Материалдар / Ұлы Абайдың даналығы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ұлы Абайдың даналығы

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылармен мұғалімдер
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Қазан 2020
330
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мектеп:И.Журба атындағы жалпы орта білім беретін мектеп

Мерзiмі: 02.09.2020ж № 1 сабақ

Тақырып: Ұлы Абайдың даналығы

Құндылық: сүйіспеншілік

Қасиеттер: адалдық, жауапкершілік

Мұғалiм: Жамалбекова М

Сынып: 2

Оқушылар саны: 19

Сабақ мақсаты: Абай даналығы туралы түсінік бере отырып, оның дүниетанымының сүйіспеншілік құндылығына негізделгенін ұғындыру.

Міндеттері:

Білімділік: Абай даналығын сүйіспеншілік құндылығымен байланыстыра отырып үйрету.

Дамытушылық: адалдық, жауапкершілік қасиеттерін дамыту.

Тәрбиелік: айнала қоршаған ортаны құрметтей отырып,адал, жауапкершілікті болуға тәрбиелейу.

Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер)

1 Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi.

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру. Сабақтың 5 Т ережесін еске түсіру.



2.Жағымды көңіл-күйге келу. «Нұрға бөлену»

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз.Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елесететіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балығы және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді,эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып,жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз.Ол бірітіндеп күшейе түсуде.Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз.Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда.Қолымыз тек жақсы,ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі.Нұр аяқтарарыңызға тарады.Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда.Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады.Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің ауызыңызға,тіліңізге тарады.Тіліңіз тек шындықты және жақсы,ізгі сөздер ғана айтады.Нұрды құлақтарыңызға бағқыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естейді. Нұр көздеріңізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінне жақсылықты көреді. Сіздің басыңыз тұгелдей нұрға бөленніп, басыңызға тек ізігі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңыздан сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз.Нұрды уақытша түсініспей,ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз,олардың да жүрегі нұрға толсын.Осы нұр бүкіл әлемге:барлық адамдарға,жан-жануарларға,өсімдіктерге,барлық тірі жанға таралсын....Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз.Ойша айтыңыз:"Мен нұрлымын...Нұр менің ішімде...Мен Нұрмын"

Осындай Нұр,Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз....

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз.Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде.Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.Рахмет.

Ескерту










































2. Үй тапсырмасын тексеру

- Оқушыларды жаңа оқу оқу жылының басталуымен құттықтай отырып, «Өзін-өзі тану» пәнінің жалпы мақсаттарын: рухани-құндылықтарын, өткен оқу жылында меңгерген білімдерін еске түсіруге шақыру. Сонымен қатар оқулықтағы жаңа таңба-белгілердің мазмұнымен таныстыру.

- Біз «Өзін-өзі тану» пәнінен не үйрендік?

- Өзін-өзі танудың адам өміріндегі маңызы қандай?

- «Әр адамның өмірі өз қолында» дегенді қалай түсінесіңдер?



- Өзіңді өзің тану ізгілікке, жақсылыққа талпынуды білдіреді. Адам бұл өмірге жақсылық жасау үшін келеді. Өз бойындағы адамгершілік қасиеттерін ашуға ұмтылыс адамды жақсарта түседі. Өзін-өзі таныған адамның ниеті түзу, ойы таза, сөзіне берік болады.

3. Дәйексөз



Мұғалім өзі дауыстап оқып береді, сосын балаларға бірге хормен айтуға ұсынады. Бірінші ұл балалар қайталайды, содан соң қыз балалар қайталайды.Дәйексөзді дәптерге жазғызу.





«... Адамның жақсысы-адамға сүйіспеншілікпен қарағандар»

А.Құнанбаев

Сұрақтар:

  • Дәйексөзден не түсіндік?

  • Адамға сүйіспеншілікпен қарағандар деген сөздің мағынасы қалай түсіндің?

  • Өздерің айнала қоршаған ортаға қалай сүйіспеншілік танытасыңдар?



4. Оқиғаларды әңгiмелеу. «Отын оқиғасы» аңыз



- Бекет ата жас кезінде Пақыржан қажыдан жеті жылдай дәріс алады. Ұстазы Бекеттей зейінді әрі ықыласты шәкіртіне айырықша құрмет көрсеткен.

Кезекті жыл аяғы да жетіп, келесі оқу жылына қажетті ас-су, ағаш жинап алу керек болады. Ұстаз барлық шәкіртіне балта мен ара беріп, орманнан отын алып келуге жұмсайды. Шәкірттердің бәрі шама-шарқынша ағаш кесіп, арқалай алғанша көтеріп келеді. Тек Бекет қана тезек құрлы салмағы жоқ, құрап қалған ку түбіртектерді теріп әкеледі. Мұны көрген шәкірттер Бекетті келеке ете бастайды. Тіпті біреулері Ұстазға шағым айтады.

Не үшін бұлай еткенін сұраған Ұстазға Бекет:

- Жаңа өскенжас тал біткен зар илеп, «Бәріміз де асқақ болсақ, бәйтеректей биік болып өссек» деп жылап тұрған соң ешқайсысын қор етуге қолым бармады. Өмірді қиюдан өткен өлшеусіз күнә бар ма, ұлы Ұстаз?! – деп жауап берді.

Мұқият тыңдап болған соң мұндай кең ойлылық пен кемелдікке көңілі толған көреген Ұстаз:

  • Адам баласына алдымен керегі - аяушылық пен мейірім. Бекеттен басқаларын отынды орманға апарып тастаңдар! – деп бұйырған екен.

Сұрақтар:

  • Бала Бекеттің іс-әрекетінен нені түсінуге болады?

  • Ұстаздың айтқанынан не түйдіңдер?

  • Қалған балалардың әрекеті дұрыс болды ма?

  • Бекеттің бойынша қандай қасиеттер көрінеді?

  • Өмірдегі басты нәрсе не деп ойласыңдар?


5. Шығармашылық жұмыс.

1-тапсырма: Оқулықта суретші Ә.Қастееквің «Жас Абай» туындысы берілген. Оқушылар өнер туындысына қарап, оның бет-бейнесінен нені аңғарғандарын әңгімелеп береді.

2-тапсырма: Оқулықта берілген Абайдың нақыл сөзін оқып, күнделікті өмірде осы қасиеттерді ұстанатындарын әңгімелейді.

3-тапсырма:Абайдың «...Адамның жақсысы-адамға сүйіспеншілікпен қарағандар» деген ойын тақырып етіп алып, төмендегі кейіпкерлерді қарастыра отырып, шағын қойылым дайындап, сахналайды.

  1. Отбасында үлгілі бала

  2. Жақсы, мейірімді оқушы

  3. Нағыз дос

  4. Елгезек бала


6. Топпен ән айту БАЛДЫРҒАН ӘНІ

Сөзі Н.Жанаевтікі

Әні Б.Дәлденбаевтікі

Біз балдырған баламыз,

Шырқап әнге саламыз.

Туған жердің төрінде,

Алау болып жанамыз.



Алау болып жанамыз,

Құлыншақ боп шабамыз.

Балапандай талпынып,

Көкке қанат қағамыз.


7. Үй тапсырмасы

2 сабақ «Адамзаттың Абайы» мәтінін оқу, бет



8. Сабақтың қорытынды сәтi.

Балалар денелеріңізді түзу ұстап, бастарыңызды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңыздар. Көздеріңізді жұмуларыңызға да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныстаңыздар, денелеріңізді бос ұстап, айналадағы барлық тіршілік иесі сіздерді аялап, қоршап, қамқор болып жатқанын сезініңіздер. Тұла бойларыңыз жақсылыққа, махаббатқа толғанын сезінуге ұмтылыңыздар. Осылайша 1 минуттай отырады. Бүгінгі сабаққа белсенді қатысқандарыңызға рахмет, сау болыңыздар.




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!