының қазіргі таңдаулы саңлақтары Бейімбет Майлинді өздеріне ұстаз деп санайды және оның шеберлігінен үздіксіз тәлім-тәрбие алып үйренеді.







Қолданылған әдебиеттер тізімі:

  1. Алматы 2004 – Қазақ энциклопедиясы;

  2. «Ана тілі » газеті 2014 жыл;

  3. «Мысль» газеті 2010 жыл.

1


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27 қаңтар
773
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі