Сабыкова
Гүлшат Қайроллақызы
«Қостанай
қаласы әкімдігінің
білім
бөлімінің физика-
математикалық
лицейі» ММ
Қазақ
тілі мен әдебиеті
пәнінің
мұғалімі, пеагог – шебер
Қостанай
қаласы
Ұлы
Абайдың 175 жылдығына арналған
«Білім
ғана жүрекке шырақ жағар»
Жүрегімнің
түбіне терең бойла,
Мен
бір жұмбақ адаммын, оны да ойла.
Соқтықпалы,
соқпақсыз жерде өстім,
Мыңмен
жалғыз алыстым кінә қойма.
Абай
атамыз болашақ ұрпаққа, яғни бізге
сөзін осылай арнады. Бұл сөздері жарқын
болашаққа сенімді жол салған ақынның
айтқан сөзі еді. Даланы торлаған надандық
түнегіне ол шамшырақ жағып, сәуле төкті
және күні арайлап шығатын жаққа апаратын
жолды өз халқына көрсетті. Біз Абайды
қазір қазақ әдебиетінің шам-шырағы
ретінде қабылдаймыз.
Абайдың
жастарды оқу - білімге шақыруы қазіргі
заманда өзекті деп айта аламын. Шынында,
ақынның шығармашылық мұралары - халықтың
рухани қазынасы, тәлім - тәрбие өзегі.
Ақын бар ойын ел болашағы жастарға
арнаған еді. Негізінен жастарды халқына
адал қызмет ететін нағыз азамат - «толық
адам» етіп тәрбиелеуді мақсат тұтқан.
Көпшілігіміз білетін:
Ғылым
таппай мақтанба,
Орын
таппай баптанба.
Құмарланып
шаттанба,
Ойнап
босқа күлуге,- деген жолдарының өзінде-ақ
оқу - білімге ынтығу керектігі айтылады.
Абайдың шығармаларында жастарды
оқу-білімге шақыру қазір де өзекті,
тіпті қай уақытта да өзектілігін
жоғалтпайды деп білемін.
Ия,
қазіргі таңда сол кездегідей халық
надан емес. Алайда, бір күнін босқа
өткізіп жатырған жастар жетерлік. Ондай
жандарға ақынның:
Сен
де бір кірпіш дүниеге,
Кетігін
тап та бар қалан,- деп үгіт жасағың
келеді. Сонымен қатар, өзін түгелімен
ғылымға арнап, бірнеше тіл біліп, елімізде
ғана емес, шет елде белгілі боп жүрген
жас өрендер де жоқ емес. Соларға қарап
өзің де бір марқайып қаласың. Білімді
жастар саны көбейе берсін дегім келеді.
Адамзат
баласының қол жеткізген ұлы игіліктерінің
бірі – білім қазынасы. Үздіксіз
жинақталған білім адамды даналыққа
жеткізеді. Білімді адам әрбір жағдаятты,
мәселені ойланып барып, біліміне сүйенуі
негізінде шеше алады. Өмірдегі көп
қиындықтарды, кедергілерді біліммен
жеңеді.
Сондықтан
да әрбір адам білімге құштар болу керек.
Оқу арқылы адам бойында білім
жинақталады. Оқу - білімнің бұлақ көзі
болып табылады.
Шырақ
- барлық уақытта да айналаға нұрлы
сәулесін шашып тұрады. Мен білімді
болсам, өмірде шырақ сияқты жарқыраймын.
Сондықтан да халық «Оқу - білім бұлағы,
білім - өмір шырағы» деп айтылған даналық
сөз бекер емес деп ойлаймын. Қазақ
халқының ұлы данышпаны, кемеңгер ойшылы,
елі мен халқы үшін күйіп-жанып жасаған
өз өмірін өзі үшін емес, біреу үшін,
яғни, өзінің халқы үшін арнаған Абай
Құнанбаев атамыздың айтқан әрбір сөзі
біз үшін өсиет, өнеге.
Абайдың
шығармаларын оқи отырып, ол өз заманының
беталысын анық аңғарғанын, халық өмірін
жаңа арнаға салуда білім мен тәрбие
мәселесі қатар жүру керектігіне назар
аударғанын көруге болады. Публицист
жазушы Жұмағали Ысмағұлов ағамыз
айтқандай: «Бұл күнде Абай сөзі әр
қазақтың ағзасына ана сүтімен бірге
дариды десе, артық айтылғандық емес.
Ана сүті тән қорегі ретінде жас сәбидің
буыны бекіп, бұғанасы қатаюына қызмет
етсе, ақын сөзі оның санасына адамдық
пен азаматтықтың ұрығын сеуіп қызмет
етеді». Абайдың өлеңдері мен қара сөздері
– балаға да, данаға да ой салатын,
жақсылыққа жетелейтін ұлағаты мол
қазына.
«Абай
әлемі бізді жеті түнде адастырмайтын
– Темірқазық. Соған қарап тірлігіміздің
дұрыс - бұрысын сараптай аламыз» - деп
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
айрықша баға берген. Абай
атамыздың кез келген өлеңіндегі айтылған
ой мен пікір, жазылған даналық сөз әрбір
қазақ үшін «маған» айтылған сөз деп
ұғынуы керек. Кемеңгер Абай қазақ
халқының келешегіне алаңдады. Қайтсем
елімді басқа халықтармен «терезесі
тең» етем, қайтсем «төрт құбыласы түгел»
ел етем деп, бар өмірін құрбан етті. Ол
кісінің артында қалған ұрпағы үшін
жасаған дүниесі қазақ халқы үшін, тек
қазақ халқы үшін ғана емес, бүкіл адамзат
үшін өнеге. Ол елім деп еңіреді, халқым
деп қабырғасы қайысты. Халқы үшін
қамықты, ел үшін еңсесі түсті. Сол үшін
айналасындағылармен айқасты. «Мыңмен
жалғыз айқастым, кінә қойма», - деп
артындағы қалған ұрпақтан кешірім
сұрады. Жүрегі біз деп соққан ұлы Абай
атамызға мың тағзым! Қазақ Саған мәңгі
қарыздар! Әрбір қазақтың жүрегінің
түкпірінде Абайға деген жүрек жылуы,
Абайға деген жүрек лүпілі соғып тұруы
шарт және міндетті! Сіздің жүрек соғуыңыз
тоқтаған жоқ. Ол бізбен бірге мәңгі
соғуда! Абай
атамыздың білімге, ғылымға шақырған
шығармаларының рухани жан дүниесі мол.
Қорытындылай
келе, «Басты парызымыз шынайы
сүйіспеншілікпен, білім шырағынан
білім алып, Абай атамыздың қалдырған
мұрасын өнеге ете отырып, шырағымызды
жағып, болашағымызды жарқырата берейік».