Материалдар / "Ұлы ақын өлеңдері балалар көзімен"
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

"Ұлы ақын өлеңдері балалар көзімен"

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбиешілерге көмек береді
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Қазан 2020
225
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ұйғыр ауданы «Шонжы ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Балбөбек» балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

Жоба поспорты

Жоба тақырыбы: Ұлы ақын өлеңдері балалар көзімен

Жобаның бағыттауы:   Ересек топ балалары.

Жобаны басқарушылар: Әдіскер: Тулекова Гульсим Орынбасаровна

Жобаның қатысушылары: Иса Алисұлтан Айболатұлы, Қали Іңкәр Қасымқызы

Үйренуші-тәрбиеленушінің жас мөлшері: Жоба ересек топ балаларына есептелген.

Жұмыстың орындалу жылы: 2020 жыл




























" Ұлы ақын өлеңдері балалар көзімен " тақырыбы бойынша "Балбөбек" балабақшасы коммуналдық қазыналық кәсіпорнының тәрбиеленушісі Қали Іңкәр мен Иса Алисұлтанның ғылыми жұмысына

Пікір

Іңкәр мен Алисұлтан осы тақырыпты таңдаған себебі, ол көркем әдебиетке етене жақын, әрі Абай Құнанбаев өлеңдерін сүйіп тыңдайды. Бүлдіршін болса да, білімінің өзектілігін Абай өлеңдерінен табуға болады деп ойлайды.Абай Құнанбаев өлеңдеріне жазылған музыкалық әуендерді тыңдағанды жақсы көреді.Жасы кіші болғанымен Абай өлеңдерін жаттауға әуестенеді. Жауапкершілікті сезінеді, әсіресе табиғат суреттеуіне арналған өлеңдеріне көп көңіл бөледі. Абай өлеңдерінің аудиолық жазба түрін тыңдап, үнемі қайталап жүреді.
































Аннотация

Абай халқының өмірін, тұрмысын кереметтей өлеңдерімен жеткізе білген. Сонымен қатар, жастарды оқу-білімге шақыру мақсатында өлеңдер жазып, талай шәкірттерінің талантына арқау болған. Абай қандай тақырып, қандай мәселе болмасын, өлеңдерімен ашып көрсете білген. Ақындық шеберлігімен өмір жолын тең келмес өлеңдерімен ұштастырған.



Аннотация

Абай в своих стихах и песнях прекрасно передавал жизнь и творчество своего народа. Кроме того, в целях привлечения молодежи к учебному процессу, они написали стихи, а также были посвящены талантам многих учеников.Абай мог в своих стихах раскрыть любую тему. С поэтическим мастерством он совмещал свой жизненный путь с несовместимыми стихами.





Annotation



Abai in his poems and songs perfectly conveyed the sorrow of his people. In addition, in order to attract young people to the educational process, they wrote poems and were dedicated to the talents of many students. Abai could reveal any topic in his poems. He combined his poetic skill life path with incompatible verses.











ЖОСПАР

I.Кіріспе.

1.Біртуар, дара - Абай

II. Негізгі бөлім
2.1.Өлмейтұғын артына сөз қалдырған
2.2.Абайдың оқу-білім жайлы өлеңдері

2.3.Табиғатқа арналған өлеңдері

III. Қорытынды

Пайдаланылған əдебиеттер:


  1. Абай энциклопедиясы.1995 жыл.

  2. Абай өлеңдер жинағы. І.ІІ том.Алматы .2015ж

  3. «Абай» журналы . 2015- 2018 жыл





























Жобаның ерекшелiгi:                           

Ұлы ақын өлеңдері  бойынша: зерттеу-ойын.

Жобаға бала санын қатыстыру: топпен.

Арналған ұзақтылығы: қысқа мерзімді (6 ай)

Білім беру обылыстары: Таным, қатынас, шығармашылық, денсаулық, әлеуметтік.

Жоба мақсаты: Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының өлеңдерi мен әндерін таныстыру, табиғат лирикасын тыңдата отырып, балаларлардың әуесқой, байқағыштығын дамыту.

Жобаның мiндетi: 

1.Ақын өлеңдерін балаларға білім ретінде әр түрлі қызмет процесінде беру.

2.Балалардың тілін дамыту, негізгі түсті атаулар мен белсенді сөздікті толықтыра айту .

3. Есте сақтау мен сурет салуға деген ептілігі мен ықыласын ұштау.

Жобаның ресурстары:

- Жобаның тақырыбы бойынша ақпараттық материал (ғаламтор);

- Әдiстемелiк әдебиет;

- Балалар және көркем әдебиет;

Фотосурет, көркемдеу;

- Музыкалық қолдау;

- Эксперимент үшiн мүлік және жабдық;

- Өнiмдi қызмет үшiн көркем қаражаттар;

Жоспарланатын нәтижелер: Балалар ұлы ақын өлеңдерімен танысады. Табиғат лирикасына арналған өлеңдері бойынша суреттер салады. Жыл мезгілдері мен ауыл көрінісін суреттейді. Өлеңде кездескен өсімдік, үй жануарлары, құстарды анықтап алады. Әр жыл мезгілінің өзіндік ерекшелігін анықтайды.

Балалар аса дербесті таңырқағыш болды, өлеңді сурет арқылы көрсетуге қызығушылықтары пайда болды, ой-өрiстері кеңейді. Балаларлардың арқасында көпшiлiгі бастамашыл және қарым-қатынаста белсендi, ата-аналармен тығыз байланыс орнатылды.

«Ғылым таппай мақтанба» өлеңіндегі бес асыл іс, бес дұшпанды анықтады..

Жоба жұмыстарының кезеңдерi:

- Жобаға бағыт.

Мәселелерді шешу үшін шығармашылық топтар құру

Әдістемелік әдебиеттерді зерттеу

Тақырып бойымен ақпараттың тиімділігін таңдап алуы.

Арнайы пәндік-дамытушы ортаны ұйымдастыру

- Жоба орнымен жоспар іс-әрекетіне қатысушылардың рөлдерін талқылау

Жобаның қысқаша мазмұны: Ересек балалар өз табиғатында білсем, үйренсем деген зерттеушілер. Баланың тілегі жаңа басқармалы процесті жасауға деген танымдылығы өте маңызды, оған деген танымдық көзқарасы, адамгершілік, эстетикалық дамуы ең басты құндылық. Неліктен балалармен осындай маңызды тәжірбиелер мен эксперименттер жүргізіледі? Зерттеу қызметі кезінде балалардың белсенді және енжар сөздік қорларын толықтыру, балалардың диалогке шақыра отырып, барлық әрекеттерді айтқызу маңызды..Сонымен қатар балалар тәжірбие жұмысында бірнеше тұжырым жасауды үйренеді, ой тұжырымы: ақын өлеңдегі жыл мезгілдері мен ауыл тұрмысы әралуан.. Бала тәжірбие жасаудың көмегімен жеңіл түсінеді және қоршаған әлеммен заңдылық байланыс орнатады.

 



































Біртуар, дара – Абай

Қазақтың маңдайына біткен, бүкіл әлемді тәнті еткен туындылардың иесі - Абай (Ибраһим) Құнанбаев 1845 жылы дүниеге келген. Ақын, ағартушыжазба қазақ әдебиетініңқазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер. Абай ақындық өлеңдерімен қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау еткен.

Ақпараттық материал


  • Абайдың азан шақырып қойған аты – Ибраһим.

  • Әжесі Зере сүйікті немересін Абай, яғни абай,байқағыш бол деп еркелеткен. Осыдан кейін ел арасында шын аты аталмай, Абай атанып кетеді.

Әкесі –Құнанбай

  • Абайдың әкесі - Құнанбай. Құнанбай Өскенбайұлы 1802 жылы өмірге келеді. Ол халық арасында өте беделді, абыройлы, әділ би болған. Құнанбай ел ішінде қажы атанған.

  • Семей өңірінде Құнанбай қажының мешіті орналасқан.

  • Анасы Ұлжан – ұстамды, мейірімі мен ақылы мол дана кісі болған.


Әжесі Зере

Picture 12

Picture 7

Абай он екі жасында Семей қаласындағы Ахмет Риза медресесіне түседі. Онда 3 жыл оқиды. Медреседе оқып жүріп 3 айдай орыс мектебінен дәріс алады. Абай араб, түрік, парсы тілдерінде үйренеді


2.1.Өлмейтұғын артына сөз қалдырған

Абай өлең жазуды 10 жасында («Кім екен деп келіп ем түйе қуған...») бастаған. Одан басқа ертеректе жазылған өлеңдері — «Йузи-рәушән», екіншісі — «Физули, Шәмси». «Сап, сап, көңілім», «Шәріпке», «Абралыға», «Жақсылыққа», «Кең жайлау» өлеңдері 1870 -80 жылдар аралығында жазылған. Абай өзінің өлеңдерін бала кезінен жаза бастады. Бірақ ол ақын ретінде алғаш рет ХIХ ғасырдың 80-жылдарының орта кезінен бастап таныла бастады. Бұл кезде Абай өз атынан «Жаз» («Жаздыкүн шілде болғанда...») деген өлеңін жариялаған болатын.



2.2.Абайдың оқу-білім жайлы өлеңдері

Ұлы Абай жас ұрпақтың білім алып, ғылымды игеруіне айрықша мән бергендігі оның өлеңдері мен қара сөздерінде мейлінше байқалады. Өйткені, білім мен ғылым өркениетке бастар алғышарт екендігін ұлы ойшыл жете түсінген, жан-тәнімен терең ұғынған. Білім алу бүгінде әрбір адам баласы үшін міндетті түрде алдынан ашылатын есік болса, оның мектеп атты қасиетті табалдырығын аттау барша жас өскіндер мен өрендердің басынан өтетін жағдай. Білімге деген көңіл бөлу қазірде тәуелсіз елімізде мемлекеттік деңгейге көтерілген басты әрі негізгі мәселе екендігінде ешкімнің күмәні жоқ. Яғни, білім алуға жан-жақты алғышарт жасалынған. Қазірде елімізде интеллектуальдық дүмпу қажет екендігін өмірдің өзі алға тартып отыр.

2.3.Табиғатқа арналған өлеңдері

Абай өлеңдерінің бір алуаны - табиғат лирикасы. Табиғат - адам баласының еңбек етіп, өмір сүретін ортасы. Бар байлық, қазына, тіршілік, табиғат дүниежүзі әдебиетіндегі ірі классик ақындардың барлығының да шығармаларынан орын алды. Әр дәуір, әр жағдайға лайықты табиғатты әркім әртүрлі жырлады. Біреулер табиғат арқылы өмір сүретін, біреулер табиғатты суреттеу арқылы көңіл-күйін, өз көзқарасын айтып берді. Ал кейбіреулер белгілі бір кезеңдерде өмірдегі күрес-тартыстардан безіп, табиғатты ғана жырлап, өмірден безу көйгейін тартты. Қайткенмен де, табиғат көркем әдебиеттен үлкен орын алды.
        Абайдың да айрықша жырлағанының бірі табиғат болды. Ол табиғат аясында өсіп, оны сүйе білді. Абайдың «Желсіз түнде жарық ай», «Күз», «Қыс», «Жаз» деген өлеңдерін оқығанда, табиғаттың әртүрлі құбылысы көзіңе елестейді.
Жаратылыстың жайдары жазын, түсі суық тұманды күзін, не болмаса сақылдаған аязы мен қарлы боранын өзің көріп тұрғандай боласың. Мысалы, «Желсіз түнде жарық ай» деген өлеңінде:
Желсіз түнде жарық ай
Сәулесі суда дірілдеп,
Ауылдың жаны терең сай,
Тасыған өзен гүрілдеп.
-  деп, жазғы түннің әдемі суретін алдыңа тартады, жаз кезінің желсіз тымық күні, аспандағы жарық айдың суға түскен сәулесі, жазғы ауыл, оның жанындағы терең сай, гүрілдеген өзен суретшінің бояуы арқылы тұтас бір картина ретінде көз алдыңа келеді.
            Ақын жайнаған жаздың әдемі көркін осылай суреттесе, сол сұлу сурет өзгеріп, гүл, жапырақ солып, түсі қашқан күздің суық кескінін:
 Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,
Күз болса, дымқыл тұман жерді басқан.
Білмеймін, тойғаны ма, тоңғаны ма?
Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан.
, -  деп, күз түсумен бірге бәйшешек солып, ағаштардың сидиып, жапырағынан айрылғанын, ерке жазда мәз-мейрам болып келген жастардың, асыр салып ойнаған балалардың көрінбейтіндігін, қысқасы, көңілсіз күздің бейнесін тамаша түрде елестетеді.
            Абай қыстың кескінін де аса шеберлікпен суреттейді. Үскірік бораны бұрқырап тұрған қысты рақымсыз адам бейнесіне ұқсатады. Қыстың малға да жағдайсыз соқыр, мылқау күш екендігін аңғартады.

 Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,
Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды.
Үсті-басы ақ қырау, түсі суық,
Басқан жері сықырлап келіп қалды.


             Абай жылдың қай мезгілін суреттесе де, ең алдымен оның шындық бейнесін береді. Жоғарғы үзіндіде келтірген өлеңдердің қайсысын оқысақ та, сол кездің суреті көз алдыңда тұрады. «Қылышын сүйреткен қыс», «Масатыдай құлпырған жаз» өз кескінімен көрінеді. Жылдың төрт мезгіліндегі табиғаттың өз әдемілігінің мына жері кем қалыпты деп ешкім таласа алмастай етіп суреттелінеді.




Балалар шығармашылығы

 

 

 











Қорытынды



Қорытындылай келе, Абай Құнанбаевтың жазған өлеңдерінің тәрбиелік мәні өте зор. Біз жеткіншектік, одан үлкен ғибрат аламыз. Әр сөзі терең ойға, жақсы қасиеттерді бойыңа дарытуға, жаманнан аулақ болуға жетелейді.
Ақиқатында, Абай тағылымын дәріптеу, оны терең түсіне білу, меңгеру оңай емес.
Абайдың шығармаларында даналық толып жатыр.



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!